Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 430
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.11 -сур. №394, 395 машинист кранының схемасы (V жағдай – қызметтік тежелу)
VA жағдай–ұзын құрамды жүк поезының қызметтік тежелуі. Теңдеуші резервуар ойықшасы 7 бар еңіс арнамен қосылған диаметрі 0,75мм саңылау 22 арқылы атмосферамен қатынасады. Теңдеуші резервуарды разрядтау 0,5 бастап 0,45Мпа дейін 15 —20с ішінде орындалады. Қысымның ондай баяу төмендеуі кезінде теңдеуші резервуардағы ауаның температурасы өте елеусіз өзгереді, сондықтан кран тұтқасының VA жағдайдан IV жағдайға аударылуы кезінде ондағы қысым іс жүзінде жоғарыламайды. VA жағдайымен машинист крандарының 394-000-2 нөмірі бар.
VI жағдай—жедел тежелу(4.12-сур.).Тежегіш магистральБсаңылаулар М,15 және арна 16, саңылау Ат1 арқылы атмосферамен Ат қатынасады, Бір уақытта саңылау УР2, ойықшалар УР1 және 13, саңылау Ат2 арқылы теңдеуші піспек үстіндегі қуыс сондай-ақ атмосферамен Ат қатынасады. Теңдеуші піспек үстіндегі қуыста қысым тежегіш магистральдығыға қарағанда тезірек түседі және ол тежегіш магистральді Б атмосферамен Ат3 қатынастырып, жоғарыға жылжиды. Теңдеуші резервуар УР, бұдан басқа,саңылау УР3.ойықша УР4,саңылау9арқылы және әрі қарайарна 16 арқылы атмосферамен Ат қатынасады.
-
394 және 394-000-2 машинист крандарының мынадай оң қасиеттері бар: тежелуден кейін ІІ жағдайға тұтқаның ауысуы кезінде магистральдағы жоғары қысымды қысқа мерзімді ұстау; қалыпты зарядтау қысымына кейін автоматты өтумен магистральді аса зарядтау мүмкіндігі; IV жағдайы кезінде магистральда қысымды ұстау; ІІІ жағдай кезінде қоректендіру магистралінен
118
тежегіш магистральді ажырату; уақытты есептеу бойынша емес, теңдеуші резервуар манометрінің көрсеткіші бойынша І жағдайда ұстау.
4.12-сур. №394, 395 машинист кранының схемасы (V жағдай – жедел тежелу)
Крандардың кемшіліктеріне мыналар жатады: жиі майлап тұру керек үлкен реттығынның болуы ; тығыз емес редуктордың клапаны немесе реттығын кезінде теңдеуші резервуардағы және тежегіш магистральдағы қысымның жоғарылауы; қызметтің тежелуден кейін теңдеуші резервуардағы қысымның жабылыққа өзгеруі (тежелу процесінде температураның өзгеруі); зақымдануына әкеп соғатын жарғақ үстіндегі камерадағы жоғары қысымның салдарынан редуктор жарғағының кернеуленген жұмысы; поездық жағдайда қоректендірудің қуаты салдарынан поездың үзілуі кезінде автоматтылықтың жоқтығы — ондай қоректендіру тежегіштерді жылдам жіберу, аздап зарядтау және тежегіш желідегі жылыстауларды толтыру қажет.
Құрама, клапанды ZT -07машинист краны(4.13-сур)бес бөліктентұрады:
-
Жұдырықшалы бөлік, бекіткіші бар машинист кранының алынбалы тұтқасынан, клапандарды ығыстыруға арналған сопақтығы әр түрлі төрт жұдырықшасы бар біліктен тұрады.
-
Ортаңғы бөлік – қаңқасы бар клапанды бөлік. -
Редуктор ТМ зарядтау қысымын ұстау үшін арналады.
-
Жүк және жолаушылар режимдерін ауыстырып-қосқыш.
-
Тоғыз саңылауы бар төменгі реттығынды бөлік.
Шұрамен редуктордың кідіртпесомынын бұрап шығарып, ТМ-дағы зарядтау қысымы өзгертіледі (бос вагондар 4,8-5,0 Ат, жолаушылар құрамдары 5,0-5,2 Ат, тиелген жүк - 5,3-5,5 Ат).
119
4.13-сур. ZT-07 машинист краны
Сондай-ақ шұрамен көмекші кранның кідіртпесомынын бұрап шығарып, JT-07 көмекші кран арқылы ТЦ қысымды реттеуге болады. Клапанды JT-07 машинистің көмекші краны, жұдырықшалы бөлік машинист кранының алынбалы тұтқасынан, клапандарды ығыстыруға арналған сопақтығы әр түрлі жұдырықшалары бар жұдырықшалық біліктен тұрады. Ортаңғы бөлігі – қаңқасы бар клапанды бөлік. Редуктор - ТЦ зарядтау қысымын ұстауға арналады. Төменгі реттығынды бөлік клапанды саңылаулармен машинист кранымен қатынасады. Редуктордың кідіртпесомынын бұрап шығарып, ТЦ- дағы зарядтау қысымы өзгертіледі. JT-07 көмекші кранымен тежелу кезінде зарядтау қысымы қызметтік тежелу кезінде 3,6Ат, жедел кезінде - 4,4 Ат құрайды.
JZ-07 машинист кранын тексеру 17.10.2012ж «ҚТЖ Ұлттық Компаниясы ЖАҚ Жылжымалы құрамның тежегіштерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар» 120 ЦЗ бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Машинист крандарын жөндеу.Машинист краны(4.14-сур.)локомотивтен алынады және автоматты цехқа бағытталады. Тазарту бөлімінде крандардың сыртқы беттері керосинмен дымдалған салфеткалармен сүртіледі. Бұдан кейін әрбір кран алдын ала сыналады, сондан кейін бөлшектеледі.
Бөлшектеуден кейін машинист кранының металл бөлшектері керосинмен жуылады, олардағы саңылаулар сығылған ауамен үрленеді, содан кейін бөлшектер тексеріледі және өлшенеді.
Биіктігі бойынша 3 мм-ге және астам шөккен кран тұтқасы
120
жұдырықшасының серіппесі жаңаға ауыстырылады. Серіппені жіберуге, бос күйінде 50±1 мм биіктікке дейін созуға және үш еселік сығудан кейін орамдардың жанасуына дейін қалдық деформация болмайтындай етіп, қайтадан термоөңдеуге рұқсат етіледі. Тозу кезінде квадрат пен тұтқа өзегінің бағыттаушы бөлігін кейін өңдеумен сызбалық өлшемге дейін бағытталады . Өзектегі майлау саңылауы тазартылады және үрленеді. Өзектің серіппесінің 2 мм астам шөгуі кезінде босаңдатылады, бос күйінде 18мм биіктікке дейін созылады және термоөңделеді. Тұтқа өзегінің тозған тығыздаушы сақинасы жаңаға ауыстырылады. Тұтқаның өзегіне арналған қақпақтағы әзірленген саңылауды диаметрі 32 мм дейін кеулей жонуға және 3,5 мм қабырға қалыңдығымен және диаметрі 38 мм үймекпен қола төлкені баспақтауға рұқсат етіледі.
Реттығынға арналған қақпақтың бағыттаушы бөлігінің диаметрі бойынша 0,5 мм және астам шамаға тозуы кейін 82+0,07 мм диаметріне дейін кеулей жонатын төлкені баспақтаумен 90 мм диаметріне дейін қаптастырумен немесе кейлеу жонумен қалпына келтіріледі.
Реттығын мен айна тексеріледі, ал ойықшалар мен олардағы калибрленген саңылаулар өлшенеді. Елеусіз тегіссіздіктер мен сызықіздер ГОИ жұқа пастасын қолданумен шойын плитасында ысқылаумен жойылады. Реттығын мен айнадағы үлкен қамамалар білдекте өңдеумен, содан кейін шойын плитасында ысқылаумен жойылады. Ойықшалар тереңдігі кемінде 2
-
болуға тиіс. Тереңдігі кем ойықшалар 3 мм сызбалық өлшемге дейін фрезерлеумен қалпына келтіріледі.
Айнаға реттығынды ысқылағаннан кейін 0,7 мм (жоғары қысымнан қалыпты қысымға өту үшін) және 1,5 мм (тежелу кезінде теңдеуші резервуарды разрядтау үшін) калибрленген саңылаулардың диаметрлері тексеріледі. Егер осы саңылаулардың диаметрлерінің рұқсат етілетін өлшемдерден ауытқулары болса, онда реттығындағы диаметрі 0,7 мм саңылауды 2,5 мм диаметріне дейін, диаметрі 1,5 мм саңылауды 3 мм диаметріне дейін бұрғылау және оларға 0,1-0,2 мм керумен қола бітемелерге баспақтау, содан кейін тиісті диаметр саңылауларының бітемелеріне бұрғылау қажет.
Реттығын қалыңдығы бойынша 2 мм және астам тозуы кезінде жаңаға ауыстырылады. Тексеруден кейін реттығынның айнасында тереңдігі 1 мм майлау ойықшалары қалпына келтіріледі. Қалыңдығы бойынша 2 мм айнаның тозуы кезінде аралық бөлік жаңаға ауыстырылады немесе ойықшалар тереңдетіледі және жаңа реттығын қойылады. Кранның корпусында келтеқосқыштағы саңылау диаметрі тексеріледі, оған теңдеуші резервуардың ауа құбыры қосылады. Бұл диаметр кемінде 8 мм болуға тиіс. Сызаттар болған кезде корпус ауыстырылады.
121
4.14-сур. ZT-07 машинист краны
Теңдеуші піспектің тығыздағыш сақинасы серпімділіктің жоғалуы, өткізу, сызықіздер немесе сыну болған кезде сондай- ақ жаңаға ауыстырылады, оны тығыз бунаққа, бірақ қарысусыз жымдалады.
Тығыздағыш сақинаны қиюластыруды аяқтап, құрылғыларға оның тығыздығы тексеріледі. Егер көлемі 8,2 л резервуарда 5 бастап 3 кгс/см2 дейін қысымның төмендеу уақыты кемінде 60 с болса, тығыздық жеткілікті деп есептеледі.
Содан кейін кіргізетін және шығаратын клапандар мен олардың ершіктерінің берік кептелген беттері тексеріледі. Сызаттар анықталған кезде клапан бракқа шығарылады. Берік кептелген беттерде сызықіздер немесе жаншықтар болған кезде арнайы үңгімен немесе білдекте қондырмалы орындар тексеріледі, одан кейін клапандар ершіктерге ысқыланады.
Әрі қарай піспекке резеңке манжета кигізіледі, оны кранның корпусына
122
салады және 2 кг жүкпен жүктейді , оның әсерімен піспек қарысусыз орнын ауыстырылуға тиіс . Содан кейін сақинамен және резеңке манжетамен теңдеуші піспектің тығыздығы тексеріледі. Егер 5 кгс/см2 қысым кезінде магистральді ұзартындыда сабын көбігі кемінде 5 с ұсталса, тығыздық жеткілікті деп есептеледі.
Құрастырудың алдында клапандар шаблон бойынша тексеріледі. Кіргізетін клапанның серіппесі 2 мм астам шөгу кезінде ауыстырылады немесе бос күйінде 40±0,5 мм өлшемге дейін биіктікті қалпына келтірумен түзетіледі.
Барлық резеңке төсемдер ісіну, сызаттар, қабаттану, қатаю және үзілу болған кезде, сондай-ақ қызмет ету мерзімі өткен кезде (4 жыл және астам) жаңаға ауыстырылады.
Резеңкеден басқа, кранның бөлшектерін құрастырудың алдында еріткіште жуылады, салфеткамен құрғатып сүртіледі, ал арналар, ойықшалар мен саңылаулар тазартылады және сығылған ауамен үрленеді. Содан кейін металл бөлшектердің үйкеліскен беттері ЖТКЗ-65 маймен майланады.
Редуктор бөлшектеледі , оның бөлшектері тазартылады, тексеріледі және өлшенеді. Редуктордың корпусы мен оның клапаны сызаттар, тозған және жұлынған бұрандалар болған кезде ауыстырылады.
Рұқсат ету шектерінен тозған қоректендіру клапаны сондай-ақ ауыстырылады. Клапан өзегінің цилиндрлік бөлігінің бетін хромдаумен қалпына келтіруге болады. Клапанның және оның ершігінің ысқыланған бетіндегі соқпадақтар, сызықіздер немесе қажалулар білдекте жонумен жойылады, содан кейін ГОИ жұқа пастасын қолданып, клапан ершікке ысқыланады.
Егер редуктордың корпусы мен піспектің сағағы арасындағы саңылау 0,35 мм астам болса, сағақтың бетін хромдаумен сызбалық өлшемге дейін диаметрі бойынша қалпына келтіруге рұқсат етіледі.
Машинист кранының тұрақтандырғышы бөлшектеледі, бөлшектер тазартылады және олардың жай -күйі тексеріледі. Серіппелер серпімділіктің жоғалуы, орамдарда 2 мм астам сынудың, сызаттардың болуы немесе шөгуі кезінде ауыстырылады. Бетте сызаттары, жергілікті шығыңқылары, жалпы қалдық, иілімі немесе соқпадақтары бар металл диафрагма сондай-ақ ауыстырылады.
Клапанның және ершіктің ысқыланған беттеріндегі сызықіздер, тозулар мен басқа да ақаулар жойылады, одан кейін клапан ершікке ысқыланады.
Тұрақтандырғыш корпусының ниппеліндегі саңылау диаметрі 0,45+0,05 мм болуға тиіс. Саңылаудың 0,5 мм астам диаметрі кезінде ниппель бұрғыланады және оның орнына диаметрі 0,45 мм саңылау бұрғыланатын жаңа бітеме баспақталады.
Жөндеуден және құрастырудан кейін кран тұтқасының ІІ жағдайы кезінде тұрақтандырғыш корпусындағы диафрагманың жанасу тығыздығы
123
тексеріледі. Магистральда жоғары қысымнан зарядтау қысымына өту (6 бастап 5,8 кгс/см2 дейін) 80-110 с ішінде орындалуға тиіс.
Сынақ стендіне жөнделген машинист кранын орнатқаннан кейін редуктор магистральда 5,4+0,1 кгс/см2 қысымды ұстауға реттеледі.
Машинист кранының тұтқасы реттығын үстіндегі 8 кгс/см2 қысым кезінде бекітілген жағдайлар арасында 6 кгс күшпен жылжуға тиіс, ал бекіткіштердің шығыңқылары арқылы - 8 кгс күшпен. Тораптар қосылыстарының орындары сабындалады, қосылыстардағы ауаның өтуіне жол берілмейді.
7-9 кгс/см2 қысым кезінде және тұтқаның ІІ жағдайы кезінде сыналатын кранда үш атмосфералық саңылау сабындалады. Осы саңылауларда кемінде 5 с ұсталатын сабын көбігінің пайда болуына жол беріледі.
Диаметрі 2 мм саңылауы бар кран А арқылы ауаның жылыстауы кезінде тұтқаның II және IV жағдайларда магистральді қоректендіру тексеріледі, бұл ретте қысымның төмендеу шамасы 0,15 кгс/см2 аспайтын болуға тиіс. Қызметтік тежелу қарқыны 5 бастап 4 кгс/см2 дейін қысымның төмендеуі кезінде 4 -6 с болуға тиіс. Жедел тежелу 5 бастап 1 кгс/см 2 дейін 2,5±0,5 с аспайтын уақыт ішінде болуға тиіс, магистральді толтыру нөлдік қысымнан бастап 5 кгс/см2 дейін – басты резервуарда кемінде 7 кгс/см2 қысым кезінде 4 с артық емес.
Теңдеуші резервуарды толтырып, қоректендіру құбыр жолында ажыратылған кран жабылады және теңдеуші резервуардағы және магистральдағы қысым нөлге дейін төмендейді. Содан кейін тұтқа ІІ жағдайға аударылады және кран ашылады. Усл. № 394 және 395 крандар үшін көлемі 20 л теңдеуші резевуарды 5 кгс/см2 дейін толтыру 30-40 с ішінде орындалуға тиіс, қоректендіру магистраліндегі қысым 7-9 кгс/см2 болуға тиіс.
Теңдеуші резервуардың тығыздығы 3 мин ішінде кран тұтқасының IV жағдайы кезінде тексеріледі. Қысымның жоғарылауы болмауға тиіс, ал оның төмендеуіне 0,1 кгс/см 2а артық емес жол беріледі. Сондай-ақ кран тұтқасының ІІІ жағдайда болуы және кранда диаметрі 2 мм саңылау арқылы магистральдан жылыстау кезінде магистральді қоректендірудің жоқтығы және магистральда жоғары қысымнан қалыпты зарядтауға өту уақыты тексеріледі[13].