Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 265

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мағынаны тану қарасөзді оқыту, мағынасын ашу

ЕКІНШІ СӨЗ

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, бақалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

Сабақты бекіту Мәтін бойынша сұрақтар беру

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: қарасөздің мағынасын түсініп жаттап келу

Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 06.03.2017ж.

Сабақтың тақырыбы: Абайдың оныншы қарасөзі

Сабақтың мақсаты: 1.А.Құнанбайұлының «оныншы қара сөзінің » мазмұнымен таныстыру; оқыту, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру;қарасөздің мағынасын түсіне білуге баулу;


2. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

3.Естілікке, тірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті қолдану сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Мағынаны тану», «Топтастыру» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс, аз топтармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, үнтаспа, плакат, кеспелер

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп отырғызу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

2. Үй тапсырмасын сұрау. «Екінші қара сөзінің» мағынасын ашу
3. Жаңа сабақ.

Абай қара сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.

ОНЫНШЫ СӨЗ

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?



Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол.

Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

Сабақты бекіту Мәтін бойынша сұрақтар беру

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма: қарасөздің мағынасын түсініп жаттап келу

Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы:жылы:13.03.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы:Он сегізінші қарасөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

Дамытушылық:Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.

Тәрбиелік:Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесінің тарихи-мәдени негіздерін қалыптастыру ,ұрпақтар жалғасуындағы жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация,коллаж,аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері

Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ

Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)


Пәнаралық байланыс: тарих,философия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а)Психологиялық тренинг

(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)

ә)Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.

    Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма  Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.

  Н.Ә.Назарбаев

Мағынаны тану

Мына сөздердің мағынасын ашыңдар:

1.Малды болса,әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен.

2.”Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады”

3.Бұлардың жас баладан несі артық?

4.”Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық”

5.Ой толғау «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

                        Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»

     

ІІІ. «Қазаққа қара сөзге дес бермеген» Абайдың он бесінші қарасөзі

ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.

Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.

Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.

а)аудио үн таспадан тыңдатып,мазмұнын меңгерту

ә)Әр топтан бір-бір оқушы шығып мазмұндайды)

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

ІV «Абайды оқығанмен қара сөзін,сол кезде пайда болған маған сезім»

(Бүгінгі күнмен байланыстыру.)

-Сызба,кесте түрінде келтіру


-Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер қолдануға болады.

  1. Қорытынды

Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.

ҮІ. Үй тапсырмасы:а)«Он сегізінші сөзі»   (Әдеби теориясы бойынша талдау)

 VІІ.Бағалау

Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 20.03.2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды бақылау тест

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың «Абайтану» курсынан ІІІ тоқсанда алған білімдерін саралау,

2.білімдерін тест сұрақтары арқылы тиянақтау,пысықтау ;

3. «Абайтану» әлеміне қызығушылықтарын тәрбиелеу

Сабақтың типі: Қорытындылау сабағы

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау»,

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына назар аудару

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру ,

3.Тест тапсырмаларын тарату

Абайтану тест 9-сынып ІІІ тоқсан

1.Абай Құнанбаевтың жалпы қанша қара сөзі бар? А.45 Б. 42 Д. 32 Г. 44 В. 41

  2. Ұлы ақын Абайдың музейі қайда орналасқан? А.Семейде Б.Петропавлда В.ЛенгірдеГ.Шымкентте

3.Абайдың қай қара сөзінде халықты бірлікке , ынтымаққа шақырған?А6 ә 4 б 3 в 7

4.Абайдың отыз бірінші сөзінде «Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - …………. , екінші –сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек;

Мына жауаптардан бірінші себепті көрсетіңіз.А.көкірекке байлаулы берікболу керек Ә Айтқан нәрсені жазып алу керекБ. Сол нәрсені елестетіп көру керек.В. сол нәрсеге құмарлық болу керек.

5.Абайдың баласының аты-