ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 48

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Берілген дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Қорытынды.

Ойын «Сөйлемді толықтыр»

Мысалы: Санжар доп лақтырды..... (жоғары);

Әсем қуыршақты қойды..... (оң жаққа);

Кітап сөренің жатыр........(үстінде) т.б.

Сұрақтарға белсене жауап береді.

Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Заттардың кеңістікте орналасуы жайында мағлұмат алады.

Көрсете білуі: Заттардың орнына сәйкес ұғымдарды орынды қолдана біледі.

Сабақтың тақырыбы: Ұсақ моториканы дамыту

Сабақтың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.

Міндеттері:
- сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;

- коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, оригами, макет жасау.

- қол және көз, қолдың ептілігі,ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;

- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау;

Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым:

- тәлімгердің балалармен бірлескен қызметі;

- балалармен жекелей жұмыстар;

- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері.

Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым:
• саусақтық ойын тренингісі
• қол мойнына массаж
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар
• саусақтық театр
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.)
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б..
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен
• бастырмалардың түлері
• графикалық моториканы дамыту
• трафаретпен сурет салу
• түр сызықпен түрлеу
• суретті аяқтау (симметрия принципі бойынша)
• лабиринттер
• дидактикалық ойындар
• М. Монтессори әдісі
• Кіші заттармен ойнау
• пазл, мозаика қолдану


Қорытынды.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау.

Сабақтың тақырыбы: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Түзету-дамытушылық мақсаты: Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікіелей байланысты. Ақыл - ойы кем дамығаң балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн. Ойындар арқылы баламен қарым-қатынасты нығайтып,баланың өз-өзіне деген көз қарасын өзгертіп,ойынға, оқуға деген ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл-қозғалыс қабілетін арттыру. Икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: жеке және топтық сабақ. коррекциялық сабақ.
Алдын-ала жұмыс: Оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту. Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, жаттығулар орындау, ойындар ойнату.

Көрнекіліктері: жаңғақ, «кірпі» добы, түрлі түсті қарандаш, түрлі түсті моншақтар.

1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

Мен шықтым орманға,

Тауып алдым тұқымды ,

Жерге отырғыздым,

Тұқымға су құйдым.

(балаларды бір-бірден залдың ортасына отырғызады)

Сәлемдеседі

Қимыл-қозғалыс арқылы өлеңді қайталайды.

Ұйымдастыру іздену

Жалпы моторика және қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.

1) Күн шықты, жерді жылытты

2) Ағаш өседі

/балалар ақырындап тұрады/

3) Жел ағашты тербетеді.

/қолдарды тербетеміз/

4) Ағаштың тамыры мықты,

/аяқ басынан өкшеге дейін дөңгелету/

5) Бұтақтары күнге тартылады

/қолымызды жоғарыға көтереміз/

6) Бұтақтарда жапырақ көп

/саусақты сілкеміз/

7) Орманда ағаш көп

/жан-жақты көрсетеміз/

Балалар берілген тапсырмаларды орындайды, қол қимылдарымен көрсетеді.

Қорытынды

Балаларға жаңғақты ұсынамын:

1. Оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз.

2. Жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың ұшымен басып шығамыз. (3 рет)

4. «Кірпі» добымен жұмыс жасаймыз.

1. Алақанның ортасына салып айналдырамыз. (4 рет)

5. Қыры бар қарандашпен жұмыс.

1. Екі алақанның ортасына салып айналдырамыз.

( Мақсаты: балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландыру)



6. Саусаққа арналған жаттығулар.

«Сәлем саусақ, қал қалай?»

«Қайық», «Гүл»

«Шынжыр», «Орындық»

6. Ұсақ заттармен жұмыс.

Бұршақпен саңырауқұлақ безендіру.

7. «Кім тез жинайды?» ойыны

Түрлі түсті моншақты шашып тастап, түстерімен корапқа жинау.

Бүгінгі сабақта қандай жаттығулар жасадық?

Қандай ойындар ойнадық?

Жаттығуларды логопед көмегімен қайталайды, өздігінен орындайды.

Берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексифті түзету бағыты

Үйге тапсырма

Жаттығуларды қайталау.

Күтілетін нәтиже салдары

Баланың ұсақ моторикасын дамыту. Әріптерді дұрыс айтумен қатар дұрыс жазуға да үйрету.

Сабақтың тақырыбы: Кинестетикалық қабылдауын дамыту.

Түзету-дамытушылық мақсаты: Баланың кинестетикалық қабылдауын дамыту. немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.. Ойындар арқылы баламен қарым-қатынасты нығайтып,баланың өз-өзіне деген көз қарасын өзгертіп,ойынға, оқуға деген ынтасын көтеру. Сөйлеу тілін жетілдіру. Қимыл-қозғалыс қабілетін арттыру. Икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Танымдық деңгейін арттыру.

Сабақтың түрі: жеке және топтық сабақ. коррекциялық сабақ.
Алдын-ала жұмыс: кинестетикалық қабылдауын дамыту, оқушылардың ұсақ моторикасын дамыту. Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу, жаттығулар орындау, ойындар ойнату.

Көрнекіліктері: жаңғақ, «кірпі» добы, түрлі түсті қарандаш, түрлі түсті моншақтар.

1) амандасу

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

2) сабаққа дайындалу кезеңі.

Мен шықтым орманға,

Тауып алдым тұқымды ,

Жерге отырғыздым,

Тұқымға су құйдым.

Қол қозғалыстарының кинестетикалы негіздерін қалыптастыру бойынша жаттығулар:

«Құлынтай». қолдың алақанын өзіне қарату, үлкен саусақты жоғары көтеру. Алақан қабырғасына жоғарыдан басқа қолдың төрт саусағын бүгу. Екі үлкен саусақты жоғары көтеру (құлақтар). Құлынтай жалын желпілдетеді, құлақтарын қозғалтады, ауызын ашып жабады (кіші саусақты төмен түсіру және білекке жанастыру).

«Құрбақа». Сұқ сусақ және кішкене саусақ бүгілген, артқа тарту (көздер). Атсыз және ортаңғы саусақтар бүгілген, алақан ортасына жанастырылады (ауыз). Үлкен саусақиы ортаңғы және атсыз саусақтардың тырнақтарына горизонтальды жанастыру.


«Қолтырауын». Үлкен және кішкентай саусақтарды бүгу, артқа тарту (көздер). Ортаңғы және атсыз саусақтарды алдыға созу. Тік үлкен саусақты оларға төменнен қолтырауын ауызын қалыптастыра жанастыру.

«Гүл». Екі алақанды беттестіру, саусақтарды біраз бүгіп жан жа!а тарату.

«Салт атты>. Оң қол алдыңғы тапсырмадағыдай қалыпта,. Сол қолдың сұқ және ортаңғы саусақтары кең ашулы және оң қолдың сұқ саусағына "отырғызылады".

«Мысық». Ортаңғы және атсыз саусақтарды бүгілген үлкен саусақпен алақанға жанастыру, кішкентай және сұқ саусақтарды жоғары созу.

Қолдың қозғалыстарының кинетикалық негіздерін қалыптастыру бойынша жаттығулар:

Кезектілікпен ұйымдастырылған қозғалыстарды орындау үрдісінде қолдың динамикалық координациясын дамыту:

«Саусақтар сәлемдеседі». Қолдардың саусақтарын біріктіру. Үлкен саусақтан бастап кезектілікпен барлық саусақтардың жанасу-қозғалыстарын жүзеге асыру.

«Күн». Оң қолдың алақанын жайылған саусақ-сәулелерімен столға қою. Столда саусақтармен кезектілікпен тақылдату жүргізу.

«Болото». Оң (сол) қолдың үлкен саусағы "дөңге" орналастырылады. Қалған саусақтар кезектілікпен "дөңнен дөңге секіреді". (Біртекті қозғалыстар кішкентай саусақтан бастап жүзеге асырылады).

«Қайшылар». Оң қолдың (сол) сұқ және ортаңғы саусақтарын 7-10 рет артқа шалқайту.

«Футбол». Оң қолдың (сол) бір не екі саусақтарымен қақпаға шариктерді соғу.

Біруақытта ұйымдастырылған қозғалыстарды орындау үрдісінде қолдардың динамикалық координациясын дамыту:

«Көңілді молярлар». Екі қолдың білектерінің біілектік сілтеулермен бірге жоғарғы-төменгі синхронды қозғалыстары, кейін оңға-солға.

«Мысықтар мен тышқандар».

Мысық тышқанды цап-царап

(екі қолдың да саусақтары жұдырыққа түйіледі),

Ұстап, ұстап жіберді

(жұдырықтар біруақытта ашылады),

Тышқан жүгірді, жүгірді

(екі қолдың да саусақтары бір уақытта стол жазықтығымен қозғалады),

Құйрығын бұлтаңдатты, бұлтаңдатты

(екі қолдың да сұқ саусақтары бұрыштан бұрышқа қозғалады).

Сау бол, тышқан, сау бол

(қолдардың білектерін бір уақытта алдыға-артқа шалқайту).

Қортынды. Сабаққа жақсы қатысқандарын марапаттау.