Файл: Электр ондырыларын пайдалану кезіндегі ауіпсіздік техникасы аидаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 309

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







      54. Бақылаушы электр қондырғыларында өз бетінше жұмыс істеуге құқығы жоқ бригадаларды қадағалау үшін тағайындалады.



      Бақылаушы қамтамасыз етеді:



      1) дайындалған жұмыс орнының жұмыс орындарын дайындау кезінде қажетті іс-шараларға және нарядтың жекелеген нұсқауларына сәйкес келуі;



      2) бригада мүшелеріне нысаналы нұсқаманың анықтығы мен толықтығы;



      3) жұмыс орнында орнатылған жерге тұйықтағыштардың, қоршаулардың, плакаттар мен қауіпсіздік белгілерінің, жетектердің бекіту құрылғыларының болуы және сақталуы;



      4) электр қондырғысының электр тоғымен зақымдануға қатысты бригада мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.



      Бақылаушы болып ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшы тағайындалады.



      Жұмыс технологиясына байланысты қауіпсіздік үшін жауапты бригаданы басқаратын, оның құрамына кіретін және жұмыс орнында үнемі болатын жұмысшы болып табылады.



      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      55. Қолданыстағы электр қондырғыларында наряд бойынша мынадай санаттағы жұмыстар орындалады:



      1) 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында, ТҚ-ның жинақ шиналарында және 1000 В-қа дейінгі тарату қалқандарында, сондай-ақ жинақ шиналарға кернеу берілетін олардың қосылыстарында кернеуді ажырату арқылы (бағытталған кернеу және бағытталмаған кернеу арқылы);



      2) осы Қағидалардың 390-392-тармақтарында келтірілген электр өлшеу қысқаштары мен қарнақтары бар жұмыстарды, сондай-ақ ағымдағы пайдалану тәртібінде кезекші және жедел-жөндеу персоналы орындайтын жұмыстарды қоспағанда, электр қорғау құралдарын пайдалану арқылы кернеуді ажыратпай. Ағымдағы пайдалану тәртібінде кезекші және жедел-жөндеу персоналы орындайтын электр қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы кернеуді ажыратпай орындалатын жұмыстардың тізбесі орын алған жағдайларға байланысты әзірленеді және оны кәсіпорынның техникалық басшысы бекітеді.



      3) тоқ өтетін бөлік шамасында кернеуді ажыратпай. Сондай-ақ наряд бойынша кернеуді алуды талап етпейтін осы Қағидаларда көзделген жекелеген жұмыстар орындалады.




      56. Кернеуде тұрған тоқ өтетін бөліктерден алшақ жердегі жұмыстарды, 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларындағы жұмыстарды (осы Қағидалардың 55-тармағында көрсетілген жұмыстардан басқа), электр қондырғысының жұмыс істемейтін бөлігіндегі жұмыстарды орындау кезінде нарядты немесе өкімді беру қажеттілігін бригада құрамына байланысты нарядты, өкімді беруші анықтайды.



      57. Нарядты осы Қағидалардың 58- 61-тармақтарында ескерілген жағдайларды қоспағанда, бір жерге қосылған бір немесе бірнеше жұмыс орындарына беруге рұқсат етіледі.



      58. Кернеу барлық тоқ өтетін бөліктерден, оның ішінде ӘЖ және КЖ өткізгіштерінен ажыратылған және көршілес электр қондырғыларына кіру (1000 В-қа дейінгі жинақтар мен қалқандар кернеуде қалады) 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында барлық қосылыстарда бір мезгілде жұмыс істеу үшін бір нарядты беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте жұмыс басшысын тағайындау қажет етілмейді.




      59. Барлық секцияларды толығымен жөндеуге шығару кезінде шиналарының жалғыз жүйесі және секцияларының кез келген саны бар ТҚ 6-110 кВ-да шиналарда және осы секцияның барлық қосылыстарында жұмыс істеу үшін бір нарядты беруге рұқсат етіледі. Бригаданы осы секция шегінде түрлі жұмыс орындарына жайғастыруға рұқсат етіледі.



      60. Агрегаттарды (қондырғыларды) жөндеуге шығару кезінде бір нарядты осы агрегаттардың (қондырғылардың) барлық электр қозғалтқыштарында жұмыс істеу үшін және бір нарядты осы агрегаттардың (қондырғылардың) электр қозғалтқыштарын қоректендіретін барлық қосылыстардағы ТҚ-да жұмыс істеу үшін беруге рұқсат етіледі.



      Бір нарядты бір кернеулі электр қозғалтқыштарында және бір ТҚ-ның қосылыстарында жұмыс істеу үшін беруге рұқсат етіледі.



      61. Бір нарядты бір электр қондырғысының бірнеше қосылыстарының түрлі жұмыс орындарындағы жұмыстарды бір мезгілде немесе кезекпен орындау үшін беруге:



      1) күш және бақылау кәбілдерін төсеу және қайта төсеу, электр жабдығын сынау, қорғаныс, өлшеу, бұғаттау, автоматика, телемеханика, байланыс құрылғысын тексеру және басқасы кезінде;



      2) туннельдегі, коллектордағы, құдықтағы, траншеядағы, қазаншұңқырдағы жеке кәбілді жөндеу кезінде;



      3) жұмыс орындарының орналасуы жұмысты жүргізушіге бригадаға қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік берген кезде, екі қазаншұңқырда немесе ТҚ-да және оның жанында орналасқан қазаншұңқырда орындалатын кәбілдерді (екіден аспайтын) жөндеу кезінде рұқсат етіледі.



      Бұл ретте бригада мүшелерін түрлі жұмыс орындарына жайғастыруға рұқсат етіледі.



      62. Бірнеше қосалқы станцияда немесе бір қосалқы станцияның бірнеше қосылыстарында бір нарядты бір жұмысты кезекпен жүргізу үшін беруге рұқсат етіледі.



      Мұндай жұмыстарға:



      1) оқшаулағыштарды сүрту;



      2) қысқыштарды тарту;



      3) сынамаларды іріктеу және майды толықтыру;



      4) трансформаторлардың орамдарын қайта қосу;



      5) релелік қорғаныс құралдарын, автоматиканы, өлшеу аспаптарын тексеру;



      6) бөгде тоқ көзінен аса жоғары кернеумен сынау;



      7) оқшаулағыштарды өлшеу қарнағымен тексеру;




      8) КЖ бүлінген жерін іздеп табу жатады. Мұндай нарядтың жарамдылық мерзімі – күнтізбелік 1 күн.



      Бір жұмыс басшысына, жіберушіге, жұмысты жүргізушіге (бақылаушыға) кезекпен жіберуге және ол бойынша жұмыс істеуге берілетін нарядтардың санын, нарядтың жарамдылық мерзімін нарядты беруші анықтайды. Нарядтың мерзімін ұзартуға рұқсат етіледі.



      64. Жұмыстары толығымен аяқталған нарядтар күнтізбелік 30 күн бойы сақталады.



      65. Нарядтар:



      1) қызмет көрсету персоналы бар электр станцияларында және кіші станцияларда (бұдан әрі – КС) жұмыс істеу кезінде – кезекшіде немесе электронды архивте;



      2) қызмет көрсету персоналынсыз ҚС-да және ӘЖ-де жұмыс істеу кезінде - нарядты берген адамда немесе диспетчерде (ОВБ кезекшісінде).



      Ескерту. 65-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





      66. Өкім жұмысты жүргізушіге және жіберуші адамға беріледі, біржолғы сипатқа ие, оның жарамдылық мерзімі орындаушылардың жұмыс күнінің ұзақтығымен анықталады.



      67. Нарядтар мен өкімдер бойынша есепке алу тәртібі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.



      68. Ұзақтығы 1 сағаттан аспайтын қысқа мерзімді жұмыстарды кезекшінің немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан адамның қадағалауымен өкім бойынша жөндеу персоналының, сондай-ақ кезекшінің немесе жедел-жөндеу персоналының орындауына рұқсат етіледі.



      Аталған жұмыстарға:



      1) кәбілді, сымды, шинаны электр қозғалтқышынан немесе ТҚ-дағы, релелік қорғаныс, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғылары мен тізбектеріндегі, оның ішінде жоғары жиілікті қорғаныс пен байланыс сүзгілеріндегі жұмыстардың басқа да жабдығынан ажырату немесе оған жалғау;



      2) ӘЖ 0,4 кВ, сондай-ақ барлық кернеудегі КЖ-дан ажырату немесе оған қосу, фазалау, КЖ тізбектерінің тұтастығын тексеру, трансформатордың тармағын ауыстыру, жеке оқшаулағышты және май өлшеуіш шыныларды сүрту, сынамаларды іріктеу және майды толықтыру, майды тазалау және құрғату үшін аппаратураны қосу және ажырату, ауа ажыратқышының манометрлерін ауыстыру, тоқ өтетін бөліктердің қызуын және дірілін тексеру, электр өлшеуіш қысқыштармен өлшеу, сымдар мен шиналардан бөгде заттарды, құлаған ағаштарды, бұтақтарды және өзгелерді ӘЖ сымдарынан алып тастау;




      3) электр қондырғыларының, энергожүйелеріндегі диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), жылу автоматикасы мен мен өлшеу каналдары мен құрылғыларының қалыпты жұмысын, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды бұзуға қауіп төндіретін немесе осындай бұзушылыққа әкеп соққан ақауларды жою бойынша кейінге қалдырылмайтын жұмыстар жатады.



      69. Осы Қағидалардың 68-тармағында көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде жұмыс істеушілердің саны қадағалауды жүзеге асыратын жұмысшыны қосапағанда, үш адамнан аспайды.



      1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде жұмысты орындайтын немесе қадағалауды жүргізетін кезекші немесе жедел-жөндеу персоналынан шыққан аға жұмысшының ІV рұқсат тобы, 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында – ІІІ рұқсат тобы боуы қажет. Бригаданың қалған мүшелері ІІІ рұқсат тобын иеленуі қажет. Тұтынушыға қуат беретін қосылыстардағы жұмыстарға соңғысының персоналы тартылады.



      Жұмыс алдында жұмыс орнын дайындау бойынша барлық техникалық іс-шаралар орындалады, ол осы сәтте міндетті болмағандықтан, АТҚ-да арқанмен немесе баумен қоршалмайды.



      Орындалуы 1 сағаттан (бұдан әрі – сағат) астам уақытты немесе үштен астам адамның қатысуын талап ететін осы Қағидалардың 68-тармағында аталған жұмыстар наряд бойынша жүргізіледі.



      70. Бригаданың санын және оның құрамын электр қауіпсіздігі бойынша топтар есебінен жұмыс көлеміне, қауіпсіздік жағдайына, жұмыс басшысы, жұмысты жүргізуші (бақылаушы) тарапынан бригада мүшелерін қадағалауды қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты нарядты берген адам анықтайды.



      Наряд бойынша жұмыс істеу кезіндегі бригаданың ең аз саны – жұмысты жүргізушіні (бақылаушыны) қоса алғанда, екі жұмысшы.



      Өкім бойынша жұмыс істеу кезінде мынадай жұмыстарды:



      1) кернеуде болуына немесе болмауына қарамастан, коммутациялық аппараттардың жетектері мен агрегаттық шкафтарындағы жұмыстарды қоса алғанда, қосалқы тізбектерді, өлшеу аспаптарын, релелік қорғаныс, автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларын монтаждау, жөндеу және пайдалануды, 1000 В-тан жоғары тоқ өтетін бөліктері жоқ немесе толығымен қоршалған немесе қоршауды қажет етпейтін биіктікте орналасқан жағдайда ІV рұқсат тобы бар жұмысты жүргізушінің;



      2) аса жоғары қаупі жоқ үй-жайларда орналасқан 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында адамдардың электр тоғымен зақымдануына байланысты жұмысты жүргізуші құқығына ие ІІІ төмен емес рұқсат тобы бар жұмысшының;