Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 428
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4.2 №254 көмекші тежегіш кранының құрылысы және жөндеу
Көмекші тежегіш крандары локомотивтің ғана тежегіштерін іске қосу үшін арналады.
-
254 краны (4.15-сур.)үш бөліктен тұрады:жоғарғы-реттеуші, ортаңғы -қайталауыш немесе реле, төменгі –құбырларды келтіруге жәнекранды бекітуге арналған тіреу плитасы.
Жоғарғы бөлік корпусты6,сол жақ екі кірмелі бұрандасымен реттеушістақанды 3, серіппені 4, реттеуші бұраманы 1 және бұрамамен 2 стақанға 3
124
бекітілген тұтқаны 26 қамтиды. Тұтқада 26 корпустағы градациялық секторға серіппемен 25 қысылған жұдырықша 24 орналасқан. Тұтқаның II жағдайы кезінде серіппе 4 орталықтандырушы тығырық арқылы піспекке 8 емес, сақинамен стақанға 3 бекітілген тығырыққа 5 таянады. Корпустың 6 құйылмасында алдын ала сығылған буферлік серіппемен 16 таяныш 15 пен клапан 17 орналасқан. Кранның тұтқасы 21 шойыннан немесе арнайы пластмассадан дайындалған.
Ортаңғы бөлік корпустан11және манжеталармен10тығыздалғанпіспектерден 8 және 9 тұрады. Піспектің 8 төлкеде 7 бағыты бар, ал піспек 9 - төлкеде 12. Дисктер арасындағы жез піспекте 9 радиалды саңылаулар жасалған. Піспек 9 дискілері арасындағы қуыс атмосферамен тұрақты қатынастырылған, піспек 8 пен піспектің 9 жоғарғы дискісі арасындағы қуыс
– плитада орналасқан көлемі 0,3 л қосымша камерамен, ал піспектің9төменгі дискісі астындағы қуыс – тежегіш цилиндрлермен Т. Қос ершікті клапан 13 бірінші шетінен (шығаратын) піспектің 9 сағағына қиюластырылған, ал екінші шетінен (кіргізетін) – төлкенің 12 ершігіне. Төменгі жағынан ол серіппемен 14 қысылған.
Корпустың 11 сол жақ бөлігіне ершік 19 баспақталған, ол манжетамен тығыздалған және серіппемен 22 жоғарғы жағынан қысылған алюминий ауыстырып-қосу піспегінің 20 сағағы үшін бағыттаушы болып қызмет етеді. Піспек 20 үстіндегі қуысты піспектер 8 және 9 арасындағы қуыспен қатынастыратын арнаға диаметрі 0,8 мм саңылаумен дроссель 21 баспақталған. Төменгі жағынан плитаға құбырларды ауа таратқыштан, тежегіш цилиндрлерден Т, басты резервуарлардан ГР (қоректендіру магистралінен) қосу және тежегіш цилиндрлерден атмосфераға ауаны шығару үшін сферикалық ұштықтары мен салмалы сомындары бар төрт келтеқосқыш бұрап кіргізілген. Корпус
11 төсем 18 арқылы плитамен қосылған, ал жоғарғы ернемекпен - төсем 23 арқылы.
№ 254 кранның тұтқаның 21 мынадай жағдайлары бар:
I жағдай - жіберу–локомотивтің автоматты тежегішін жіберу үшін.Іжағдайдан ІІ жағдайға тұтқа автоматты түрде аударылады;
-
жағдай -поездық,оның кезінде локомотивтің тежегіштеріжіберілген, бірақ автоматты тежегіштің жұмысы кезінде олардың әрекеті қамтамасыз етіледі;
III, IV, V және VI-тежегіш жағдайлар тұтқаның сағат тіліне қарсыаударылуы кезінде және жіберу – оның сағат тілі бойынша аударылуы кезінде.
Локомотивті тежеу үшін кранның тұтқасын ІІ жағдайдан тежегіш жағдайлардың біреуіне аударады.
Стақан 1 қақпаққа бұрап кіргізіледі және серіппені 2 қысады, оның әсерінен жоғарғы піспек төменгі піспекке 5 таянып, 3 жіберіледі. Соңғысы төменгі ершіктен қос ершікті клапанды 9 қысады, және қоректендіру магистралінен ГР ауа ашық клапан 9 арқылы және әрі қарай арна 11
125
бойынша алдымен құбырға тежегіш цилиндрлерге Т, содан кейін диаметрі 3
-
тарылған арна 8 бойынша қуысқа 7 түседі. Қысым төменгі жағынан (қуыста 7) піспекке 5 әрекет ететін күш серіппенің 2 күшінен асқанға дейін қысым жоғарылайтын болады, бұдан кейін клапан 9 серіппенің 10 әсерімен төменгі ершікке орнығады. Тежегіш цилиндрлердегі орнатылған қысым автоматты түрде ұсталатын болады және олаодағы қысымның төмендеуі жағдайында піспек 5 серіппенің 2 күшімен төменге біршама орналасады, сонымен жылыстауларды толтыру қамтамасыз етілетін болады. Тежегіш цилиндрлерді толтыру уақыты толық тежелу кезінде 4с аспайтын уақыт ішінде 0,3Мпа дейін болады.
Тежегішті жіберу үшін тұтқа сағат тілі бойынша аударылады. Стақан1 қақпақтан бұрап шығарылады және серіппені 2 қысу азаяды.Қуыстағы 7ауа қысымының әсерімен піспек 5 көтеріледі және ауа тежегіш цилиндрлерден піспектегі 5 ішкі арна 6 арқылы тұтқаның осы жағдайына сәйкес келетін серіппенің 2 күші төменгі жақтан піспекке 5 әрекет ететін күштен асқанға дейін атмосфераға AT шығады. Толық жіберу 13с аспайтын уақыт ішінде ІІ жағдай кезінде орындалады (тежегіш цилиндрде 0,05МПа дейін).
4.15-сур. Локомотивтің көмекші тежегішінің №254 краны
126
Поездық машинист кранының тежелуі
(№254 кранIIжағдайда)кезінде локомотивтің ауа таратқышы іске қосылады, ал көмекші тежегіштің краны бұл жағдайда қайталауыштың (реле) рөлін атқарады. Ауа таратқыштан
-
арна 17 бойынша піспек 16 астындағы қуысқа 15 ауа түседі және бір уақытта піспек 16 астындағы қуысқа 19 түседі. Серіппенің 20 күшінің және төменгі жағдайда қалатын піспектің 16 екі жағынан бірдей қысымның арқасында. Қуыстан 19 ауа диаметрі 0,8мм саңылау 21 арқылы піспектер 3 және 5 арасындағы қуысқа 4 және қуыстың көлемін ұлғайту үшін онымен қатынастырылған көлемі 0,3л қосымша камерага өтеді. Қуыстағы 4 ауаның қысымымен піспек 5 түсіріледі және клапан 9 ашылады. Қуыстағы 4 қысымға сәйкес қысымның жоғарылауына дейін қоректендіру магистралінен ГР тежегіш цилиндрлерге Г ауаның ағып өтуі орындалады. Клапан 9 піспек 5 үстіндегі қысымның өзгеруіне сәйкес сығылған ауамен тежегіш цилиндрлерді толтыруды автоматты түрде реттейді, оның салдарынан толтыру уақыты тежегіш цилиндрлердің көлеміне және тығыздығына байланысты емес және ауа таратқыштың әрекетімен айқындалады. Саңылау 21 ауа таратқышпен толтырумен салыстырғанда локомотивтің тежегішцилиндрлерін толтыруды 3-5с-ке баяулатады.
Машинист кранымен тежегіштерді жіберу кезінде ауа таратқышсондай арналар бойынша, бірақ кері бағытта қуыстан 4 ауаны шығарады. Піспекке 5 қуыс 7 жағынан артық қысымның әсерімен соңғысы жоғарыға жылжиды және арнаны 6 ашады, ол арқылы тежегіш цилиндрлерден ауа ішінара немесе толығымен атмосфераға АТ кетеді.
Егер поездың тежелуі кезінде локомотивтің тежегішін толық жіберу талап етілсе, онда тұтқаны 12 І жіберу жағдайына аударады, оның кезінде клапан 13 оның ершігіне сығылады. Шағын көлемді қуыстан 19 арна бойынша 14 атмосфераға А ауаны жылдам шығару орындалады. Саңылау 21 қосымша камерадан қуысқа 19 ауаның ағып өтуін баяулатады. Артық қысыммен қуыс 15 жағынан піспек 16 жоғарыға ауыстырылады және қуыстарды 15 және 19 ажыратып, арнаның /7 жоғарғы саңылауы 18 жабылады. Ауа қуыстан 4 және қосымша камерадан саңылау 21 арқылы шығады. Артық қысыммен қуыс 7 жағынан піспек 5 астында ол локомотивтің тежегішін жіберуді қамтамасыз етіп, жоғарыға ауыстырылады. Піспек 16 қысыммен қуыс 15 жағынан жоғарғы жағдайда ұсталады және локомотивтің тежегіші жіберілген болып қалады.
Машинист кранымен тежегішті жіберу кезінде локомотивтің ауатаратқышы арна 17 бойынша қуыстан 15 ауаны шығарады. Піспек 16 серіппенің 20 күшімен түсіріледі және қуыстардың 19 және 15 арналарына 17 қатынасады. Кран локомотивтің ауа таратқышынан іске қосуға қайтадан дайын.
Көлемі 0,3л камера мен диаметрі 0,8мм тиісінше таңдалған дроссельдісаңылау 21 поездың тежелуі процесінде локомотивтің тежегішін жіберудің сатыларын алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл үшін №254 кранның
127
тұтқасы қуыстағы 4 қысымды төмендету үшін қажетті уақытқа І жағдайға аударылады. Артық қысыммен қуыс 7 жағынан піспек 5 локомотивтің тежегіш цилиндрлерінен ауаны тиісті шығаруды қамтамасыз етіп, жоғарыға ауыстырылады.
Кранды реттеу үшін бұрамаларды 1 және 2 бұрап шығарады, тұтқа 26
-
жағдайға ауыстырылады стақанмен 3 0,02-0,05МПа қысым орнатылады. Бұрамамен 2 тұтқа 26 ІІІ жағдайға бекітіледі, және бұрама 1 0,1-0,13МПа қысым пайда болғанға дейін бұралады. VI жағдайда тұтқалар бұрамамен 1 0,38-0,4Мпа қысымды орнатады және бұрама қосбекітіледі. Тұтқаның II жағдайға аударылуы кезінде толық жіберу орындалуға тиіс, ал ІІІ жағдай жағына 15° аударылуы кезінде тежелу болмауға тиіс.
-
254 кранның келесі оң қасиеттері бар:тікелей әсер ету және крантұтқасының барлық жағдайларында әлсіремеу; көлемге және тежегіш цилиндрлердегі жылыстауларға қарамастан ауаны толтыру мен шығарудың тұрақтылығы; поездық машинист кранымен құрамның тежелуі кезінде локомотивтің тежегішін сатылы немесе толық жіберу; бірнеше тежегіш цилиндрлерге үлкен көлемді ауа таратқыштың жұмысы кезінде кранды қайталауыш (реле) ретінде пайдалану.
Усл. №254 кран тазартылады, бөлшектеледі, металл бөлшектер керосинмен жуылады, саңылаулар мен арналар сығылған ауамен үрленеді.
Кранның қақпағындағы сызатты, егер ол арнаның қуысына шықпаса, дәнекерлеуге рұқсат етіледі. Корпуста сызат болған кезде оны ауыстыру қажет. Қалыңдығы 0,5 мм және астам стақанда таспалы бұранда орамдары тозған жағдайда стақан ауыстырылады. Корпуста босаңсу немесе 0,9 мм астам диаметрі бойынша тозу бар піспекті төлке жаңаға ауыстырылады, оны баспақтау астында керумен дайындалады. Жаңа төлкенің ішкі диаметрі жонуға және ажарлауға 2 мм әдібі болуға тиіс. Піспекті төлкенің ішкі бетіндегі сызықіздер мен 0,1 мм дейін сопақтық арнайы болат сақинамен ажарлаумен шығарылады. Сопақтық пен 0,2 мм. дейін сызықіздер кезінде төлке созылады және ажарландырылады.
Ақаулары бар, сондай-ақ белгіленген мерзімнен артық жұмыс істеген резеңке бөлшектер жаңаға ауыстырылады.
Кіргізетін клапанның және төменгі піспектің ысқыланған беттері соқпадақтар мен жаншықтар болған кезде өңделеді, содан кейін клапан жұмыс қиықжиегі 0,5-0,6 мм артық емес енімен болатындай етіп, ершікке ысқыланады. Егер клапанның бағыттаушы өзегу мен төлке арасында жол берілмейтін саңылау бар болса, тозуы бар бөлшек ауыстырылады.
Төменгі піспектің сағақтарының кемінде 11,9 мм диаметріне дейін, ал жоғарғы піспектің кемінде 11 мм диаметріне дейін тозуы кезінде піспектер ауыстырылады. Піспек сағағының 0,15 мм артық емес тозуы немесе қажалуы градациялық өлшемдер бойынша білдекте өңдеумен жойылады.
Егер 0,8 мм калибрленген саңылаудың диаметрі 0,05 мм астам ұлғайса, онда ниппельді баспақтай түседі және баспақтаңқырайды Бітемені 0,05-0,1
128
-
керумен, содан кейін оған диаметрі 0,8 мм саңылау бұрғыланады. Орамдардың сынуымен, серпімділіктің жоғалуымен немесе 3 мм астам
шөгумен реттеу серіппесі ауыстырылады. Кранның басқа серіппелері 2 мм астам шөгу, сыну және серпімділіктің жоғалуы кезінде ауыстырылады.
Металл бөлшектер құрастырудың алдында ЖТКЗ-65 майының жұқа қабатымен майланады. Кранды құрастыру кезінде мыналар тексеріледі: кіргізетін және шығаратын клапандарды ашу шамасы, ол бірінші үшін кемінде 2 мм және екінші үшін кемінде 3 мм болуға тиіс; ершіктен ауыстырып- қосқыш клапаны өзегін шығару шамасы, ол 4-4,5 мм шегінде болуға тиіс.
Қосылыстар орындары сабындандырылады. Қосылыстарда ауаның өтуіне жол берілмейді. Төменгі атмосфералық саңылауда өшірілген тежегіш цилиндр кезінде кемінде 5 с ішінде ұстайтын сабын көбігінің пайда болуына жол беріледі.
Толық қызметтік тежелу процесінде клапан мен төменгі піспектің ысқылануының тығыздығы тексеріледі. Бұл үшін жоғарғы атмосфералық саңылау сабындалады, онда кемінде 10 с ұстайтын ауа көбігінің пайда болуына жол беріледі.
Тежелген автоматты тежегіш кезінде тежегіш жағдайда усл. № 254 кранының тұтқалары ауыстырып-қосқыштың тығыздығын тексереді. Таянышта және оның саңылауларында кемінде 10 с ұстайтын сабын көбігінің пайда болуына жол беріледі.
Кранның жұмысы тежелу және жіберу кезінде стендте тексеріледі. Кранның тұтқасы поездық жағдайдан кезекпен тежегіш жағдайдың сатыларына ауыстырылады. Бұл ретте тежегіш цилиндрдегі қысым екінші сатыда 1-1,3 кгс/см2 шегінде, екінші сатыда 1,7-2 кгс/см2