Файл: І модуль. Басару психологиясыны теориялы негіздері ылыми білімдер жйесі ретінде 1Дріс.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 155
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Менеджмент фирмаларының жалпы жұмыс аймағындағы функциялар негізгі үш топқа жинақталады:
Жалпы басқару ( нормативті қажеттіліктер мен саяси басқарудың, инновация саясатының, жоспарлау, жұмысты ұйымдастырудың, мотивация, координация, бақылау, жауапкершіліктің қалыптасуы);
Кәсіпорын құрылымын басқару ( оның құрылуы, іс-әрекет пәні, құқықтық формалары, басқа кәсіпорындармен байланысы, территориялық сұрақтар, ұйымдастыру, реконструкция, ликвидация);
Басқарудың нақты аймақтары ( маркетинг, НИОКР, өнім, кадрлар, финанстар, негізгі фондтар)
Басқарудың жалпы қызметінің кезеңдерге бөлінуі:
Болжамдау мен жоспарлау;
Жұмысты ұйымдастыру;
Мотивация;
Координация және реттеу;
Бақылау, есеп, анализ.
Іс-әрекет сферасындағы нақты болып табылатын қызметтері:
-
Перспективті және күнделікті экономикалық және әлеуметтік жоспарлау; -
Жұмысты стандартизациясы бойынша ұйымдастыру; -
Есеп және есеп беру; -
Экономикалық анализ; -
Өнімді дайындау техникасы; -
Метрологиялық тұрғыда қамтамасыз ету; -
Техникалық бақылау және зерттеу; -
Өнімнің өтуі; -
Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру; -
Еңбекті және еңбек ақысын ұйымдастыру; -
Материялды-техникалық жабдықтау; -
Күрделі құрылыс; -
Финанстық іс-әрекет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
-
1. Басқарушылықтың негізгі мақсат міндеттері. -
2. Басқарудың теориясы мен практикасының тиімді жақтары қандай? -
3. Басқару психологиясындағы басқарушылық стилі? -
4. Ресей, АҚШ, Жапония, Еуропада менеджменттің тарихы?
Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.
7.Розанова В.А. Психология управления. Москва. 2014г.
4-Дәріс. Басшының тұлғасы ұйымды басқарудың субъектісі ретінде
Дәрістің жоспары:
1.Басқару жүйесіндегі тұлға
2.Басшының психологиялық портреті
3.Басқару субъектілері
Түйін сөздер: басқару жүйесі, психологяилық портрет, басқару субъектілері, тұлға бейнесі
«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.
Тұлғаның анықтамасы көп.
-
Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі. -
И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары. -
А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам деп қарастырған.
«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.
Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен- концепциясы» өзін-өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.
-
Өзін-өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады: -
«Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»); -
Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен); -
Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)
Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптасты
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:
Майысқақтар, барлығын тез шешуді ұнатушылар, барлаушылар, тәлімгер, мақтаншақ, әңгімешіл., екпінділер, жергілікті психолог, жолы болғыш, жылауық, абыржыған, манипулятор.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тұлғаның психологиялық түсініктемесіне сипаттама бер.
2. Платоновтың тұлғаның құрылымы жіктемесін көрсет?
3. Мен сезімінің ерекшелігін талдаңыз?
4. Психологтар көрсеткен ұйым қызметкерлерінің түрлері қандай?
Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.
7.Розанова В.А. Психология управления. Москва. 2014г.
8. Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.
5-Дәріс. Жеке тұлғалар арасындағы қатынастар және қызметтік қатынастар мен байланыс.
Дәрістің жоспары
1.Тұлғағаралық қарым-қатынас
2.Қызметтік қатынастар психологиясы
3.Қызметтегі конфликтілер
Түйін сөздер: тұлғааралық қарым-қатынас, басқару жүйесіндегі коммуникация, қызметтік қатынастар психологиясы
Басқару әрекетінде ұйым келесі жағдайларды қарастырады:
- Ұйым жоспарының өңделуі мен орындалуын қатаң қадағалау;
- Өндірістің кадрлық және материалдық құрамдас бөлігінің фирма мақсаттары, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау
Файол басқаруды жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау сияқты бірнеше байланысқан функциялардан тұрады деп есептеген
Оның айтуынша, компанияның құрылуында белгілі бір жоспар болуы керек деп есептеген:
- Фирма қорлары (капитал, ғимарат, шикізат, белгілі бір жүйе, даңқ)
- Өндіріс маңыздылығы және құрам есебі;
- Техникалық, қаржылық, коммерциялық және басқа да жағдайларға тәуелді болашақ беталысы.
Басқару әрекетінде ұйым келесі жағдайларды қарастырады:
- Ұйым жоспарының өңделуі мен орындалуын қатаң қадағалау;
- Өндірістің кадрлық және материалдық құрамдас бөлігінің фирма мақсаттары, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау
А.Файоль еңбек ұйымындағы ғылыми концепцияның тереңделуіне және дамуына өз үлесін қосты. Ол басқару жұмысының барлық кешенін алты негізгі топқа бөлді және олардың мағынасын анықтады. 100% жұмыстың барлық мағынасын қабылдай отырып оларды пайызбен өңдеді:
- Техникалык операция (өндіріс, әрлеу, өңдеу) - 10%
- Коммерциялық операция (сатып алу, сату, ауыстыру) - 15%
- Қаржылық операция (қаржыны қатыстыру және оларды орнықтыру) - 10%
- Сақтандыру операциясы ( мүлікті және адамды сақтандыру) - 10%
- Есеп беру операциясы (бухгалтер, есеп беру, статистика) - 15%
- Әкімшіліктік операция (ұйым, бақылау және т.б) – 40 %
Генри Файоль басқару принциптерін жіктеді: еңбекті бөлу, тәртіп, персоналға сый ақы беру және т.б.
Өндірістегі ұйымда Тейлор 3 ұстанымды ашып көрсетті:
Саралау қызметі ұстанымы, жеке қызметкерлерге берілген нұсқаулар тобы. Жұмысшыларға белгілі бір өндірістік тапсырманы орындаудың әдістері көрсетілген жазбаша нұсқаулар беріледі.
Мамандану ұстанымы, әр адамның мүмкіндігі белгілі бір жұмысты орындауға жұмсалуы тиіс.
Материалды қызығушылық ұстанымы. Тейлор жұмыстары материалды қызығушылықтар ұстанымына басты рөл беретін «экономикалық адам» концепциясының негізін қалады.
Қызметкерлер атқарған жұмысына қарай жалақы алу тиіс деп пайымдады Тейлор.
Тексеру сұрақтары:
1.Саралау қызметі деген не?
2.Тейлордың теориясын талдау
3.Қызметтік қатынастар және коммуникация
Әдебиеттер:
1.Армстронг М. Стратегическое управление человеческими ресурсами. - М.: ИНФРА-М., 2014.
2.Берн Э. Игры, в которые играют люди, люди которые играют в игры. - СПб.: Питер, 2012.
3.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5. Митин А.Н. Психология управления. – М.:ВотерсКлувер, 2011 – 400 с.
6.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
7.Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010 Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010
8.Розанова В.А. Психология управления. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез». – 2012.
9. Элекронный учебник. Ахтаева Н.С. «Басқару психологиясы». // "Алла Прима" 2016г. 230стр. Қазақстан.
6-Дәріс. Ұйымдық іс-әрекеттер, топтық динамика, өзгерістер мен жаңалықтар
Дәрістің жоспары:
1.Басқару психологиясындағы ұйымдық әрекет
2.Басқарудағы топтық динамика
3.Басқару жүйесінде өзгерістер мен жаңалықтарды қабылдау
Түйін сөздер: ұйым және басқару, ұйымдағы адам мәселесі, топтық динамика, өзгерісті қабылдау, жаңалықты қабылдау психологиясы
Тейлордың идеялары америкалық зерттеушілер Френк (1868-1924) және Лилиан (1878-1972) Джилберттердің зерттеулеріне себепші болды. Френк Джилберт Тейлорға қарағанда «адами фактор» теориясын толықтай зерттеді. Ол алғаш рет Америкада еңбекті ғылыми ұйымдастыру жүйесін енгізіп нұсқаулар дайындады. Ол мамандық таңдаудың да еңбек нәтижесіне әсер ететінін анықтап «өз орнындағы адам» ұғымын енгізді.
Белгілі ұйымдастырушы инженер Гаррингтон Эммерсон (1835-1931) жеке қызметкерлердің еңбек тиімділігін көтеру жолдарын қарастырды. Ол Тейлордың идеяларын өзінің жұмысына себепші болды деп есептейді. Ол алғаш рет өндірісті дамытудың «мақсатқа сай»жүйесін енгізіп, «Өнімділіктің он екі ұстанымы» кітабын жазып шықты. Автордың ойынша ең басты мақсат – шығынды болдырмау қажеттілігі.
Р.Лайкерт осы бағытты дамыта отырып жақсы басшылықтың түрлерін көрсетті:
1. Басшы стилі. Басшы бағынушыларға сенетіндігін көрсетуі керек.
2. Мотивация. Басшы топтың қызмет фирмасын пайдалана отырып бағынушыларды белсендендіру және марапаттау.
Тексеру сұрақтары:
1. Басқару функцияларына сипаттама беріңіз.
2. Басқару функцияларын практикада қолданудың тиімді жақтары қандай?
3. Жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау функцияларына салыстырмалы талдау жасаңыз?
4. Ұйымдастыру фукнциясының адам өмірінде алатын орны.
Әдебиеттер:
1.Ахтаева Н.С.,Әбдіғапарова А.І, Бакбаева З.Н. Басқару психологиясы: Оқу құралы. –Алматы: Бастау баспасы, 2010.- 250 б.
2.Бердібаева С.Қ. Тұлға психологиясы. А, Қазақ университеті, 2016, 203 б.
3.Волкогонова О.Д., Зуб А.Т. Управленческая психология. – Москва: ИД «Форум» - Инфра, 2015.
4. Захарова Л.Н. Психология управления. Логос. 2014г.
5.Кабаченко В.С. Психология управления. Учебное пособие. – М.: Юнити, 201
6.Хасанова Г.Б., Исхакова Р.Р. Психология управления трудовым коллективом. Изд.КНИТУ. 2012г. 260стр.