ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 195
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды.
Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б.
Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б.
Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.
Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:
1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады;
2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады;
3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады;
4. Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез келген түрінде қолданыла береді;
5. Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады
. Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандықтан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс атқарады.
3.Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
-
Нарық түсінігі мен мәні
Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.
Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» – бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін-өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.
Нарық (рынок) дегеніміз
1.Тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы |
2.өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары |
3.сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік |
4.тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы |
5.сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм |
Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.
Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың еркіндігі.
3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық оқшаулануы.
Нарықтың пайда болу себептері.
Нарықтық қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы еңбек бөлінісін тудыратын себептерден туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкүндігі олардың қажеттілігіне қарағанда табиғи түрде шектеулі болады. Кейбір қабілет-қарымы бар адамдар тек белгілі бір салада ғана жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері мен қызметтерін қамтиды.
Экономикалық ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат, ақпарат және т.б тән нәсе –олардың сиректігі немесе шектеулігі. әкономикалық теорияда бұл феномен шамасы “ Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда пайда табу мен молшылықты қамтамасыз ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе ақылдылығының нәтижесі емес, ол-еңбек бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті әр түрлі ресурстар алу үшін өз еңбек өнімдерін бір –бірімен айырбастауға деген табиғи қажеттіліғінен және бейімділігінен туындайтынын көреміз. Осыған байланысты А. Смиттің зерттеғен “Көрінбейтін” қол деген теориясына назар аударайық. Бұл теория бойынша, адамдардың әкономикалық шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті оған қаншама пайда келтіріп отырғанын сезбейді де. Ол тек ғана өз мүддесін ойлайды және оның басты мақсаты-өзіне ғана пайда түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін қол оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа қарай бағыттап отырады. Сөйтіп, ол жеке мүддесін көздей отырып, көп жағдайда қоғам мүдесіне де пайдалы әрекетжасайды.
-
Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы
Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады.
Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:
-
Нарықтың ақпараттық қызметі – нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады. -
Нарықтың делдалдық қызметі – нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады. -
Нарықтың баға белгілеушілік қызметі – нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады. -
Нарықтың реттеушілік қызметі – нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады. -
Нарықтың сауықтырушылық қызметі – нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:
-
өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы; -
кәсіпкерлік еркіндіктің болуы; -
экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі; -
экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі; -
өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы
-
өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; -
шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; -
шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; -
әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері
-
нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; -
қоғамда теңсіздікті туғызады; -
тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; -
нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді.
Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:
1) Маржиналды (шекті) талдау принципі – нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.
2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінезқұлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.
Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
-
меншік формаларымен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас); -
шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.); -
тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен; -
шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен; -
осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы.
-
тұтыну тауарларының нарықтары — азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы; -
қызметтер нарығы — тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер: -
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы.
-
жылжымайтын мүліктер нарығы; -
еңбек құралдарының; -
шикізат пен материалдардың; -
қуат ресурстарының; -
пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
-
капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар; -
несие нарықтары: -
құнды кағаз нарықтары — акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
-
валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер парығы — инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күні парығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы зандарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты түрлері орын алады: