Файл: . Мусин атындаы Балаш гуманитарлытехникалы колледжі Маманды 0111000 Негізгі орта білім беру.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 299

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Оқу әрекетінде оқушының субъект ретінде қалыптасу жолдарын баланың жас кезеңдеріне байланыстыра келе Г.И.Щукина былай дейді: «Оқу әрекеті дамуы оқушының сипатының өзгеруіне қарай оқушының жеке басының дамуына үлкен әсер етеді. Мысалы: бастауыш сыныптарда оқушы негізінен, тапсырманы орындаушы болса, орта сыныптарда ол жай орындаушы емес, белсенді орындаушы деңгейіне көтеріледі, осы кезеңде оның шығармашылық ізденісінің алғы шарттары қалыптаса бастайды да, жоғары сыныптарда оқушы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істей білетін, әрекет иесі ретінде танылуы тиіс».

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, бір жағынан оқу үрдісіндегі оқушының белсенділігінің, өздік ізденіс жасай білуінің, қызығушылығының т.б. өзгеруіне байланысты болса, екінші жағынан айналасындағы адамдармен қарым- қатынасына байланысты болады. Сондықтан мұғалім оқушы бойындағы өзгерісті назардан тыс қалдырмай нақтылы ситуацияларда оқушы белсенділігін, өз бетінше жұмыс істей білу қабілетін, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін дамытуға қажетті жағдай туғызып отыру керек.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Ақпараттық-коммуникациялық технолгиялардың оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы, фасолисатор. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек [2].

Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге
жетуге талаптандыру, жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану және өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудын тиiмдiлiгi (1.1.1- сурет).



1.1.1-сурет. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудын тиiмдiлiгi

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:

  • педагогтардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы.

  • Оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау.

Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Бүгінгі танда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп.

Оқу процесінде ақпараттык және телекоммуникациялық кұралдар мүмкіндігін комплексті түрде колдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу кұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулыктарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру жəне жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында". (Н.Ə. Назарбаев). Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бəсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - əр мұғалімнің борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі- ақпараттық коммуникациялық технологияларды (ақпараттық коммуникациялық технолгиялардың пайдалану. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шəкірт тəрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады.



Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тəрбие үдерісінде əлеуметтік сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тəрбиелеудің мазмұнын модернизациялау деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты - ақпараттық технология деңгейіне көтерілу. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау - білім субъектілерін дамытуда үлкен нəтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Информатика сабағында окытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың мұғалім мен оқушының әрекетіне «дыбыс беру», олармен диалог «жүргізу» қабілеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр

Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу-қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.

Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын-ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дүрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға төз икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мүндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бүл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей жол ашады.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту үрдісін жандандыру оқушының оқу материалдарының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың оқыту әдістемесінің үрдісінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемесінің дайындығы және сабақ жүргізу мен әдістеріне жаңа педагогикалық технологияларды игеруіне тікелей бейім болады.

Жаңа педагогикалық технология оқыту сапасын арттыруға, басқару тиімділігін жетідіруге, оқушылардың ойынтасын дамытуына мүмкіндік жасайды.

1.2 Ақпраттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістерің топтасыру

Оқыту әдістері - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары, соның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдығы мен қабілеттілігі артады.

Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады.

Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі бір ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді [3]

Оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа ақпараттық коммуникациялық технолгиялардың негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген ақпараттық коммуникациялық технологиялардың құралдары:

- Интерактивті тақта;

- Мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;