ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 163
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
7-сынып
Мазмұны
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3 -
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3 -
Күтілетін нәтижелер 3 -
Ойлау дағдыларының деңгейі 4 -
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5 -
Модерация және балл қою 5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 19
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
-
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
-
Күтілетін нәтижелер-
әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі; -
ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді; -
әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс- шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады; -
оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс- әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады; -
көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін; әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды; шығармалардағы құндылықтарды қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланыстырады; -
оқылған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
-
-
Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы
Ойлау дағдылары ның деңгейі
Тапсырмалар сипаттамасы
Сұрақтар түрі
Түсіну және жауап беру
Білу және түсіну
-
әдебиеттің даму кезеңдерін, шығармалардың мазмұнын біледі; -
әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерді біледі; -
өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндерді, дәйексөздерді жатқа біледі; -
ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін түсінеді; -
әдебиеттің адам өміріндегі мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды түсінеді; -
түрі мен жанрын, шығарманың тақырыбын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді.
Көп таңдауы бар сұрақтар
Анализ және интерпрета ция
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
-
хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындайды; -
жазбаша әңгіме құрастырады, диалог дайындайды; -
кейіпкерге мінездеме береді, пікір дайындайды, мәтін құрастырады, көркем шығармаларды бағалайды; -
пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысады; -
білім, білік және дағдыларды қолданады; -
терминдер мен ұғымдарды, шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады.
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және салыстыру
Жоғары деңгей дағдылары
-
өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдайды; -
түрлі жанрдағы шығармаларды, тақырыпты, идеяны, композицияны, сюжет ерекшеліктерін салыстырады; -
шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін стильдік ерекшеліктерді талдайды; -
әлем әдебиеті туындыларымен салыстырады; -
фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстырады; -
жоспар құруда, мәтін құрастыруда білім, білік, дағдыларын жинақтайды; -
құндылықтарды басқа да халықтардың құндылықтарымен байланыстырады; -
композициялық, стильдік тұтастығын, тілдік ресімделуін бағалайды.
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
-
-
Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
-
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Бөлім | Тақырып | Оқу мақсаттары | *Тапсырма түрлері | Балл |
Түсіну және жауап беру | «Қыз Жібек» жыры Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғаулары | Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау 7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау | Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар | 5 |
Анализ және интерпретация | 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу | Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар | 10 | |
Бағалау және салыстыру | 7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс- әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 5 |
Жиынтық бағалауға шолу 1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тап сыр ма | Қамтылатын мақсаттар | Тап сырма лар түрле рі | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орын дау уақыты, мин | Балл |
1-5 | Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау 7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау | Жауап нұсқала рынан бір дұры сын таңдау/ жабық сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. | 5 | 5 |
6-10 | 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу | Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар | Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет. | 15 | 10 |
11 | 7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру | Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар | Берілген тақырыпқа 100- 120 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. | 20 | 5 |
Барлығы | 40 минут | 20 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
-
«Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз. А) әділдік
В) даналық С) махаббат Д) ел бірлігі
-
Өлең шумағында кімнің бейнесі сипатталған?
Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай. Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай. А) Қазтуған
В) Есім хан С) Жиембет Д) Күлтегін
-
Берілген үзіндіде қазақ салт-дәстүрінің қай түрі көрініс тапқан?
- Әуелеп ұшқан алты қаз...
...Алдыңнан шығып Сансызбай,
«Көкешім менің Төлеген, Көрдің бе?» десе, не дейсің? Сауытының көзі сетіліп, Сынбай кетті дегейсің!
Баратұғын жеріне, Жетпей кетті дегейсің! А) сыңсу
В) жоқтау С) естірту Д) қоштасу
-
Берілген эпизодтағы Төлегеннің жолға шығу себебін анықтаңыз.
Базарбайдың Төлеген, Ерте туған көбеген. Сексен жігіт қосшы алып, Он бес жігіт басшы алып, Ақжайыққа жөнеген...
А) Жібекті алып келу
В) Жар іздеу, қыз таңдау С) Бекежаннан кек алу
Д) Ел шетіндегі жауды қайтару
-
Өлең шумағы кімнің сөзінен алынған?
Адыра қалғыр көк Жайық, Аңырап қалған қонысым! Қонысымнан ауған соң, Кетпегей еді ырысым.
А) Төлеген В) Жиембет С) Күлтегін
[1]
[1]
[1]
[1]
Д) Қазтуған [1]
-
«Қыз Жібек» жырындағы Жібектің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
[2]
-
Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
[2]
-
Күлтегіннің бойынан қандай қасиеттерді көре алдыңыз? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (5-6 сөйлем).
[2]
-
Жиембет жыраудың Есім ханға сес көрсете тіл қатуының себебі неде? Айтқан сындарымен келісесіз бе? Ойыңызды 5-6 сөйлем арқылы жеткізіңіз.
[2]
-
Буыршынның жалғыз қырқар азуы, Бөкеннің желіп өтер төрт саны, Бұғының ауыр қара мүйізі, Бидайықтың жалғыз соғары, Қашағанның ұзынқұрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы...- деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
-
«Күлтегін» жырындағы «Осы бір түркі елі ел болсын деп, бастаған ісіміз еді...» деген пікірді қалай түсінесіз? Жырдан дәлелдер келтіре отырып, 100-120 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.
[5]