Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 142
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№ 10 зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдер әсерінен азотты заттардың өзгеріске ұшырауы
Сабақтың мақсаты: Құрамында органикалық заттары бар өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының табиғатта ыдырауы ауыл шаруашылық өндірісі үшін маңыздылығын түсіндіру.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Таразылар, 100-150 мл колбалар, дистелденген су, топырақ, су моншасы, электр плиткасы, спиртовка, ілмешек, пинцет, скальпель, заттық әйнек, целлофан, Петри табақшасы, фуксин ерітіндісінде қанықтырылған сүзгіш қағаз тілімдері, лакмус қағаздары, микропипеткалар, микроскоп, ЕПС, ЕПА құйылған пробиркалар, Несслер реактиві.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
Белоктар ыдырағанда, яғни аммонилануын зерттеу үшін қоректік орта ретінде 3% пептон қосылған ет сорпасын пайдалануға болады.Сыйымдылығы 100 мл колбаға 30 мл қоректік орта құяды да оған шай қасықтың 1/3 мөлшерде топырақ салады. Колбаларды мақтамен тығындайды. Колбаны мойны мен тығын арасына дистелденген сумен ылғалданған қызыл лакмус қағазын (бөлетін аммиакты қармау үшін) және сірке қышқыл қорғасын ерітіндісінде ылғалданған сүзгіш қағазды (күкірт сутегін анықтау үшін) қыстырып, сыртын перменгант қағазбен жауып қояды.
Тәжірибе 28-30 С температурада 3-5 тәулікте аяқталады. Колбаның ішіндегі ортаны тексереді. Белокты ыдыратқанда микроорганизмдердің түзген өнімін және осы процестің қоздырғышын анықтайды.
Белок өнімдерін анықтау тәсілдері:
Аммиакты анықтау. Колба ішіндегі қоректік ортада белокты ыдыратушы микроорганизмдер өскенде оның тығынына ілінген лакмус қағазы көгереді. Ал ортада аммиактың жиналғанын Несслер реактивінің көмегімен анықтайды. Реакция тамшылату әдісімен жүргізіледі. Шыны табақшаға Несслер реактивінің бір тамшысын, оның үстіне қоректік ортаның бір тамшысын тамызады. Аммиак көп болғанда қоңыр немесе қара қошқыл тұнба түзеді, ал ол болмаса орта қызғылт сары немесе сары түске боялады.
Күкіртсутекті анықтау. Мұны да колбаның мойнына қыстырылған, алдын ала сіркеқышқыл қорғасын ерітіндісіне ылғалданған сүзгіш қағазбен анықтайды. Егерде қағаздың сырты күміс секілді жылтырап тұрса, онда күкіртсутектің болғандығы
Блиц тест:
1.Табиғаттағы азот айналымы? А) нитрификация Б) аммонификация В) денитрификция С) нитрлену D) Барлық жауап дұрыс | 4. Нитрификация дегеніміз? А) органикалық заттың жай затқа минералдануы Б) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы В) нитраттың нитритке айналуы С) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы D) нитриттің аммиакқа айналуы |
2. Нитраттың химиялық жолмен тотықсыздануы? А) жанама денитрификация Б) тікелей денитрификация В) тікелей нитрификация С) жанама нитрификация D) аммонификация 3. Аммонификация дегеніміз? А) органикалық заттың жай затқа минералдануы Б) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы В) нитраттың нитритке айналуы С) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы D) нитриттің аммиакқа айналуы | 5. Денитрификация табиғатта қанша жолмен жүреді? А) 5 Б) 4 В) 6 С) 3 D) 2 5. Денитрификация дегеніміз? А) Органикалық заттың жай затқа минералдануы Б) Аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы В) Нитраттың нитритке, нитриттің аммиакқа, аммиактың азотқа айналып ауаға ұшып кетуі С) Аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы D) Нитриттің аммиакқа айналуы |
Бақылау сұрақтары:
1. Бактериялардың азот айналымындағы ролі
2. Күкірт қосылыстарының өзгерістері
3. Фосфор қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
4. Темір қосылыстарының өзгеріске ұшырауы
Глоссарий:
Аммонилану – топырақтағы органикалық заттардың микроорганизмдер әрекетінен аммиакқа немесе аммоний тұздарына дейін ыдырауы.
Нитрлену – табиғатта микроорганизмдер көмегімен азот қышқылының түзілу процесі. Нитрлену көбінесе органикалық заттар ыдырағанда сатылап өзгеру жолымен пайда болады. Онда алдымен аммиак,одан соң азотты қышқыл,соңында азот қышқылы түзіледі. Бұдан әрі топырақта азотты қышқылы басқа элементтермен әрекеттесіп азот қышқылының тұздарын- нитраттарды(селитра) түзеді. Бұл өсімдіктер үшін таптырмайтын қоректік зат.
Динетрлендіру – нитраттардың(азот қышқыл тұздарының) нитриттерге (азотты қышқыл тұздарына және аммиакқа,содан соң молекулалы азотқа) дейін тотықсыздануы. Бұл процесс ерекше динетрлендіруші бактериялар әсерінен топырақта,көңде т.с. жерлерде жүреді.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
№11 Зертханалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Топырақтағы микроорганизмдер санын жасанды қоректік ортаға себу әдісімен анықтау
Сабақтың мақсаты: Микроорганизмдердің топырақ түзілу процесіндегі маңызын түсіндіру
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Петри табақшасы, ішінде агары бар пробиркалар, саңылау диаметрі 0,25 мм сүзгі спиртовка, скальпель, аналитикалық таразы, заттық әйнек, ұстара, пробиркалар, жабын әйнек, зерттелетін топырақ үлгісі, резина қолғап, микроскоп.
Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.
ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.
IV. Тапсырмаларды орындау.
V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
Топырақ суспензиясын дайындау:
-
Топырақты жақсылап араластырып, механикалық қоспалардан тазартады -
10 гр топырақты өлшеп алады да, оның үстіне 1-2 мл залалсыздандырылған судан құйып 5 мин. араластырады. -
Езілген топырақты екінші құрғақ колбаға салады. Сонда 1/10-ға тең болады. -
Колбадағы топырақ суспензиясын 5 минут бойына шайқап, 30 минуттай тұндырады да залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып 9 мл залалсыздандырылған суы бар №1 пробиркаға құяды. Сонда 1:100 сұйылту алынады. Дәл осылайша бірнеше сұйылтуды 1:100 1:1000 жүргізеді.
Топырақ микроорганизмдерін бөліп алу үшін топырақ суспензиясын қоректік ортаның бетіне себеді. Алдымен пипеткамен 1мл сұйылтылған суспензия алынады. Заласыздандырылған пипеткамен сұйылтудан 1мл топырақ суспензиясыналып Петри табақшасындағы қатты қоректік ортаның ортасына құяды. Шпательмен осы тамшыны агар бетіне жақсылап жаяды. Сосын Петри табақшасын қақпағын төмен қаратып, 28-30С температурада термостатқа қояды. Петри табақшасындағы бактериялар колониясын 3-5, саңырауқұлақтар мен ашытқыларды 5-7, актиномицеттерді 7-15 тәуліктен кейін санайды. Егер Петри табақшасынан 50-200
колония бактериялар мен актиномицеттер, 30-50 колония саңырауқұлақтар табылса нәтиже дұрыс болғаны.
Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. Бұл үшін Петри табақшасының табанын тушь немесе сиямен бірнеше сегментке бөледі. Егерде қоректік орта мөлдір болса колонияларды табақша астына түсіп тұратын жарық сәулемен санайды. Ал егер орта мөлдір болмаса микроорганизмдер колониясын ортаның бет жағынан санайды.
Блиц тест:
1.Микроорганизмдер клеткасындағы геннің толық жиынтығы: А) генотип Б) фенотип В) диссоциация С) модификация D) Барлық жауап дұрыс | 4. Морфологиялық белгілері әртүрлі бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы: А) микроорганизм Б) штамм В) колония С) клон D) культура |
2. Белгілі бір қасиеттің тұрақты күйде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы: А) өзгергіштік Б) тұқым қуалаушылық В) модификация С) адаптация D) диссоциация | 5. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік: А) генетикалық рекомбинация Б) фенотиптік В) модификация С) адаптация D) диссоциация |
3. Генетикалық рекомбинация тәсілдері: 6. Трансдукция тәсілі қаншаға ажыратылады:
А) трансформация , трансдукция, коньюгация А) 2
Б) жалпы, абортивті Б) 3
В) коньюгация В) 4
С) жалпы, ерекше С) 5
D) абортивті D) 6
Бақылау сұрақтары:
1.Өзгергіштік (фенотиптік және генотиптік)
2.Мутация, мутаген түрлері
3.Генетикалық рекомбинация
4. Генетикалық рекомбинация тәсілдері
Глоссарий:
Гумус – қарашірік, құрамында дәрумендер, түрлі өсуді қолдаушы биотикалық заттар болады.
Азотты сіңіру – атмосферадағы бос күйіндегі молекулалық азоттың биохимиялық жолмен азот қосылыстарына айналуы. Мұның топырақ құнарлығы үшін маңызы зор. Оларға: 1) бұршақ тұқымдас өсімдіктермен бірлесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары: 2)топырақта жеке күйінде тіршілік ететін азот сіңіруші бактериялардың екі тобы: азотобактер және клостридиум пастеурианум жатады.
Әдебиеттер
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
4. Шоқанов Н., Сағындықова С., Серікбаева Ф. Микробиология. Алматы, 2003