Файл: Тобы аиа 111 Орындаан Жамбыл Г. абылдаан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 54

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қ азан скиф-сақ, соңғы түрік тайпаларының отбасын, қазанды қадір тұтуын, түріктің «он оқ будун», қазақтың «он сан байтақ»- он тайпа елдің біртұтастығын бейнелейтін белгі. «Қазандық» деп қазанның аты- мен аталған бөлменің екінші бір аты “Жамағатхана” деп аталады. Осы бөлмеде тұрған Тайқазан сақ және ғұн-сармат дәуірінде өріс алған, конус сипаттағы тұғырлы, тұтқалары бар қоладан, мыстан жасалған қазандардың жалғасы. Cақтар мен үйсіндердің кезіндегі қазандардың көбі үлкен көлеммен ерекшеленіп, технологиялық күрделі “жоғалған модель” әдісімен құйылған екен. Тайқазан қалай құйылды деген сұраққа жа- уап беріп көрейік. Ертеде қазан құюшылар қазандардың саз балшықты-балауызды үлгісін қолданған. Алғашында қалыптаушы бұл заттың көшірмесін жасаған. Үлкен ме- талл заттарды құю үшін балауыз немесе тоң майдан заттың үлгісі дайындалып, ол арна- улы қоспамен, саз балшықпен сыланған. Ол қоспа отқа төзімділігімен ерекшеленуі қажет. Аталған саз балшық кепкен соң, ол қалып қыздырылып балауыз немесе тоң май ыстық температурадан еріп кететін болған. Сол еріп кеткен майдан немесе балауыз- дан бос қалған кеңістікке ерітілген металл құйылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Тайқазан осындай әдіспен құйылған деуге болады. Қазанның тайқазан аталуын түркі тілдес халықтардағы тайлган (тайлга, та- хил, тайх) сөздерін “құрбандық шалу” де- ген мағынадан өрбіген, «құрбандық ша- лып сыйыну қазаны» дегенмен түсінікпен ұштастыруға болады. Бұл қазанда ас пісірілмеген. Деректерге сүйенсек қазанға тәтті су құйылып жұма намаздан соң кел- ген адамдарға, зияратшыларға таратылып отырған.

Қазанның ішкі бөлігінде ешқандай ою-өрнектің, жазу тағы да басқа белгілер жоқ. Сыртқы бөлігіне назар салып қарасақ, қазанның бірнеше бөліктен құйылып, құрастырылып, араб әріптерімен көркем сипатта сульс, куфи қолтаңбаларымен жазулар түсірілген, оны тайқазанның сыртындағы біріктірген сызат орындарынан байқауға болады. Тайқазанның салмағы 2 тонна, 3000 литр су сияды. Қазанның диаметрі – 242 см, тұғырының диаметрі –60,7 см. Биіктігі қазанның өзінің биіктігінен және тұғырының биіктігінің қосындысынан тұрады. Яғни, қазанның биіктігі – 162 см, ал тұғырының биіктігі – 54 см. Кесенені, ондағы заттарды жобалағанда шеберлер орта ғасырлық кездік (60,5 см) өлшем бірлігін қолданып отырған. Қазан - қазақ халқының қалыптасып, ел ретінде өмір сүрген мемлекет басқару жүйесінде өз орнын алып, Қасым хан, Есім хан, Тәуке ханның тұсындағы әдет-ғұрып заңдарында негізінде бейнеленген зат бол- ды. Қазан – ел бірлігінің, отбасының беріктігінің, ұрпақтың өрбуінің, өмірдің дамуының, Анаға деген қасиетті сезімнің, молшылық пен берекенің, жаңа өмірдің символына айналды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнап құйылған Тайқазан Қожа Ахмет Ясауидің көшпелі қоғамдағы алған орнын, қасиетті жер ретіндегі кесененің орнын, көлемі ұланғайыр ел – жұрттың бірлігі мен үлкен көлемін бейнелеген, рухани басшыға қойылған белгі деуге болады.


Шырағдандар. Шырағдандардың жалпы саны алтау, олар 1397 жылы құйылған, үшеуінің резервуары цилиндр си- патында, үшеуінің резервуары шар түрінде жасалған. 1935 жылы қазіргі Санкт-Петербургте өткен Иран өнері мен археологиясы- на арналған ІІІ Халықаралық конгресте ұйымдастырылған тайқазанмен бірге көрмеге екі шырағдан қойылған болатын. Олар қазіргі кезде Санкт-Петербургтегі Эр- митаж музейінде тұр.

Ш ырағдандар бірнеше бөліктерге бөлініп құйылып, құрастырылған. Сырттарына өрнектер өсімдік тектес сипат- та, жазу түрінде түсіріліп, өрнектердің сыр- ты, жазулары алтын, күміспен апталған. Қазіргі кезеңде көп жеріндегі алтын, күміс жалатылған бөлігі түсіп қалған. Резервуары цилиндр сипатындағы үш шырағданның бірі - Лувр музейінде, екіншісі-Эрмитаж музейінде, үшіншісі - “Әзірет Сұлтан” қорық музейінде сақтаулы тұр. Резервуары жарты шар сипатында жасалған шырағдандардың саны үшеу. Бұл шырағдандардың екеуі Мемлекеттік “Әзірет Сұлтан” тарихи-мәдени қорық музейінде сақтаулы. Осы аталған формадағы шырағдандардың бірі 1935 жылы Иран өнері мен археологиясының ІІІ – Халықаралық конгресіне арналған көрмеге қоюға Санкт-Петербургке алып кетілген болатын. Қазіргі кезде Эрмитаж музейінде сақтаулы. Аталған шырағдандардың сыртқы бөліктеріне түсірілген өрнектер шекімеленіп жазу түрінде және өсімдік сипатында бейнеленіп, алтын, күміспен апталған. Өю-өрнектері қазанның өрнектерін еске түсіреді. Әр түрлі иірімдерді қолдана оты- рып түсірген өрнектер құрылымы аса кере- мет үйлесіммен жасалған. Сонымен қатар қазанның сыртын әшекейлеудегі өрнектер үлгісі жаңаша бір сипатта қайталанылған. XІV ғасырдың 1397 жылы құйылған шырағдандардағы жазуларда Әмір Темірдің есімі, тарихи мазмұндағы, сәттілік тілеген жазулар, Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді келтірілген. Қазіргі кезеңде толық болмаса да, үш шырағдан Ахмет Ясауи кесенесіне кел- ген жұртшылықтың көріп, көз қуантуына мүмкіндік береді. Қабырхана, Қазандық есіктері. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық және көрхана бөлмелерінің ағаш есіктері қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары халық өнерінің інжумаржандарына жатады. XIV ғ. екінші жартысымен, 1397 жылмен мерзімделген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ағаш есіктері кезінде көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Қожа Ах- мет Ясауи кесенесіндегі көрхана және қазандық бөлмелерінің есіктеріндегі әрлеу түрлері исламдық сәулет өнерінің талап- тарына сай.



Исламда есіктің қасиетті мәні, өрнектердің мазмұны мен сипаты тек діни ғимараттардағы есіктер т.б. бөліктерді әрлеуде ғана емес, барлық тұрғын үйлерді әрлеуде де қолданылды. Қолданбалы өнер шеберлері исламдағы белгілі бір исламдық ережеге сай қалыптасқан эпиграфикалық құрылымдарды көркем бейнелеу аумағынан шықпай жетілдіріп, түрі, құрылымы бойын- ша байыта түскені белгілі. Есіктерге жа- зулар сулс, гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген. Жамағатхана және қабірхана есіктерінің тұтқасында Алланың есімдері, Құран аяттары, хадистерден үзінді жазулар сулс, гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген.

Есік халықтың дүниетанымында киелі болып қабылданады. Ол бір әлемнен екінші әлемге өту нүктесі деп есептеледі. Ислам діні арқылы санада берік орныққан, дін аша келген рухани тұлғалардың есімдеріне де «баб» сөзі қосылып аталуының да өзіндік осындай бір тұжырымы бар . Қабірхана есігінің сақталған, күміспен апталған пластиналарында сулс қолтаңбаларымен Жаратушы Алланың есімдері жазылған. Есік тұтқаларында насх үлгісінде Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді жазылған.

И слам өнері әртүрлі ұлттың өнер ерекшеліктерімен бірге, ислам өнеріне ортақ ережелерге ие болды. Ислам өнеріндегі екі бағыт - сәулет өнері мен көркем қолөнер ерекше дамығаны белгілі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қабірхана, қазандық бөлмелерінің есіктерінің әрленуінде де осы екі бағыттың дамуының жетістіктері толық көрінеді. Өрнектерді жасауда ұсталар кере- мет шеберлік көрсетіп, жазулар мен әр түрлі өсімдік тектес, геометрияланған өрнектерді үйлестіре білген ол «арабеска» деп атал- ды. Орта ғасырлық діни ғимараттардағы жазулардың мәні, өрнектердің мазмұны Жаратушының шексіз сұлулығын бейне- леп, терең мәнге ие болды. Исламдағы жазулардың терең ру- хани және діни-көркем мағынасы бар. Есіктерде хадистер жазылған және ха- дистер сулс қолтаңбасымен түсірілген.

Мұндай эпиграфикалық әрлеудің пайда бо- луы түркі тектес илханидтер, қараханидтер, селжұқтар дәуірінде қалыптасқан және Орталық Азияның көшпенділерінің дүниетанымының көшірмесі болды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана, қазандық есіктерінің өрнектелуі осы дүниетанымдарға негізделген. Кезінде Асхана бөлмесінде келген зияратшыларға, жетім-жесірлерге т.б. ар- нап «Хәлім» ботқасы әзірлеген. Бұл ас аптаның дүйсенбі, жұма күндері дайында- лып, таратылып отырған. Сол хәлім асы салынған ХІХ ғ. астауларды кесененің Ас- хана бөлмесінен көруге болады.


Кесененің сыртында батыс тұсында 60 метр жерде жер асты мешіті - Қылует орналасқан. 63 жасқа келген- де оңашаланып, қалған ғұмырын өткізген жері - Қылует жер бетінен 4 м. тереңдікте орналасқан. XVI ғасырдың құнды тарихи мұра ретінде «Әзірет Сұлтан» тарихимәдени қорық мұражайындағы «Шығыс моншасының» сәулет өнері туындысы ретінде, елдің сол кезеңдегі, одан ілгерідегі мәдени өмірін танудағы орны ерекше. Монша 1975 жылға дейін жұмыс істеп келді. Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген, бес күмбезді құрылыс. Ортағасырлық мұсылман моншасына тән белгі ыстық су, суық су, булау бөлмесінің болуымен қатар, өте жайлы, ерекше көркем ойықтар, отыратын жерлері, ерекше әшекейленген бөлмелерінің, ұстындарының болуы еді. Осы белгілер Түркістан монша- сында ортағасырлық құрылыстың ішкі және сыртқы бейнесін сақтап қалған. «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында тарихи мәні зор осындай ке- ремет жәдігерлер бар.

    1. Кесене қабырғасындағы эпиграфиялық жазулар

Эпиграфика дегеніміз – қандай да бір қатты материалдардан, мейлі тас болсын, мейлі қыш, ағаш темір сияқты материалдардан жазылған ежелгі және орта ғасырлық жазуларды зерттейтін үлкен ғылым. Араб эпиграфикасы бірнеше араб стилінен: насх, куфи, сулюс тұрады. Стильдердің барлығы дерлік Қ.А. Ясауи кесенесіндегі жазуларда кездеседі. Көптеген зияратшылар кесенеге келген кезде оның сыртындағы жазуларды ою-өрнек деп түсініп жатады. Шын мәнінде олардың әрқайсысының өзінің берер мән-мағынасы бар.

Кесененің кірпіштері Түркістаннан солтүстік батысқа қарай 45 шақырым жерде орналасқан Сауран қаласында жасалған. Кесене салу барысында бұл кірпіштерді адамдар қолма-қол тұрып таратқан екен. Бұл кесене 10 жыл тұрғызылғанымен Әмір Темірдің қайтыс болуына байланысты жұмыстары толық аяқталмайды. Қабырғасындағы насх, сулюс, дивани стиліндегі жазулар. Қарасаңыздар мұның барлығы араб жазулары. Құрылыстың ені 46,5 метр, ұзындығы 65 метр, барлығы 35 бөлмеден тұрады. Кесененің жұмысы бітпей қалған жер – алдыңғы порталы. Қасбеті оңтүстік порталы деп атаймыз. Оңтүстік портал екі биік мұнарадан және олардың арасын біріктіретін зәулім аркадан тұрады. Ішінің ұзындығы 18,5 метр, биіктігі 37,5 метр. Оңтүстік портал бітпей қалған. Бірақ болжам бойынша, 1583-1590 жылыдары Абдулла хан осы портал құрылысын аяқтайды. Сол заманнан қалған жөндеу жұмыстарына арналған, ертеректе кранның қызметін атқарған ағаштар да сол күйі сақталған. Ал эпиграфикамыз батыс қабырғасынан басталады. Кесененің сыртқы қабырғаларының әрқайсысы өзіндік әралуан әшкейлермен ерекшелене отырып, кесене бойын-да біртұтас үйлесімдерді көркем композициялық шешімін тапқан. Кесене қабырғаларындағы жазулар 3 бөлікке бөлінген. Төменгі бөліктің биіктігі 1 метр 80 см әшекеймен көмкерілген. Ал қабырғаның ұзындығы 10,5 метр. Бұл жерде кесененің негізгі өрнектері құралған. Яғни арабтың куфи стилінде жазылған жазулар. Жоғары жағындағы үшінші бөлігінің ұзындығы 2 метр 60 см.


Кесененің батыс қабырғасындағы жазулар. Бұл жазулар батыс мұнара жағынан басталып, сол түстік және шығыс жағын да тұтас қамтиды. Түгелімен арабша жазылған. Жоғары бөлігінде көркем жазулар көп түсті бояулы қаптама кірпішпен құрастырылып жазылған.

Б ұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын Құран Кәрімнің алтыншы сүресі Әнам сүресінің 59, 60, 61, 62 және 63-аятының бас жағы келтірілген. Содан кейін құрылысшының аты жөні және де құрылыстың қай кезде қашан аяқталғаны жазылған. «Аса мәртебелі, құт берекенің иесі Алла айтты. Көрместің, ғайыптың кілттері оның жанында. Алла Тағала ғана біледі. Оларды одан өзге ешкім білмейді. Ол құрлықта да теңізде де не бар, не жоқ бәрін біледі. Оған тіпті, бұтағынан үзіліп түскен бір тал жапырақтың да жағдайы мәлім. Жердің тас қараңғы қойнауындағы бір тал дөңбек болсын, тіпті дымқыл болсын, құрғақ болсын оның бәрі бір Аллаға айқын, Алланың шексіз іліміне сүйенген тағдыр кітабында жазылған» деген жазу бар. Бұл жерде 59-аят келтірілген.

Ал, кесененің ортаңғы бөлігі мавзолейдің негізгі өрнектерін құрайды. Батыс қабырғаға сән беріп тұрған да осы орталық бөліктің өрнектері. Бұл жерде Куфи Махалле қолтаңбасымен жазылған араб жазуларының бас әріптері қою түсті қапталмалы кірпішпен басталып, негізгі жазу көгілдір бояулы қаптама кірпішпен қаланған. Ортасында шексіздіктің белгісі бар. Соның ішінде қою көк түсті кірпішпен «Алла Раббым, Мұхаммед пайғамбарымыз» деген сөз жазылған. Осылайша батыс қабырғадағы сөздер жұрт ойлағандай ою-өрнек емес, керісінше мән-мағынасы зор Құран сөздері екенін түсіндірген маман кесененің келесі эпиграфиялық жазуы солтүстік қас бетіндегі батыс қабырғасымен жалғасып тұр.

Солтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар 3 бөліктен тұрады. олтүстік қасбетіндегі эпиграфикалық жазулар екі бұрышындағы көлденең қою түсті сызықтармен 3 бөлікке бөлінген. Төменгі және жоғарғы бөліктерінде көгілдір түсті қаттама кірпіштерімен қаланып жазылған. Әрбір жазудың ішінде екі бірдей латынша «Z» әрпін көруге болады. Бұл жоғары және төменгі жақтағы жазуларға қатысы бар. Бұл «Z» әрпі араб тілінде көмекші сөз болып келеді.

Я ғни «Я» деген мағынаны береді. Бұл жерде «Я Алла, Я Рахман, Я Рахим,» деген сөздер жазылған. Енді кесененің солтүстік қасбетінде жоғары жақтағы Әнам сүресінің 60 және 61-аяты келтірілген. «Алла Тағала сендерді түнде ұйқыға жатқызып, уақытша өлтіреді. Және күндіз не істегендеріңнің бәрін біліп тұрады. Содан соң сендерді ұйқыларыңнан оятып, қайта тірілтеді. Күнделікті тіршілік осылай жалғаса береді. Ақыр соңында бәрің Аллаға қайтасыңдар, Одан кейін ол сендердің не істеп не қойғандарыңнан толық хабардар етеді» деген аят жазылған. Енді ерекше айтар бір дүние солтүстік фасад өте керемет жасалған. Бұл жұмыс шебердің нағыз мықты шеберлігін көрсетеді. Себебі солтүстікте орналасқан арканың оң және сол жағында араб жазулары бар. Оң қанаттағы жазу мен сол қанаттағы жазудың мағыналары бір-бірін толықтырып тұрады. Сол қанаттың орта тұсында «Пенде жос-парлайды, Алланың дегені болады» деген жазу жазылған. Ашық көгілрдір түспен қапталған кірпіштермен «Бүкіл жаратылыстың иесі Алла екенін, бағыт көрсетуші тек Алла екендігі көрсетілген. Ал солтүстік фасадтың порталына назар аударсақ, бұл жерде де өте керемет жазылған жазулар бар. Бұл жұмыс та осыны жасаған шебердің асқан шеберлігін әспеттейді. Назар салсаңыз, мұндағы жазудың ерекшелігі үлкен әріптермен, куфи қолтаңбасымен жазылып, «Алланың елшісі айтты, кім өзін таныса, сол өз Раббысын таниды» деген хадис келтірілген. Назар аударып қарасаңыз, бұл жерде екінші мәтін де бар. Куфи қолтаңбасымен ашық көктүсті кірпіш арқылы парсы тілінде жазылған. Бұл жерде пайғамбарымыздың әулеті жайлы дерек берілген.