Файл: І модуль. Басару психологиясыны теориялы негіздері ылыми білімдер жйесі ретінде 1Дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 153

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

І Модуль. Басқару психологиясының теориялық негіздері ғылыми білімдер жүйесі ретінде

1-Дәріс. Басқару психологиясына кіріспе және даму тарихы және зерттеу әдістері

Дәрістің жоспары:

1.Басқару психологиясына кіріспе

2.Басқару психорлогиясының даму тарихы

3.Басқару психологиясының зерттеу әдістері

Түйін сөздер: басқару психологиясы, басқару жүйесі, басқару және тқлға

Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні бар, ол – басқару процестерін ұйымдастыру заңдылықтарын және процесс кезіндегі адамдар арасындағы қарым қатынасты зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды.

Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару кезіндегі психологиялық құбылыстарды анықтау, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашу және олардың арасындағы байланыс себептеріне қорытындылар мен ұсыныстар жасау.

Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің басқару мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, қызметкер тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек ұжымының даму заңдылықтары ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастарды қарастырады.

Басқару түрi- жоғары мемлекеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика.

Басқару психологиясы және зерттеу пәні.

  • Еңбек әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері;

  • Ақпараттарды қайта өңдеудің психологиялық ерекшеліктері;

  • Адам адамды қабылдау және бір біріне әсер ету механизмдері ;

  • Еңбек ұжымының және тұлғааралық қатынас қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері;

  • Басқару шешімдерін қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері және басқару іс әрекетінің психологиялық факторлары.

  • Басқару деңгейі:

  • Институционалды деңгей;

  • Басқару деңгейі;

  • Техникалық деңгей

Басқару психологиясының даму тарихы.

  • XX ғасырдың бірінші жартысында.

  • Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі;

  • Әкімшіліктік мектеп;

  • Адами қатынастар мектебі;

  • Басқару ғылымы.

‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.


Монархияның екі түрі:

Монархияның екі түрі бар: абсолютті және конституциялық. Бірінші түрінде мемлекет басы биліктің барлық түрін өз қолына шоғырландырады. Екінші түрінде монарх билігі мемлекет Конституциясымен шектелген. Кейбір жағдайларда ол заңшығарушы билікке қүзыры жетпей, монарх тек өкілдік қызмет атқарады.

Бұл парламенттік монархия. Басқа жағдайлар¬да монарх атқарушы биліктің тізгінін өзі үстап, парламентке айрықша ықпал етеді: ол өз алдында жауапты үкіметті тағайындайды, парламенттің шешімдерін кері қайтару құқына ие, парламенттің жоғарғы палатасының мүшелерін тағайындауы мүмкін әрі парламент таратуға құқылы. Бұл түрінде, көріп отырғанымыздай, монарх пен парламент мемлекет билігін бөліседі.

Конституциялық монархияның бүл түрін дуапистік деп атау да қалыптасқан. Республика басқару түрі ретінде монархиядан әлдеқайда кеш пайда болса да, ежелден белгілі. Монархиядан айырмашылығы мемлекет басшылығы ауыспалы әрі сайланбалы, ал оның билігі өкілетті орган мен сайлаушылардан тәуелді болып келеді. Республиканың үш негізгі түрлері белгілі: парламенттік, президенттік және жартылай президенттік.

Басқару әдістері:

  • Әкімшіліктік;

  • Ұйымдастырушылық;

  • Құқықтық реттеу әдістері;

  • Экономикалық;

  • Әлеуметтік психологиялық.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Басқару және оның әлеуметтік-психологиялық негіздері мәселесін қандай ғылымдар зерттейді?

2. Басқару психологиясының негізгі мектептері қалай жіктеледі?

3. Басқару психологиясының заңдылықтары қалай жіктеледі?
Әдебиеттер:

1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.

2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.

3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.

4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.

5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201

6. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.

7.Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.


ІІ Модуль. Басқару жүйесіндегі тұлға

2-Дәріс. Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі. Тұлға теориялары және оны басқару тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктері.

Дәрістің жоспары:

1.Басқару психологиясындағы тұлға түсінігі

2.Тұлға теориялары және басқару жүйесі

3.Басқару тәжірибесінде тұлғаны зерттеген зерттеулерді қолдану
Түйін сөздер: тұлға, тұлғаның психологиялық сипаттамасы, басқару психологиясы. басқару жүйесі, тұлға телориялары және басқару тәсілдері
Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен- концепциясы» өзін-өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.

  • Өзін-өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • «Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»);

  • Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен);

  • Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)

Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптасты

Тұлғаның анықтамасы көп.

  • Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.

  • И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.

  • А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам деп қарастырған.

«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.

Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.

А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді.

Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік ( өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге тырысу), бағыттылық (себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің) және әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.

Белсенділік тұлғаның маңызды қасиеттерінің біріне жатады және ол қажеттіліктерден туындаған мақсатқа жетіге бағытталып, оларды қанағаттандыруға жұмсалады.

Басқару жүйесіндегі тұлғаның жіктелуі

Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.


1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады.

2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам.

3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады.

4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.

5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт-дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.

6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам.

Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:

Майысқақтар, барлығын тез шешуді ұнатушылар, барлаушылар, тәлімгер, мақтаншақ, әңгімешіл., екпінділер, жергілікті психолог, жолы болғыш, жылауық, абыржыған, манипулятор.

Басқару әрекетінде ұйым келесі жағдайларды қарастырады:

- Ұйым жоспарының өңделуі мен орындалуын қатаң қадағалау;

- Өндірістің кадрлық және материалдық құрамдас бөлігінің фирма мақсаттары, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау

Тексеру сұрақтары:

1.Тұлғаның анықтамасы

2.Басқару жүйесіндегі тұлғаның Мен концепциясы

3.Діни және саяси адам

Әдебиеттер:

Армстронг М. Стратегическое управление человеческими ресурсами. - М.: ИНФРА-М., 2014.


2.Берн Э. Игры, в которые играют люди, люди которые играют в игры. - СПб.: Питер, 2012.

3.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.

4.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.

5.Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010 Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010

6.Розанова В.А. Психология управления. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез». – 2012.
3-Дәріс. Басқару өзара әрекетіндегі тұлға және басқарудың мотивациялық аспектілері

Дәрістің жоспары:

1.Басқару функциялары және басқарушылық

2.Басқарушының тұлғалық бейнесі

3.Басқару мотивациясы
Түйін сөздер: басқару функциялары, басқарушылық, мотивация, кадрлық саясат
Функциональды әкімшілік идеясы мен бастау принципін Анри Файоль біріктірді, оның теориясы бойынша әкімшілік екі бөліктен тұрады: біріншісі функция түсінігімен байланысты. Екіншісі принцип түсінігімен байланысты. Файоль бойынша функция іс-әрекет сферасын, жауапкершілікті және басқарушының біліктілігін анықтайды. Ол басқарушының не жасайтынына жауап береді.

Басқарушылықтағы Әлеуметтік психологиялық функция:

  • Еңбектен, ақы төлемінен қанағат алмау сезімін төмендету;

  • Тұлғааралық қатынастарды реттеу;

  • Қызметкерлердің заңдық қызығышылықтарын қорғау;

  • Қызметкерлердің тұрақты құрамын сақтау;

  • Кәсіби даму, өсу жағдайларымен қамтамасыз ету;

  • Тәрбиелік жұмыстар.

Басқару функциялары:

  • Жоспарлау

  • Ұйымдастрыу

  • Мотивация

  • Бақылау. Ф. Файоль бойынша.

  • Бляхман Л.С. бойынша басқару дың негізгі қызметтері:

  • Мақсатқа бағыттылық.

  • Әкімшіліктік ұйымдастырушылық әрекет.

  • Эксперттік әрекет.

  • Тәртіп стимул беруші әрекет.

  • Кадрлық саясат.

Рубахин Б.Ф., Журавлев А.Л., Шорин В.Г. Бойынша басқарудың негізгі функциялары:

  • Өндірістік:

  • Қызметкерлердің әрекетін координациялау;

  • Еңбек өнімдңлңгңнңғ жоғарылауын қамтамасыз ету;

  • Белсенді жұмыс ұйымдастыру;

  • Қызметкерлердің әрекетін бақылау, бағалау және коррекция жасау;

  • Ұжымдағы еңбек тіртібін ұстап тұру;

  • Кадрларды таңдай алу.

Басқару принциптері:

  • Тәртіп;

  • Марапаттау;

  • Әділеттілік;

  • Корпоративті рух;

  • Жеке қызығушылықтардың жалпы қызығушылықтарға бағынуы;

  • Жауапкершілік;

  • Бағыт бірлігі;

  • Тәртіп;

  • Жұмыс орнының тұрақтылығы;

  • Инициатива.