ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 246
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
жұмсады десек те болады.
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Гүлшат-Шеризат» дастанында Бағдатта жеті жұртты билеген әділ патша балаға зар болып жүргенде тілеуі орындалып , әйелі бала көтереді. Әкесі аңға шығып ,орманда арыстанмен алысып, ауыр жарақаттан айыға алмастан дүние салады. Ол өлерінде өсиет етіп орнына уәзір Парахзатты қалдырады. Егер әйелім ұл туса менің мұрагерім сол болсын дейді. Парахзат орындамайды.Ол қазынашы болған Барысты шақырып әйелін өлтіруге тапсырма береді. Сол арқылы тақ мұрагерден мәңгілік құтылмақ болады. Барыс он жілікпен әйелін өлтіріп тастайды, бірақ баланы кім тауып алса сол асырар деп қасына 10 гәуһар мен хат қалдырады. Бұл кезде Парахзат түс көріп оны жақсылыққа жори алмай амалы таусылып отырған болатын. Оның әйелі де бұл кезде қыз тауып атын Гүлшат деп қойған болатын. Ол ақылына көркі сай болып өседі. Бала өліп жатқан анасының омырауының үш жыл қоректенеді. Баяғы арыстанда балаға тиіспей ,керісінше аңдар балаға қамқорлық жасайды.Бір керуен айдалада жүрген баланы көріп керуен басы Қожа Сағит деген кісі баланы асырап алады. Бала орманда өскендіктен Шеризат деп ат қояды. Бала оның қолында білім алып, ер жетеді.Бір күні баяғы өзінің әкесі патшалық еткен жерге келіп ,Гүлшатты көреді. Екі жас бірін-бірі ұнатып ,сезімдерін білдіреді. Шеризат қыз әкесі Парахзаттан кек алмақ болғанмен Гүлшаттың айтқан мысал әңгімелері арқылы кешірім жасайды.
Қорытындылай келе, зұлымдық пен әділдік, жауыздық пен қатыгездік, қарамай қайшы тартыс болып ақыры әділдік жеңеді.
9. А. Байтұрсынұлының «Абай – қазақтың бас ақыны» мақаласындағы Абайға тән қасиеттерді талдап жазыңыз.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғаған алғашқы мақала Ахмет Байтұрсынов қаламынан шықты. Абай туралы “Қазақ” газетінің 1913 жылғы 39-41– сандарында газет редакторы Ахмет Байтұрсыновтың “А. Б.” деп қол қойған “Қазақтың бас ақыны” атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұрсынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырым жасайды.
Мақаланы оқи отырып байқағаным, Ахмет атамыз Абайды әр қырынан ашуға тырысқан. Абайға тән қасиеттер: сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. сыншылық көзқарасының өткірлігі мен нағыз ақынға қажетті де керекті шеберлікті толық игерген тұлға екендігін білеміз. Абайдың өскен ортасына, тәлім-тәрбиесіне, өмір жолына көз жіберіп, осылардан қалыптасар адамдық болмысына ой тастап, одан туындаған пікірлерін ортаға салады.
Абай замана ауыртпалығын, елдің басына түскен зорлық-зомбылықты терең сезініп, жүрегімен түсініп, жырлай білген. Абай ақындығының өзгелерден оқ бойы озықтығы оның өмірден түйгені мол көрегендігімен қатар, терең білімпаздығынан деп таныған Ахмет, Абай білімінің құнары европалық ғылым-білімде деп есептейді.
Ахмет Байтұрсынов аталмыш мақаласында Абай өлеңдерін қабылдау қиынға соғатындығын айта келіп, Абай сөзін ұғынудың қиындығы Абай поэзиясының жадағай жылтыр сөзден құралмай, ойлы, мағынасы тереңде жатқан сөз жүйесі болғандықтан деп біледі.
Яғни, Ахмет пайымдауынша, оқырманның Абай сөздерін түсінбеуінің басты себебі, ақынның өз заманындағы талғам-танымнан озық кетіп, сол тұстағы оқырман деңгейінен ой асырып тұрғандығынан.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады.
Соның арқасында біз Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықтық. Бұл – Абайға дегенбіздің құрметіміз әрі білімімізді толықтыруымыз. Біз де мектепте Абайға арнап үлкен кеш өткіздік. Абай жырларын оқу челленджісін ұйымдастырдық. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді деп сенемін.
8. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі жастардың жаңашылдық қасиеттерін талдаңыз.
Өмірден өткеніне бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі – Бейімбет Майлиннің шығармалары оқушылар жүрегінен орын табуда. Үш бәйтерек бабаларымыздың бірі – Бейімбет Майлиннің өмірбаянын, шығармаларын мен де қызыға оқыдым. Жастайынан жетімдік зардабын көп көрсе де, еліне ұмытылмастай еңбегін сіңіріп, аты тарихымызда мәңгі қалыпты. Бейімбет Майлиннің мұғалім қызметін атқарғанын біліп, маған сабақ беретін мұғалімдерімді де Бейімбет Майлинге теңестіре, сүйсіне қарадым.
Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі” әңгімесін бір деммен қызыға оқып шықтым. Әңгімедегі келе жатқан екі жолаушының Шұға туралы әңгімеге қалай кірісуі де оқырманды ынтықтыра түседі екен.
Беркімбай дейтін тұрмысы қуатты азамат болыстыққа таласамын деп жүріп бар байлығынан айрылып, кедей болып қалыпты. Қазіргі заманмен салыстыруға болады-ау деймін, ия, мен бала да болсам, сеземін, тамыр-танысы мен ақшасы болмаса, әкім болу қайда?!
Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы – әрі жомарт, әрі қонақпаз жаппас Есімбек шетінен қасқыр мінезді төрт ұлының ортасында бұлаңдап өскен қызы он алты жасар аққудың көгілдірігіндей Шұғаны былай сипаттайды: “Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін…”. Қандай сұлу еді. Біздің қыздар ше деп, сыныптағы қыздарды көз алдымнан бір елестетіп өттім. Елестетіп те үлгергенім сол еді, Бейімбет Майлин менің замандастарыма, яғни оқыған, бірақ шолжаң қыздарға да баға беріп қойыпты. ” … Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші…”
“… Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ. Жазғытұрғы майдың айы бітер-бітпесте, шала-шарпы егін салып жайлауға жеткенше асығамыз… ” деген әңгіме жолдарынан орыстардың қаптап кеп жатқанын жақтырмағанын, кең жайлауы тарылған алаш бабаларымыздың Тәуелсіздікті аңсағаны сезіледі.
Қорытындылай келе, біз Бейімбет Майлин сияқты бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз Қазақ елінде бейбіт заманда шаттықпен өмір сүріп отырмыз. Және бірін-бірі шын сүйген Әбдірахман мен Шұға сынды балаларының бақытын емес, қалыңмалды ойлайтын ата-аналарға ұл-қыздарыңыздың бағына тосқауыл қоймаңыздар, кедергі болмаңыздаршы, үйленулеріне рұқсат беріңіздер дер едім
7. С.Сейфуллин жырлаған Көкшетау табиғаты мен қазіргі Көкшетауды салыстырып жазыңыз. (С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл)
Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын 1925 жылы бастап, 1928 жылы аяқтаған. «Көкшетау» поэмасы біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі. Поэма 1929 жылы жарық көрді. «Көкшетау» – Сәкен поэмаларының ең көлемдісі. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркем бейнелі шығарма. Автор табиғаттағы дыбыс пен қимылды, ондағы сұлулықты, Абылай хан заманын, қазақ еліне жан-жақтан жасалған қысым жайында адам мен табиғатты салыстыра жазады. Поэма сюжеті қазақ жеріне басқыншылық саясат жүргізіп, әлсін-әлсін бүйірге найза тіреген, тынышсыз көрші қалмақтармен есеп айырысу кезінде қолға түскен тұтқын қыз төңірегінде өрбиді. Еркіндік аңсаған қыз ақыл мен өр мінезінің арқасында дегеніне жетеді. Ақыл-ой, сезім-қайрат, терең адамгершілік иесі Абылай хан қалмақ қызына бостандық береді.
«Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» «Сексен көл Көкшетаудың саясында», "Ауасы-дертке дауа, жұпар исі», « Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс»,
"Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан», « Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес». Біз бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен-амандык сұрасып, сұлу жұзін әлсін-әлсін ақ жауынмен жуьш, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімізбен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, көк қаршығасының шаңқылы мен қалың қарағай, көк желекті ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымызбен естіп тұрғандай әсер аламыз.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
Иә, Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, ұлы Табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей. Бүгіндері Көкшетаудың жүрегі Бурабай – қазіргі тілмен айтқанда, отандық "туризмнің хабына" айналып отыр. Еліміздегі ең сапалы алты жолақты автобан да салынды. Облыс орталығы Көкшетаумен қосылып, туристік әлеуеті зор аймаққа айналмақ. Осыған орай «Жер шоқтығы Көкшетау» ктабында жазушы көтерген осы бір ұрпақ қамы үшін атқарылуы тиіс игі шаралар қолдау тауып, Көкшетау тек қана қысқы сырғанағы мен жазғы жағажайымен ғана емес, баурында өрбіген елдің тұрмыс-тіршілігімен астасқан экотуризмнің жыл бойғы кешені болуға тиіс еді ғой! Бүгінгі күні баршамыз аузымыздан тастамай жүрген рухани жаңғыру дегеннің нақ өзі де осы емес пе!
19. С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі ақынның туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы өлең үлгілерін әкелгендердің ортасында Сырбай Мәуленовтің орны ерекше. Сырбай Мәуленов – қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Ақын өмірдің сан түрлі құбылыстарына мән беріп, талғампаздығының арқасында әсерлі жырлар жазды. Әрбірімізге Отанымыз қаншалықты қымбат болса соншалықты ақынға да туған жері қымбат. Осыған орай ақынның «Шөңге», «Қаратау» өлеңдерінде туған жерге деген махаббаты сипатталады. «Шөңге» өлеңінде туған жеріне деген сағынышын бір ғана тікенек арқылы сипаттайды. Оны біз:
Сағыныппын, дариға, туған жердің,
Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де,-
деген жолдардан біле аламыз. Ақын үшін туған жер дүниедегі ең ұлы, ең асылдардың бірі. Себебі, ол – кіндік қаны тамған жер, бақытты балалық шақ өткен жер.ақын бұл туралы:
Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім,
О, туған жер, сен күнсің балаң үшін.
Қалтама сол шөңгеңді салып алдым,
Бала күнді еске алып қарау үшін, -
деп жырлайды. Расул Ғамзатовтың:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы, -
деген өлең шумақтары сияқты Сырбай ақын да Атырау мен Алтай арасындағы байтақ табиғатқа арнаған құрметі ретінде «Қаратау» өлеңін жазды. Ақын ойынша қазақ тауының бабасы – Қаратау. Шексіз махаббатқа ие ақын жүрегі Қаратауды бірде бақ-берекеге теңесе, бірде алтын қазынаға, мол кен-құрышқа теңейді.
Қаратау – кен-құрыш,
Қаратау – өндіріс.
Халқымның бақ-құты,
Қаратау – мол ырыс.
Қортындылай келе, ақын екі өлеңде де туған жерін, елі, оның табиғатын асқан шеберлікпен, нәзік сезімімен жырлайды. Өлеңдерді оқу арқылы сағыныш шебін,жүрегіне мейірім ұялатқан табиғат перзентін көрдім, сезіндім. Сырбай Мәуленовтің сырлы да, әуезді, мол махаббатқа толы осы шығармалары арқылы «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деп бекер айтылмағанын түсінесің. Оның әдебиет әлемінде орны зор. Оның сырға толы өлеңдері әрдайым халық жадында.
31. Жаманнан туған жақсы бар –
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар –
Жарамды бір теріге алғысыз, – деген Махамбет ақынның даналық ойын өз көзқарасыңыз тұрғысынан дәлелдеп жазыңыз.
Махамбет бабамыздың бойында батырлық та, ақындық та бар. Есіл ер қарсыласқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда найзасымен іліп түскен, тілімен тіліп түскен, семсерімен ойып жіберген, сөзімен сойып жіберген. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар осы құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға.
Махамбет поэзиясы ерлік, батырлық поэзиямыздың заңды жалғасы, барынша мықты дамыған түрі деуіміз керек. Махамбет ақындығы – жорық үстінде, ат жалында, күрес, майдан сахнасында өскен, шыныққан, күшейген ақындық.
«Қара қазан, сары баланың қамы үшін» қолына қалам немесе домбыра алмай, найза мен қылыш ұстап, «мұздай темір құрсанып», «Қу толағай жастанып», «Садағына сары шіркей үймелеп», «түн қатып жүріп түс қашқан» жағдайда іштегі ызасы мен кегін, өксігі мен арманын айтқан Ол өлеңді «бес қарудың бірі» – деп ұғады.