Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 233
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Клиникалық көріністері.Іш сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесі кезеңдер ажыратылған: жасырын, бастапқы, өршу, реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене температурасы 1◦С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел басталуы мұмкін. Аурудың жедел басталуының жиілігі XX ғасырдың басында 10-13% болса, 30-40-шы жылдары ол 33-45% жеткен, ал 60-шы жылдары-43-50%.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалған. Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымданады: тері жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия, анорексия білінген. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бұл аурудың ерекшілігі: интоксикация нышандары айқын болады. Науқас аурудың бірінші күні төсек тартып жатады- адинамия. Сөйлеуге халы болмай, теріс қарап, сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін ( «тәртіпсіз адам» сияқты). Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы. Бұл көріністер эндоксиннің әсерінен дамиды.
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сақталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолалар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы - 39-40°С. Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек қызып жатады. Қызба қисықтарының түрлері: Вундерлих, Кюльдешевский және Боткин қызбалары. Типті қызба қисығы – Вундерлих қисығы. Дене температурасы трапеция тәрізді. Кильдюшевский қисығы – жазықтық, ал Боткин қисығы - толқын тәрізді болады. Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданғаннан соң қызба қисықтарының заңдылығы сақталмайды, олар әр түрлі болуы мүмкін. Айқын интоксикация дамып Status typhosus (естің бұзылуы, сопор, кома, делирий) қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды. Науқастың тері жабындылары бозғылт, кейде алақандары мен табандарының сарғаюы дамуы мүмкін – Филлипович симптомы. Ол бауыр зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен дамиды.
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дикротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны – ол метеоризм –іштің кебуі. Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің сипаты ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды аймақта іштің ауру сезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады. Бөртпе мономорфты болады: морфологиялық сипаты – розеола (көлемі 2 мм дейін майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне сәйкес келеді: аурудың 8-10 күндерінде пайда болады. Бөртпенің орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Бөртпеге тағы да бір тән сипаттамасы бар - ол үстемелі феномен: бөртпе денеге біртіндеп шығады. Бұрын пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болады. Бөртпені анықтау дәрігердің тәжірибесіне байланысты. Бұл бөрпелерді табу үшін аурудың күнін анықтау қажет, тері жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті. Пайда болған розеолалар 1-5күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы, соңғы жылдары сирек кездесіп отыр.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған. Типтік түрі циклді өтеді. Ал атипті түрі жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтетіні белгілі. Аурудың абортивті түрі дамығында ауру типті басталып, бірақ көріністері қысқа мерзімді болады, айығу кезеңі тез қалыптасады. Аурудың амбулаторлы түрі аурудың жеңіл түріне ұқсас болады. Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап біленеді, оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін. Бактериотасымалдаушылық кезінде клиникалық көріністер мүлдем пайда болмайды. Транзиторлы бактериотасымалдаушылық кезінде қоздырғыш кейдесоқ түрде бөлінеді, жедел бактериотасымалдаушылық кезінде – қоздырғыш 3 айға дейін, созылмалы бактериотасымалдаушылық кезінде – 6 айға дейін бөлінеді. Өте сирек жағдайда қоздырғыш ұзақ уақыт бөлінуі мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрақтануымен сипатталған. Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы әлсіздік, шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ. Науқастардың 3-10% аурудың қайталануы – рецидиві дамуы мүмкін.
Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі
-
Типтік түрі –жеңіл
орташа ауыр
ауыр
2. Атиптік түрі – абортивті
амбулаторлы
көмескі
3. Сирек кездесетін түрлері
менинготиф
пневмотиф
колонотиф
нефротиф
4. Бактериятасымалдаушылық
транзиторлы
жедел
созылмалы
5. Асқынулары
тән:
- ішектен қан кету
-
ішек перфорациясы, перитонит -
инфекциялық-токсикалық шок
тән емес:
-
пневмония -
менингит -
пиелит -
паротит
- тромбофлебит
Асқынулары. Іш сүзегінің асқынулары арнайы және арнайы емес болады. Арнайы асқынулар осы аурудың қоздырғышының әсерінен дамиды. Сүзектік жаралар пайда болған жағдайда жараның түбі қан тамыры болса ішектен қан кету асқынуы дамуы мүмкін. Жараның түбі ішектің қабықшасы болса ішек тесіліп (перфорация), перитонитке әкеліп соғуы мүмкін. Бұл асқынуларды жараның пайда болу мерзімінде, яғни аурудың 2-3 апталарында пайда болуын ескеріп алдын алу шараларын қолдану керек. Ішектен қан кетудің нышандары - терінің бозаруы, құрғауы, дене қысымының төмендеуі және түсуі, пульстің жиілеуі, күре тамыр қысымының төмендеуі, іштің кебуі және перистальтиканың күшеюі. Аурудың арнайы асқынуларының қатарына инфекциялық-токсикалық шок жатады, себебі ол қарқынды бактериемия, токсинемия кезінде дамиды.
Арнайы емес асқыну басқа микрофлорамен қоздырылады. Арнайы емес асқынуға өкпе қабынуы, ми қабықшаларының қабынуы, бүйректің қабынуы және тағы басқалары жатады. Басқа асқынуларда өкпенің қабынуы мүмкін, аурудың барлық кезеңінде отит, паротит, цистит, пиелонефрит, тромбофлебит, остеомиелит және т.б. дамиды.
Диагностикасы. Іш сүзегін анықтау алгоритмі №1 кестеде көрсетілген.
Іш сүзегін танып-білу үшін клиникалық мәліметтерден басқа, зерттеудің лабораториялық әдістерінің нәтижелеріне, эпидемиологиялық анамнезге сүйену керек.
Салыстырмалы диагнозды қызбамен сипатталатын барлық жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүргізу қажет: жедел респираторлы аурулармен, өкпе қабынуымен, милиарлы туберкулезбен, туберкулезды менингитпен, бруцеллезбен, безгекпен, мононуклеозбен, лептоспирозбен, сепсиспен және т.б.
№1 кесте
Іш сүзегін ерте (аурудың алғашқы 7 күнінде) анықтау алгоритмі
Маңызды диагностикалық белгілер:
-
қызба (5 күндей және одан көп) → инфекция -
бастың ауруы -
ұйқының бұзылуы
-
бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы → жайылмалы
инфекция
↓
Жұқпалы аурулардың 4 тобының біріне ішек, тыныс жолдары, қан арқылы, сыртқы тері арқылы жұғатын аурулар жатуы мүмкін
↓
Әртүрлі сепсистер мен басқа жұқпалы және жұкпалы емес аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізу
↓
-
Іште дискомфорт сезіну, энтерит синдромы, тістің дақтары бар ісінген тіл, илеоцекальды маңайдағы құрылдау мен ауырсыну сезімі, «оң» Падалка симптомы және Штернбергтің оң «қиылысу» симптомы
↓
ЖАЙЫЛМАЛЫ ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫ
↓
Қосалқы диагностикалық белгілер:
↓
-
Эпидемиологиялық анамнез (аурудың басталу кезеңіне дейінгі 3 апта уақытында үш түрлі жұғу жолдарын – су, тағам, қарым-қатынас/ анықтау). -
Аурудың кіші белгілері (ваготония белгілері). -
Гемограмманың өзгеруі (аурудың 5-ші күнінен кейін лейкопения мен тромбоцитопения, салыстырмалы лимфоцитоз, анэозинофилия).
↓
Шешуші диагностикалық белгілер:
-
Қаннан ауру қоздырғышын табу (қанды өт сорпасына немесе Раппопорт ортасына себу)
↓
ІШ СҮЗЕГІ
Сүзек-парасүзек ауруларының диагностикасы үшін алғашқы 5-6 күнде келесі клиникалық мәліметтердің үлкен маңызы бар: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация, “сүзектік тіл”, гепатолиеналды синдром, метеоризм, «оң» Падалка нышаны. Гемограммада іш сүзегіне тән өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофилдердің жоғарлауы.
Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректі орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін (копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (билиокультура) бактериотасымалдаушылардан ғана алып себеміз. Қоздырғышты сүйек кемігінің пунктатынан (миелокультура), розеола пунктатынан (розеолокультура) бөліп алуға болады, бірақ бұл әдістер қазіргі жағдайда қолданылмайды. Серологиялық әдістерден іш сүзегінің анықтауында агглютинация реакциясы – Видаль реакциясы, О- , Н-, Vi – антигендермен жүргізілетін тікелей емес гемагглютинация реакциясы (ТГАР) қолданылады. Диагностикалық титр – 1:200.