Файл: Бл мж ust kz сайтында жасалынан. стаз тілегі ылымидістемелік орталыыны сайтыныны мж блімінде кезкелген пн, кезкелген сынып бойынша мжны дидактикалы материалымен бірге жктеп ала аласыз. Ол шін сілтеме арылы тііз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 71
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақ №15 | Мектеп: | | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | | |||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері | | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.4.2.1 мәтін есептерді теңдеулер жүйесінің көмегімен шешу | | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды шынайы жағдаяттардың математикалық моделі ретінде теңдеулер жүйесінің көмегімен шешуді үйрету. | | |||||||||||
Сабақ барысы | | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Белгісіз басшы» әдісі Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. Үйге тапсырмасын тексеру: № | Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. | | | |||||||||
Негізгі бөлім 10 минут | Жаңа сабақты зерттеу Тапсырманы шешуде екі айнымалыны енгізуге болады, тапсырма шарты бойынша теңдеу құру және теңдеулер жүйесін шешу. Мысалды қарастырып, мәтін есептерді теңдеулер жүйесі көмегімен шешудің алгоритмін қарастыру. Тапсырма. В және С жағалауларынан төмен өзен бойымен сәйкесінше 30 км және 45 км қашықтықта А жағалауы орналасқан. Моторлы қайық А жағалауынан шығып, С жағалауына дейін жетеді және бірден артқа айналып, В жағалауына келеді. Барлық жолға 7 сағат жұмсайды. Қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын есептеңіздер. Шешуі: Бірінші кезең.Математикалық моделін құру Екі айнымалы енгіземіз: х км/сағ. – қайықтың меншікті жылдамдығы у км/сағ – өзен ағысының жылдамдығы Онда х+у км/сағ.– қайықтың өзен ағысының бойымен қозғалысының жылдамдығы, х-у км/сағ. – қайықтың өзен ағысына қарсы қозғалысының жылдамдығы. Қайықтың бірінші рейсін қарастырайық. Ол ағыс бойымен 45 км және ағысқа қарсы 15 км жүзді. Демек: сағ –қайықтың А –дан до С-ғадейінгі қозғалыс уақыты (бірінші рейсте), сағ– қайықтың С –дан до В-ғадейінгі қозғалыс уақыты (бірінші рейсте). Қайық барлығы бірінші рейсте 4 сағ 40 мин, я сағ. жұмсады. Осылайша, мына теңдеуді аламыз: Қайықтың екінші рейсін қарастырайық. Ол ағысқа қарсы 45 км және ағысқа қарсы 30 км жүзді. Демек: – С-дан А-ғадейінгі қозғалыс уақыты (екінші рейсте). – А-дан В-ға дейінгі қозғалыс уақыты (екінші рейсте). Қайық екінші рейсте барлығы 7 сағат жұмсады. Осылайшы мына теңдеуді қорытып аламыз: Есептің математикалық моделін құра отырып, мына түрдегі екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін аламыз: | Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. . | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны | |||||||||
Оқулықпен жұмыс 25 минут | Жұппен жұмыс 1. Екі пристаняның арақашықтығы 60 км тең. Теплоход бұл арақашықтықты ағыс бойымен және ағысқа қарсы 5,5 сағат жүзіп өтті. Теплоходтың тынық судағы және ағыс бойымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз, егер оның бірі екіншісінен 20 км/сағ артық болса. Жауабы: 22 км/сағ және 2 км/сағ. 2. Жеңіл автокөлік 360 км арқашықтықты жүк көлігінен 2 сағатқа тезірек жүрді. Егер әрбіреуінің жылдамдығын 30 км/сағ арттырсақ, онда жүк көлігі жеңіл автокөлікке қарағанда 1 сағат артық жұмсайды. Әрбір автокөліктің жылдамдығын табыңыздар. Жауабы:90 км/сағ. және 60 км/сағ. |
| Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау. | Үлестірмелі қағаздар | |||||||||
Соңы 5 минут | Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: № | Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау. | | | |||||||||
Кері байланыс | Р ефлексия | Оқушыларға «Тазалық» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | «Тазалық» әдісі | Кері байланыс парағы. |
Сабақ №16 | Мектеп: | | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | | |||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері | | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.4.2.1 мәтін есептерді теңдеулер жүйесінің көмегімен шешу | | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды шынайы жағдаяттардың математикалық моделі ретінде теңдеулер жүйесінің көмегімен шешуді үйрету. | | |||||||||||
Сабақ барысы | | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Белгісіз басшы» әдісі Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. Үйге тапсырмасын тексеру: № | Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. | | | |||||||||
Негізгі бөлім 10 минут | Жаңа сабақты зерттеу Тапсырманы шешуде екі айнымалыны енгізуге болады, тапсырма шарты бойынша теңдеу құру және теңдеулер жүйесін шешу. Мысалды қарастырып, мәтін есептерді теңдеулер жүйесі көмегімен шешудің алгоритмін қарастыру. Екінші кезең.Құрылған моделмен жұмыс жасау Теңдеулер жүйесін шешу үшін жаңа айнымалы енгізу әдісін қолданамыз. Енгізейік: Жаңа айнымалының мәндерін табамыз және аламыз. шешеміз. Үшінші кезең.Тапсырма бойынша сқрақтарға жауап береміз. Есептің шарты бойынша қайықтың меншікті жылдамдығы мен өзен ағысының жылдамдығын анықтауды талап етіп тұр. Бірінші жылдамдықты біз деп белгілеп алдық және анықтадық. Демек қайықтың меншікті жылдамдығы 12 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығын белгілеп алдық және оның екенін анықтадық. Демек өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ. Жауабы: 12 км/сағ; 3 км/сағ. Мәтін есепті шешу алгоритмі.
| Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. . | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны | |||||||||
Оқулықпен жұмыс 25 минут | Жұппен жұмыс А және В пунктерінен бірдей уақытта бір біріне қарама қарсы екі жаяу жолаушы шықты. Әрбіреуі тұрақты жылдамдықпен тоқтаусыз соңғы пункке жетіп қайта артқа бұрылады. Олар екінші рет кездескенде бірінші жолаушы екінші жолаушыға қарағанда 4 км артық жүрген. Екінші кездесуден кейін бірінші жолаушы А пунктінде бір сағат бұрын, ал екінші жолаушы В пунктіне 2,5 сағаттан кейін келеді. Жаяу жолаушылардың жылдамдықтарын табыңыздар. Жауабы: 4 км/сағ. және 3,2 км/сағ. |
| Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау. | Үлестірмелі қағаздар | |||||||||
Соңы 5 минут | Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: № | Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау. | | | |||||||||
Кері байланыс | Р ефлексия | Оқушыларға «Тазалық» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | «Тазалық» әдісі | Кері байланыс парағы. |
Сабақ №17 | Мектеп: Садовое ауылының ЖОББМ | | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Токен К. | | |||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері) | | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері); 9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу; | | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Жиындар теориясының белгілеулерін (A/, AB және AB және жиынның элементтер саны) түсінеді және қолданады | | |||||||||||
Сабақ барысы | | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үйге тапсырмасын тексеру. | Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. | | | |||||||||
Негізгі бөлім 10 минут | Жиын ұғымы Математикада XIX ғасырдың екінші жартысында жиын ұғымы пайда болды. Жиын ұғымының математикаға енуі жиын теориясын қалыптастырды. Жиын теориясының негізін қалаушы неміс математигі Георг Кантор (18451918) болды. Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер, объектілер жиын құрайды. Мысалы: аспандағы жұлдыздар жиыны, кітап бетіндегі әріптер жиыны, бөлімі 6 саны болатын дұрыс бөлшектер жиыны т.с.с. Жиындар элементтерден құралады. Жиындардың элементтері аталып беріледі немесе сол жиын элементтеріне ғана тән қасиет (белгі) көрсетіледі. Жиынды латынның бас әрпімен белгілеп, оның элементтерін фигуралық жақшаның ішіне алып жазу келісілген. Мысалы, "планета" сөзіндегі әріптер жиынын P әрпімен белгілесек, Р={а,п,н,л,е,т} немесе Р={т,п,н,л,е,а} элементтер ретін әр-түрлі жазуға болады. Жиындар шектеулі жиын, шектеусіз жиын болып бөлінеді. Мысалы, цифрлар жиыны A - шектеулі жиын, оған 10 элемент енеді. A={0,1,2,3,4,5,6,7,8,9} жиынының элементтер санын көрсетіп жазсақ: n(A)=10. Ал натурал сандар жиыны N - шектеусіз жиын. Егер a элементі B жиынына тиісті болса, оның жазылуы: a B. Оқылуы: "a B жиынының элементі" немесе "a- B жиынына тиісті". Мысалы, 7 саны натурал сандар жиынына тиісті: 7 N. Егер c элементі A жиынына тиісті болмаса, оның жазылуы: c A. Оқылуы:"с элементі A жиынына тиісті емес". Мысалы, 0 саны натурал сандар жиынына тиісті емес: 0 ₡ N. Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынның белгіленуі: . Мысалы, 74 және 79 сандарының арасындағы жай сандар жиыны - бос жиын. Егер B жиынының әрбір элементі A жиынына тиісті болса, онда B жиыны A жиынының ішкі жиыны деп аталады. Мысалы, A={1,2,3,4,5,6,7} жиынындағы жұпсандар жиыны - B={2,4,6}. B жиынының әрбір элементі A жиынына тиісті. Белгіленуі: B A. Оқылуы: B жиыны - A жиынының ішкі жиыны. Жиындардың байланыстары мен арақатынастары Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделеді. Суретте - B жиыны A жиынының ішкі жиыны екені Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескінделген. Бос жиын кез келген жиынның ішкі жиыны болады. Белгіленуі: 0 С A. Мұндағы A - қандай да бір жиын. Егер екі жиын бірдей элементтерден тұрса, онда олар тең жиындар деп аталады. Мысалы, A={a,b,c}; B={c,a,b}, онда A=B. Оқылуы: A жиыны B жиынына тең. | Оқушылар сұрақтарға жауап берген соң сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. . Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі. Өзгенің пікірін толықтырады. | Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам | |||||||||
Оқулықпен жұмыс 25 минут | 1-есеп. Сыныпта 16 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады? Шешуі: Бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны - A, n(A)=14. Бос уақытында шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны - B, n(B)=9. 1)14 + 9 = 23 - бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын және шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдар саны. 2)23 - 16 = 7 - бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын сыныптағы ұлдар саны. Сыныптағы футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын ұлдар жиыны C болсын, онда n(C)=7. Демек, C жиыны A және B жиындарының қиылысу жиыны, себебі мұндағы әрбір ұл бала A жиынына да, B жиынына да тиісті (ортақ). Есептің шешуі Эйлер-Венн дөңгелектерімен былай кескіндейміз. Суретте - Эйлер-Венн дөңгелектері Әрбір элементі A немесе B жиындарының кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын A және B жиындарының бірігуі деп аталады |
| Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау. | Үлестірмелі қағаздар | |||||||||
Соңы 5 минут | Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: № | Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау. | | | |||||||||
Кері байланыс |
Сабақ №18 | Мектеп: | | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | | |||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспаған оқушы саны: | | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен ережелері (қосу және көбейту ережелері) | | |||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.3.1.1 комбинаториканың ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері); 9.3.1.2 cанның факториалы анықтамасын білу; | | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Комбинаториканың қарапайым бөлімдері /Орналастырулар, алмастырулар және терулер /ұғымдарының формулаларын қолданып есеп шығара білу. | | |||||||||||
Сабақ барысы | | ||||||||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы 5 минут | Ұйымдастыру сәті Оқушылармен амандасу, түгендеу.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Белгісіз басшы» әдісі Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. Үйге тапсырмасын тексеру: № | Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды. | | | |||||||||
Негізгі бөлім 10 минут | жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату . 1-. Сыныптағы 20 оқушыны екіден орналастыру керек. Есептің қанша шешімі бар? А202=20*(20-1)=20*19=380 Ж: 380; Математикада 1-ден n-ге дейінгі барлық натурал сандардың көбейтіндісін n факториал деп атайды және оны n! белгісімен белгілейді, яғни 1*2*3...(n-2)(n-1)*n=n! Ескерту: 0!=1 2. а) 3! ә) өрнегінің мәнін есептеңдер а) 3!=1*2*3=6 ә) = =45 Ж: а)6; ә)45; Факториал ұғымын қолданып (1)формуланы түрлендірейік Аmn=n(n-1)(n-2)…(n-(m-1))= = Аnm= (2) | Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау | Оқулық, жұмыс дәптері Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны | |||||||||
Оқулықпен жұмыс 25 минут | 1-есеп. Сыныпта 16 ұл бала бар. Олардың 14-і бос уақытында футбол ойнағанды ұнатады, 9-ы шахмат ойнағанды ұнатады. Бұл ойындарға сыныптағы барлық ұл балалар қатысады. Сыныптағы неше оқушы бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнатады? Шешуі: Бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны - A, n(A)=14. Бос уақытында шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдардың жиыны - B, n(B)=9. 1)14 + 9 = 23 - бос уақытында футбол ойнағанды ұнататын және шахмат ойнағанды ұнататын сыныптағы ұлдар саны. 2)23 - 16 = 7 - бос уақытында футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын сыныптағы ұлдар саны. Сыныптағы футбол ойнағанды да, шахмат ойнағанды да ұнататын ұлдар жиыны C болсын, онда n(C)=7. Демек, C жиыны A және B жиындарының қиылысу жиыны, себебі мұндағы әрбір ұл бала A жиынына да, B жиынына да тиісті (ортақ). Есептің шешуі Эйлер-Венн дөңгелектерімен былай кескіндейміз. Суретте - Эйлер-Венн дөңгелектері Әрбір элементі A немесе B жиындарының кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын A және B жиындарының бірігуі деп аталады. |
| Жұлдызша арқылы бір-бірін бағалау. | Үлестірмелі қағаздар | |||||||||
Соңы 5 минут | Сабақты бекіту Рефлексия Үйге тапсырма: № | Сабақты пысықтау тапсырмаларын орындау. | | | |||||||||
Кері байланыс | Рефлексия | Оқушыларға «Допты лақтыр» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді. | «Допты лақтыр» әдісі | Кері байланыс парағы. |