Файл: азастан Республикасыны білім жне ылым министрлігі . Жбанов атындаы Атбе ірлік университеті Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 145
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
.
2. “аспалы тамшы” әдісі микроорганизмдердің қозғалысын анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар микроорганизмдердің көбеюін, спора түзуін, жасушаның химиялық тітіркендіргіштерге қатынасын зерттеуге болады. Препаратты дайындау үшін микроорганизмдер суспензиясының кішкене тамшысын жабын әйнекке тамызады. Содан соң жабын әйнекті төңкеріп, ортасында ойығы бар залалсыздандырылған заттық әйнекке жабады. Тамшы ойыстың түбіне тимей,еркін салбырап тұруы тиіс. Ойыстың жиектеріне алдын-ала вазелин жағылады.
3. Фиксацияланған клеткалар препараттарын дайындау:
а) жұғынды дайындау.Тазартылған заттық әйнекке құбыр суының кішкене тамшысын тамызып,, оған бактериалдық ілмекпен зерттелетін мәдениеттің азғана мөлшерін қосады. Алынған суспензияны бактериалдық ілмекпен заттық әйнектің 1-2 см2 бетінде біркелкі жағады.
б) жұғындыны кептіру. Жұғынды бөлме температурасында жақсы кептіріледі. Егер баяу кебетін болса, препаратты жылы ауа ағынында қыздыруға болады, бірақ жұғындыны қатты қызып кетуден сақтау керек.
в) фиксациялау. Фиксациялауда кең қолданылатын әдіс – термиялық өңдеу. Ол үшін заттық әйнекті жұғындысын кептіріп, спиртшам жалыны арқылы 3 рет өткізеді (қатты қыздыруға болмайды). Сонымен қатар химиялық заттармен де фиксациялауға болады: ол үшін фиксациялаушы сұйықтықты жұғынды бетіне құйып немесе препаратты белгілі бір уақытқа фиксаторы бар стаканға орналастырады. Фиксациялауды аяқтаған соң препаратты құбыр суының ағынында фиксатордан тазартады.
г) бояу. Микроскопиялық препараттарды бояғанда қолданатын негізгі бояғыштар – фуксин, генцианвиолет, метилен көгі.
Фиксацияланған препаратты кюветаға орналастырылған шыны көпіршеге қояды да, бояғыш ерітіндісінің бірнеше тамшысын пипеткамен құяды. Боялу ұзақтығы – 1-3 минут. Бояу кезінде жұғындыдағы бояғыш ерітіндісі құрғамауы тиіс, қажетінше бояғышты жаңадан қосып тұру керек. Бояуды аяқтаған соң ағатын су түссіз болғанша жұғындыны су шашқыш көмегімен жуады. Осыдан кейін препаратты ауада кептіреді немесе фильтр қағазымен жайымен құрғатып, иммерсиялық объективпен қарайды.
1. Таяқшалы бактерияның ЕПА-дағы өсімі (пробиркада)
2. Тірі микроағзалардан препараттар дайындау
3. Жаншылған және «аспалы тамшы» тәсілімен жағынды дайындап, пішіні мен қозғалысын бақылап суретін хаттама түрінде орындау.
4.Демонстрациялық препараттарды қарап (таяқша, кокка, иілген, жіпшелі микробтар) пішінін, орналасу ерекшелігін ажырату, суретін салу.
Хаттама
Микроорганизмдердің морфологиясын зерттеу
Блиц тест:
Бақылау сұрақтары:
1. Микроорганизмдермен жұмыс жасау ережелері
2. Микроорганизмдердің препараттарын дайындау әдістері
3. Микроорганизмдер морфологиясы
4. Бактериялардың құрлысы
5. Бактериялардың жіпшелерінің орналасуына қарай бөлінуі
6.Бактериялардың қозғалысын анықтау әдістер
Глоссарий:
Микроорганизмдер– көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер.
Клетка (торша) – организм құрылысындағы ең кішкене бөлік. Ол организмдердің өлшем бірлігі болып есептеледі. Клеткада организмге қажетті барлық заттар және олардың ыдырауы қайтадан жаңа заттардың түзілуі осы клеткада жүреді.
Жұғындылар - микроскоппен зерттеу үшін заттық әйнек бетіне жағылған зерттелетін материалдан дайындалып(микробтардан,қаннан т.б.) жасалатын препарат.
Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№ 3-зертханалық сабақ
Тақырыбы: Ашытқы саңырауқұлақтарын анықтау
Сабақтың мақсаты: ашытқы саңырауқұлақтарын анықтап, ашытқылардың түрлерімен танысу, ашытқы саңырауқұлақтарының тағам өндірісіндегі маңыздылығын айқындау, ашытқылардың биомассасына сыртқы орта факторларының әсерін бақылау.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоп, құрғақ ашытқы, қант, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шыны, пипетка, колбалар, бактериологиялық ілмек, бояғыш заттар, зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Теориялық бөлімі
Ашытқы саңырауқұлақтары – бір клеткалы микроскоптық саңырауқұлақтар. Клеткасының диаметрі 8-15 м (микрон миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Пішіні эллипс, алмұрт, дөңгелек және цилиндр тәрізді.
Ашытқы саңырауқұлағы
Вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолмен көбейеді, қозғалмайды. Вегетативтік жолмен көбейгенде бүршіктер түзеді. Оларға Saccharamyces және Zipamyces жатады. Кейде көбейген клеткалар бір-бірінен бөлінбей бір жерге шоғырланып орналасса, онда нағыз мицелий түзіледі. Жыныссыз жолмен көбейгенде де арнаулы қапшықтарда спора түзіледі. Споралары қолайсыз ортаға төзімді. Олардың тыныштық формасы – хламидоспоралар. Ол липид сияқты қоректік заттардың қорына бай, дөңгелек қалың қабығы бар клеткалар. Жаңадан жасалған қоректік ортаға сепкенде олардың клетка қабығы шапшаң ыдырайды да, бүршіктенуі өте белсенді жүреді. Кейбірінің клеткасы белгілі бір жағдайға тап болғанда, полисахаридтерден тұратын шырыш капсулалармен қоршалады. Ядросы цитоплазмамен екі қабат саңылауы бар жарғақшамен оқшауланған. Ядроның ішінде ядрошық болады.
Ядрода митохондриялар болады. Оның клеткадағы саны жүзден мыңға дейін барады. Барлық эукариоттар сияқты ашытқыш саңырауқұлақтарда цитоплазмалық мембрана жақсы дамыған. Онда эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты және мезосомалар орналасқан. Белгілі бір қоректік ортада өсіргенде ашытқыш саңырауқұлақтар клеткасында қор заттары жиналатыны байқалады. Оған дән тәріздес гликоген мысал бола алады. Ашытқыш саңырауқұлақтар липидтерде жиналады. Вакуольде полифосфат дәндері сабақтарда көбінесе нан ашытқыш саңырауқұлақтары қолданылады. Сүт қышқылы ашу процесін зерттегенде онда жақсы тіршілік ететін Oidium lactis ашытқыш саңырауқұлақтары қарастырылады.
Ашытқы саңырауқұлағының микроскоптағы көрінісі
Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтардың басқа микроорганизмдерден айырмашылығы оның зең саңырауқұлақтарының мицелийі сияқты ұзын, бұтақтанатын мицелийінің болуында. Жалпы алып қарағанда, саңырауқұлақтар мен бактериялардағы болатын қасиеттердің актиномицеттерге де тән екендігі белгілі.
Қатты қоректік ортада өскен актиномицеттерден оларға тән құрылымдар мен колониялардың бояуын жәй көзбен көруге болады. Бұл колониялардың бір жартысы қоректік орта ішінде орналасса, қалған бөлігі ауа мицелийі түрінде, оның бетінде өсіп өнеді. Оның ұшында споралар орналасқан бұтақшалар немесе споратасығыштар түзіледі. Спора орналасқан бұтақшалардың бір бөлігімен немесе спораларымен актиномицеттер көбейеді.
Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.
Актиномицеттер
1. Streptomyces; 2. Streptoverticillium; 3. Nocardia;
4. Micromonospora; 5. Streptosporangium.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. 1 мг өнімді (құрғақ ашытқыны) 100 есе дистилденген стерильді суға араластырыңыз.
2. 1 мл сұйылтылған өнімді екпе материалы тегіс орналасуы үшін Петри табақшасына салып жеңіл айналдырып шайқау жолымен мұқият араластырыңыз.
3. 1 мл сұйылтылған өнімнің үстіне жылы қантты суды тамызыңыз.
4. Таза заттық шынының үстіне пипетканың көмегімен зерттеуге алынған материалдың бөлігін жағыңыз;
5. Дайындалған препаратты бөлме температурасында кептіріп, от жалынында ұстаймыз да, бояғыш заттардың көмегімен бояңыз;
6. Дайындалған препаратты микроскопқа қойып, ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасын қараңыз;
7. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасының микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салыңыз;
8. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша құрылысының суретін салып, құрылысын ажыратыңыз;
8. Жасалынған зертханалық жұмыстың есебін дәптерге жазып, ашытқы саңырауқұлақтарының тағам өнеркәсібіндегі маңыздылығын, ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша алу технологиясын түсіндіру.
1. Ашытқы саңырауқұлақтарының морфологиясын зерттеу.
1. 10 %-ті қант ерітіндісінде өсірілген нан ашытқысынан жұғынды даярлау.
2. Жұғындыға метилен көгін тамызып, спиртовка жалынында қарып алу қажет.
3. Препаратты иммерсиялы жүйеде микроскоппен қарайды.
4. Клетканың ішінде волютин болса, ол көк-күлгін түске боялады, ал плазмасы – ашық көк түсті. Препаратқа 5%-ті сода ерітіндісімен әсер етсе, волютин түссізденеді, ал плазма сол ашық-көк күйінде қалады. Егерде иод ерітіндісімен әсер етсе көк-күлгін түс қара түске айналады.
5. Көрген бейнелердің суретін салу
2. Гликогенді анықтау. Микроб клеткасында гликоген (жануарлар крахмалы) жиі кездеседі. Бұны анықтау үшін бактериялар культурасының бір тамшысын сондай мөлшердегі Люголь ерітіндісімен араластырады. Сонда гликоген қызыл түске боялады. Гликоген ашытқыда, шөп таяқшасында кездеседі. Клеткада гликоген жиналуы үшін қоректік орта көмірсуға бай болуы тиіс.
3. Нейссер бойынша волютинді анықтау. Волютин микробтар клеткасында түйіршік түрінде кездеседі. Олар полифосфаттар мен нуклеин қышқылына ұқсас болып келеді. Волютинді табу үшін бояудың күрделі әдісін қолданады. Өйткені мұнда бірнеше бояу және олардың қоспасы қолданылады.
Бояу тәртібі: Дайын фиксацияланған жұғындыға метилен көгін тамызып, 1-2 минут ұстайды. Сумен жуады. Одан ары Люголь ерітіндісін тамызып, 20-30 секундт ұстайды. Ерітіндіні төгеді де сумен жумай 2-3 минуттай везувин немесе хризоидин ерітіндісімен бояйды. Содан кейін сумен жуып, кептіреді. Бактериялар клеткасы ашық қоңыр, ал волютин көк түске боялады.

Күні | Зерттеу нысаны | Зерттеу барысы | Нәтиже |
І | ЕПА-дағы таяқшалы бактерия өсімі |
| |
І | ЕПА-дағы таяқшалы бактерия өсімі |
| |
І | Демонстрациялы, дайын жағынды препараттар | 1.Микроскоппен қарап, пішінін ажырату, суретін салу. | |
Блиц тест:
1. Микроскопты алғаш ашқан ғалым? А) А.Левенгук В) В.Д.Тимаков С) К.Грам D) Л.Пастер Е) Р.Кох | 4. Микроорганизмдердің қозғалысын анықтау (тірі күйінде зерттеу) әдісі? А) грамм әдісімен бояу В) «ілінген тамшы» препаратын дайындау С) әсерлестік қою (серологиялық әдіс ) D) тері –аллергиялық сынақ қою Е) ондай әдіс жоқ |
2. Жағынды препаратты бекіту әдісі? А) от жалынында В) автоклавта С) термостатта D) центрифугада Е) бояу арқылы 3.Эукариоттар патшалығына жатады? А) вирустар В) бактериялар С) саңырауқұлақтар D) риккетсиялар Е) микоплазмалар | 5. Бекітілген боялған жағынды препарат дайындаудың неше сатысы бар? А) 4 D) 5 В) 2 Е)7 С) 7 6. Микроорганизмдерді өсіру үшін қолданатын құрал? А) Автоклав В) Термостат С) Центрифуга D) кептіру пеші Е) фильтрлер |
Бақылау сұрақтары:
1. Микроорганизмдермен жұмыс жасау ережелері
2. Микроорганизмдердің препараттарын дайындау әдістері
3. Микроорганизмдер морфологиясы
4. Бактериялардың құрлысы
5. Бактериялардың жіпшелерінің орналасуына қарай бөлінуі
6.Бактериялардың қозғалысын анықтау әдістер
Глоссарий:
Микроорганизмдер– көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер.
Клетка (торша) – организм құрылысындағы ең кішкене бөлік. Ол организмдердің өлшем бірлігі болып есептеледі. Клеткада организмге қажетті барлық заттар және олардың ыдырауы қайтадан жаңа заттардың түзілуі осы клеткада жүреді.
Жұғындылар - микроскоппен зерттеу үшін заттық әйнек бетіне жағылған зерттелетін материалдан дайындалып(микробтардан,қаннан т.б.) жасалатын препарат.
Әдебиеттер:
1. https://mbook.kz/
2. https://aknurpress.kz/books Динмухамедова, А. С. Микробиология [Текст] : оқу құралы / А. С. Динмухамедова. - Алматы : CyberSmith, 2019. - 180 бет. - ISBN 978-9965-31-966-2 (мұқ.)
3. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Салхожаева, Г. М. Микробиология [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Г. М. Салхожаева. - Алматы : TechSmith, 2018. - 124 бет. - ISBN 978-601-327-734-93.
4. https://elib.kz/ru/search/read_book/4524/ Динмухамедова А.С. Микробиология: Оқулық.-Алматы, 2019
№ 3-зертханалық сабақ
Тақырыбы: Ашытқы саңырауқұлақтарын анықтау
Сабақтың мақсаты: ашытқы саңырауқұлақтарын анықтап, ашытқылардың түрлерімен танысу, ашытқы саңырауқұлақтарының тағам өндірісіндегі маңыздылығын айқындау, ашытқылардың биомассасына сыртқы орта факторларының әсерін бақылау.
Сабаққа қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: микроскоп, құрғақ ашытқы, қант, дистилденген су, фильтр қағазы, заттық шынылар, жабын шыны, пипетка, колбалар, бактериологиялық ілмек, бояғыш заттар, зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Теориялық бөлімі
Ашытқы саңырауқұлақтары – бір клеткалы микроскоптық саңырауқұлақтар. Клеткасының диаметрі 8-15 м (микрон миллиметрдің мыңнан бір бөлігі). Пішіні эллипс, алмұрт, дөңгелек және цилиндр тәрізді.
Ашытқы саңырауқұлағы
Вегетативтік, жыныссыз және жыныстық жолмен көбейеді, қозғалмайды. Вегетативтік жолмен көбейгенде бүршіктер түзеді. Оларға Saccharamyces және Zipamyces жатады. Кейде көбейген клеткалар бір-бірінен бөлінбей бір жерге шоғырланып орналасса, онда нағыз мицелий түзіледі. Жыныссыз жолмен көбейгенде де арнаулы қапшықтарда спора түзіледі. Споралары қолайсыз ортаға төзімді. Олардың тыныштық формасы – хламидоспоралар. Ол липид сияқты қоректік заттардың қорына бай, дөңгелек қалың қабығы бар клеткалар. Жаңадан жасалған қоректік ортаға сепкенде олардың клетка қабығы шапшаң ыдырайды да, бүршіктенуі өте белсенді жүреді. Кейбірінің клеткасы белгілі бір жағдайға тап болғанда, полисахаридтерден тұратын шырыш капсулалармен қоршалады. Ядросы цитоплазмамен екі қабат саңылауы бар жарғақшамен оқшауланған. Ядроның ішінде ядрошық болады.
Ядрода митохондриялар болады. Оның клеткадағы саны жүзден мыңға дейін барады. Барлық эукариоттар сияқты ашытқыш саңырауқұлақтарда цитоплазмалық мембрана жақсы дамыған. Онда эндоплазматикалық тор, Гольджи аппараты және мезосомалар орналасқан. Белгілі бір қоректік ортада өсіргенде ашытқыш саңырауқұлақтар клеткасында қор заттары жиналатыны байқалады. Оған дән тәріздес гликоген мысал бола алады. Ашытқыш саңырауқұлақтар липидтерде жиналады. Вакуольде полифосфат дәндері сабақтарда көбінесе нан ашытқыш саңырауқұлақтары қолданылады. Сүт қышқылы ашу процесін зерттегенде онда жақсы тіршілік ететін Oidium lactis ашытқыш саңырауқұлақтары қарастырылады.
Ашытқы саңырауқұлағының микроскоптағы көрінісі
Актиномицеттер немесе сәулелі саңырауқұлақтардың басқа микроорганизмдерден айырмашылығы оның зең саңырауқұлақтарының мицелийі сияқты ұзын, бұтақтанатын мицелийінің болуында. Жалпы алып қарағанда, саңырауқұлақтар мен бактериялардағы болатын қасиеттердің актиномицеттерге де тән екендігі белгілі.
Қатты қоректік ортада өскен актиномицеттерден оларға тән құрылымдар мен колониялардың бояуын жәй көзбен көруге болады. Бұл колониялардың бір жартысы қоректік орта ішінде орналасса, қалған бөлігі ауа мицелийі түрінде, оның бетінде өсіп өнеді. Оның ұшында споралар орналасқан бұтақшалар немесе споратасығыштар түзіледі. Спора орналасқан бұтақшалардың бір бөлігімен немесе спораларымен актиномицеттер көбейеді.
Актиномицеттер басқа микроорганизмдер сияқты табиғатта кең тараған және олардың маңызы зор болады. Топырақта олар әр түрлі заттардың айналымына белсене қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.
Актиномицеттер
1. Streptomyces; 2. Streptoverticillium; 3. Nocardia;
4. Micromonospora; 5. Streptosporangium.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. 1 мг өнімді (құрғақ ашытқыны) 100 есе дистилденген стерильді суға араластырыңыз.
2. 1 мл сұйылтылған өнімді екпе материалы тегіс орналасуы үшін Петри табақшасына салып жеңіл айналдырып шайқау жолымен мұқият араластырыңыз.
3. 1 мл сұйылтылған өнімнің үстіне жылы қантты суды тамызыңыз.
4. Таза заттық шынының үстіне пипетканың көмегімен зерттеуге алынған материалдың бөлігін жағыңыз;
5. Дайындалған препаратты бөлме температурасында кептіріп, от жалынында ұстаймыз да, бояғыш заттардың көмегімен бояңыз;
6. Дайындалған препаратты микроскопқа қойып, ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасын қараңыз;
7. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасушасының микроскоптағы көрінісінің суретін дәптерге салыңыз;
8. Ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша құрылысының суретін салып, құрылысын ажыратыңыз;
8. Жасалынған зертханалық жұмыстың есебін дәптерге жазып, ашытқы саңырауқұлақтарының тағам өнеркәсібіндегі маңыздылығын, ашытқы саңырауқұлақтарының жасуша алу технологиясын түсіндіру.
1. Ашытқы саңырауқұлақтарының морфологиясын зерттеу.
1. 10 %-ті қант ерітіндісінде өсірілген нан ашытқысынан жұғынды даярлау.
2. Жұғындыға метилен көгін тамызып, спиртовка жалынында қарып алу қажет.
3. Препаратты иммерсиялы жүйеде микроскоппен қарайды.
4. Клетканың ішінде волютин болса, ол көк-күлгін түске боялады, ал плазмасы – ашық көк түсті. Препаратқа 5%-ті сода ерітіндісімен әсер етсе, волютин түссізденеді, ал плазма сол ашық-көк күйінде қалады. Егерде иод ерітіндісімен әсер етсе көк-күлгін түс қара түске айналады.
5. Көрген бейнелердің суретін салу
2. Гликогенді анықтау. Микроб клеткасында гликоген (жануарлар крахмалы) жиі кездеседі. Бұны анықтау үшін бактериялар культурасының бір тамшысын сондай мөлшердегі Люголь ерітіндісімен араластырады. Сонда гликоген қызыл түске боялады. Гликоген ашытқыда, шөп таяқшасында кездеседі. Клеткада гликоген жиналуы үшін қоректік орта көмірсуға бай болуы тиіс.
3. Нейссер бойынша волютинді анықтау. Волютин микробтар клеткасында түйіршік түрінде кездеседі. Олар полифосфаттар мен нуклеин қышқылына ұқсас болып келеді. Волютинді табу үшін бояудың күрделі әдісін қолданады. Өйткені мұнда бірнеше бояу және олардың қоспасы қолданылады.
Бояу тәртібі: Дайын фиксацияланған жұғындыға метилен көгін тамызып, 1-2 минут ұстайды. Сумен жуады. Одан ары Люголь ерітіндісін тамызып, 20-30 секундт ұстайды. Ерітіндіні төгеді де сумен жумай 2-3 минуттай везувин немесе хризоидин ерітіндісімен бояйды. Содан кейін сумен жуып, кептіреді. Бактериялар клеткасы ашық қоңыр, ал волютин көк түске боялады.
Блиц тест:
1.Морфологиялық және физиологиялық қасиеттеріне қарай саңырауқұлақтар қанша класқа бөлінеді? А) 2 Б) 4 В) 5 С) 3 D) 6 | 4. Жетілмеген саңырауқұлақтар? А) Базидиомицеттер Б) Аскомицеттер В) Архимицеттер С) Деутеромицеттер D) Ашытқы саңырауқұлақтар |
2.Мицелийі нашар жетілген немесе мүлде болмайтын саңырауқұлақ класы? А) Базидиомицеттер Б) Аскомицеттер В) Хитридиомицеттер С) Жетілмеген саңырауқұлақтар D) Фикомицеттер | 5. Ашытқы саңырауқұлақтардың көбею жолдары? А) жыныстық, спора түзу арқылы Б) бүршіктену, жыныстық, вегетативтік жолмен В) бүршіктену, жыныстық, спора түзу арқылы С) жыныстық, спора түзу арқылы D) вегетативтік, жыныстық, спора түзу арқылы |
3. Егер жас шағынан бірдей екі клетка қосылса, онда оны? А) изогамия Б) гетерогамия В) оогамия С) оогания D) зооспора | 6.Егер жас шағынан әртүрлі екі клетка қосылса, онда оны? А) изогамия Б) гетерогамия В) оогамия С) оогания D) зооспора |