Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 1342
Скачиваний: 13
Мұғалім: Айырбас жасала ма? Мұндай жағдайдан шығудың қандай жолын ұсынасыңдар? – Бұл екі адамның арасындағы бартерден көп уақыт алатынын байқадыңдар. Көп адамдар арасында бартер жасау одан да қиынырақ. Ал енді тіршілікке қажетті барлық заттарды: киімді де, аяқкиімді де, тамақты да айырбастап алу керек болды. Бұл күрделі жағдай. Бұдан гөрі айырбастың сатып алу, сату деп аталатын басқаша түрі айтарлықтай ыңғайлы болады. Сатып алу-сату – ақшамен жасалатын айырбас түрі. Сызба бойынша сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай жүретінін түсіндіріңдер. – Сауда – тауарды ақшаға айырбастау болып табылады. Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіріңдер. Сауда былай жүреді: алдымен өз тауарларыңды сатасыңдар, яғни оны ақшаға айырбастайсыңдар, ал түскен ақшаға өздеріңе қажетті заттарды: азық-түлік, киім т.б. заттарды сатып аласыңдар. Оқушылар күрделі мәселені шешуге кіріседі. Оқулықтағы суретке қарап, ақшаға айырбастауға болатын тауарларға мысалдар келтіреді. Оқулық
Сонымен, балалар, сабақта не оқып- үйренгенімізді қайталайық: – Айырбастың қандай түрлері болады? (бартер және сатып алу- сату). – Ақшаны қандай тауарларға айырбастауға болады? Қандай қызмет түрлеріне төлеуге болады? Оқушы дәптерімен жұмыс. А. Сөз қос: Айырбасқа немесе сату үшін өндірілетін өнім Тауарды сатып алу мен сатуда қажетті құрал – Мұғалім: – Көптеген адамдар ақшаны ненің есебінен алады? Мұғалім: – Адам тапқан ақшасына не сатып алады? Сергіту сәті. Көтер басты – бір, екі. Қолды кең жай – үш, төрт. Ақырын отыр – бес, алты. Отырамыз, демаламыз, Содан соң оқи бастаймыз. Көзге арналған жаттығу Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтату. Сұрақтарға жауап береді. Оқушы дәптерімен жұмыс орындайды. Оқушылар: Еңбекақы есебінен, яғни еңбек үшін төлем (қысқаша – жалақы). Оқушылар: Тауарлар мен қызметтер. Сергіту жаттығуын орындайды. Көзге арналған жаттығу Ж. – отырып. 1-2 мин ішінде тез көзді жыпылықтатады. Оқушы дәптері
Оқулықпен жұмыс Мұғалім үшін мағлұмат: Ақша тарихынан. Ақша әртүрлі болды. Тарихты еске түсіріңдер: ерте уақытта ежелгі гректерді, славяндар мен римдіктерде мал ақша есебінде жүрді, өйткені олар мал бағумен айналысты. Қытай мен Жапонияда күріш, Моңғолияда шай, Русьте аң терілері ақша есебінде қолданылды. Яғни әр халықтың тауарларының ішінен барлығына немесе көпшілігіне бағалы болып саналатын ең маңыздылары мен қажеттілері таңдап алынды. Тіпті тас ақшаларда болды, Тынық мұхиттағы Яп аралының тұрғындары қоғамдық шығындар мен сот дау-дамайларына төлемді тас табақшалары (дискілері) арқылы жасады. Олардың ірілерінің диаметрі 4 метрге дейін жетті. Кейбір халықтар ақша есебінде тұзды пайдаланды, ол ұзақ сақталады, әрі ас даярлау үшін үнемі қажет еді. Үндістанда, Тайландта және Африкада каури қабыршағын ақша ретінде пайдаланды. Мөлшермен 4,5 мың жыл бұрын Египетте тауар Оқушылар оқулықтағы мәтіннен адамзат тарихында қандай тауарлар ақша есебінде жүргені туралы оқиды. Оқулық
мен қызмет көрсетуге төлем жасау үшін әртүрлі металдарды – алтынды, күмісті және мысты қолдана бастады. Алдымен олар құйма түрінде айналымға түссе, кейінірек құймаларды ұсақтап, монеталар жасай бастады. Монеталар қымбат, берік әрі ыңғайлы болды. Олар мал секілді өліп қалмайтын немесе аң терісі секілді бұзылып кетпейтін ақша болды. Оның үстіне монеталарды өлшемей, жеке санап беріп төлем жасауға болатын еді. Алғашқы қағаз ақша Қытайда болды, ол жақтан әлемнің басқа елдеріне тарады. ХХ ғасырда адамдар сатып алған заттарға төлем жасауға өте қолайлы пластик банк карточкаларын пайдалана бастады. Пластик карточкалардың көмегімен есептесуді білдіретін «электрондық ақша» термині пайда болды. Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, металл ақшамен салыстырғанда қағаз және электрондық ақшалардың қандай артықшылығы бар? Электронды ақшаның артықшылығы: есеп жасауға ең қолайлы әдістердің бірі. Қолма-қол ақша болмаса да, банктегі есепте бар болса, әлемнің кез келген Жауаптар: Қағаз ақшамен пластик карточкалардың артықшылығы: жеңіл әрі ыңғайлы (өзіңмен алып жүруге).жерімен есептесуге болады. Әр елдің сыртқы түрлері қайталанбайтын және бір-біріне ұқсамайтын өз ақша белгілері бар. «Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындау. (жауаптар: 1 – Ресей, 2 – Қазақстан, 3 – Өзбекстан, 4 – Қырғыстан). ҚБ дәптерде орындалған тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі. «Оқушы дәптеріндегі» жұмыс. В. тапсырманы орындайды. ҚБ дәптерде орындалған тапсырманы оқушылардың өзара тексеруі. «Бас бармақ» тәсілі. Оқушы дәптеріСоңы «Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындау. Қажетті фигураны таңдап √ белгісін қою арқылы сабақтағы өз жұмысыңа баға бер. «Оқушы дәптеріндегі» С. тапсырманы орындайды. Қажетті фигураны таңдап, √ белгі қою арқылы сабақтағы өз жұмысыңа баға беру. Оқушы дәптер
Билет № 2
-
Дүниетану пәнінің оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерін анықтаңыз -
«Дүниетану» пәні бойынша «Мен және қоғам» бөлімін оқытудың теориясы мен әдістемесін талдаңыз -
Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 2 сынып «Саяхат» аралас тақырыбындағы «Ежелгі қала - Отырар» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
Дүниетану пәнін оқытудағы басты мақсаттар – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, олардың диалектикалық – материалистік көзқарастарын қалыптастыру мен политехникалық білімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, оқушылардың табиғатқа және техникалық әлемге қызығушылығын арттыру болып табылады.Оқушыларының ой толғанысы мен ойлау қабілетінің бүкіл оқу жылының, оқу аптасының немесе күнінің барысында, тіпті сабақ үстінде де сан құбылып отыратынын әр ұстаздың білуі қажет. Оқушының зейіні, ойлау қабілеті өз деңгейінде болу үшін оқытудың әңгімелік, көрнекілік және практикалық әдістерін үнемі өзгертіп отыру керек. [1,2] Өткізген сабақтарымда инновациялық әдіс — тәсілдерді қамтып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында дүниетану пәні бойынша «Өсімдіктер» тарауына сабақ жоспарын жасадым.2Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997),Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Адамның адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.