Файл: Мені пірім Сйінбай, Сз сйлемен сиынбай!.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 244

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды

Ұлы Жеңіске  үлестерін қосқан қазақтың ержүрек ұлдарының бірі Төлеген Тоқтаров болды. БиылТөлегеннің туғанына жүз жыл толады. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып, қаза болған. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаорвқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін, ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған батыр есімі ел аузында мәңгілік жасап қалады. 
Қорытындылай келе біз  соғысты көрген  жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың  не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның  төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.


45. «...Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге». Абайдың қанатты сөзіндегі негізгі ойды қазіргі замандағы кітап оқуға деген сұраныспен байланыстырыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.  "Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген - кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен - кітап.  Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де - кітап болатын. Сондықтан да, "кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі", - дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады. Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл процесс ойлау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы шығармашылыққа деген сүйіспеншілігін оятуға итермелейді. Ал, біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу. Кітап – ең құнды қазына. Оның айтары ішінде. Сөзден өрнек құрып, кестеленген дүниені санада сәулелендіру, ешбір қимылсыз-ақ сізге мұң мен шаттық сыйлау келсе тек кітаптың қолынан келмек. Тақырыпты оқып отырып кітаптың пайдасы көп, бірақ қандай зияны болуы мүмкін деп ойлаған боларсыз. Таяқтың екі ұшы бар екенін ескерген дұрыс.  Кітаптың қасиеті  Ақпараттық кеңістікте сана уланып жатқан кезде кітаптың пайдасы көп. Көз алдымызда ғана суреттелетін сюжеттік кинолардың әсері ұзаса үш сағатқа созылуы мүмкін. Ал кітаптағы әрбір сөзді оқыған сайын оның суреті көз алдыңызда ғана емес, миыңызда жатталып қалады. Бұл – кітаптың ең керемет ерекшелігі.  Ең құнды жәдігерлер,
тарихи дастандар, ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайында жазылған ең асыл мұралар тек кітап арқылы жетеді. Заман дамыған сайын технология өседі, бірақ өледі. Өйткені ол белгілі бір дәрежеде және белгілі бір мөлшерге негізделіп жасалады. Ал кітап қай заманда өмір сүрсе де өзінің құнын жоғалтпайды, бірқалыпты сақталады. Оқыған сайын зейін ашылып, жаңа әлемге ене бересіз. «Абай жолын» қайталап оқыған сайын түрлі ойға тап боласыз. Бұл кітаптың қасиеті һәм автордың шеберлігі. Сіз бір киноны көргеннен кейін, қайта көрген кезде сол әсерде ғана боласыз. Тіпті қайта көруге құлқыңыз да болмайды. Ал кітапты біраз уақыт өткеннен кейін қайталай оқығанда тағы да жаңа бір әлемге тап боласыз. Бұл – қасиет. 
Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.

Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.

44. «Туған жер - адам өміріндегі киелі орын» екенін өз көзқарасыңызбен дәлелдеңіз.

Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі жер. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір-керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың дара тұлғалы ақыны Абай атам айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады:



Қымбат маған елімнің бар даласы,

Балтық пенен Сахалиннің арасы.

Қайда болсам қиям оған жанымды,

Туған жерден қазсын бірақ қабірді.

Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді.

20. Т.Ахтанов романының «Шырағың сөнбесін» деп аталу себебін оқиғалар негізінде талдап, көзқарасыңызды мысалдар келтіре отырып жазыңыз.

Соғыс – атауы құлаққа жағымсыз, тіршілікті қан жылататын, астары қайғы-қасіретке толы қаралы сөз. Оның зардабы иығына қаруын асынып, қан майданға аттанған талай азаматтарымызды ажал отына тастады. Дәрменсіз бала мен нәзік жанды ана-әжелеріміздің өмірін қасіретке толтырды. Осы кездегі халық басына түскен қасіретті әйел атынан суреттеген іргелі туынды – Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы. Романға «Шырағың сөнбесін» деп ат қойылуының мәні де тереңде жатқандай... Жазушы ойын тарқатып талдайын.Романның көтерген жүгі ауыр. Ол жүк- халық болашағы. Ал халық болашағы ұрпақ жалғастығына келіп тіреледі. Жазушы осы ойды Нәзира арқылы бізге жеткізіп отыр. Сұрапыл соғыс жылдарында талай қасіретті басынан өткерген Нәзираның барлық қиындыққа төзе біліп, өмірінің жалғасы – ішіндегі нәрестесін дүниеге әкеліп, өмір сыйлағаны үлкен ерлік деп есептеймін. Меніңше, бүгінгі таңда адамдардың ұрпаққа, болашаққа деген көзқарасы мүлдем өзгеріп кеткен сияқты. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен әз аналар арасынан нәрестесін балалар үйінің босағасына тастап кететін тасбауыр аналардың кездесетіні өкінішті-ақ. «Тастанды балалардың» аналары осы Нәзираны үлгі тұтып, жан түршіктірерлік қылыққа бармаса екен деп армандаймын. Нәзираның «Енді өлгім келмейді. Сонша тозақтан өткеннен кейін... енді тіпті өлуге хақым да жоқ сияқты» деген жолдары осының айғағы іспетті. Нәзира басында жап-жас келіншек, ауылдың албырт қызы болған еді. Аз ғана уақыт ішінде сұм соғыс есейтіп жібереді. Сұрапыл майданда жас келіншектің мерт болмай, нәрестесімен еліне оралуы- шығарманың өміршеңдігі.

«Мен жападан жалғыз қалдым. Көз жасым сыртқа шықпай ағыл-тегіл кеудеме құйылып жатты. Бірақ мені тоқтататын бір-ақ жан – сол. Бүйірімді түртіп-түртіп қалатын сол тірі жан иесі...». Жазушы романының шырағын сөндірмей, өмірді, ұрпақты жалғастырушы – осы «сол». Нәрестенің әзірге ат-есімі жоқ. Бірақ «сол» аман болса, Қасымбектің шаңырағы құламайды, аты өшпейді! Осы ұрпақ өмірдің жалғасы ғой! Атам қазақтың ұрпаққа деген көзқарасы да жан шырылына толы. Өйткені, қилы замандарда ауыздықпен су ішкен дала тіршілігі ұрпаққа деген қатаң жауапкершілікті қалыптастырады деп ойлаймын. Автордың романын «Шырағың сөнбесін» деп атауының бір себебі, соғыс жылдарында ауыртпалықты басынан кешкен халықтың болашақтан үмітін үзбей, жеңіске жетуін ұрпаққа үлгі еткен. Нәзираның: «Қайран туған жер! Сені де көретін күн болар ма екен? Арамыз бөлініп қалды. Ортамызда өткел бермес дариядай жау бар. Кішкентай болса да үміт жетелеп, әйтеуір жақындай берейікші деп шығысқа қарай жетелеп келеміз» деген сөздері осы ойын оқырманға паш еткендей.


Сөзімді қорытындылай келе, аталмыш роман бір ғана Нәзира арқылы өмір үшін күрестің шынайылығын көрсетті. Ендеше, өмірдің шырағы, болашағы – келер ұрпақ, сол шырақты сөндіріп алмайықшы!


23. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» поэмасындағы трагедияның себебін ашып талдаңыз.

М.Мақатаев- лирик, прозаик әрі шебер аудармашы. Әсіресе солардың ішінде М.Мақатаев поэзиясының басты арнасының бірі- оның әр алуан тақырыпқа жазылған поэмалары. Өмірден ерте кеткен адуынды ақын Мұқағали артына өшпес, өлмес мұра қалдырды. Оның асқақ жырлары, көркем аудармалары және әңгімелері жаныңды баурайды. Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды дарабоз «Дариға жүрек » атты шағын поэмасы бір ғана қазақ әйелінің тағдыры арқылы сұм соғыстың талай тағдырды тәлкекке ұшыратқандығын көрсете білген шеберлігі десек, дұрыс болар. Жалпы алғанда, үш бөлімнен құралған осы шығарманың «Аққудай еді» атты бөлімінде Дариға – кейіпкердің психологиясын ашу мақсатында «Дариға- жүрек шөлдеді» қайталауын қолдана отырып, жас жесірдің сабырға сүйенген, алдағы күннен үміт күткен, көппен бірге күн кешкен аяулы жеңгенің асқақтата салған әсем әніне сүйенеді.

«Жалған» атты екінші бөлімінде :

Дариға ...

Тфу !!! Жаман еді аты қандай,

Сорлы аға сойқан апты,қатын алмай,- деп, жұрт жеріген жеңгеден жас жеткеншектің де көңілі қалғанын «Дариға-жүрек шөлдеді » тіркесінің қайталануы арқылы жеңгенің азалы жағдайын, «аһ» ұрған жаралы жүрек зарын жеткізеді.

Соңғы «Намыс пен муза» атты үшінші бөлімінде осы тіркестің қайталануына жаңаша қырынан беріп, туындыға тың ой қосады. Ұяты өртеп, намысы қинаған келіншек ажалға өзі бетпе-бет барады, жан жүрегін азаптаған сезімнен бостандық алады. Осы бір тіркестің қайталануы арқылы біріншіден, автор өзінің сезімталдығын бере білсе, екіншеден, жас ғұмырдың басынан өткерген мыңдардың құлақтан кетпейтін мұңзары, заман трагедиясын лирикалық кейіпкер тағдырымен сабақтастырады. «Дариға- жүрек шөлдеді». Бұл поэманың көркемдік әлемін танытатын құлақ күйі іспеттес. Тау шыңдарындағы қалықтаған ән-өмірдің қиындығынан қашып, қажыған, аласұрған, аңсағанына қол жеткізе алмаған, жүрегіне жұбаныш іздеген жанның шырқыраған үні еді. Тән қалауы мен жан қалауының үйлеспеуінен туған трагедия «Дариға- жүректің» бостандыққа – бақиға шөлдеуімен құнды бола алды.Сол құндылықты жеткізуде «Дариға- жүрек шөлдеуінің » қайталануы поэма сюжетінің маңыздылығын арттыра түскен тәсіл деп ойлаймын.

28. Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында автордың Әбілқайыр ханды өзгелерден даралайтын ерекшеліктерін талдап жазыңыз.