Файл: скемен Жоары Медициналы Колледжі шж кмк оудістемелік кешен.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 236
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі болып жедел және созылмалы дизентериямен ауыратындар, сонымен қатар бактериятасымалдаушылар есептеледі. Эпидемиологиялық маңызы жоғары болып бактериотасымалдаушылар, жеңіл және әлсіз ағымды жедел дизентериямен ауырып, медициналық мекемелерде емделмеген науқастар табылады. Тағамдық өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдар ауруын жасыруы нәтижесінде қазіргі кезде дизентерия ауруының негізгі көзі болып табылады.
Дизентерия - фекальді-оральді механизмен берілетін ауру. Аурудың берілу жолдары: тұрмыстық-жанасу, тағам (алиментарлы), су арқылы. Берілу факторлары болып залалданған су, тағамдар, жуылмаған көк өністер, жеміс жидектер, залалданған тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, лас қол табылады. Соңғы жылдары берілу факторы ретінде сүт және сүт өнімдеріне айырықша көңіл бөлген жөн.
В.И. Покровский мен Ю.П.Солодовниковтың (1980) ұсынған эпидемиологиялық теориясына сәйкес қоздырғыштың негізгі берілу жолы дизентерияның этиологиялық структурасына байланысты. Мысалы: Григорьева-Шига дизентериясының негізгі жұғу жолы - тұрмыстық, Флекснер және Ньюкастл - сулық, Зонне - тағамдық.
Дизентерия барлық жас топтары қабылдауға бейім инфекция, бірақ балалар жиі ауырады.
Патогенезі. Дизентерия кезіндегі патологиялық процестің даму механизмі төтенше күрделі және толық анықталмаған. Дизентерия қоздырғышының кіру қақпасы ауыз қуысы арқылы. Ауыз қуысынан қоздырғыш асқазанға түседі, онда тұз қышқылы, ас қорыту ферменттері, лизоцим әсерінен жартылай өліп, эндотоксин бөлінеді. Қалған бактериялар ащы ішекке өтіп энтеротоксин, цитотоксин бөледі. Тоқ ішекке жетіп қоздырығыштар эпителиальді жасушалардың ішіне енеді (жасушаішілік инвазияға бейімділігі - инвазивті қасиеті). Тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдалуы жедел дизентерияның колиттік вариантымен сипатталатын негізгі симптомдарына себеп болады.
Бактериалардың ыдыраған кезінде тоқ ішектің шырышты қабығында әртүрлі морфологиялық өзгерістер және жүйелік зақымданулар тудыратын көптеген токсинді өнімдер бөлінеді.
Тоқ ішектің гипермоторлы дискинезиясы, шырышты кабықтың серозды ісінуі дамиді, капиллярлық гемодинамика бұзылады және онда деструктивті процесстер туындайды, ішек микрофлорасының сапалық және сандық құрамы өзгереді. Жергілікті өзгерістермен қоса дизентериялық эндотоксині витамин және белок алмасуын бұзады, гемостаз өзгеруін шақырады. Қан құрамындағы токсиндер аурудың организміне әсер етеді соның ішінде перифериялық және орталық жүйке жүйелерінің интоксикация синдромының клиникалық көрінісі түрінде әсер етеді. Сирек жағдайда патогенетикалық маңызы жоқ қысқа мерзімді бактериемия байқалуы мүмкін. Дизентерияның патогенезіне бактериемия тән емес. Дизентерия – жергілікті инфекция. Патогенездің негізі - қоздырғыш токсиндерінің әсері. Токсиндердің әсерінен ағзаның жүйелері мен әртүрлі жасушаларында функциясына әсерін тигізетін биологиялық белсенді заттар нәтижесінде (гистамин, серотонин, кининде, простогландиндер, циклдік нуклеотидтер т.б,) және нейрогуморальді регуляция нәтижесінде ішектің функциональді қызметінде жан-жақты бұзылыстар жүреді.
Дизентерия патогенезінде аллергиялық фактор белгілі рөл атқарады.
Шигеллалардың ток ішектің шырышты қабығына енуі қорғаныс реакцияларының дамуымен жүреді: ІgА бөлінеді, сонымен қатар табиғи киллерлер γ- және α-интерферондарды түзеді. Дизентерия кезінде патологиялық процестің дамуында микроорганизм, оны қорғайтын табиғи факторлар шешуші роль ойнайды. Дизентерия дамуында табиғи резистенттіліктің жергілікті және гуморальді факторлары маңызды. Асқазан-ішек жолының қорғаныс бөгеттік функциясы да біраз роль алады. Химиялық бөгеттері - тұз қышқылы, ас қорыту жолының ферменттері, өт, ұйқы безі ферменттері. Механикалық бөгет функциясын перистальтика және ішектің зақымдалмаған эпителийлары атқарады. Биологиялық бөгет ішектің қалыпты микрофлорасының қорғаныс ролінен тұрады. Аурудың резистенттілік факторларының жағдайы өмір сүру жағдайымен, тамақтануымен, жасымен, қосымша ауруларының болуымен тығыз байланысты. Науқастың қорғаныс механизм жүйесінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейінде және ауруды дұрыс емдегенде, ауру көп жағдайларда тез жазылумен аяқталады. Бірақ кей жағдайларда созылыңқы ағымда өтуі және созылмалы түрге өтуі мүмкін. Созылмалы дизентерия кезінде интоксикация құбылыстары екіншілік роль, ал бірінші орында аурудың клиникалық бейнесін көрсететін асқазан-ішек жолының функциональді жағдайының бүзылыстары түрады. Дизентерия кезінде иммунитет түр-тұқым және тіпті типі арнайы болады, оның ұзақтығы 1-3 айдан 2 жылға дейін ауытқып тұрады.
Патанатомиясы. Дизентерия кезінде патоморфологиялық өзгерістер тоқ ішектің дистальді бөлгінде табылады: бірақ кейде басқа жүйелер мен ағзаларда табылуы мүмкін. Қабыну үрдісі тік ішек пен сигма тәрізді ішекте, тоқ ішектің төмендеген бөлігінде айқын (дистальды колит) көрінеді. Ішектің аталған бөліктерінің шырышты қабығы гиперемияланған, көбінесе ісінген, кейде майда қан құйылулар байқалады. Ішек қуысында және шырышты қабықтың бетінде шырышты немесе шырышты-геморрагиялық экссудат байқалады.
Микроскопиялық зерттеулерде тоқ ішектің шырыты қабығында қан тамырлық бұзылыстар шырышты және шырыш асты қабықтың гиперемиясымен, қан құйылулармен және ісінумен анықталады. Жабынды эпителий астына қан құйылу, оның қорғаныс қасиеті бұзылуына және кейінрек ойық жараның дамуына әкеледі. Дизентерияның жеңіл ағымды түрінде шырышты қабықтың жеңіл катаральді қабынуы, орташа ауырлықта-айқын қабыну процессі, ал айқын емес түрінде әлсіз қабыну немесе иммуноморфологиялық пролиферативті реакция болады. Ішектің фибринозды-некрозды зақымдалуында ішек қабырғасы лас сүр түсті тұтықпен жабылған, бұл некрозды тін болып табылады. Некроз ішектің кабырғасын бұлшық етті және шырыш асты қабатына дейін жететін терең болуы мүмкін. Шырыш асты қабат қалыңдаған, лейкоциттер мен лимфоциттер инфильтрацияланған: бұл процесс әсіресе тамырлар айналасында айқын болады. Некрозданған тіндердің ірінді балқуы мен түсуі ойық жараның пайда болуына әкелуі мүмкін. Созылмалы дизентерия кезінде морфологиялық өзгерістер әр түрлі болады. Қабыну прцессінің ағымы баяу, шырышты кабықтың айқын атрофиялық учаскелері көрінеді. Дизентерия кезінде ішектің жүйкелік аппараты жағынан едәуір өзгерістер анықталады. Ол ганглиозды клеткалардың дистрофиялық
процесстермен сипатталады, кейде олардың толық ыдырауымен аяқталады. Асқазанда анатомиялық және клиникалық көрсеткіштері жоқ геморрагиялық компонентті сипатталатын жедел гастрит белгілері анықталады, ал тоқ ішекте шырышты қабықтың қатпарлары мен бүрлерінің айқын серозды ісінуімен өтетін жедел капиллярлық толақандылық дамиды. Токсинемия салдарынан асқазан ішек жолының өзгерістермен қатар басқада ағзалармен, тіндерде арнайы емес өзгерістер дамиді.
Клиникалық көріністері: Дизентерияның жіктелуі №2 кестеде көрсетілген.
№ 2 кесте
Бактериальды дизентерияның жіктелуі
Түрі | Клиникалық варианты | Ағым ауырлығына байланысты | Ағым ерекшелігі | Этиологиясы бойынша |
Жедел дизентерия | колиттік | Жеңіл орташа ауыр ауыр | Көмескі созылыңқы | Зонне, Бойд, Флекснер, Григорьев- Шига, Лардж-Сакс, Штуцер- Шмитц шигеллалары |
гастроэнтеро- колиттік | Жеңіл орташа ауыр ауыр сусызданудың I, ІІ, ІІІ-ІV дәрежелері | | ||
| Гастроэнтериттік | Жеңіл орташа ауыр ауыр сусызданудың I, ІІ, ІІІ-ІV дәрежелері | | |
созылмалы дизентерия | | | рецидивті үздіксіз | |
бактерия тасымалдаушылық | | | субклиникалық реконвалесценттік |
Клиникалық ағымына байланысты дизентерияны жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел дизентерия бірнеше күннен 3 айға дейін созылады, 3 айдан ұзаққа созылатын дизентерия созылмалы деп есептелінеді. Ауру жиі жедел түрде өтеді. Клиникалық вариантары: колиттік, гастроэнтероколиттік, гастроэнтериттік. Типтік түріне колиттік вариант, атиптік түріне гастроэнтероколиттік, гастроэнтериттік варианттар жатады. Барлық варианттар кезінде міндетті түрде интоксикация синдромы қалыптасады. Ағымы бойынша жедел дизентерия жеңіл, орташа ауыр, ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Созылмалы дизентерияның ағымы үздіксіз және рецидивті болуы мүмкін.
Дизентерияның жедел түрі циклді процесс. Аурудың ағымында 4 кезеңді бөлу керек: жасырын, бастапқы, өршу және реконвалесценция (немесе аурудың нәтижелері). Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күн (көбінесе 2-3 күн).
Жедел дизентерияның колиттік варианты: Ауру әдетте кенеттен басталады. Науқаста іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, дефекация актісіне сәйес келетін сигма тәрізді ішек аймағында, кейіннен тік ішек аймағында тартып тұратын ауру сезімді тенезмалар пайды болады. Нәжісте патологиялық қосындылар (шырыш, қан) болады. Дәреттің жиілігі аурудың ауырлық дәрежесіне байланыты, бірақ көбінесе өте жиі аз мөлшерлі болады. Аурудың жеңіл ағымы жеңіл интоксикациямен және әлсіз колиттік синдромымен сипатталады. Дәреттің жиілігі тәулігіне 3-5 реттен 10 ретке дейін, нәжістің сипаты шырыш қоспасы кейде қан араласқан болады. Дене кызуы субфебрильді. Ректороманоскопия жүргізгенде катаральды, сирек катаральды-эрозивті проктосигмоидит анықталады.
Дизентерияның орташа ауырлықтағы колиттік түріндеанағұрлым айқын симптомдар байқалады. Бас ауруы, дене қызуы көбінесе -38-390С көтерілуі болады, ол осы деңгейде 2-3 күн сақталып тұруы мүмкін. Іштің төменгі жағында, сол жақ мықын аймағында орналасатын толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады. Ауру сезімімен қатар үлкен дәретке жиі шақырулар пайда болады. Үлкен дәрет алғашында нәжісті, шырыш пен қан араласқан, кейіннен ауру өршіген кезде үлкен дәрет нәжістік сипатын жоғалтып, «ректальді түкірік» түрінде болуы мүмкін. Нәжіске қан қосылу әлсіз болады - қан нүктесі түрінде. Үлкен дәреттің жиілігі тәулігіне 10-15 тен 25 ретке дейін өсуі мүмкін. Көптеген науқстар ұзақ уақыт бойы толғақ тәрізді іштің ауру сезіміне шағымданады. Кейде ауру сезімі жайылмалы сипатта болады, атипиялық локализация да кездеседі: эпигастральді, умбиликальді аймақтар. Кейде метеоризм байқалады. Пальпация кезінде тығыздалған ауру сезімді сигма тәрізді ішек анықталады. Оның ауру сезімі тығыздалуынан сирек байқалады. Тоқ ішектің қортуы, сіңіруі және моторлы функциялары бұзылады, кейбір ферменттердің активтілігі (лактаза, мальтаза) төмендейді. Дизентерияның бұл түрімен ауырған адамдарда, нәтижесі жақсы болған жағдайда ішектің функциональді және морфологиялық толық қалпына келуі 2-3 айға созылады.
Ауыр ағымды колиттік варианттағы жедел дизентерия айқын интоксикациямен және колиттік синдромымен сипатталатын типтік клиникалық түрде өтеді. Ауру кенеттен басталады. Негізгі шағымдары болып күшті толғақ тәрізді іштегі ауру сезімі жиі сұйық үлкен дәрет, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, кейде жүрек айнуы болады. Үлкен дәреті өте жиі болады. Ол нәжіссіз, сұйық шырышты-қанды, кейде ірің қоспасы кездеседі. Жүрек-қан тамыр жағынан тахикардия, ентігу, гипотония, (коллаптоидты саңға дейін) анықталады. Ректороманоскопияда шырышты қабаттың деструктивті өзгерістері эрозиялар және ойық жаралар түрінде көрінеді. Ішектің фукнциональды және морфологиялық қалпына келуі 3-4 айдан көп болуы мүмкін.