Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 146

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Бөліп алынған культураның тазалығын анықтау

Микроорганизмдердің бөліп алынған культураларының тазалығын мұқият тексеру қажет. Бұл бірнеше әдіспен жүзеге асырылады: көзбен, микроскопиялық бақылау және қоректік орталарға егеді. Егер штрих бойынша өсу біртекті болмаса, культура ластанған деп есептеледі. Мұндай бақылау қатты ортаның бетінде өсуге қабілетті культураларда жүзеге асады.

Микроорганизмдер культурасының тазалығын міндетті түрде микроскоп көмегімен бақылау керек. Ол үшін фиксирленген боялған жасушалардың препаратын дайындайды да, оны иммерсионды жүйемен қарайды. Көптеген микроорганизмдердің таза культурасы морфологиялық жағынан біртекті, тек жасушалардың мөлшері бойынша түрленеді. Кейбір бактериялардың, мысалы, микобактериялар, нокардиялар, морфологиялық жағынан полиморфты, сондықтан мұндай культуралардың тазалығын микроскоппен бақылау кезінде көптеген қиындықтар туындайды.

Микроорганизмдер культурасының тазалығын қоректік ортаның бетіне егу арқылы тексереді. Алдымен бөлініп алынған культураны оның өсуіне қолайлы қатты ортаның бетіне егеді. Өскен колониялардың біртектілігі – таза культура алынғандығын дәлелдейді.

Көптеген хемогетеротрофтардың өсуін қамтамасыз ететін ет-пептонды агарлы ортаға егу арқылы ғана тексеруге болмайды. Әсіресе бұл автотрофты микроорганизмдерге, сонымен қатар гетеротрофтардың кейбір өкілдеріне қатысты болады. Мұндай микроорганизмдер культураларының тазалығын мына орталарға: сусло, ет-пептонды бульон, картопты агар, Эшби қоректік ортасы және т.б. егу арқылы тексереді.

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

  1. Спора түзетін бактериялардың жинақталған культурасын алу үшін 1 г пішендеме немесе шөпті 100-150 мл көлемді колбаға салып, оған 40-50o С температурада дейін жылжытылған 20-30 мл ағынды суды құйып, 30 минутқа бөлме температурасында қалдырамыз.

  2. 30 минуттан соң суды пішендемеден бөліп алып, ЕПА қоректік ортасы бар Петри табақшаларына егеміз. Қалған суды 3-4 пробиркаға 5-7 мл-құйып, оны мақта тығындармен жауып, 15-20 мин су моншасында қыздырамыз, сосын бөлме температурасында суытып, оларды ЕПА қоректік ортасы бар Петри табақшаларымен бірге 37oС температурадағы термостатқа 3-7 тәулікке қоямыз.

  3. Келесі сабақта (3-7 тәуліктен соң) пробиркадағы ерітіндіден фиксирленген жұғынды дайындаңыз және оларда Грамм әдісң бойынша және спораларды бояу әдістері бойынша бояңыз. Дайындалған препаратты иммерсионды жүйеде қараңыз және грамм оң таяқшаларды (Bacillus subtilis) бактериальді клеткалардың эндоспораларының суретін салыңыз.

  4. Петри табақшаларында культуралардың өсуін мұқият қараңыз.

  5. ЕПА табақшасынан жекеленген колонияны таңдап алыңыз. Оған сипаттама беріңіз: көлемі (ірі – диаметрi 4-6 мм жоғары, орташа – 2-4 мм, майда – 1-2, нүктелі- 1мм төмен), формасы (дөңгелек, амебоидті, ризоидты); түсі (мөлдір, күңгірт, флуоресцті, жартылай мөлдір, тұнық, жылтыр); беткейлік (тегіс, кедір-бұдырлы, қатпарлы, дөңесті), профилі (жалпақ, төбешік, қалақты, риозоидті, агарға жайылған); колония шеті (тегіс, толқынды, қалақты, ризоидты); құрылымы (біртекті, майда немесе ірі дәнді); консистенциясы (майлы, тұтқыр, қамыр тәрізді, қабықшалы).

  6. Одан әрі бір колонияны таңдап алып, оны ЕПА, ЕПБ пробиркаларына және ЕПА Петри табақшаларына егіп, 370 С температурада термостатқа қоямыз.

  7. 24-48 сағаттан соң ЕПА қоректік орталарда өскен колонияларды мұқият қараңыз. Дұрыс егілген жағдайда барлық колониялар біртекті әрі алдыңғы егілген (аналық) колонияға сәйкес келу қажет.

  8. Алынған колониядан фиксирленген боялған препарат дайындап, оны Грамм бойынша бояңыз. Дайындалған препаратты иммерсионды жүйеде қараңыз, егер ЕПБ және ЕПА өсіп шыққан бактериялар біртекті болса, онда бөліп алынған культура таза болып саналады.



Бақылау сұрақтары:

  1. Жинақталған культура дегеніміз не?

  2. Колония дегеніміз не?

  3. Жинақталған культура қалай алынады?

  4. Таза культура дегеніміз не?

  5. Таза культураны алудың техникасын айтып беріңіз.

  6. Бөліп алынған культураның тазалығын қалай анықтайды?

  7. Таза культураның біртекті болуы нені білдіреді?


Әдебиеттер

1. https://mbook.kz/

2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)

3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93