ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 55
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
« Мұхаммедтің жанұясы Мұхаммед, Әли, қызы Фатима және немерелері Хасан, Хусейн екеуінің анасы» деген жазу жазылған. Бұл солтүстік порталдың ойығындағы жазулар үштен бір бөлігіндегі жазулар. Бұл жазулардың ұзындығы 3 метрді құраса, ені үш кірпішке пара-пар келеді. Ортаңғы жазу ақ кірпішпен жазылса, екі жанындағы кірпіштер қою көк түсті кірпішпен қапталған. Енді екі жиегіндегі жазулар да көз жауын алатын сондай шеберлікпен жасалып, көп еңбекті қажет еткені көрініп тұрады. Қарасаңыздар 4 рет медальондар кездеседі. Қою көк түсті кірпішке құралған медальондар арабтың насх стилінде жазылған жазу. Бұл жерде 54 рет қайталанып, Аллаға айтылған мадақ сөздер көрсетілген. Яғни «Құрметтеуге Алла ғана лайықты. Және де бүкіл жаратылыстың иесі Алла Тағала» деген сөздер.
Қорытынды
Өркениеттердің және мәдениеттердің қарымқатынастарын қарастыруда олардың өзгешеліктерін зерттеу өте маңызды болып табылады. Ол үшін сәулет өнерін зерттеудің маңыздылығы жоғары орын алатыны белгілі.«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 1978 жылы 30 қыркүйекте «Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейі» болып ашылып, қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» болып халыққы музей ретінде қызметін атқаруда.Орталық Азияның Ислам өнерінің тарихи дәуірленуі бірнеше кезеңге бөлінеді.
Мұсылман архитектурасының маңызды бір кезеңі — Әмір Темір дәуірі.Қазіргі заманда Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындылары көп жерлерде сақталған. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің ескерткіштері – өте бай Ислам өнерінің елеулі бөлігі болып табылады. Ал Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің туындыларының алғашқы үлгілері Орталық Азияда пайда болғанын ескерсек [1, 3 бет], осы аймақта орналасқан сәулет ескерткіштерін зерттеп қарастырудың орны ерекше екені анық. Әмір Темір дәуірінің сәулет өнер өз көркем үрдісі дамуының негізін қалайтын көптеген мәдениеттердің қарымқатынастарының негізінде қалыптасты.
Әмір Темір негізін қалаған орасан зор мемлекетте әр-түрлі өнер салаларының қалыптасуы мен дамуына көп көңіл бөлгені белгілі. Әсіресе, қазіргі Орта Азия, Ауғанстан және Иран аймақтарындағы сәулет өнеріне ерекше көңіл бөлінгені анық.Орта Азия сәулет өнері тарихында Әмір Темір дәуірі тұсында мұсылмандық сәулет өнері дамуының жаңа кезеңінің басталатынын айқындайтын маңызды да сапалы өзгерістер қалыптасты.
Бұл кезең ХІҮ ғасырдың соңы мен ХҮ ғасырды қамтиды. ХІҮ ғасырдың соңынан Мәуераннахр шығармашылық ойлардың орталығына айнала бастайды. Осыған байланысты сәулет өнерінде жаңа стилдер пайда болады. Сол кезде өмір сүрген Ибн-Арабшах Әмір Темірдің сәулет сарайларына сипаттама берген кезде «олар жаңа тұрпатта салынған» деп жазады
Сол заманға жататын түпнұсқалар Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің тұтастығы, оның қоғамдық көзқарасының негізін көрсетеді.Қалалық сәулет өнері Әмір Темір дәуірінде гүлденгені туралы Кастилия мен Лион патшасының елшісі Клавихо былай деп жазады: «Әмір Темір және оның ұрпақтары қалыптастырған дүние экономикалық өркендеуді ынталандырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты Иран мен Орта Азияда сансыз ғимараттардың салынуы сәулетшілерді шабыттандыра түсті. Аруақ қонған жерлер ерекше көңілге алынды: бар ғимараттар қайта жаңғыртылды және әшекейлендірілді, көптеген жаңа кесенелер салынды».
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ф.Көпрүлү, Түркі әдебиетіндегі алғашқы сопылар. Түркістан 2017, - 173 б.
2. Малғажұлы, Е. Дін мен дәстүр. - Алматы: Ғибрат, 2015. - 192б
3. Оңғаров Е.Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары.-Алматы: Баспалар 2014.-352 бет
4. Фуат Көпірұлы. Түркі әдебиетінде алғашқы сопы ақындар. Оқулық.-Түркістан, 2016.