Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 119

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


4. Пациентке түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін Пациентке үйретіңіз:

- нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

- ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

6. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

7. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

- тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

- клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ҚАҚЫРЫҚТЫ ЖИНАУ

Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

4. Қолыңызды ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығына сәйкес тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

5. Пациентпен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды Пациентпен жүргізіңіз.

7. Пациентке қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

8. Науқастан сұраңыз:

- таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

- ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

- тік тұруын немесе тік отыруын;

- түкіргіштің қақпағын ашуды;

- аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

- науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.


9. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

10. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

11. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

12. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

13. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

- антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.
VIII . Бақылау бөлімі:

Кіріспе бақылау

1-нұсқа.

Кіріспе бақылау.

Тест №1

1.Антиген және антитела аглютинация реакциясын анықтайтын зерттеу

  1. Бактериологиялық

  2. *Серологиялық

  3. Биологиялық

  4. Бактериоскопиялық

  5. Микроскопиялық

2.Зертханалық тікелей зерттеу әдісі

  1. Серологиялық

  2. ЭКГ

  3. *Бактериологиялық

  4. Теріге-аллергиялық

  5. Ректоромоноскопиялық

3.Зертханалық қосымша зерттеу әдісі

    1. Бактериоскопиялық

    2. Бактериологиялық

    3. Биологиялық

    4. *Серологиялық

    5. ЭКГ

4.Жұқпалы аурудың қай кезеңінде ауру белгілері болмайды

    1. Бастапқы

    2. *Жасырын

    3. Өрістеу

    4. Айығу

    5. Асқыну

5.Жұқпалы аурулардың негізгі белгілері қай кезеңде болады

    1. Бастапқы

    2. Жасырын

    3. *Өрістеу

    4. Айығу

    5. Асқыну

6.Жұқпалы аурулар қанша топқа бөлінеді

    1. Екі

    2. *Төрт

    3. Үш

    4. Бес

    5. Алты

7.Іш сүзегінің қоздырғышы

    1. Вирус

    2. Риккетсия

    3. Қарапайымдар

    4. *Бактерия

    5. Спирохета

8.Іш сүзегіндегі негізгі жұғу жолы

    1. Маса

    2. Бүрге

    3. Кене

    4. *Су

    5. Бит

9.Іш сүзегіндегі бөртпенің түрі

    1. Папула

    2. Пустула

    3. Везукула

    4. Петехия

    5. *Розеола

10.Іш сүзегіндегі арнайы ем

    1. Интерферон

    2. Гамма-глобулин

    3. Вакцина

    4. *Антибиотик

    5. Делагил

11.Сальмонеллез ауруындағы қоздырғышты ашқан ғалым

    1. Боткин

    2. Самойлович

    3. *Сальмон

    4. Брюс

    5. Пастер

12.Сальманеллез ауруындағы нәжістің түрі

    1. *Жасыл сұйық ,иісті

    2. Қанды ірің аралас

    3. Сұйық,сулы

    4. Сулы .көбікті

    5. Қара түсті


Қорытынды бақылау.

Тест №2

1.Іш сүзегінің қоздырғышы

    1. Вирус

    2. Риккетсия

    3. Қарапайымдар

    4. *Бактерия

    5. Спирохета

2.Іш сүзегіндегі негізгі жұғу жолы

    1. Маса

    2. Бүрге

    3. Кене

    4. *Су

    5. Бит

3.Іш сүзегіндегі бөртпенің түрі

    1. Папула

    2. Пустула

    3. Везукула

    4. Петехия

    5. *Розеола

4.Іш сүзегіндегі арнайы ем

    1. Интерферон

    2. Гамма-глобулин

    3. Вакцина

    4. *Антибиотик

    5. Делагил

5.Іш сүсегі кезіндегі қызбаның түрлері?

  1. *Вундерлих трапециясы, Кильдюшевский,

  2. Боткина толқын тәрізді;

  3. Субфебрильді, интермиттирлеуші, Боткина толқын тәрізді;

  4. Вундерлих трапециясы, субфебрильді,

  5. Интермиттирующая.

6.Сальмонеллездегі серологиялық зерттеуге алынатын материал

    1. Нәжіс

    2. *Қан

    3. Зәр

    4. Өт

    5. Қақырық

7.Тағам токсикоинфекциясындағы ауру көзі

    1. Кеміргіштер

    2. Құстар

    3. *Іріңді ауруы бар адамдар

    4. Кенелер

    5. масалар

8.Тағам токсикоинфекциясындағы зақымдалатын ағза

    1. жүрек

    2. өкпе

    3. ми

    4. *асқазан

    5. бүйрек

9.Ботулизм қоздырғышы қандай

    1. эндотоксин бөледі

    2. қайнатқанда өледі

    3. *анаэробты бактерия

    4. аэробты бактерия

    5. төзімсіз

10.Ботулизмдегі негізгі арнайы ем

    1. антибиотиктер

    2. *қан сары суы

    3. вакцина

    4. бактериофаг

    5. дәрумендер

Жауап эталондары

Кіріспе бақылау.

№1

1 – D

2 – C

3 – D

4 – B

5 – C

6 – B

7 – D

8 – D

9 – E

10–D

11- C

12- A
Қорытынды бақылау

2

1 – D

2 – D

3 – E

4 – D

5 – A

6 – B

7 – C

8 – D

9 – C

10 – B
Cитуациялық есептер

Ситуациялық есеп № 9
Науқас А, 15 жаста, аурудың алғашқы күнінде t көтерілуіне шағымданған

дене 39°C дейін, бас ауруы, әлсіздік, іштің , арқа ауырсынуы, әлсіздік, төмендеу

тәбет.

Эпидемиологиялық анамнез: ауылдық жерлерде тұрады, күтім жасауға көмектеседі


бірнеше рет сиырдан кенелерді алып тастады.

Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, науқас ұйқышыл, байланысқа түскенде

құлықсыз, тамақтанудан бас тартады. Тері бозарған, таза, беті гиперемияланған,

катаральды конъюнктивит, склерит. Ауыз қуысын қарағанда доғаларының және миндалинның гиперемиясын,жұтқыншақтың артқы қабырғасы зернистый, жұмсақ Таңдайда энантема. Жүрек үні ырғақты, тұйық, систолалық шу 5 нүктеде, жүрек ұшында, жүрек соғу жиілігі-110 уд/мин.қан қысымы – 100/65 мм рт. ст. Аурудың 3-ші күнінде жағдай нашарлады: фебрильді температура аясында бас және бұлшықет ауыруы пайда болды. Жүрек үндері тұйықталған, тыныс алу аритмиясы, АД - 90/60 мм рт.ст. бауыры 2,0 см × 2,5 см × 3,0 см.

Жалпы қан анализі – HGB – 120 г/л, RBC-3,06×1012 / л, PLT төмендеді260×109/ л дейін 70×109/ л, WBC-6,2× 109/ л дейін 2,4×109/ Л, NEUT-66% (П-8%, C – 55%,Ю-3%), LYM – 32%, МON – 2%, СОЭ – 5 мм/сағ.

Гемостазиограмма: АДФ 42% (N-50-80%), адреналинмен тромбоциттердің агрегациясы

32% (N-50-80%), ристомицинмен – 38% (N-50-80%); плазманы рекальцификациялау 120 сек (N95-115 сек); АВР 75 сек (N-50-70 сек), АЧТВ – 50 сек (N-35-45 сек), ПТИ 95%,


протромбин уақыты 20 сек (N - 12-20 сек); фибриноген 3,5 г/л, РКФМ 3, 0х109/ л (n-3-4х109/ л).

ПТР әдісімен қанда КҚГҚ РНҚ табылды.

Сұрақтар:

1. Ең ықтимал диагнозды ұсыныңыз.

2. Сіздің диагнозыңызды негіздеңіз.

3. Қандай синдромдар бұл ауру туралы куәландырады ма?

4. Бұл аурудың емі қандай?


Бақылау жумыстары мен СӨЖ тақырыптары мен сұрақтары:

СӨЖ тақырыбы: Безгек. Оба. Туляремия.Геморрагичиялық қызба.

Өткізу түрі: презентация немесе ситуациялық есептер дайындап өткізу.

Сұрақтары:

  1. Оба этиологиясы, эпидемиологиясы;патогенезі;

  2. Клиникасы;диагностикасы, емдеуі, алдын алу шаралары.

  3. Туляремия этиологиясы, эпидемиологиясы;

  4. Патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеуі;алдын алу шаралары.

  5. Геморрагиялық қызбаларлардың этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі;

  6. Клиникасы, диагностикасы, емдеуі

7. Алдын алу шаралары

IX.Глоссарий:




Атауы

Түсіндірме




Жұқпалы аурулар

патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.


Инфекциялық процесс

қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.


Геморрагиялық қызбалар

(ГҚ) – қызбамен, интоксикация белгілерімен, капилляротоксикоздың, геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталатын вирусты табиғи-ошақты жұқпалы аурулар.


Омбылық геморрагиялық қызба

интоксикация, қызба, геморрагиялық синдромдармен сипатталатын трансмиссивті, табиғи–ошақты, жедел вирусты ауру.

Бүйрек синдромымен сипатталатын геморрагиялық қызба

жоғарғы қызба, жалпы улану, геморрагиялык синдромдарымен және бүйректің зақымдалуымен сипатталатын жедел вирусты табиғи ошақты ауру.

Зооноздар

(зооантропоноздар) (zoon – хайуан, nozos – ауру) – қоздырғыш резервуары хайуанаттар болып есептелетін аурулар.

Оба

Iersinia pestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.


Туляремия

Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.


Реабилитация

(латын re – қайта; habititas – қасиет, жарамдылық) – науқастың ауру әсерінен бұзылған денсаулығын және еңбекке жарамдылығын тез және толық қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар жүйесі.


Копрологиялық зерттеу

нәжіс жағындысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эритроциттер,эпителиальды жасушаларды, шырыштың ошақтарын анықтауға болады.

Протеинурия

арасы 4 сағаттан кейін екі рет алынған зәр анализінде > 0.3 г/тәу. немесе 0,3 г/л.


RRS – ректороманоскопия

тоқ ішектің дистальды бөлігін (тік ішекпен сигма тәрізді ішекті) ректоскоп арқылы зерттеу.