Файл: А. Иманов атындаы жолклік колледжі мк.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 197

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


3.3. Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері

Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты.


Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:



Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болды. Олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық көріністерде кездейсоқ болады. Кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша т1-т2 көруге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әлде болса тауарды бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ, сондықтан таза құнның иленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Екінші кезеңіндегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша т1-т2 − балама − т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді. Оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алтын атқара бастайды.

Үшінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы:

Т1 − тауар емес балама – Т2 .

Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның «таза» иленушілері − несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық − капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А.Смит (1723-1790 ж.) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу» (1776ж.) деген басты еңбегінде жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді

шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзетшінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «Laisser faire» («мейлі өзінен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керсінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты. Оның пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделенуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.

Монополиялық нарық ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік -әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Я.Ә Әубәкiров. Экономикалық теория .А..2001ж

  2. Экономикалық теория: Оқулық. /А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов/. –Алматы, 2014 – 360 б. №1-1.1.

  3. https://kk.warbletoncouncil.org/produccion-1799 (2:30 03.12.22ж) №1-1.1.

  4. https://allrefrs.ru/3-29649.html (11:49 03.12.22) №1-1.2.

  5. https://www.ektu.kz/files/DistanceEducation/Resource/341302/8%20%D0%B4%D3%99%D1%80%D1%96%D1%81.docx (13:30 03.12.22ж) №1-1.2.

  6. https://startinfo.kz/buisness/wp-content/uploads/2017/09%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96.docx (15:14 03.12.22ж) №1-1.3.

  7. https://www.freepapers.ru/7/ndrs-ndrs-faktorlary/267532.1758013.list1.html (23:03 03.12.22ж) №2-2.1., 2.2.

  8. https://kk.wikipedia.org/wiki/Өндірістік_функция (23:35 03.12.22ж) №2- 2.2.

  9. https://stud.kz/referat/show/19554 (1:09 04.12.22ж) №2- 2.2.

  10. https://www.freepapers.ru/7/ndrs-ndrs-faktorlary/267532.1758013.list1.html (2:47 04.12.22ж) №2- 2.3.

  11. Сидоров В.А., Кузнецова Е.Л., Болик А.В. Общая экономическая теория: учебник для студентов высших учебных заведений (3:28 04.12.22ж) №2- 2.3.

  12. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Экономикалық теория: Оқулық. /А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов/. – Алматы, 2014 – 360 б №2- 2.3.

  13. Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Экономикалық теория: Оқулық. /А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов/. – Алматы, 2014 – 360 б ) №3-3.1.

  14. https://kk.wikipedia.org/wiki/Нарықтың_құрылымы,_түрлері_және_сегментациясы. (18:14 04.12.22ж) №3-3.2.