Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 482

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бастауыш мектепте “дүниетану” кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу құралдары мен жабдықтардың. Экрандық және баспа құралдарының өзара сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады.

“Дүниетану” пәні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.

“Дүниетану” пәніне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:

  • Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).

  • Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).

  • Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).

  • Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).

  • Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).

  • Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).

  • Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).

  • Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).

  • Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).

10) Глобустар.

11) Табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін суреттер (1-4сыныптар).

12) Табиғаттың орман-тау, шөл-шөлейт жағдайлары бейнеленген суреттер (1-4 сыныптар).

13) Жергілікті жерлердің жоспары (3, 4-сыныптар).

2, "САРАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ"

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ:

· Шеберлік сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.

· Саралау тәсілдерін тиімді меңгерту.

· Педагог қызметкерлермен тәжірибе алмасу.

· Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.

· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Қатысушылар саралау тәсілдерін өз сабақтарында тиімді қолдана алады, білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады.

САРАЛАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшелігімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру-бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе.


Саралап оқыту әрекеті - білім алуға бағытталған әрекет. Ол өз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Л. Вьютский, А. Леонтьев, Б. Ананьев, С. Рубинштейн т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу әрекеті В. Давыдов, Л. Занков, Ш. Амонашвили, т.б. зерттеулерінде карастырылады. Саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл - ой деңгейімен белсенді әрекет арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін оқытушы алдымен, олардың ықылас - жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім денгейін зерттеуі қажет. Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау; оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тәжірибе жасау, ата - аналармен әңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақта сұрақ беру, кіріспе әңгіме, оқыған материалды т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер

жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал улгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісі ұсынылады


3,

Пәні: Дүниетану

Күні: 02.09.2019ж

Сынып 2ә

Мектеп: Петропавл қаласы, «№ 25 жалпы білім беретін мектеп » КММ

Мұғалім: Тлеужанова Алтын Серікқызы

Сабақ тақырыбы

Менің отбасым







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  1. Түрлі дереккөздерді зерттей отырып, отбасы ұғымын түсінужәне мәін түсіндіру.

  2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты, өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Отбасы ұғымын түсінеді. Отбасындағы мерекелік күндерді біледі.

Көптеген оқушылар:

Отбасындағы туыстық қарым-қатынас атуларымен атай алады. Жай күндер мен мереке күндерінің айырмашылығын айтады.

Кейбір оқушылар:

Отбасындағы «шежіре», «отбасы дәстүрі» сөзінің мағынасын айта алады.7 атысын атай алады.


Бағалау

критерийлері

  • Өз отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіреді.

  • Отбасындағы туыстық қарым –қатынасы туралы айтады, ажыратады.

  • Отбасы шежірені анықтайды, 7 атасын атайды.

Тілдік мақсаттар


Отбасы , отбасылық шежіре, отбасылық дәстүрлер

Отбасы – семья – family;

Отбасылық шежіре – родословная - geneology;

Отбасылық дәстүрлер – семейные традиции - family traditions;

Құндылықтарды

дарыту



Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттерін қалыптастару. Отбасы дәстүрлерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп қуаныш сыйлату.

Пәнаралық

байланыстар

Математика.

Көркем еңбек.

Сауат ашу

АКТ қолдану

дағдылары

Аудио жазылым, интербелсенді тақта.

Бастапқы білім


Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1минут

Ынтымақтастық ахуал орнату

«Сәлемдесу» тренинг

Қатысушылар шеңбер бойынша тұрады.

Көршілерімен сәлемдесу дәстүрлі емес түрде өтеді.

  • алақанмен сәлемдесу;

  • иықтарымен сәлемдесу;

  • маңдаймен сәлемдесу;

  • шынтақпен сәлемдесу;

  • аяқпен сәлемдесу.

Әуен ойналып тұрады,

Сабақтың ортасы

4 минут

8 минут

6 минут

3минут

1минут


1 минут

3 минут



Ширату жаттығуы

«Түймедақ» ойыны.

Түймедақ ортасына «отбасы» сөзін жазып қоямыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс.







Осы тірек сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді: ата, әже.

Сұрақтар қойылады:

- Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде?

- Біздің сыныпты отбасы деп атауға бола ма?

Отбасы – семья – family;

Отбасы – ең жақын туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.

Отбасылық дәстүрлер – семейные традиции - family traditions;

-Сендер өз отбастарында қандай дәстүрлерді атап өтесіңдер?

1-тапсырма:

1-топ: «Бірге ойлаймыз» топпен жұмыс




-Суретте кімдер бейнеленген?

- Бұл адамдарды біріктіретін не?

- Өз отбасы туралы әңгімеле?

- Отбасының үлкені кім?

- Оған отбасы мүшелері қалай қарайды?

2-топ: Рөлдік ойын «Қонақжайлылық» топпен жұмыс

Рөлдерге бөлініп, талқылайды.Отбасы мүшелеріне назар аударып, үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алғандарын,әр топтың жақсы жақтарын айтады.

(Қ.Б) «Бас бармақ» арқылы бір бірін бағалайды. (өзара бағалау)

Д: Сурет бойынша әңгімеледі. Өз отбасындағы үлкен адамын атады, қонақжайлығын көрсетті.

-тапсырма: Миға шабуыл. Ребус шешу арқылы «шежіре» сөзін табады.

, ,,,,, , ,, ,,


, , ,

,

ШЕЖІРЕ

Отбасылық шежіре – родословная - geneology;

Әр әулеттің өз тарихы бар. Сенің әулетінің тарихи-ата-бабаларының өмірі. Отбасының мұндай тарихын шежіре деп атайды.

Оқушыларға «Жеті ата» туралы аудио жазылым тыңдалады.


*Кім жеті атасын біледі? Атап айтады.


ҚБ): ауызша мадақтау

Д: Ребус шешіп, «шежіре» деген сөзді таптыКейбір оқушылар жеті атасын атап кетті.

Қима сөздерді құрастыру арқылы шежіре құрастырады.

Әке

Бала

Немере

Шөбере

Шөпшек

Немене

Туажат

Дереккөздерді пайдаланып дұрыс жауабын анықтайды.

Дискриптор:

  • Шежіредегі атаулар ретімен танысады.


Сергіту сәті

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым – әкем,

Балаң үйрек – апам,

Ортаң үйрек – ағам,

Шылдыр шүмек – мен

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз – бесеуміз.

3-тапсырма: «Кім не істейді?» Мнемотехника әдісі бойынша суретпен жұмыс. Балаларға суреттер таратылады. Балалар берілген суреттерді байланыстырып  сөйлем құрайды,

отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгілеңдер.





Қамқорлық жасау дегенді қалай түсінесіңдер? Жұпта талқылаңдар?

Д: отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықтың бейнелейтін суреттерді көрсетті.Қамқорлық туралы өз ойларын қорытып айтты, сөйлем құра алды.

4- тапсырма :Дәптермен жұмыс

Отбасы және өзіңнің суретіңді салу





Қ.Б: «2 жұлдыз, 1 тілек»

Д: отбасы және өзінің суретін сала алды.



Әуен, флепчат, маркер

Оқулық

3бет


рөлдік ойынға арналған үлестірмелі парақшалар


Интербелсенді тақтада суреттер

Аудиожазылым

Қимыл-қозғалысмен көрсетеді


Дәптер

20-бет


Сабақтың соңы


3 минут

5 минут


Рефлексия. «Тату – тәтті отбасы» ойыны

  • Сенің ананның анасы саған кім болады?

  • Менің анамның қызы, бірақ мен емес?

  • Сенің әкеннің әкесі саған кім болады?

  • Сенің әкеннің ағасы саған кім болады?

  • Сенің әкеннің әпкесі саған кім болады?

Қандай дәстүрлі тағамдарды білесің?

Кері байланыс: «Бес саусақ»




Үйге тапсырма :өз отбасылары туралы коллаж жасап келу.




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Топтық, жұптық, жеке

«Бас бармақ», ауызша мадақтау, «2 жұлдыз, 1 тілек», кері байланыс«Бес саусақ»