Файл: йде оытылатын балаларды жалпы білім беру мектебіні Оу бадарламаларымен оыту бойынша дістемелік сынымдар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 217

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

16          

Табиғат кешені, географиялық қабық – Жердің ерекше

кешенді қабығы        1

Курсты

қорытындылау (1 сағат)

17          

Туған өлкенің табиғат кешеніне саяхат     1

 

Мектеп оқушыларының білімді меңгеруі үшін мәтіндік,

картографиялық, статистикалық және басқа да географиялық ақпарат көздерін:

қолдана білу біліктерінің болуы «География» оқу пәнінің ерекшелігінің бірі

болып саналады. Аталған біліктерді меңгеру практикалық жұмыстарды орындау

барысында жүзеге асады.

Бағдарламалық практикалық жұмыстар келесі біліктерді

қалыптастыруға бағытталған: географиялық түрлі нысандарды атау және картадан

көрсету; нысандарды, құбылыстарды, аумақтарды, табиғат компоненттеру арасындағы

өзара байланыстарды және тағы басқаларды сипаттау; бағытты, географиялық

координаттарды анықтау; қашықтықты, азимутты өлшеу; жергілікті жердегі

құбылыстарды, құбылыстарды бақылау; табиғат компоненттері арасындағы

байланысты, географиялық, экологиялық және басқа да түрлі жағдаяттарды

түсіндіру және бағалау; түрлі құбылыстардың және процестердің өзара байланысын,

өзгерісін, даму бағытын болжау.

Бағдарламада қарастырылған практикалық жұмыстар

жүйесін орындау білім алушылардың картографиялық, геоэкологиялық, геожүйелік

тәсілдер мен әдістерді меңгерулеріне ықпал етеді. География пәнінен орындалатын

практикалық жұмыстар мазмұны және оларды орындау үшін қолданылатын географиялық

ақпарат көздерінің, нәтижелерді белгілеу формасының алуан түрлілігімен

ерекшеленеді. Аталған алуан түрлілік ең алдымен зерделенетін материалдың

мазмұнының, қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, білім алушының

дайындық деңгейінің ерекшеліктерімен анықталады. Бағдарламаның «Оқушылардың

дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімі практикалық жұмыстардың

мазмұнымен және сипатымен тығыз байланысты.

Негізгі орта білім деңгейіндегі «Биология» оқу пәні

«Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология

негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы

биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып,

шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен

экологиялық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік

пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді


оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен

құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге

дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды

қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі

жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы

процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.

Оқытудың мақсаты:

1)               

органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік

әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;

2)               

органикалық       дүниенің

   көптүрлілігін      орта жағдайларына

бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;

3)               

эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым

қалыптастыру;

4)               

экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі

организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түсіну;

5)               

өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның

табиғаттағы рөлін түсіну;

6)               

өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер

патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары

мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;

7)               

нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу

мүмкіндігіне қолжеткізу;

8)               

тірі организмдердің жасушалық құрылысы, туралы,

сонымен қатар организм және биоценоз тіршілік құрылымының ерекше формалары

ретінде және биологиялық алуантүрлілік Жер табиғатындағы тұрақты дамудың

бейнесі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру;

9)               

оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі

құрылысы,тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі. Жер

табиғатындағы түрақты дамудың бейнесі екендігі туралы, негізге алынатын түсінік

қалыптастыру;

10)          

тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның

нәтижесі екендігін оқушылардың түсінуі;

11)          

оқушыларда эволюцияның негіздері:өсімдіктер мен

жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір

қалыптастыру;

12)          

«Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың

жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;



13)          

түрлі таксондық бірліктердің: түр, туыс, тағы

басқа шығу тегін білу;

14)          

мәдени       өсімдіктердің

     және үй

    жануарларының          кейбір

тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін

ашып көрсету;

15)          

мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының

кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық

материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.

Оқытудың міндеттері:

1)               

оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге

танымдық қызығушылықты дамыту;

2)               

тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі

табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі

дамыту;

3)               

оқушыларда география,химия, физика,математика

және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын

түсініктер мен тіректік білімдерді

қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;

4)               

оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі

туралы көзқарас қалыптстыру,

5)               

оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын

оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;

6)               

тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында

алған білімдерін одан әрі дамыту;

7)               

оқушыларда география, химия, физика,математика

және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын

түсініктер мен тіректік білімдерді

қалыптастыру;

8)               

оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас

табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру.

Биология пәні бойынша оқу

жүктемесінің көлемі:

1) 6-сыныпта – аптасына 1 сағат

барлығы 34 сағат.

Төмендегі кестеде 6-сыныпқа арналған

«Биология» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспары берілген

(2-кесте)

 

29-кесте. 6-сыныпқа арналған «Биология» оқу пәнінің үлгілік

күнтізбеліктақырыптық жоспары



Тақырыптың

атауы

Сағат саны

 

Кіріспе.

І тарау. Өсімдіктермен жалпы танысу

2

1

Мәдени

және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.

Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері.

Тұқымды және споралы өсімдікте

2

2

Өсімдіктердің тіршілік

жағдайлары, оларға әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдіктердің

тіршілік орталары

 

ІІ бөлім.

Өсімдік жасушасының құрылысы

3

3

Жасуша - өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі.

Жасушалардың тіршілік әрекеттері

3

4

Жасуша

құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және

бейорганикалық заттар: су, тұз ерітінділері. Қоректік заттардың қорға

жинақталуы

5

Ұлпалар туралы түсінік.

Өсімдік ұлпаларының түрлері

 

ІІІ

бөлім. Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар 

7

 

I тарау.

Тұқым  

 

6

Тұқымның

сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. №1 зертханалық жұмыс.

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс

дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу

1

 

II тарау.

Тамыр  

 

7

Өсімдіктің

вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы. Тамыр

аймақтары: бөліну, созылу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы – тамыр оймақшасы.

Тамырдың өсуі. №2 зертханалық жұмыс.

Тамырдың түрөзгерістері

1

 

Ш тарау.

Өркен 

 

8

Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік –

өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік

бүршіктер. 

3

9

Жапырақөркеннің бүйірлік

жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. №3 зертханалық жұмыс.

Жапырақтың сыртқы құрылысы.

Жапырақтағы лептесіктерді

табу

10

Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды

өткізу мүшесі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар

 

IV тарау.

Гүл, жеміс  

 

11

Гүл, оның

құрылысы мен маңызы. Гүлсерігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің негізгі бөліктері:

аналығы және аталығы. Гүлшоғырлары. Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы

2


 

12

Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және

таралуы. Жемістің түрлері

 

 

ІV бөлім.

Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері

4

13

Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру. Фотосинтез,

күннің жарығы мен хлорофиллдің осы процестегі рөлі

4

14

Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп,

көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі

15

Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша

өсімдіктердің экологиялық топтары

16

Өсімдіктердің

жынысты және жыныссыз көбейуі. Вегетативтік көбею, оның түрлері және

табиғаттағы биологиялық рөлі, өсімдік шаруашылығында пайдалану.

Өсімдікттердің өсуі және дамуы. №4 зертханалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін

қалемшелеу

 

V бөлім.

Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері 

10

17

Өсімдіктер систематикасы

туралы түсінік. Оның дүние тармақтарына бөлінуі: Дүние тармағы, Бөлімдер,

Класстар, Тұқымдастар, Туыстар,

Түрлер. Түр — өсімдіктер

систематикасының негізгі бірлігі

1

 

V тарау.

Балдырлар бөлімі

 

18

Балдырлардың

бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы. Тұщы

су және теңіз балдырларының көптүрлілігі

1

 

VI тарау.

Мүктәрізділер бөлімі

 

19

Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Шымтезек мүгі

1

 

VII

тарау. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі

 

20

Қырықжапырақтардың,

қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде

жалпы сипаттамасы.

Қырықбуындардың құрылысы,

көбейуі және дамуы

2

21

Плаундардың құрылысы,

көбейуі және дамуы

 

VIII

тарау. Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі  

 

22

Тұқымды       өсімдіктер      ретінде           олардың

        жалпы             сипаттамасы және

көптүрлілігі

2

23

Кәдімгі қарағайдың мысалында

қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбейуі. №5 зертханалық жұмыс.

Қылқанжапырақты

өсімдіктердің бүрлері мен

тұқымдарының құрылысын зерттеп білу

 

IХ тарау.

Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі

 

24

Олардың жалпы сипаттамасы.

Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. Қосжарнақты өсімдіктердің

тұқымдастары

3

25

Крестгүлділер тұқымдасы. Раушангүлділер тұқымдасы. Алқа

тұқымдастар

26

Бұршақ тұқымдастар. Күрделігүлділер тұқымдасы. Лалагүл

тұқымдастар. Жуа тұқымдастар. Астық тұқымдастар

 

VI бөлім.

Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы

2

27

Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі

ретінде эволюция туралы түсінік

2

28

Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі. №1

практикалық жұмыс. Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемгі жұмыстары

 

VІI

бөлім. Вирустар дүниесі  

1

29

Тіршіліктің

қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылысындағы ерекшеліктер.

Вирустық жұқпалармен зақымдану және таралуы

1

 

VІІI

бөлім. Бактериялар дүниесі  

1

30

Бактериялар

тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Пішіндері, қоректенуі, тыныс алуы

бойынша бактериялардың әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың

табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық, ауру тудырғыш,

биотехнологиялық) маңызы

1

ІХ бөлім. Саңырауқұлақтар дүниесі. Қыналар – ерекше, симбиоздық

организмдер

2

31

Саңырауқұлақтардың жалпы

сипаттамасы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Зең

саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы саңырауқұлақтар - ашытқы

саңырауқұлағы

2

32

Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбейу

ерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі

Х Бөлім.

Табиғи бірлестіктер  

2

33

Биологиялық

жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз фитоценоз) туралы түсінік. Биожүйе

ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктерінің сипаттамасы

2

34

Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге

бейімділіктері. Биогеоценоз туралы түсінік. Экожүйелер туралы түсінік


 

Денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру

ұйымдарына бара алмайтын білім алушылар үшін:

1.               

Биологиядан қарастырылатын әрбір бөлім, тақырып

білім алушының тірі табиғаттың заңдылықтары туралы логикалық ойлауын дамытуға

ықпал етуі қажет. 

2.               

Білім аушының оқудағы өздігінен ізденуін

қалыптастыруда биологиялық ақпараттар көздерімен жұмыс істеу мен талдай білуге

баулудың маңызы зор. 

3.               

Білім аушының тәжірибелік дағдылары мен білім

деңгейін арттыру үшін бағдарламаға типтік оқу бағдарламасында

қарастырылған,  аралас сабақ кезеңдері

болып табылатын, кейбір зертханалық және тәжірибелік жұмыстар енгізілген.

4.               

Үйде оқыту жағдайында қажетті құрал-жабдықтары

пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, зертханалық жұмыстарды көрсетілімдермен

немесе электрондық нұсқамен алмастыруға болады.

«Химия» оқу пәнін оқытудың мақсатықоршаған әлем

туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін

қалыптастыру, талдау қабілеті бар, химиялық тұрғыда ойлай алатын, функционалды

сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге

және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып

табылады. Оқыту міндеттері:

1)               

әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі

туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген,

түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2)               

заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен

қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

3)               

химиялық терминологияны, химиялық элементтердің

таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін

қалыптастыру;

4)               

заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5)               

заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда

және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс

жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық

тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6)               

өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде

алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;