Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 144

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


12 Зертханалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауа микрофлорасын зерттеу

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ауа микрофлорасын зерттеуді түсіндіру

Сабаққа қажетті материалдар мен құрал жабдықтар: Залалсыздандырылған Петри табақшасы, ет пептонды агар (пробиркада), су моншасы және қоректі заттар.

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.

ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.

IV. Тапсырмаларды орындау.

V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

Бөлменің ауа микрофлорасын зерттеу:

  1. Петри табақшасына балқытылған ет пептонды агарды жұқалап құяды.

  2. Петри табақшасы қақпағының сыртына тәжірибе вариантын жазып қояды.

  3. Осыдан кейін ауа микробын қамау үшін Петри табақшасын бөлмеге қойып, қақпағын ашылған қалпында ол жердің ластану деңгейіне қарай 10 минуттан, 1 сағатқа дейін қалдырады. Тәжірибе дәптеріне оның уақытын белгілеп қою шарт.

  4. Уақыт мерзімі біткен соң табақша қақпағын жауып, оны 37С температурасы бар термостатқа орналастырады. Одан соң табақшаны алып 25С температураға ауыстырады. Тәжірибе екі рет қайталанады.

  5. Тәжірибе уақыты біткеннен кейін табақшадағы сол мерзім ішіндегі өсіп шыққан микробтар колониясын санайды.

Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. Әдетте сапрофит микробтардан ет пептонды қоректік ортада әртүрлі коккалар, соның ішінде сары сарцина, споралары бар таяқшалар және әртүрлі зең саңырауқұлақтары өсетінін анықтауға болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Патоген микроорганизмдер, олардың ерекшеліктері

2. Иммунитет және олардың түрлері

3. Иммунитеттің табиғи физиологиялық факторлары

4. Вирустардың көбею жолдары
Глоссарий:

Колония – қоректік заттар бетінде немесе қатты және сұйық қоректік орталар ішінде орналасқан бір түрге жататын бактериялар жиынтығы. Пішіні жағынан олар түрліше болып келеді. Негізінен бір клеткадан дамыған түр сипатын анықтай алады.

Қоректік орталарды мөлдірлендіру –
анаэроб микроорганизмдердің бөлініп алынған колонияларын анықтап көру мақсатында агарлы және желатин қосылған қоректік орталарды мөлдірлендіреді. Ол үшін тауық жұмыртқасының ақ уызын қолданады.

Әдебиеттер

1. https://mbook.kz/

2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)

3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93

4. Шоқанов Н., Сағындықова С., Серікбаева Ф. Микробиология. Алматы, 2003


13 Зертханалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Су микрофлорасын зерттеу

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі су қоймаларында микроорганизмдердің тіршілік ететінін түсіндіру

Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: Микроскоп, ішінде ЕПА бар залалсыздандырылған пробиркалар, Петри табақшалары, 1 мл-лік пипеткалар, ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар пробиркалар, су моншасы, электроплитка, термометр, құбыр суы (колбада немесе пробиркада), ашық жерден алынған су, спиртовка, сіріңке, залалсыздандырылған шпательдер, микробиологиялық ілмешектер, заттық әйнектер, бояулар, тушь.

Сабақтың жоспары: І. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау.

ІІ. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

ІІІ. Лабораториялық жұмыстарды орындау.

IV. Тапсырмаларды орындау.

V. Білімнің ақырғы деңгейін анықтау.
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

Суды тексеру:

  1. Қатты қоректік орта ретінде ет пептонды агарды пайдаланады.

  2. Тексеру мақсатында ашық бөгеннен және құбыр суынан 5-10 мл залалсыздандырылған пробиркаға немесе колбаға құйып алады да залалсыздандырылған мақта тығынмен тығындайды. Тәжірибелік үлгіні 4С температурада 3 сағаттай сақтайды.

  3. Микроорганизмдер санын анықтағанда тексерілетін суды сұйылту керек. Оны былай жүргізеді: ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар бірнеше пробиркаларды дайындайды. Пробиркаларды нөмірлейді. Залалсыздандырылған пипеткамен тексерілетін судың 1 мл алып ішінде 9 мл залалсыздандырылған суы бар пробиркаға құяды. Бұл жұмысты спиртовка жалынында жүргізу керек. Сонда сұйылту 1:10 болады. Пробирка ішіндегі суды сол пипеткамен үрлеп араластырады да, жаңа залалсыздандырылған пипеткамен оның 1 мл алып №2 пробиркаға құяды, сонда сұйылту 1:100 тең болады. Жұмысты осылай жүргізе отырып, жалпы сұйылту санын №10 пробиркаға дейін жүргізеді. Ашық сулардың сұйылту дәрежесін 1:1000 кем жасамау керек. Соңғы, яғни бұл жағдайда №3 пробиркадан залалсыздандырылған пипеткамен 1 мл алып Петри табақшасына тамызады да, үстіне су моншасында балқытылған ет пептонды агардың (ЕПА) 10 мл құйып, табақшаны жауып, тегіс жерде шайқай отырып, біркелкі етіп қатырады. Тексерілген суды алдын ала қатырылып дайындалған агар бетіне тамызып, залалсыздандырылған шпательмен жаюға болады. Табақшаны жауып, сыртына тиісті тәжрибені жазып, 22-25 С термостатқа қояды.Тәжрибе 3 рет қайталануы тиіс.

  4. 4-5 тәуліктен соң Петри табақшасында өскен бактериялар колониясын санап, 1 мл судағы санын анықтайды.


Петри табақшадағы микроорганизмдер колониясын санау. 1 мл тексерілген судағы бактериялар санын анықтау үшін екі параллель Петри табақшасындағы колониясын санап, сол тостағанша сыртында жазылған сұйылту дәрежесіне көбейтеді. Мысалы, сұйылту дәрежесі 1:100, 1 мл Петри табақшасына құйылған тексеруге арналған суда орта есеппен 160 колония өсіп шықты дейік. Сонда тексерілмекші 1 мл суда 160х100=1600 бактерия болғаны.
Блиц тест:


1.Топырақта көп таралған микроорганизмдер?

А) термофильдер

Б) мезофильдер

В) психрофильдер

С) мезофильдер мен психрофильдер

D) Барлық жауап дұрыс


4. Ризосфера нешеге бөлінеді?

А) 5

Б) 4

В) 6

С) 3

D) 2


2. Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай микориза бөлінеді?

А) эктотрофты

Б) экзотрофты және эндотрофты

В) эктортрофты және экзотрофты

С) эндотрофты

D) Дұрыс жауап жоқ


5. Нитрификация дегеніміз?

А) органикалық заттың жай затқа минералдануы

Б) аммиактың азотқа айналып ауаға таралуы

В) нитраттың нитритке айналуы

С) аммиактың микроорганизмдер көмегімен азот қышқылына айналуы

D) нитриттің аммиакқа айналуы


3. Микоризалық саңырауқұлақтарды ашқан 6. Микроб- антагонистер бөлетін заттар?

ғалым?

А) Л.Пастер А) антибиотиктер

Б) Э.Деннер Б) витаминдер

В) И.Мечников В) ферменттер

С) Ф.И.Каменский С) амин қышқылдары

D) А.Левенгук D) гормондар
Бақылау сұрақтары:

  1. Микроорганизмдердің экологиялық орталары

  2. Су микрофлорасы: теңіз мұхит сулары мен ашық су қоймалары, жер асты суларының микробтық құрамы; судағы ашу, шіру процестері, маңызы

  3. Ауыз судың санитарлық – микробиологиялық бағалануы (гост бойынша)

4. Ауа, су арқылы таралатын аурулар

Глоссарий:

Эпифит микроорганизмдер – өсімдіктердің сыртқы бойында орналасып, тіршілік ететін микроорганизмдер. Олар сапрофиттер, бірақ кейде паразит түрлері де кездесіп қалады.

Сапрофиттер – жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары және басқа да бөлінділермен қоректенетін организмдер. Паразиттік қасиеті жоқ бактериялар мен саңырауқұлақтар.


Штаммалар – морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей, бір түрге жататын микроорганизмдер культурасы.

Әдебиеттер

1. https://mbook.kz/

2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)

3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93
14-15 Зертханалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Микроорганизмдердің таза культураларын бөліп алу

Сабақтың мақсаты: Студенттерге жинақталған культураларды алу және таза культураларды бөліп алу (Кох әдісі) әдістерін меңгеруге үйрену

Сабаққа қажетті материалдар және құрал жабдықтар: 1 г пішендеме немесе шөп, 20-30 мл ағынды су, электрлік пеш немесе су моншасы, залалсыздандырылған пробиркалар, ЕПБ (ет-пептонды бульон) және ЕПА (ет-пептонды агар) бар пробиркалар, ЕПА өсірілген бактерия культуралары, бактериологиялық ілмек, спиртовка, 37oС температурадағы термостат.

Теориялық бөлім

Микроорганизмдердің физиологиясын, биохимиялық қасиеттерін, даму кезеңдерін таза культуралармен жұмыс жасау барысында зерттейді. Микроорганизмдердің бір ғана түрінен тұратын культураны таза культура деп атайды. Таза культураны бөліп алу үш сатыдан тұрады: жинақталған культураны алу, таза культураны бөліп алу, бөліп алынған культураның тазалығын анықтау.

Жинақталған культураны алу

Бір физиологиялық топтың өкілінен немесе микроорганизмдердің бір түрінен тұратын культураны жинақталған культура деп атайды. Микробиологиялық зерттеулердің тәжірибелеріне жинақталған культуралардың әдісін С.Н.Виноградский мен М.Бейерник енгізді. Оның мақсаты – қажетті немесе араласқан культураның микроорганизмдер топтарының дамуын қамтамасыз ететін элективті жағдай жасау болып табылады. Элективті жағдай жасау кезінде бөліп алынатын микроорганизмдердің физиологиясын немесе қасиеттерін білу қажет. Элективті жағдайларға сәйкес қоректік орталарды таңдау арқылы жасайды, себебі әр түрлі микроорганизмдер өздерінің даму жолында әр түрлі қоректену көздерін қажет етеді. Мысалы, молекулалы азотты бөліп шығаруға қабілетті микроорганизмдер азот формаларымен қатысы жоқ ортада өсе алады. Егер мұндай ортаға топырақты енгізетін болсақ, бірінші кезекте азотфиксаторлар дамиды. Микроорганизмдердің бір тобының қажеттіліктерін қанағаттандыратын арнайы қоректік орталар элективті деп аталады.


Таза культураны бөліп алу

Жинақталған культура алынғаннан соң таза культураны бөліп алуға кіріседі. Таза культура жеке колониялардан немесе бір жасушадан алынуы мүмкін.

Таза культураны жеке колониядан бөліп алу

Микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алудың негізгі әдісі Р.Кох ұсынды. Бұл әдістің негізгі принципі – жеке колониядан таза культураны бөліп алу. Бұл әдіс қатты ортада өспейтін немесе нашар өсетін микроорганизмдерді бөліп алуда қолданылмайды. Мұндай микроорганизмдердің қатарына кейбір бактериялар, көптеген балдырлар мен қарапайымдылар жатады.

Аэробты микроорганизмдердің таза культурасын бөліп алу үшін алдымен жинақталған культураны қатты ортаның бетіне егеді. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: автоклавта немесе су моншасында ерітілген залалсыздандырылған агарлы қоректік ортаны таза Петри табақшаларына құяды. Қоректік орта суығаннан кейін, соның бетіне пипеткамен жинақталған культураның тамшысын тамызады да, Дригальскийдің таза шыны шпателімен тамшыны Петри табақшасына мұқият егеді. Содан соң осы шпательді 2-ші, 3-ші, 4-ші Петри табақшаларының бетіне жағады.

Егуден кейін Петри табақшаларының қақпағын төмен қаратып, термостатқа орналастырады. Себебі, жеке колония алу кезінде Петри табақшаларының қақпағында түзілген конденсационды судың кедергі болуын тоқтатады. Петри табақшаларын термостатта микроорганизмдер өсімінің жылдамдығына қарай 1-7 тәулік аралығында ұстайды. Әдетте алғашқы бірінші және екінші табақшаларда инкубациядан кейін микроорганизмдердің жаппай тегіс өсуі байқалады. Ал үшінші және төртінші Петри табақшаларында культуралардың жеке дара колониялары өсіп шығады. Соңғы Петри табақшасында өсіп шыққан жеке колониядан алынған культураны әрі қарай жаңа қоректік ортаға ілгектің көмегімен штрих әдісі бойынша немесе сұйық ортаның бетіне егеді. Әрбір жаңа штрих алдында ілгектерді от жалынында залалсыздандырады.



Шпатель көмегімен микроорганизм культураларын қатты ортаның бетіне егу:

  1. Дригальский шпателі;

  2. Егу;

  3. Егуден кейінгі микроорганизмдердің колониясы.




Микроорганизмдер культурасын қатты ортаның бетіне ілмек көмегімен егу сызбанұсқасы