Файл: Билет 1 Дниетануды оыту дістемесіні масаты мен міндеттерін атаыз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 480
Скачиваний: 8
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Билет № 1
-
«Дүниетануды» оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттерін атаңыз -
Бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәнін оқыту ерекшелігін талдаңыз -
Дүниетану пәні бойынша пәні бойынша 1 сынып «Тағам мен сусыны» аралас тақырыбындағы «Адамдар үнемі сауда жасады ма?» тақырыбына қысқа мерзімді жоспар құрастырыңыз және талдаңыз
1, Бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселесі әрқашан өзекті болып саналады, өйткені білім берудің дәл осы кезеңінде оқушылардың танымдық белсенділігі, олардың интеллектуалды және тұлғалық дамуы үшін негіз қаланады. Бастауыш сынып мұғалімін дайындаудағы ерекшеліктердің бірі – көп бағыттылық болып табылады. Бастауыш сыныпта «Орыс тілі», «Әдебиеттік оқу», «Математика», Дүниетану т.б. бірнеше пәннің әдістемесін білуі қажет. Осы негізгі пәндерді оқытумен бірге «Дүниетану» пәнін де жоғары әдістемелік деңгейде оқытуға қабілетті, бастауыш білім беру саласы бойынша мұғалімдерді даярлау қажет. «Дүниетану» пәніне мән бермеу, оны оқытудың маңыздылығын жете бағаламау студенттерді дайындауда айтарлықтай олқылықтарды тудыруы мүмкін. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларында бастауыш сыныпта «Дүниетану» пәнін сауатты және қызықты жүргізе алатын бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау «Дүниетануды оқыту әдістемесі» курсының оқыту мәселесі өзекті болып табылады.
«Дүниетану» пәнін оқыту әдістемесі» бастауыш сынып оқушыларының нақты ғылыми деректерді қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, табиғи және әлеуметтік кеңістікте болып жатқан әртүрлі процестерді түсінікті және қызықты түрде оқытуға бағытталған.
«Дүниетану» пәні мазмұны бойынша интегративті пән болып саналады. Пәннің мазмұны үш білім салаларын қамтиды: жаратылыстану және қоғамтану және тарих.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдіс-тәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетануды интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады.
Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
Дүниетану логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау.
2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.
4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу.
Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
«Дүниетану», «Қоршаған орта» пәндері «Адам,», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.
2, Дүниетану – “дүние және тану” деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып білу керектігін анықтауымыз керек. Оқушыларға танытқалы отырғанымыз – дүние. Сол дүниені танып білу әдістерімен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние – қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде-бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білуімен оның таусылмас ерекшіліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып білу әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әр бір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңберімен оның мәнің ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңінің психологиялы ерекшіліктеріне байланысты дүниетану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой пікірі, білім деңгейі даму керек. Керісінше дүниені танып білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана сезімі кеңейе түседі. Адамның көзқарасы сол кездері қалыптасады деп айтуға да болады.
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным – адам санасының дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаның игеруге де үйренеді.
Таным – филисофиялық ұғым, “айналадағы материалдық шындықты адам санасында бенеленуі”. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санадай бейнеленеді. Көру, сезіну түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер бірге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамыды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнені қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Таным практикалық қызмет барысында іске асады. Осылайша таным нақты дүниге, қоршаған ортада, бар заттарға негізделеді.
Қазіргі таңда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы болып отыр.
Философиялық ұғымда “дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орнына, тіршіліктің мән мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлері мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы”. Осы философиялық қағида дүние тану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуның теориялық мәселелерінің айналыса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз-өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарын жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр.
Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейде көтеріледі. 1 сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әр бір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Оқушылардың дүниетану көзлқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.
Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.
3, Ортақ тақырып: Бөлімше: Тағам мен сусын 1.1. Мен және менің отбасым
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сынып: 1 Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Адамдар үнемі сауда жасады ма?
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары 1.1.1.4 – тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: – сауданың не екенін білетін болады; – тауарларды сату және сатып алудағы ақшаның рөлін түсінеді. Көптеген оқушылар: – тауарларды тікелей айырбастау мен сату және сатып алудың айырмашылығына талдау жасай алатын болады; – ақшаның неліктен пайда болғандығына талдау жасайды. Кейбір оқушылар: – сауданың: тауарды сату мен сатып алудың қалай болатынын сызба бойынша түсіндіріп бере алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың
кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы Сабаққа психологиялық көңіл күй қалыптастыру. Тақтада «Қалаймын», «істей аламын», «қолымнан келеді», «істеймін» деген сөздер. Мұғалім оларға былайша түсіндірме береді: «Қалаймын» – мен сендердің білімдерің мен түсініктеріңнің көлемінің ұлғаюын тілеймін. «Істей аламын» – сабақта қателесу, күмәндану, кеңес алу мүмкін болады. «Қолымнан келеді» – біз сендермен оқып-үйренген материалды мәселелерді шешуде, тапсырмаларды орындауда қолдана аламыз. «Істеймін» – әрқайсысымыз өзімізге «өткендегілер туралы қажетті мәліметтерді өзім іздеп, тауып, болашаққа болжам жасаймын» – деген нұсқау береміз. – Қымбатты балалар! Мен сендерге сабаққа мынандай көңіл күймен келдім (күнді көрсетеді). Ал сендердің көңіл күйлерің қалай? Оны суреттердің бірін таңдау арқылы көрсетіңдер. Ашық Бұлтты күн Жаңбырлы күн күн Үй тапсырмасын тексеру Көңіл күйлерін суреттердің бірін таңдау арқылы көрсетеді. Оқушылар «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?» тақырыбына жазылған эссені оқиды.
ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру: естігендерге өзінің көзқарасын – еліктіреді; – пайдалы; – қызығушылық танытамын; – қажет; – білдім және т.б. сияқты бір сөзбен білдіреді. Мақсатты тұжырымдау: Тақтада сабақтың тақырыбы жазылған. «Адамдар үнемі сауда жасады ма?» Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта немен байланысты жұмыс істейміз? – сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз; – ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз. Ұ. Оқушылар сабақ соңында жетуге тиісті мақсаттарды түсіндіреді: – сауда дегеніміз не? ол қалай пайда болғанын білеміз; – ақша не себепті пайда болғанын анықтаймыз. ҚБ. «Найзағай жарығы» тәсілінің көмегімен өзара баға беру. Күн, бұлтты және жаңбырлы ауа райының суреттері