Файл: . Мусин атындаы Балаш гуманитарлытехникалы колледжі Маманды 0111000 Негізгі орта білім беру.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 297
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2.2 -сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі
2.3. Ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың оқыту формалары мен әдістемесі
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, нақты ұйымдастырылған, мазмұны толыққан және әдістемелі қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың өзара әрекеттестік жүйесі. Оқыту формасы мазмұнның, оқыту құралдары және әдістердің мақсатты ұйымдастыру тұтастығы негізінде жүзеге асырылады.
В.Г.Крысько оқыту формаларын үш топқа: жоспарлы оқыту (сабақ, дәріс, семинар, үй жұмысы, емтихан және т.б.), жоспардан тыс (бригадалы-зертханалық сабақтар, консультация беру, конференциялар, үйірмелер, экскурсиялар, ілгерілету бағдарламасы бойынша сабақтар) және қосымша (топтық және жеке сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі.
Қазіргі көптеген басылымдарда жалпы оқу формалары және оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру формалары болып ажыратылады. Жалпы оқу формалары – жаппай, ұжымдық, топтық, жұптық, жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді .
Жалпы оқыту формалары негізін – оқушылардың өзара және мұғаліммен оқушылар арасындағы ерекше комуникативті әрекеттестіктері құрайды.
Жаппай оқыту формасы – оқушылардың бәрі бір мақсатта, бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. Бұл, ауызекі, көрнекі, практикалық әдістерді, сондай-ақ білімді бақылау үрдісінде жүзеге асырғанда қолданылатын, оқуды ұйымдастырудың дәстүрлі түрі, информатика сабағында өз мәнін жойған жоқ.
А.И.Бочкин айтқандай, компьютердің ықпалы мұғалімнің көрсеткенін оқушылардың дереу жаңғыртып орындау мүмкіндігімен айқындалады. Бұл ретте, мұғалім оқушылардың жаппай және жеке жұмыс әрекеттерін ұйымдастыру және бағдарламалық басқаруымен қатар, олардың компьютерлерін сәйкес режімдерге (жаппай немесе жеке әрекеттерін) ауыстырып, сондай-ақ оқушылардың барлық жұмыс орындарында компьютерлік ортаның бірыңғай жағдайын орнатады.
Оқытудың жаппай формасында оқушылардың іс-әрететтері мұғалімнің басқаруымен жүзеге асатыны айқын. Бірақ, әрекеттердің жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек.
Ұжымдық оқыту формасының жаппай оқытудан айырмашылығы, сынып оқушыларының арасында лидері бар қарым қатынас ерекшеліктерімен қалыптасқан жеке ұжым ретінде қарастырылады.
Топтық оқыту формасында – оқушылар әртүрлі негізінде, алуан түрлі мерзімге құралатын топтарда жұмыс жасайды. Бұл компьютерлік техниканы қолданғанда оқытудың әдеттегі түрі, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімдерді игергенде, жобалармен жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. Топтың ішінде қарқынды ақпарат алмасу пайда болады, сондықтан деңгейі және ынтасы әртүрлі оқушылардан құралған топтарда топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады [6].
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, бірін-бірі оқытып, бірін-бірі бақылап отыратын екі оқушы арасында жүзеге асады. Белгілі бір кезекпен оқушылардың жұптарын ауыстырып оқыту формалары бар, сол арқылы жұптық оқыту түрін ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді.
Жеке оқыту формасы – мұғалімнің бір оқушымен ғана жұмыс жасауы (сабаққа қосымша дайындық, тьюторлық жұмыс, кеңес беру және т.б.). Зертханалық жұмыс кезінде сабаққа дайындықсыз келген оқушыларды теориялық материалды қосымша оқыту үшін ЭЕМ-нен алшақтату да кейде пайдалы. Оқытуды ұйымдастыру түрі – уақытпен шектелген оқыту үрдісінің жеке буынының құрылымы.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – бұл тарихи қалыптасқан, өзіне тән жүйелілік пен тұтастық, өздігінен даму, жеке тұлғалық пен әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың құрамы тұрақты, сабақты өткізудің белгілі бір тәртібі бар, орнықты және логикалы аяқтаған педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы.
Жеке жаттықтыру (практикум) сабағы – күрделілік деңгейі жағынан, өзіндік деңгейі жағынан әртүрлі тапсырмалармен сипатталатын, жаппай зертханалық жұмыстармен салыстырғанда анағұрлым қарқынды жұмыс түрі; оқулықтарға, анықтамалық құралдарға, Интернет ресурстарына сүйену арқылы; мұғалімге неғұрлым күрделі сұрақтар қою арқылы іске асады.
«Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма және әдіс. Дәріс қашанда жаппай өтеді. Ол көрнекілік және демонстрациялау құралы ретінде компьютерді пайдалану арқылы өткізіле алады, ол үшін дәріс компьютерлік сыныпта өтуі керек. Оқушыларда компьютерде алдын ала дайындалған конспектілері болған кезде (мысалы, гипермәтін немесе презентациялар түрінде) танымдық қызметтің өзін-өзі басқару деңгейі жоғарылап, маңыздысын жаза алмай қалу үрейі жоғалады. Оқушылар конспектінің баспалық түрін де ала алады. А.И.Бочкин атап өткендей, егер қағаз бетінің сол жағында негізгі мәліметтің тезистері, оң жағында оқушының ой-пікірін жазуына орын қалдырылса конспекті оңтайлы болар еді.
Бұл әдіс оқушының жеке әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға өз әсерін тигізеді.
АКТ оқыту әдістері
Әдіс (грек.– «methodos» – «зерттеу») – бұл тәсіл, әдіс немесе әрекет бейнесі; мақсатқа жету әдісі, қандайда бір айқындалған түрде реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты игерудің практикалық немесе теориялық тәсілдері мен амалдардың жиынтығы.
-
Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі анықтамалар келтіріледі: -
мұғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі; -
жұмыс тәсілдерінің жиынтығы; -
мұғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол; -
мұғалім мен оқушылар әрекеттерінің жүйесі және т.б.
Педагогтардың көпшілігі, әдістерді оқыту үрдісінің тапсырмалар жинағын шешуге бағытталған, мұғалім мен оқушының реттеліп өзара іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады.
Оқыту әдісі – бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу кезінде белгілі бір тапсырмалар шеңберінде қолданылатын педагог пен оқушылардың нысаналы педагогикалық қарым-қатынасын ұйымдастыру ережелері мен реттеуші қағидалар жүйесі
Оқыту әдістерінің жіктеуі Оқыту әдістерінің саны мен сипаттамасы көп болғандықтан, оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет ету сипаттамасы бойынша – Лернер-Скаткиннің жалпы дидактикалық оқыту әдістері: - түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс; - репродуктивті әдіс; - проблемалы баяндау әдісі; бөлшектеп іздеу немесе эвристикалық әдіс; - зерттеу әдісі.
Мұғалім әрекетінің негізгі құрамдас бөліктері бойынша – Ю.К.Бабанскийдің 3 оқыту әдісінің үш үлкен топтамадан тұратын әдістер жүйесі:
-
оқыту әрекетін жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері (ауызекі, көрнекі, практикалық репродуктивті және проблемалы индуктивті және дедуктивті өздік жұмыстары және мұғалімнің басшылығымен өтетін жұмыстар); -
ынталандыру және білімді дәлелдеу әдістері (қызығушылықты қалыптастыру әдістері: танымдық ойындар, өмірлік жағдайды талдау, жетістік жағдайын жасау; білім алу парызын және жауапкершілігін қалыптастыру әдістері: білімнің қоғамдық және тұлғалық мәнін түсіндіру, педагогикалық талаптар қою); -
бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері (ауызша және жазбаша бақылау, зертханалық және практикалық жұмыстар, машиналы және машинасыз бағдарламалық бақылау, жаппай және сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды);
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау
Оқыту әдістерін және үйлесімділігін таңдау кезінде мына критерийлерді басшылыққа алған жөн:
-
оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестік; -
оқытылатын материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, жаңалығы, сипаты, материалды көрнекі ұсыну мүмкіндігі және т.б); -
сынып оқушыларының нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі: жас ерекшелігіне (физикалық, психикалық), дайындық деңгейіне (білімділік, даму, тәрбиелілік, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне; -
іс жүзіндегі жағдайға сәйкестік (кабинеттің тиісті оқуқұралдарымен жабдықталуы, электронды және баспадан шыққан оқу әдістемелік материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың бөлінуі; -
эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ өткізу уақыты, сыныптың толықтығы, компьютерде жұмыс жасау ұзақтығы және т.б.); -
мұғалімдердің дербес өзгешеліктеріне және мүмкіндіктеріне сәйкестік (мінез-құлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі, сыныппен қарым-қатынасы, бұрынғы тәжірибесі, психологиялық педагогикалық деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық дайындығы).
2.4. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.