Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 202
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру барысында
ақпаратты жинақтау және зерттеу үшін сабақ барысында газеттердің, журналдардың,
фильмдердің, бейнетаспа материалдарының, веб-сайттар мен әдебиеттердің
материалдарын қолдану ұсынылады.
Пән бойынша академиялық лексика
қалыптастыру үшін сабақта терминологияны қолдану бойынша жұмысты әрдайым
жүргізіп отыру қажет. Білім алушылардың терминдерді дұрыс пайдалануын
қамтамасыз ететін ауызша және жазбаша тапсырмалар қолдану ұсынылады. Балалардың
білім жетістігін бағалау барысында академиялық лексиканың дұрыс қолданылуына
көңіл аудару қажет.
Денсаулығына байланысты жалпы білім беретін ұйымдарға
бара алмайтын үйде оқитын оқушылар үшін білім беру ұйымдары түрлі интерактивті
форматты қолданады. Білім алушылар «Алақандағы АЭС» қосымшасының көмегімен атом
энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның
ядерлік қоғамы» қоғамдастығының ісшараларымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/#!/about
Энергияның балама көздері, олардың өндірудің заманауи
тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru;
aqua-rmnt.com/otoplenie/alt;
http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша
алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық
географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану
ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
ЭКСПО-2017 көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен
қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы
алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/экспо-2017
«Жаратылыстану» білім саласы пәндері бойынша балаларды
үйде жеке оқытуды ұйымдастыру барысында тыңдау, бақылау, талдау және жинақтау
арқылы дәлелдеуге үйретуді қарастырады. Сондықтан білім алушылардың аталған
дағдыларының қалыптастырылуына жағдай жасау қажет. Ол үшін білім алушыларды:
–
пайымдау мен дәлелдеуді жіктеуге және
жинақтауға;
–
олар туралы негізгі дереккөздерді бағалауға және
сәйкес сұрақтар қоюға;
–
тұжырымдамалар және қорытындылармен қоса алғанда
негізгі дереккөздерді салыстыруға және талқылауға;
–
жеке тәжірибесінің молаюына қарай өзінің
көзқарастары мен болжамдарын қайта қарауға қатыстыруға болады.
Мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді
алдын-ала қарастыру барысында білім алушылардың өздерінің оқу процесін
жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және
тануларына көмек көрсету ұсынылады. Оқушы әрекеті алгоритмінің үлгісі:
–
ақпаратпен танысыңыз.
Тапсырма оқу барысында алынған ақпаратқа да, оқулықтар, энциклопедиялар
немесе web-сайттар тәрізді бірнеше дереккөзден жинақталған ақпаратқа шолудың
немесе сауалнаманың қорытындысына да қолданылуы мүмкін;
–
дәлелдер негізінде жатқан зерттеуді
құрылымдайтын немесе келесі әрекетті анықтайтын негізгі пунктерді, пікірлерді
немесе болжамдарды анықтаңыз;
–
апараттың негізгі компоненттері, көзбен шолу
және ауызша дәлелдерді біріктірілуі және өзара байланысы принциптерін талдаңыз;
–
жеке компоненттер
арасындағы ұқсастықтарды және
айырмашылықтарды салыстырыңыз
және зерттеңіз;
–
түрлі ақпарат көздерін, дәлелдерді немесе
идеяларды біріктіру арқылы білімді
жинақтаңыз. Түрлі ақпарат көздері арасындағы байланысты табыңыз;
–
дәлелдемелердің анықтығын және дәйектілігін,
сонымен қатар дәлелдердің болжамдар мен туындаған идеяларды қолдайтынын немесе
қарсы келетінін бағалаңыз;
–
сұрақтардың жауаптарын түсіндірудің нәтижесінде
алынған білімді қолданыңыз;
–
тұжырымдалған шешімдерді дәлелдеңіз, олардың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеңіз.
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндері сабақтарында
пайдалануға ұсынылатын ресурстар:
1) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
http://www.kazatomprom.kz/
2)Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:
http://energo.gov.kz/
3)
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы
http://gharysh.kz/news/
4)
«Эврика» – білім беру мекемелерінде авторлық
эксперименталдық бағдарламаларды жүзеге асыратын, 650-ден астам мектеп
ұжымдарын біріктіретін эксперименттік алаңдардың инновациялық білім беру
желісі: http://www.eurekanet.ru5) Bookz.ru – электрондық кітаптар, журналдар
және сөздіктер. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін, авторлардың алфавиттік
каталогінен басқа шығармалардың алфавиттік каталогы да қолжетімді, яғни
кітаптарды алфавиттік тізім бойынша іздеуге болады: www.bookz.ru.
6)
EOLSS (Encyclopedia of Life Support Systems) –
өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің энциклопедиялары. Мазмұны алфавиттік ретпен
берілген көптеген энциклопедияларға қарағанда EOLSS білімінің ауқымы
тақырыптармен ұйымдастырылған. Пәндердің ішінде: математика, физика,
энергетика, табиғатты қорғау – Жер және атмосфера туралы ғылым; экология,
азық-түлік тағамдары және ауыл шаруашылығы туралы ғылымдар, адамзат ресурстары
туралы, басқару және т.б., тілі – ағылшын: http://www.eolss.net/.
7)
Энциклопедиялар әлемі кітапханасы: http://www.encyclopedia.ru/.
8)
Britannica School – мазмұны және ақпараттары кең
ауқымы, онда мыңдаған мақалалар, бейнелер, видео, түпдеректер, электронды
кітаптар, ұсынылатын веб-сайттар, тезаурус және дүние жүзінің атласы шығады.
Барлық контент оқытудың STEM жүйесі әдістемесімен негізделген. Жұмыс барысында
оқушылар оқиды, жазады, зерттеулер жүргізеді және жаратылыстану ғылымдары
саласындағы өздерінің сөздік қорларын байытады. Кіріктірілген «Мұғалімдерге
арналған сабақ жоспары» аталған онлайн ресурстың артықшылығы болып табылады,
бұл жерде мұғалім өз «Жоспарын» жасауға немесе басқа мұғалімдер құрастырған
«Жоспарды» қолдануына болады. Аталған ресурсты сынып режимінде де, сонымен
қатар үй тапсырмасын орындау барысында және олимпиадаларға қатысу үшін қажетті
ғылыми жоба орындау үшін де қолдануға болады: (http://school.eb.co.uk).
9)
«Сандардағы және картадағы дүниежүзі елдері».
Интерактивті анықтамалықтарда дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерін сипаттайтын
статистикалық ақпарат және негізгі көрсеткіштер берілген: http://www.sci.aha.ru.
10)
Рубрикон. Ірі энциклопедиялық портал. Неғұрлым
белгілі энциклопедиялар, сөздіктер және анықтамалықтар, суреттер және карталар
берілген: http://www.rubricon.com.
11)
Оқушылар оқу бағдарламасын меңгеру барысында АКТ
қолдану дағдыларын дамытады. «География» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес
келесі веб-ресурстар ұсынылады:
www.earthquakes.usgs.gov | www.rgo.ru | www.geo2000.nm.ru |
www.geo.historic.ru | www.www.geografia.ru/ | www.geographic.org |
www.mygeog.ru | www.e–cis.info | www.geography.about.com |
www.hobitus.com | www.imf.org | www.kisi.kz |
www.meteosputnik.ru | www.mfa.gov.kz | www.oecd.org |
www.stat.gov.kz | www.theodora.com | www.un.kz |
www.un.org | www.undp.kz | www.unesco.kz |
www.unesco.org | www.unmultimedia.org | www.volcanodiscovery.com |
www.worldbank.org | | |