ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 194
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мамандарды басқаруда кез келген обьектiнi немесе процестi басқару секiлдi ұйымдық қызмет болып табылады. Ғылыми-техникалық процестiн жеделдеуiмен, нарықтық қатынастардың одан әрі дамуымен және бәсекенiң өрши түсуiмен сипатталған ХХ ғасырдың соңғы жылдары мамандар алдына адам ресурстарын басқару саласында жаңа мәселелер туындады. Белгiлi болғандай, негiзгi экономикалық ресурстарға немесе өндiрiстiң енгiзiлетiн факторларына еңбекті, капиталды, жердi және кәсiпкерлiк мүмкiндiктердi жатқызуға болады. Экономикалық ресурстар эконмикалық деңгейде өте маңызды рөлге ие. Оларды рационалды пайдаланудан өндiрiс факторларының иелерiнiң пайдасы, шығындарды және дайын өнiмнiн бағасын азайту, өнеркәсiптiң жұмысының нәтижелiлiгi тәуелді. Өндiрiстi кеңейтудiн бiрнеше жолдары бар. Техникалық базаны өзгерiссiз сақтай отырып өнiмдi ұлғайтуды қолданылатын ресурстардың көлемін ұлғайту есебiнен жүргiзуге болады. Бiрақ мұндай ұлғайтудың мүмкіндіктері әр түрлі ресурстарға бiркелкi болмайды. Қосымша жұмыскерлердi жалдау немесе шикізатты сатып алуды ұлғайту бір басқа, өндірістік аумақты кеңейту мен қосымша жабдықтарды орнату бір басқа.
-
Өндіріс факторлары және факторларын топтастырудың айырмашылықтары
Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады .Маржиналистік теория бойынша өндіріс факторлары төрт топқа бөледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.
-
Жер табиғи фактор деп қаралады.Ол адамның іс-әрекетінің нәтижесіне жатпайды. Өндіріс факторларының осы тобына өндіріс процесінде қолдануға болатын, табиғат байлықтары мен пайдалы кендер жатады. Осы категорияға егістік жер, ормандар қосылады. -
Өндіріс факторларының қатарына тауар мен қызметтер өндіруде пайдаланатын мүліктердің жиынтығы — капитал жатады: машиналар, жабдықтар, қойма ғимараттары, көлік және байланыс коммуникациялары. т.б. Олардың техникалық күйі үздіксіз жақсартылып отырады және олар өндіріс процесіне, оның тиімділігіне шешуші әсер етеді. -
Еңбек — игіліктер дайындауға және қызметтер көрсетуге бағытталған интеллектуалдық немесе физикалық әрекеттер болып табылады. Жеке адамның біліміне, кәсіби дайындығына, төжірибесіне, денсаулығына сәйкестенген қабілеттерінің жиынтығы адам капиталын құрайды. Адамның еңбегінің шеберлігі, өнегелілігі жоғары болған сайын, оның капиталы өсе түседі, ал осыған сай табысы (еңбек ақысы) кобейеді. Осы күнгі адам капиталына жұмсалған инвестициялар қоғам үшін ең тиімді болып және тез арада өзін-өзі ақтап отыр.
-
Кәсіпкерлік іс-әрекет - бұл өндірістің ерекше факторы. Осы фактор өндірісті ұйымдастырып жүргізуде белсенділікті, іскерлікті, саналылықты, жауапкершілікті, тәуекелдікті кең пайдалануды талап етеді. Кәсіпкерлік қабілет — адам капиталының ерекше түрі. Бұл игіліктер мен қызметтерді жасауға қолданылатын, өндірістің барлық факторларының бір бірімен келісімді, сәйкес түрде қызмет етуін көздейтін іс-әрекет. Адам ресурстарының осы түрінің ерекшелігі мынада: олар қауіп-қатерлікке, шығынға үшырау мүмкіндіктерінің болуына тәуекелдік етіп, өндіріс процесіне, коммерциялық негізге сүйене отырып, өндірілетін онімнің жаңа түрін, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнесті ұйымдастырудың тиімді формаларын кіргізу болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет шама жағынан және нәтижелілік жағынан квалификациясы өте жоғары еңбек жұмсаумен пара-пар келеді.
Өндіріс факторларын топтастырудың айырмашылықтары неде?
Біріншіден, марксистік теория бойынша, өндіріс факторлары экономикалық категория ретінде өндірістің әлеуметтік бағытын анықтайды. Осылай. өндіріс процесінің алғашқы нёгізінен бастап, қоғамның таптык. күрамы калыптасады және таптардың «өділеттік» үшін күресінің болу мүмкіндігі долелденеді. Ал маржиналистер факторларды өндірістің жүруіне кажет тек жалпы техникалық- экономикалық элементгер деп карайды.
Екіншіден, маржиналистер капитал деп енбек құралдары мен заттарын түсінеді, ал табиғат шартын жеке фактор деп бөледі. Марксистер табиғат шартын, еңбек құралдарын және еңбек заттарын біртұтас заттық фактор деп біріктіреді. Егер әңгіме өндірістегі өзгеше табиғат жағдайлары туралы болса, олардың ерекшелігі рента арқылы есепке алынуы керек. Олардың түжырымдауы бойынша, бұл жағдаймен ғылымның басқа саласы айналысуы керек.
Үшіншіден, маржиналистер кәсіпкерлік іс-әрекетті өндіріс факторы деп таныса, марксистер оны жоққа шығарады. Жалпы айтқанда, факторларды топтастыру айырмашылығының себебі — қоғамдық өндірісті талдауға таптық көзкарастың қолданылуы. Өндіріс факторлары қоғамның даму процесіыде өзгеріп тұрады, сондықтан оларға тұрақты құбылыс деп қарауға болмайлы.
Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.
Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді. Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады.
Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепетеңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.
Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.
Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары.
Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.
Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады.
Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері.
Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады. Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық:
Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі – жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.
Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі. Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:
Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құралжабдықтары түріндегі физикалық капитал.
Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез келген құндылық.
Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.
Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді.
Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақшақаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері.
Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.
Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:
1. Кәрілікті қамтамасыз ету;
2. Күтпеген жағдайлардан сақтану;
3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру;
4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету;
5. Салық салу деңгейі;
6. Бағалар деңгейі;
7. Болашақты күту.
Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.
Жер нарығын қарастырудың алдында жерді иемдену және жерді пайдалану сияқты негізгі екі ұғымды түсініп алу керек.
Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді иемденуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.
Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады.
Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады.