ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 165
Скачиваний: 5
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
-
«Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтаңыз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
-
Дастандағы Ноянды сипаттаған сөз оралымы? А) қоңыр қаз
В) оққа ұшпайтын марал С) бөрінің бөлтірігі
Д) қанды балақ
[1]
[1]
-
«Көксерек» әңгімесінде «Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, осы кәпір түбінде ел болмайды» деп кім айтушы еді?
A) әжесі Ә) Қасен
Б) Бейсембай В)үлкендер
-
«Екі бала селоның шығыс жақ шетіне екі жүз метрдей жақындап келді де, бір топ бүргеннің түбін паналап отыра кетті.» Шығармадағы бұл эпизодта Борис пен Серік ... А) немістерден қашып келеді.
В) Серіктің әкесін іздеп жүр.
С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр. Д) отрядты іздеп келе жатыр.
-
«Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі -
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
[1]
[1]
[1]
-
Абылайдың Қанай биге «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» деуінің себебін түсіндіріңіз. Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз (3-4 сөйлем).
[2]
-
Көксеректің ауыл тұрғынына айналған кезі мен жойқын, дүлей күшке айналған бейнесін салыстырыңыз (5-6 сөйлем).
[2]
-
«Тәмпіш қара» повесінде Шаншатай бойынан қандай қасиеттерді байқай алдыңыз? Шығармадан нақты дәлелдер келтіре отырып, өз ойыңызды 5-6 сөйлеммен білдіріңіз.
[2]
-
«Осынша бүліншілікке қанішер қарақшы Гитлер жауапты! Баланы анадан, ананы баладан айырған сол қарақшы!» деген Сильвестердің ойын әрі қарай дамытып жазыңыз (5-6 сөйлем).
[2]
-
Үзіндідегі көркемдегіш тәсілдердің қолданысын түсіндіріңіз (3-4 сөйлем). Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.
Ел жауын зерттеп, өрт боп, тынбай жортқан, Ерлерді ұмытса де ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан, Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. Арқаның селі, желі, шөлі, белі Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
[2]
-
«Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсіндіресіз? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып эссе жазыңыз. Сөз көлемі – 100-120 сөз.
[5]
Балл қою кестесі
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпараттар |
1 | В | 1 | |
2 | С | 1 | |
3 | В | 1 | |
4 | С | 1 | |
5 | А | 1 | |
6 | «Баянсыз қанатымды қалай жаям?» Абылай сөзінің себебін айтады. | 1 | |
Өз ойын 3-4 сөйлеммен дәлелдеп жазады. | 1 | ||
7 | Көксеректің адамдар арасындағы өмірі мен көкжалға айналған сәтін салыстырады. | 1 | |
5-6 сөйлеммен жазады. | 1 | ||
8 | Кейіпкер бойындағы қасиеттерге өз көзқарасын білдіреді. | 1 | |
Шығармадан дәлелдер келтіреді. | 1 | ||
9 | Берілген ойды әрі қарай дамытып жазады (5-6 сөйлем). | 1 | |
Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді. | 1 | ||
10 | Шығарма үзіндісіндегі көркемдегіш тәсілдерді (ассонанс, аллитерация, қайталау түрлері: анафора, эпифора) анықтайды. | 1 | |
Қолданысын жеткізеді. | 1 | ||
11 | «Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» деген пікірді қалай түсінетінін көрсетеді. | 1 | |
Шығармадан дәлелдер келтіреді. | 1 | ||
Батыр бойындағы ел намысын қорғау, ұлттық рух мәселесін сараптап, шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды. | 1 | ||
Өз көзқарасын білдіреді. | 1 | ||
Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз). | 1 |
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Бөлім | Тақырып | Оқу мақсаттары | *Тапсырма түрлері | Балл |
Түсіну және жауап беру | М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі | Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау | Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар | 5 |
Анализ және интерпретация | 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу | Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар | 10 | |
Бағалау және салыстыру | 7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу | Толық жауапты қажет ететін сұрақтар | 5 |
Жиынтық бағалауға шолу 4-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы
Ұзақтығы: 40 минут
Түсіну және жауап беру - 5 минут Анализ және интерпретация - 15 минут Бағалау және салыстыру - 20 минут Балл саны: 20
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапс ырма | Қамтылатын мақсаттар | Тапсыр ма лар түрлері | *Тапсырмалар сипаттамасы | *Орындау уақыты, мин | Балл |
1-5 | Т/Ж1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау | Жауап нұсқала рынан бір дұры сын таңдау/ жабық сұрақтар | Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. | 5 | 5 |
6-10 | 7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш 7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу | Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар | Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. Жауаптар 3-4 сөйлемнен тұруы қажет. | 15 | 10 |
11 | 7.Б/С4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу | Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар | Берілген тақырыпқа 100- 120 сөз көлемінде өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. | 20 | 5 |
Барлығы | 40 минут | 20 |
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
-
М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы арқылы қандай идеяны негіздейді? А) Махамбеттей батырға
Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?!
В) Кім аяққа басса заңын даланың- Ұмытқаны қатал тарих сабағын...
С) Туған елім –арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?..
Д) Мен сенемін, күні ертең
Ақыл-ойды пір тұтар деп ұлы өлкем...
-
«Қонақтар» шығармасындағы көтерілген басты мәселе қандай?
А) ұлттық тілді құрмет тұту
В) дұрыс армандай білу қажет
С) ата-ана сағынышы мен арманы
Д) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы
-
А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді? А) халқының сүйікті ұлы болатынына
В) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне
С) келешекте алып ескерткіш орнататынына
Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына
[1]
[1]
[1]
-
–Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе... Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?
А) балаға дұрыс білім беру В) туған тілді құрметтемеу
С) туған баласына көңіл бөлмеу Д) өзге тілді меңгеру қажеттігі
-
М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай? А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру.
В) Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.
С) Тәуелсіздік - төккен қан мен асқақ арман жемісі.
Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы.
[1]
[1]
-
Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
[2]
-
«...Батырлығы жоқадамнан
Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (5-6 сөйлем).
[2]
-
Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
-
Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (5-6 сөйлем).
[2]
-
Тәуелсізбін! – Танып тұрмынөзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді... - деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем).
[2]
-
М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз (100-120 сөз).
[5]
Балл қою кестесі
№ | Жауап | Балл | Қосымша ақпараттар |
1 | В | 1 | |
2 | Д | 1 | |
3 | В | 1 | |
4 | В | 1 | |
5 | С | 1 | |
6 | Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмағанын шығармадан нақты мысалдар келтіре отырып, түсініктеме береді. | 1 | |
Өз ойын айтады. | 1 | ||
7 | Берілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме береді. | 1 | |
Өз ойын дәлелдеп жазады. | 1 | ||
8 | Шығарманың неліктен «Қонақтар» деп аталу себебін көрсетеді. | 1 | |
Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіреді. | 1 | ||
9 | Ақын өз өлеңінің келешекте түрлі тілдерде танымал болуына сенім білдіру себебін көрсетеді. | 1 | |
Өз ойын шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізеді. | 1 | ||
10 | Өлең жолдарындағы көркемдегіш тәсілді анықтайды. | 1 | |
Қолданысын жеткізеді. | 1 | ||
11 | М. Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасындағы әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазады. | 1 | |
Шығармадан нақты дәлелдер келтіреді. | 1 | ||
Шығармадағы мәселенің өміршеңдігін сараптайды. | 1 | ||
Өз көзқарасын білдіреді. | 1 | ||
Жазба жұмысының көлемін сақтайды (100-120 сөз). | 1 |