Файл: . Мусин атындаы Балаш гуманитарлытехникалы колледжі Маманды 0111000 Негізгі орта білім беру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 298

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі.

Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады [10].


ҚОРЫТЫНДЫ
Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев дамыған елдердің тәжірибесін зерделей отырып, елімізде қабылданған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру үшін жеке тұлғаны қалыптастыруда техникалық және кәсіби білім беру саласын жандандыруға шақырады. Түптеп келгенде, әлемнің озық елдерімен бәсекелестікте бұл мәселе тиянақты түғырларымыздың бірі болуға тиісті.

Осындай ұстаным негізінде жаңаша білім берудің құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары, оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталарының құнды қаруы.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және отандық 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында дамыта оқытудың үш бағыты анықталған: оның біріншісі - жаратылыстану-математикалык, екіншісі - әлеуметтік-гуманитарлық, үшіншісі - технологиялық. Бұл бағыттардың мазмұны арнаулы бейімдік курстар жиынтығынан тұрады. Демек, кез келген мектеп оқушысының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мекеп желісінің ерекшеліктеріне қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.

Жеке тұлғаны дамытудағы оқытудың құндылығы: берілетін жаңаша ақпараттар мен әдіс-тәсілдердің икемділігінде. Себебі жеке тұлғаның алған білімі оның болашағына карқын жол ашары сөзсіз.

Сапалы білім мен саналы тәрбиеге ие болу қазіргі ұрпақтың басты міндеті. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасалып жатыр.

Соңғы кездерде білім беру нәтижелерінің құзыреттілікке бағдарлануы мәселесінің күн тәртібіне қойылуы «құзыреттілік» ұғымына берілетін анықтаманың да дәлдене түсуін қажет етуде.

Білім нәтижесі білім беру пәндері арқылы көрінетін болса, құзыреттілік нәтижесі пәнаралық қызмет арқылы көрінеді. Яғни пән мазмұнында «мен жасаймын» әрекетінің қарастырылуы – шешуші құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі көзі. Шешуші құзыреттілік – бұл пәндік білімдер жиынтығы емес, бұл жаңа сапа, алынған білім мен біліктілікті тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігі. Демек, құзыреттілік – біріншіден, білім беру үдерісіндегі білім, білік, дағдылардың түпкі нәтижесін көрсетуі; екіншіден, нәтижеге бағдарлана берілген білімнің негізгі көрінісі; үшіншіден, шешуші құзыреттілік адам бойындағы сапалар мен іс-әрекетіндегі үйлесімділік (ақпараттық, құқықтық, басқарушылық, психологиялық және т.б.).

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнай шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.



Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл баяндаманың  мақсаты – 12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика сабағын оқытудың маңыздылығын, оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.      Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

  • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;

  • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

  • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

АЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.«Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы». А, 1999 ж. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487

2.«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы».

3. Л.Искакова, Ә.Беркутов. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003. №2. - 3 б.

4. Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.-128 б. https://melimde.com/sabati-otkizu-edistemesi-ashitan-oitudi-maizi-jene-rol.html

5. О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.-256 б.


6. Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл. 295 бет

7. Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.

8.«Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год. №3.-64 стр. https://altairbook.com/books/1269392-bibliotechnye-kompyuternye-seti-rossiya-i-zapad-sovremennye-tendencii-korporativnoy-raboty-bibliotek.html

9. А.Шәріпов. Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл. 147 б.

10. М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика.  Астана, 2004 жыл.158б.
ҚОСЫМШАЛАР
1.Сабақ жоспарлары

1.1. Тақырыбы: Ақпаратты іздеу

1.2. Тақырыбы: Презентацияны құру

ҚЫСҚАРТУЛАР
АКТ - Ақпараттық коммуникациялық технологиялар

ҚР - Қазақстан Республикасы