ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 123
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
"STEM - білім берудің жаңа тренді."
Темиргалиева Ш.Б. ,БҚО , Казталов ауданы,
Казталов мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі уақытта STEM әлемдік білім берудің басты трендтерінің бірі болып табылады. STEM ағылшын тіліндегі «science, technology, engineering, mathematics» деген сөздерден алынған. Яғни, бұл бағыт бір мезгілде ғылым, технология, инженерия және математиканы біріктіре отырып, академиялық бағытта дамыту дегенді білдіреді.
STEM бұрын енгізілген әдіснамалық парадигмалардан айырмашылығы: білім беру жүйесін модернизациялаудың жеке-қызметтік және функционалды-құзыреттілік тәсілдері. STEM технологиясын мектеп практикасына енгізу білім мазмұнын құрылымдау мақсатында жаратылыстану математика бағыты пәндер бойынша ұлттық білім академиясы 2022 жылы функционалды сауаттылық және кіріктіріліп оқыту туралы әдістемелік ұсынымдар жариялаған болатын.
Stem технология,интерактивті заманауи әдістерімен және ИКТ ГАЖ ды пайдалануда үйлесімді байланыста болады. Пәндерді кіріктіріп оқытудың ұстанымдарының басты мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуды жүзеге асыруға бағытталған. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу міндеттерін сапалы шешуге мүмкіндік беретін оқу процесін кіріктіруді құрастыру пәнішілік байланыстан көппәндік байланыстарға алып келеді.
Білім беру саласында жаратылыстану және нақты ғылымды бір бүтін етіп қарастыратын STEM әдісі оқушыларда кез келген проблеманы шешу, іс-әрекетке шығармашылықпен қарау, сыни тұрғыда талдау, тәуелсіз ойлау, ұжымда бірлесіп жұмыс жасау, сандық сауаттылықты арттыру сынды дағдыларының дамуына әсер етеді.
STEM-білім беру тұжырымдамасын оқу процесінде қолдану әдістеріне қарай бөлеміз. STEM енгізудің үш негізгі түрі бар:
* Робототехника;
-
Мейкерлік; -
Біріктірілген stem сабақтары.
Робототехника бойынша сабақтар балаларды командада жұмыс істеуге, физика, математика, информатика, басқа ғылымдарды оқуға, технологиялық жабдықтармен, электроникамен, датчиктермен жұмыс істеуге, жоспар бойынша да, креативті түрде де оқуға үйретеді.
Мейкеризм-бұл негізінен шығармашылық әрекет, оның нәтижесі қолмен жасалған нәрсе. Бұған бастауыш сыныптарда жасалған қосымшалар, қағаз конструкциялары немесе пластилинді үйлер, сондай-ақ үлкен білім алушылар мен білім алушылар жинаған электроника схемалары, ағаштан кесілген немесе 3D принтерде басылған ақылды үйлер мен роботтар кіреді.
Біріктірілген stem сабақтары барысында шағын жобалар жасауға болады. Жаратылыстану математикалық бағытындағы сабақтарда оқу процесі мәліметтерді жинауға және талдауға , ресурстарды іздеуге, оқу-зертханалық жабдықтарды пайдалану арқылы зерттеу нәтижелерін дайындауға бағытталған
Елімізде STEM білім беруді дамыту біртіндеп қолға алынып келеді. Алғаш 2017 жылдан бастап бастап енгізілген бұл технологияның қазіргі таңда өзектілігі жоғары, басқасы басқа, бірақ осы дәл біздің еліміз үшін аса қажет. Сондықтан Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
" STEM технология негізінде орта білім беру мазмұнын қайта құрылымдау бойынша әдістемелік ұсынымдар " тақырыбында әдістемелік ұсынымды және БҚО педагогикалық шеберлік орталығының "STEM технологияларын білім беруде қолдану" конференциясына қатысып, алған ақпараттар негізінде 4 сыныпта жаратылыстану, дүниетану пәндерінің сабақтарында STEM технологиясын жиі қолдана бастадым.
STEM оқыту алты кезеңнен тұрады:
сұрақ (тапсырма)
талқылау
дизайн
құрылым
тестілеу
дамыту
Бұл кезеңдер жүйелі жобалық тәсілдің негізі болып табылады. STEM-оқытудың ерекшеліктері:
-
Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша интеграцияланған оқыту. -
Нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану. -
Сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту. -
Өз күштеріне деген сенімділікті арттыру. -
Белсенді қарым-қатынас және топтық жұмыс. -
Техникалық пәндерге қызығушылықты дамыту.
Бастауыш сынып сабақтарында STEM технологиясын дүниетану және жаратылыстану сабақтарында қолданамын. Оқушылар "Ғылымилық", "Математика" және " Инженерия мен технология" деген 3 топқа бөліну арқылы төмендегідей топтық тапсырмалар орындайды:
Оқу мақсаты: | Ғылымилық | Математика | Инженерия мен технология |
Жаратылыстану пәні | |||
4.2.2.7.Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру 4.2.2.8.Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсатын түсіндіру | Қызыл кітаптан қара дегелек, пілмай, қоқиқаз, барыстың жойылу себептерін анықта. | Берілген мәтінді оқы. Каспий албыртының өсу, кему динамикасын есепте. | Өз ойыңдағы қорықтың моделі қандай? Пластилиннен қорық моделін жаса. |
4.4.2.1. жекелеген ғарыш денелерін сипаттау 4.4.2.2. жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау | Интернет желісінен галактика туралы, жердегі тіршілікке әсері туралы ақпарат табу | Математика. 6 тапсырма. 34 бет. Мәтінде қанша әртүрлі сандар кздесті? 1000-нан үлкен сандарды теріп жаз.Кему ретімен қайта жаз. | Галактика моделін жаса. Күн жүйесінің орнын анықта. |
Дүниетану пәні | |||
4.3.2.1 тарихи мұражайлардың қызметін түсіндіру 4.3.1.3 мұражайдың өзіндік жобасын ұсыну | "Виртуалды саяхат" Респуб. көлеміндегі мұражайлардың бірін таңдап, маршрут құра. Интернет желісі арқылы мұражай туралы алған ақпаратыңмен бөліс. | Жергілікті мұражайдағы қойылған экспонаттар ішінен сыныптастарыңа қайсысы ең көп ұнағанын сауалнама арқылы анықта, пиктограмма құр. | Мұражай ашуға қандай жоба ұсынар едің? Макетін сызып көрсет. |
4.3.3.1.Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы білім саласындағы жетістіктерін түсіндіру | Берілген тірек сандар арқылы еліміздегі білім беру саласының дамуы туралы ақпарат айт. | Бұрынғы оқулықтар мен қазіргі оқулықты салыстыру (салмағы, ұзындығы, мазмұны) кестеге жаз. | ХХІ ғасыр мектебінің жобасын жаса. 50 жылдан кейінгі мектептің ғимаратын , сынып бөлмелері жабдықталуын, оқулықтары қалай болады? Оқушы қандай жетістікке жетуі мүмкін? Макетін жаса. |
STEM тәсілі–бұл оқыту әдісі ғана емес, ол ойлау тәсілі. STEM білім беру ортасында балалар тек білім алып қоймай, оны қолдануды үйренеді. Сондықтан, олар өсіп, өмірде проблемалармен бетпе-бет келгенде, мысалы үшін қоршаған ортаның ластануы немесе климаттың ғаламдық өзгеруі 9 болсын, олар мұндай күрделі мәселелерді әр түрлі бағыттағы білімге сүйеніп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы ғана шешуге болатындығын түсінеді. Бұл жерде тек бір ғана пәннің біліміне сүйену жеткіліксіз. STEM оқу мен білімге басқаша қарауға үйретеді. Тәжірибелік дағдыларды басты назарға ала отырып, оқушылар өздерінің ерік күштерін, шығармашылық қабілеттерін, икемділіктерін дамытады және басқалармен ынтымақтастықта жұмыс жасауды үйренеді.
Бұл сабақ барысында өткізілетін қысқа мерзімді жоба болса, тәжірибелік дағдысын дамытуға арналған ұзақмерзімді STEM жобасына да ғылыми жоба жүргізілді. STEM технологиясын қолданып, 4 апта уақыт аралығында ғылымилық іздену, математика есептеулері, іскерлікке байлитын технология мен инженерияны қолданып "Ауылдағы пластмасса қалдықтарынан жаңа өнім шығару» тақырыбында өз елді мекенінің экологиясын зерттеу арқылы қоқыс мәселесін анықтап, тұжырым жасап,шешімін тауып, оқушыларым Ерболат Б пен Бахтяр Нөз жобаларын зерттеді.. Мұндай қызмет ғылымды зерттеуге, әртүрлі материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеуге көмектеседі, командалық жасауға мүмкіндік береді. STEM - эмоция, сезім, шығармашылыққа жауап беретін мидың оң жақ шарын жұмыс істетеді.
Жұмыстарын сәтті қорғаған оқушыларым "Зерде" ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде 1 орын алса, облыстық кезеңінде 2 орынға ие болды.
Қорыта келе, STEM технологияcы бойынша оқушылар тек біліп және жасап қана қоймай, ойланады, санасы дамиды, еске сақтауы мен шығармашылық деңгейлерінің сапасы артады . Осы құндылықтар арқылы оқушыда тұлғалық іс-әрекеттік жан-жақты құзіреттілік қалыптасады, дамиды .
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.«Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту процесінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» әдістемелік ұсынымдар – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 280 б.
2.Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерді кіріктіріп оқыту бойынша «әдістемелік ұсынымдар Нұр-сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы. Алтынсарин, 2022. – 209 б
3.Рамазанов Р.Г., Годунова Е.А., STEM-образование: возможности и перспективы; //Открытая школа №1, 2021г., с.14-17.
4."STEM технология негізінде орта білім беру мазмұнын қайта құрылымдау бойынша әдістемелік ұсынымдар ". – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 160 б.
5.Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы