ВУЗ: Казахский национальный медицинский университет им. С.Д. Асфендиярова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Медицина
Добавлен: 05.02.2019
Просмотров: 44724
Скачиваний: 262
231
♣
толастамайтын
құсу,
асқазан
тесігі,
асқазан
қалтқысының тарылуы, гастоэнтероколит кездерінде асқазан
сөлінің көп мөлшерде организмнен сыртқа шығарылғанында.
Тұз қышқылын өндіруге қажетті хлор ас түзы ыдырауынан
босайды. Босаған натрий ионы кері қанға сіңіріліп, НСОз
‾
анионымен қосылады, натрий гидрокарбонат түзіледі. Содан
келіп қанда соңғысының қоры көбейіп, оның реакциясы
сілтілік жаққа ығысады;
♣ бүйрек қызметі бұзылудан сілтілердін организмде
жиналып қалуы;
♣ бүйрек үсті бездерінің гормондары артық түзілгенде
(Кушинг синдромы, альдостеронома т.с.с.) немесе оларды
емдік
мақсатта
сырттан
енгізгенде
натрийдің
кері
сіңірілуі
артады.
Бикарбонаттардың
қандағы
деңгейі
көтеріледі. Осыдан қандағы Н
+
иондарының деңгейі азаяды,
рН үлкейеді;
♣ балаларда туа біткен газдық емес алкалоз болатыны
белгілі. Бұл аурудың негізінде ішектердің ауруларына
байланысты организмнен хлор мен калий иондары артық
шығарылады. Қанда олардың деңгейі азаяды, гипохлоремия
және
гипокалиемия
дамиды.
Қан
плазмасында
гидрокарбонаттардын деңгейі басым болады. Ауру балаларда
ұдайы іш өтулер болады, сол арқылы хлор көптеп
организмнен шығарылады. Балалардың дене мүшелерінің дамуы
кешеуілдейді.
Газдық емес алкалозға организмнің икемделіп-бейімделу
жолдары.
Бұл алкалоздың теңгерілу жолдары гидрокарбонаттардың
артығын организмнен шығаруға, көмір қышқылын организмде
ұстап қалуға бағытталады.
♣ қанда Н
+
иондарының мөлшері азайғанда тыныс алу
орталығы тежеледі. Осыдан өкпенің желдетілуі азаяды,
қанда СО
2
жиналады және көмір қышқылының гидрокарбонатқа
арақатынасы қалыпты деңгейде (1:20) сақталады;
♣ қан нөруыздары Н
+
иондарын босатып, натрий иондарын
байланыстырады;
♣ несеппен көп мөлшерде гидрокабонаттар және екі
негіздік фосфат тұздары (Na
2
НРО
4
) шығарылады.
Көрсетілген теңгерілу жолдарының әсерлерінен қанның рН
мөлшері қалыпты денгейде сақталады (тенгерілген алкалоз).
Бірақ артынан гиперкапнияның нәтижесінде тыныс алу
орталығының қозымдылығы көтеріледі, Көмірқышқылы газының
артығы тыныс жиілеуі нәтижесінде организмнен сыртқа
шығарылып кетеді. Осыдан теңгерілмеген алкалоз дамиды.
Бұл кезде сүйектерден Н
+
иондары шығады да, олардың орнына
232
кальций иондары түседі. Сол себепті қанда иондалған
кальцийдің деңгейі азаяды, бұлшықеттердің қозымдылығы
көтеріледі,
тырыспа
(тетания)
дамиды.
Осындай
толастамайтын құсу кезіндегі дамитын тырыспаны асқазандық
тетания дейді.
Бұл алкалозды емдеу негіздері су мен электролиттер
алмасуын ретке келтіру, калий мен хлор иондарының орнын
толтыру қажет. Ауыр жағдайларда тұз қышқылы қосылған
глюкоза сұйығын енгізуге болады. Кейде несеп шығарылуын
ұлғайтатын
диакарб,
гидрокарбонаттың
бүйрек
түтікшелерінде кері сіңірілуін тежеп, жағымды әсер етеді.
Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (ҚСҮ)
көрсеткіштері
.
ҚСҮ-нің көрсеткіштеріне стандарттық бикарбонат (SВ),
буферлік негіздер немесе барлық буферлік негіздердің
жиынтығы (ВВ), буферлік негіздердің артықтығы немесе
тапшылығы (ВЕ) жатады. Стандарттық бикарбонат (SВ) деп
қанның оттегімен толық қанығуында, қандағы көмірқышқылы
газының үлестік қысымы (рСО
2
) сынап бағанасы бойынша 40
мм және температурасы (t°-38°С) болғандағы бикарбонаттың
деңгейін айтады (1-кесте).
Буферлік негіздердің артықтығы немесе тапшылығы (ВЕ)
деп стандарттық жағдайда анықталған буферлік негіздердін
денгейінен
дәл
анықталған
кезіндегі
деңгейінің
айырмашылығын айтады. ВЕ (ағылш. Ьаsеs ехсеss —
негіздердің артықтығы) -2,4 мэкв/л - + 2,3 мэкв/л
аралығында болады. Бұл көрсеткіштің оң болуы деммен
шығарылмайтын қышқылдардың тапшылығын немесе сілтілердің
артық болуын көрсетеді. ВЕ теріс болса, онда организмде
деммен шығарылмайтын қышқылдар көбейіп, сілтілердің
тапшылығы бар екенін дәлелдейді. ВЕ-нің қатты өзгерістері
метаболизмдік
бұзылыстардың
айқын
белгісі
болады.
Метаболизмдік ацидоз кезінде негіздердің артықтығы (ВЕ)
теріс жақта болып, буферлік негіздердің тапшылығын
көрсетеді. Ал, газдық емес алкалоз кезінде ВЕ оң жақта
болады да, буферлік негіздердің артықтығын байқатады (2-
кесте).
Газдық ацидоз бен алкалоз кездерінде ВЕ шамалы ғана
өзгереді.
ҚСҮ
көрсеткіштері
гомеостаздың
маңызды
клиникалық
көрсеткіштеріне
жатады.
Клиникада
ҚСҮ
бұзылыстарын анықтау үшін қанның рН-ын, рСО
2
, SВ, ВЕ,
сонымен
бірге
несептің
рН-ын
және
онда
кетондық
денелердің мөлшерін білу қажет. Егер артериалық қанда
рСО
2
өзгерістері ҚСҮ-нің газдық түрін көрсететін болса,
қалған көрсеткіштердің өзгерістері оның газдық емес
233
(метаболизмдік) түрін көрсетеді.
1-кесте
ҚСҮ-көрсеткіштеріиің калыпты деңгейі.
Көрсеткіште
рі
Артериялық
қанда
Веналық
қанда
рН
7,36 - 7,42
7,26 - 7,36
рС0
2
35,8 - 46,6 мм
с. б.
46,0 - 58 мм с. б.
SВ
21-25 мэкв/л
ВВ
44,4 мэкв/л
ВЕ
(-2,4) - (+2,3)
2-кесте
Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
кездеріндегі оның көрсеткіштерінің өзгерістері
ҚСҮ бұзылу түрлері
Қандағы
ҚСҮ
керсеткіштері
рН
SВ
ВЕ
рС0
2
Теңгерілмеген
метаболизмдік ацидоз
↓
↓
↓
өзге
рм.
Теңгерілген
метаболизмдік
ацидоз
өзгер
м.
↓
↓
↓
Теңгерілмеген
газдық
ацидоз
↓
өзгер
м.
өзгерм
.
↑
Тецгерілген газдық ацидоз
өзгер
м.
↑
↑
↑
Теңгерілмеген газдық емес
алкалоз
↑
↑
↑
өзге
рм.
Теңгерілген
газдық
емес
алкалоз
өзгер
м.
↑
↑
↑
Теңгерілмеген
газдық
алкалоз
↑
езгер
м.
өзгерм
.
↓
Теңгерілген газдық алкалоз
өзгер
м.
↓
↓
↓
↓
↓
234
Ашығу
Ұзақ тамақ ішпеуден немесе тым аз ішуден, немесе
әртүрлі дерттердің әсерлерінен ішкен астың қорытылмауынан
ашығу дамиды. Ол бірнеше түрге бөлінеді (7-бейнелеме).
7-бейнелеме
Ашығудың ең ауыр түрі тамақпен бірге суды да ішпеуден
байқалады. Оны сусыз толық ашығу дейді. Бұл ашығу кезінде
дененің қатты құрғауынан және уыттануынан 4-7 күн ішінде
адам көз жұмады. Ал, су ішіп, тек тамақ ішпеген адам 70
күннен астам уақытқа шыдайды. Бұндай ашығуды сумен толық
ашығу дейді.
Асқа жарымау (жартылай ашығу) ұзақ уақыт аз тамақ
қабылдаудан дамиды және бұндай адамдарда дененің ісінуі,
трофиканың
(нәрленудің)
бұзылыстары,
қан
қысымының
көтерілуі, бүйректің т. б. ішкі ағзалардың қызметтерінің
өзгерістері байқалады.
Сонымен қатар, қуаттық мөлшері бойынша қабылданатын
тамақ жеткілікті болғанына қарамай, тағамның вейбір
бөлшектері аздығынан дамитын ашығуды сапасыз қоректену
дейді. Бұл кезде қабылданатын тағамда нәруыздар немесе
көмірсулары, майлар, витаминдер және микроэлементтер тым
аз болуы мүмкін.
ТОЛЫҚ АШЫҒУ
Толық ашығуға әкелетін себептік жағдайлар сыртқы
(экзогендік) және ішкі (эндогендік) болып екіге бөлінеді.
Сыртқы себептік жағдайға ішетін тамақтың болмауы немесе,
бүгінгі күні кездесіп жүрген, ашығудың наразылық түрі
жатады. БҰҰ мен дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының
(ДДҰ) есептеуі бойынша ХХ – ғасырдың соңында 400
миллионнан астам балалар және 0,5 миллиардтай ересек
адамдар ашығуға душар болған және жылына 50 млн-нан астам
адам аштықтан өледі. Ашығу мен асқа жарымау әсіресе
балалар үшін өте қауіпті.
Ашығуға әкелетін ішкі себепкер жағдайларға балаларда
кездесетін ас қорыту жолдарының даму ақаулары, аурулары,
жұқпалы аурулар, тәбеттің болмауы т. с. с. факторлар
Сапасыз
қоректену
Сумен
толық
ашығу
Асқа
жарымау
Толық
ашығу
Ашығу
Сусыз
толық
ашығу
235
жатады. Сонымен бірге нейрогендік анорексия жиі эндогендік
ашығудың себебі болады. Бұндай тәбеттің болмауы бойжеткен
қыздар мен жас әйелдердің арасында кездесетін дерт. Оған
полигендік тұқым қуалаушылыққа бейімділік байқалады. Бұл
науқас әйелдердің көпшілігінің қанында май жасушаларымен
және
макрофагтармен
өндірілетін
цитокин
кахексиннің
деңгейі көп болады. Жұлын-ми сұйығында тәбетті басатын
холецистокининнің деңгейі көбейген. Емдеуге қарамай дерт
өмір бойы жиі қайталанып, қатты азудан және жүрек
аритмиясына әкелетін гипокалиемиядан науқас адам жан
тапсыруы мүмкін.
Ашығудың
дамуында
көптеген
сыртқы
және
ішкі
жағдайлардың маңызы үлкен. Қол жұмысын атқарған адамдар,
қоршаған ортада суық температурада болып, ауаның ылғалдығы
жоғары және желді болғанда ашығу тез жан тапсыруға
әкеледі. Бұлар сыртқы ортаның жағдайларына жатады. Сонымен
бірге организмнің өзінің көптеген жағдайлары да ашығу
кезінде адам өмірінің ұзақтығына біршама ықпал етеді.
Оларға адам мен жануарлардын жынысы, жасы, организмнің
жалпы жағдайы, денедегі майдың қоры, зат алмасуларының
қарқыны т.с.с. ішкі жағдайлар жатады. Жана туған
нөрестелердің ашығудан тез шетінеуі оларда заттардың және
жылу
алмасуларының
реттелу
жолдарының
әлі
жақсы
жетілмеуінен болады. Қарттар мен қартайған жануарлар
ашығуға біршама көнбіс болып келеді. Өйткені оларда жас
ұлғаюына
байланысты
негізгі
зат
алмасудың
қарқыны
төмендеген. Дененін сыртқы беті мен оның массасының
арақатынасы неғүрлым көп болса, солғұрлым жануарлар
ашығудан тез өледі. Сондықтан кішкене жануарлар ірі
жануарларға қарағанда ашығудан тез жан тапсырады. Бірақ
бұл заңдылық әрдайым дұрыс бола бермейді. Ашығу кезіндегі
жануарлар өмірінің ұзақтығы олардың сыртқы бетінің
ерекшеліктерінен, түрлерінен: үй жануары ма, әлде жабайы
дала жануары ма т. б. жағдайларға да байланысты болады.
АШЫҒУДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ.
Толық ашығудың клиникалық көріністерін төрт кезеңге
ажыратады:
1. селқостық кезеңі; 2. қозу кезеңі; 3. тежелу кезеңі;
4. жануарлардың салдануы мен өлімі. Бірінші кезеңінде
ашығуға жануарлар ешқандай мән бермейді, елемейді. Екінші
кезеңінде орталық жүйке жүйесінің қозуы болады. Жануарлар
тамақ іздеп аласұрады. Артынан бұлшықеттердің дірілі пайда
болып,
қимыл
қозғалыстың
үйлесімсіздігі
байқалады.
Ашығудың
үшінші
кезеңінде
орталық
жүйке
жүйесінің
қызметтері тежеледі, ашыққан адам мен жануарлар терең
ұйқыға батады, қан қысымы төмендейді, тыныс алу сирейді.