Файл: Vii. Техникоэкономикалы негіздеме.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

VII. Технико-экономикалық негіздеме
Дипломдық жобаның бұл бөлігінде барлық қарастырылған бөлімдердегі ақпараттардың, яғни жалпы жобаның тиімділігін көрсету мақсатында, жалпы шығындырдың, ол дегеніміз шикізаттар мен көмекші заттардың құны, қызметкерлерге берілетін жалақы мөлшері, жылу мен электр энергиясына жұмсалатын шығындар, өндіріс орнына алынатын аппараттар, т.б. ескере отырып технико-экономикалық есептеулер жүргізетін боламыз. Бұл экономикалық есептерді, жобалау жағдайында қабылданған, барлық технико-экономикалық шешімдердің жиынтығын бағалау үшін орындалатын болады.

Бұл дипломдық жобаның экономикалық бөлімі үш бөлімнен тұрады және олар келесі ретпен орындалуы тиіс:

  • Жобаны іске асыруға байланысты пайда болатын шығындарды жоспарлау, оның ішінде қарастырылады:

  • Жобаланатын өндіріске күрделі салымдарды есептеу;

  • Жобаланған өнімді өндіруге және өткізуге ағымдағы шығындарды жоспарлау;

  • Айналым қаражатын қалыптастыратын шығындарды жоспарлау;

  • Болжанатын фармацевтикалық өндірістің тиімділік көрсеткіштерін есептеу;

  • Инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау [76].

Өндіріс орнының технико-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді біз калькуляция статьясы бойынша жүзеге асырумен, яғни өнім дайындаудың өзіндік құнын есептеуден бастайтын боламыз. Ал оның ішіне ғимараттардың құрылысы, құрал-жабдықтардың сатып алынуы, материалдар мен шикізаттардың бағасы, энергия шығындары, еңбек ақы, технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану мен оларды уақыт өте келе ремонттау, цехтық пен жалпы зауыттық шығындар және т.б. кететін шығындыр кіретін болады [77].

Әрі қарай біз жобаланған өндірістің табысы мен рентабельділігін, ол дегеніміз пайыздық индексін, қайтарым мерзімін, салыстырмалы капитал салымы, т.б көрсеткіштерді есептеп олардың нәтижелерін 7.1-кестеге құрылысқа жұмсалатын капиталды шығындардың көлемдерін, 7.2-кестеге құрал-жабдықтарға жұмсалған капиталды шығындардың көлемін, 7.3-кестеге өнім өндірісіндегі материалдық шығындардың көлемін және де 7.4-кестеге негізгі және қосымша қызметкерлердің жалақы қорының көлемін кестелерде көрсететін боламыз.


7.1. Капиталды шығындарды есептеу
Бұл жобада тұндырманы өндіруге арналған жаңа бір қабатты ғимарат салынады. Дәрілік препараттарды жоспарлы өндіруге арналған жаңа ғимарат салуға кеткен шығындарды 1 м3 ғимаратты салу құнын (Цғи), оның ауданына (Vғим) көбейту арқылы табамыз [77].

Құрылыстың құны: Сғим = Цғи · Vғим, (28)
Мұндағы: Цғи – ғимарат құрылысының 1 м3 құны;

Vғим – ғимарат көлемі, м3.

Кесте 7.1.1. Құрылысқа жұмсалатын капиталды шығындардың көлемі

Жұмыстың атауы (құрылыс немесе реконструкция)

Гимараттың және басқа да құрылыстардың көлемі, Vғим., м3

1 м3 бағасы, тенге

Барлық шығындардың мөлшері,

мың тенге

1

2

3

4

Ғимарат құрылысы

738

28 000

20 664 000

Ғимараттың капиталды шығынының жалпы соммасы

20 664 000


7.2. Құрал-жабдықтардың капиталды шығынын есептеу

Негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың күрделі шығындары оны сатып алу, жеткізу сондай-ақ оны орнату шығындарынан тұрады. Құрал жабдықтың жалпы құнын анықтау үшін жобаланатын өндірісте қолданылатын жабдықтардың түрлері мен саны жайлы мәліметтер қолданылады. Құрал-жабдықтардың күрделі шығындарының жалпы мөлшері (Cқ.ж.) оның құны мен санына байланысты келесі формула бойынша есептеледі:
Сқ.ж. = Ці · Кі, (29)
Мұндағы: Ці – құрал-жабдықтардың і – түрінің бір бөлігінің бағасы, теңге;

Кі – құрал-жабдықтардың і – түрінің саны, дана.
Кесте 7.2.1. Құрал-жабдықтарға жұмсалған капиталды шығындардың көлемі

Құрал-жабдықтың атауы

Құрал-жабдықтың шамамен бағасы,

мың тенге

Саны, дана

Барлық шығындардың мөлшері,

мың тенге

1

2

3

4

Тауарлық таразы

"BEKA" TCS-100 кг

19 976

1

19 976

Шөпкескіш МУР-100

410 500

1

410 500

Елегіш ВС-220

220 000

1

220 000

Тазартылған суды өлшеу М2Р-200-01

250 000

1

250 000

96% этил спиртін өлшеу МТВ-75

525 000

1

525 000

70% экстрагентті өлшеу МТВ-75

525 000

1

525 000

Мацерациялық бак

848 000

1

848 000

Цилиндрлі бу көйлегі бар перколятор

850 000

1

850 000

Тұндырғыш

280 000

1

280 000

Пресс-фильтр

450 000

1

450 000


7.2-кестенің жалғасы

Фильтрленген сығындыны жинағыш

294 000

1

294 000

Флакондарды жуу, кептіру «SYB-10»

320 000

1

320 000

Флакондарға бөлшектеу, орамдап, безендіру автоматтары

МАСТЕР МЗ-400ЕД

755 000

1

755 000

Ваккумды буландырғыш

323 630

1

323 630

Беттік конденсатор

224 800

1

224 800

Барлығы

6 295 906

15

6 295 906


7.3. Жобаланған объектіні салу үшін капиталды шығындардың сметасын есептеу
Күрделі салымдар сметасын жасауға құрылыс жұмыстары мен құрал-жабдықтардың құнын есептеумен қатар, басқа да шығындардың жалпы сомасын сондай-ақ көлемді емес шығындар сомасын анықтау керек. Басқа негізгі өндірістік қорлардың құны, экологиялық шығындарды ескере отырып, негізгі технологиялық жабдықтың құнына байланысты анықталады. SLS өндірісінде шығындардың үлесі негізгі технологиялық құрал-жабдықтар құның 50%-на тең мөлшерінде қабылданған [77].
Сбас = 0,5 · 6 295 906 = 3 147 953 тг
Басқа да капиталды шығындар ғимараттың күрделі шығындарының 3% мөлшерінде қабылданады.
КЗбас = 20 664 000 · 0,03 = 619 920 тг
Кесте 7.3.1. Капиталды шығындардың қысқаша сипаттамасы

Капиталды шығындар атауы

Шығын құны

Капиталдық шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі %

1.Ғимаратқа кеткен шығындар

20 664 000

67,25

2.Технологиялық құрал-жабдықтар құны

6 295 906

20,49

3. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындармен қоса басқа негізгі құралдардың құны

3 147 953

10,24

4.Басқа да капиталды шығындар

619 920

2,02

Барлығы:

30 727 779

100



Бұл жүргізілген есептеулер күрделі шығындардың жалпы құнын және негізгі өндірістік қорлардың өзіндік құнын (НҚҚ) анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі өндірістік қорлардың құны капитал салымдарының жалпы сомасы мен басқа да шығындардың арасындағы айырмасы арқылы есептеледі [77]:
НҚҚ = 30 727 779 – 619 920 = 30 107 859 тг

7.4. Сасықшөп шөбінің тұндырмасының өзіндік құнының есебі
Материалдық шығындардың құрамына шикізат пен негізгі материалдарды, сонымен қатар отын, су, және де энергияның барлық түрлерін сатып алуға кеткен шығындар кідеді [76].
Кесте 7.4.1. Өнім өндірісіндегі материалдық шығындардың көлемі

п/п

Шығын aтaулaры

Өлшем бiрлiгi

Мөлшерi,

1 айда

Бaғaсы, теңге

Жалпы суммасы, теңге

1

2

3

4

5

6




I. Материалдық ресурстар

1

Сасықшөп шөбі

кг

0,6480

25

74 824 560

2

Тазартылған су

кг

0,351

31

50 257 162

3

96% этил спирті

кг

0,945

24

104 754 384




II. Энергия ресурстары

4

Электр энергиясы

кВт/сағ

0,02

35

3 233 160

5

Технологиялық су

М3

0,5

28

64 663 200

6

Пар

Г кал

0,025

46

5 311 620




Жалпы суммасы










303 044 086,8



7.5. Негізгі және көмекші қызметкерлердің жалақысы
Бұл бөлімде жобаланатын тұндырма өндірісінде қажетті персоналдың сандық құрамын анықтап, персоналға еңбекақы төлеуді жоспарлауда қолданыстағы заңнама талаптарымен белгіленген шектеулерді ескеру керек. Осыған сәйкес орташа айлық жалақы ең төменгі жалақыдан төмен болмау керек, сонымен қатар ол қызметкердің біліктілік деңгейіне, біліміне, еңбек өтіліне, тәжірибесіне, орындалатын жұмысының күрделілігі мен маңыздылығына қарай белгіленген [78].

Кесте 7.5.1. Негiзгi және көмекшi қызметкерлердiң жaлaқысы қорының көлемі

п/п

Негiзгi және көмекшi қызметкерлердiң aтaуы

Сaны, адам

Aйлық жaлaқысы, теңге

Жылдық жaлaқысы, теңге

1

2

3

4

5

Негізгі қызметкерлер




1

Өндіріс басшысы

1

100 000

900 000

2

Аппаратшы

5

75 000

900 000

3

Оператор технолог

1

85 000

1 020 000

4

Орамдаушы

2

60 000

720 000

5

Тиеуші

3

70 000

840 000

6

Лабарант

1

80 000

960 000

7

Бухгалтер

1

90 000

1 080 000

Көмекші қызметкерлер

8

Күзетші

2

60 000

1 440 000

9

Тазалық сақтаушылар

2

65 000

1 560 000




Барлығы

18




15 720 000


Жалақы қорын (ЖҚ) есептеуде жылдық жалақыға жұмыс беруші төлейтін әлеуметтік салық 6%, әлеуметтік төлемдер 3,5%, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру 2% салынып қосылады [78]:
15 720 000 + 1 807 800 = 17 527 800 тг.
Жалпы жалақыдан аударымдар 11,5%-ды құрайды.
Кесте 7.5.2. Негiзгi және көмекшi қызметкерлердiң жaлaқы қорынан аударымдар(әлеуметтік салық, әлеуметтік төлем, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорлары) көлемі

п/п

Көрсеткіштер

Сомасы, тг

1

Жылдық жалақы қоры (ЖҚ)

17 527 800

2

Жылдық жалақыдан барлық аударымдар мен салықтар, соның ішінде:

1 807 800

3

Әлеуметтік салық 6 %

943 200

4

Әлеуметтік төлемдер 3,5 %,

550 200

5

Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру 2%

314 400