Файл: 1. Пн аты Абайтану Сыныбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 259

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ала қойлар (И. А. Крыловтан)

Бір таудағы хайуанды бір арыстан,
Билеген патшасы екен әуел бастан.
Әділ атақ алмақшы ниеті бар,
Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.
Онысы рас, басында тәуір болған,
Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.
Алдынан жан шықпаған патшамыздың
Ала қойды көргенде көзі ауырған.
Ала қойда кінә жоқ жүннен басқа,
Қойдан қашып шығыпты патша тасқа.
Көрсе қаза тұрады аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа.
Тұрды патша қайғырып уайым жеп:
“Ала қойды болады қайткенім еп?”
Аю, түлкі – қасында уәзірлері,
Кеңеседі оларға “қайтемін?”- деп.
Қолбаң етіп, қорс етіп сөйледі аю:
- Батыр патшам, не керек көп ойлану?
Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды?
Ақылы ала қойдың – қырып салу.
Қабағын түйді арыстан сөзін үғып:
Өлтірмегім оңай-ақ қойды сығып.
Өз жұртын өзі қырған патша бар ма?
Жаман аттан қорқамын, кетсе шығып.
Бекер қан төктірмеңіз, әділ патшам,
Сөкпеңіз,- деді түлкі,- мен сөз айтсам.
Оңаша бір өзенді қойға беріп,
Қайраңында семіртіп, кең жайлатсаң.
Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз,
Жаманды жақсыменен тең көріңіз.
Ала қой қорыққаннан өзі азаяр,
Қойшылыққа қасқырды жіберіңіз.
Қара деп қатты тапсыр ала қойды-ақ,
Өзгесі өсер, ол кемір, сөзіме бақ
Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң,
Жаман аттан боласыз сіз-дағы аулақ.
“Құп” деді, оны арыстан қабыл көрді,
Қасқырға “жақсы бақ” деп жарлық берді.
Ала түгіл ағынан тыныш бопты,
Түлкінің айтқанындай қылып еді.
Түлкінің айтқаны рас, жұрт – ақылсыз,
Көре салды қасқырдан баяғы арсыз.
Антұрғандық түлкі мен арыстанда,
Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз?


Есек пен бұлбұл (И. А. Крыловтан)

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.
Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.
Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың сөзі, сынар едім.
Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып толқынтады,
Маңайда жан біткенді таңырқатып.
Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып-қызыл боп жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым-жырт,
Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.
Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,
Есек жерге қаратып екі көзін:
“Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,
Әттегене-ай, білмепсің әтешті өзің!
Екенсің ән салуға сен-дағы епті,
Сен біраз әтеш әнін үйрен!”- депті.
Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,
Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.
Демеймін жұрт мақтасын

Я жақсын, я жақпасын.
Сүйтсе де мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын.
Піл мен қанден (И. А. Крыловтан)

Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.
Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.
Қанденге бір ит кездей боп
Деді: “Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!
Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!- деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені”.
“Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ,
Ер атанып көремін.
Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден – ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?”




Пән аты: Абайтану Сыныбы: 9Күні, айы:жылы: 24.10.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы:Қорытынды тест

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Абайтану курсынан тоқсан бойына алған білімдерін тест арқылы анықтау,саралау.

2.Абайды таныту.

3.Абай ілімін ұлттық құндылық ретінде бағалай білуге тәрбиелеу

Сабақтың барысыІ.1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Сабақтың мақсатымен таныстыру

3.Тест тапсырмаларын тарату

Абайтану курсы бойынша тест тапсырмасы І –тоқсан

1.«Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.. »-деп айтқан қай ақын?

А)Сүйінбай Ә) Жамбыл Б) А.Байтұрсынов

2. «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген жазушы

А) Ғ.Мұстафин Ә) М.Әуезов Б) Ғ.Мүсірепов

3. «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» Кімнің сөзі?

А) А.Байтұрсынов Ә)М.Әуезов Б) Ғ. Мұстафин

4.Абайдың тұңғыш жинағын дайындаған, баспаға бастырып шығарған

А).Ербол мен Кәкітай Ә).Кәкітай мен баласы Тұрағұл Б..Жазушы М.Әуезов

5. Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қай жылы жарыққа шықты?

А) 1909 ж. Ә)1919 ж. Б)1929 ж.

6. «Абай —қазақ әдебиетіндегіжаңа бағыттың өкілі».Кімнің пікірі?

А)Н.И. Ильминский Ә)А.Сидельников Б)Ш.Уәлиханов

7.Абай қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?

А)1849ж. Қарағанды облысы Ә)10847 ж.Торғай облысы Б)1845 ж Семей облысы

8. «Шегіртке мен құмырсқа)» өлеңін Абай кімнен аударды?

А)М.Ю.Лермонтовтан Ә)И.А.Крыловтвн Б)А.С.Пушкиннен

9. Абайдың аудармасы

А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» Ә) «Қыс» Б) «Қарға мен түлкі»

10.Абай аудармаларының саны А) 60-тан астам Ә) 50 шақты Б)40-тан астам

11.Абай А.С.Пушкиннің қай шығармасын аударды?

А)«Е.Онегин» Ә) «Қараңғы түнде тау қалғып» Б) «Теректің сыйы»

12 «...Амал жоқ — қайттым білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

He салсаң да тартамын..».Үзінді Абайдың қай шығармасынан?

А)«Қараңғы түнде тау қалғып» Ә) «Татьянаның Онегинге хаты» Б)Онегиннің Татьянаға жауабы

13.Абай «Е.Онегиннен» неше өлең тәржімалады? А) 7 Ә)8 Б) 6

14. Абай «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін кімнен аударды?

А) А.С.Пушкиннен Ә) И.А.Крыловтан Б)М.Ю. Лермонтовтан

15. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңіне ән шығарған кім?

А) Г. Бельгер. Ә)Л. Хамиди Б)А. Ысқақов

16. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің түпнұсқасы қай тілде жазылған?

А) Орыс тілінде Ә)неміс тілінде Б) Жапон тілінде

17. Абайды көп зерттеген жазушы-батыр

А)М.Ғабдуллин Ә)Б.Момышұлы Б)Қ.Қайсенов

18.Абай өлеңдерін басқа тілдерге аударған аудармашылар

А) Н.Арсланов, А.Токомбаев, Ш.Сеитова Ә) Қ.Исабаев, А.Токомбаев, Б.Момышұлы

Б)Ә.Нұрпейісов, Қ.Қайсенов, Н.Арсланов

19.Б.Момышұлының «Караңғы түнде тау қалғып» аудармасына берген бағасы:

А) 5 Ә) 4 Б)3

20. «Теректің сыйы» өлеңін кімнен аударды?

А) М. Ю. Лермонтов Ә)Я.Полонский Б)Л.Н. Толстой

21. «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінің идеясы

А) Өмірге деген құштарлық Ә) Сүйіспеншілік сезім Б) махаббат сезімі

22.Абайдың «Жазғытұры» өлеңі шығыстың қай ақынының өлеңімен мазмұндас?

А) Сағди Ә) Рудаки Б)Низами

23. Абай шығыстың ақындарының шығармаларымен қай кезден бастап таныса бастаған?

А)45 жасынан бастап Ә) медреседе оқыған кезінен бастап Б)Еліне келген кезінен бастап

24.Абай Сағди шығармаларының қандай тақырыптарымен үндес өлеңдер жазды?

А)Ғашықтық Ә) Адамгершілік Б) табиғат көріністері

25. Абай мен Хафиз поэзиясындағы үндес тақырып

А)Ғашықтық Ә) Адамгершілік Б) табиғат көріністері

Тест тапсырмаларын жинау, бағалау




Шегіртке мен құмырсқа (И. А. Крыловтан)

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)

Қой жайылып жаздыгүн,
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
“Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға”,-
Деді-дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей-ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін² білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
¥стап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.
¥шпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!



Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)

Боқтықта талтаңдап,
Жан-жаққа жалтаңдап,
Бір қарға жүр еді.
Бір жатқан ірімшік
Көзіне түседі,
Көңілі өседі.
Ірімшікті көрінген
Тістеп ап ұшады.
Бір ағашқа қонды да,
Асықпай жемек болды да,
Мазатсып қарады
Оңына, солына.
Ағашқа қонып, қаранып,
Қанатын, жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-майрам
Дейтін емес қу қайдан,
Жем іздеген бір түлкі
Кездей келді сорына.
Ағаштан төмен түспеген,
Ірімшікті тістеген
Қарға түсті көзіне.
Қу құмар ақымаққа
Алдап, арбап соқпаққа
Кеңеседі өзіне.
Жуасып, жабырқап,
Таң қалып, таңырқап,
Қарады жүзіне.
Қарашы залымның,
Бұл жұртқа мәлімнің
Алдаған сөзіне:
Есен-сау жүрсіз бе?
Ақынның төресі?
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесі.
Жүніңіз, үніңіз,
Мұрныңыз, көзіңіз,
Құлаққа көп тиген
Мақталған кеңесі.
Басынан өзгеше
Бітіпті денесі.
Көп жерден, қалқам-ай,
Құмарым тарқамай,
Сізді іздеп келіп ем.
Сүйінсін құлағым,
Тарқасын құмарым,
Әніңе бір салшы,
Асық боп келіп ем.
Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі.
Антұрған, сол тұрған
Жеріңде бол күлкі.




Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 7.11.2016ж.

Сабақ тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті

Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете,Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуын, Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі » өлеңдері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: ұлы ақынның мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы

Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, слайд

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс

ІІІ.Жаңа сабақ

Абай-Батыс әдебиетін қазақша тәржімалаған тұңғыш аудармашы

Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.

Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар.

««Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл — Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде «Отечественные записки» журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.

Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.

Мәтіндерді салыстыратын болсақ.

Түпнұсқада:

Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!

Вот арфа золотая:

Пускай персты твой, промчавчейся по ней,

Пробудят в струнах звуки рая.

И если не навек надежды рок унес,

Они в груди моей проснутся,

И если есть в очках застывших капля слез -

Они растают и прольются.

Аудармада:

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе,

Керек қой көңілді үміт тебірентсе.

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!

Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай «арфа» сөзін «домбырамен», «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. «Пускай персты твой, промчавчейся по ней» — «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған.

Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы классик жазушылармен қатар аталады. Абай- оның шығыс ақындарының ішіндегі бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич өлеңін аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деп жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше өлеңін аударғанға ұқсайды. Абайдың төл шығармаларының өзі бізге толық жетпегені сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден ықтимал. Бізге Мицкевичтен бір ғана аударма өлеңі жеткен.

IV. Мәтінмен жұмыс

Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.

«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»

«Көңілім менің қараңғы»

V. Сабақты қорытындылау

Сұрақтар қойылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

VI.Үйге тапсырма

Аудармаларды мәнерлеп оқу

Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні:14.11.2016 ж.

Сабақ тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті

Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушылардың Абай туралы білімдерін тереңдету; тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Абай мұраларын құрметтеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Кезекшімен сұхбат

Оқушыларды сабаққа дайындау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Абайдың батыс ақындарынан аударған аудармаларын мәнерлеп оқу.

ІІІ.Жаңа сабақ

«Қараңғы түнде тау қалғып» Абайдың 1892ж. М. Ю. Лермонтовтың «Из Гете» атты өлеңінен аударған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтан тұрады, барлығы 8 жол. Өлең — Абай аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі. Лермонтов бұл шағын өлеңді 1840 ж. неміс тілінен тікелей тәржімалаған. 1780 жылдың күзінде Кикельхан шыңына жаяу сапар шегіп, И. В. Гете шың түбіндегі аңшы үйінің қабырғасына қарындашпен небәрі сегіз жол өлең жазады. Бұл кейін бүкіл дүние жүзіне танымал болған, сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді. Бұл лирикалы-философ. миниатюраның негізгі түйіні, әлеуметтік мәні мен астары, көркемдік құдіреті аса тереңде жатыр. Адамзат өмірі мен тылсым табиғат құбылысының арақатынасын, байланысын, тынымсыз харекет-өмірден кейін тыныштық аңсау тақырыбын тұңғыш көтеріп, көркем бейнелеген көне грек ақыны Алкман (б. з. б. 7ғ.) болатын. Сонан соң бұл мәңгілік тақырыпты көне заманның ұлы ойшыл ақындары Вергилий, Овидий, Ариосто, Тассо тереңдетіп, құбылтып, толықтыра түсті, өлеңдеріне жаңа қуат берді. Гете «Жолаушының түнгі жырын» солардың үлгісінде жазып, сол ұлы ақындардың дәстүрін жалғастырды, өзіндік соны бояу, жаңа реңк енгізді. Өлеңнің философиялық түйіні соңғы екі жолында ашылады: «Тыншығарсың сен-дағы, сабыр қылсаң азырақ». Бұл жолдар Гетеде де, Лермонтовта да, Абайда да дәлме-дәл, сөзбе-сөз өрілген. Гетеде «Жолаушының түнгі жыры» еркін жазылған, буын саны, ұйқасуы да әр алуан. Өлеңді орыс тіліне тәржімалаған И. Анненский, В. Брюсов, Ю. Александров ырғақтық дәлдікті мүмкіндігінше сақтауға тырысқан, бірақ нәтижесінде аударма сірескен қалпында қалып, жасандылау шығып, көркемдік күш-қуатын әлсіретіп алған. Лермонтов, керісінше, Гетенің миниатюрасын еркіндеу аударып, орыс табиғатына лайық бірнеше тың бейне қосып, ырғақ, буын өлшемін дәл сақтамағанымен, түпнұсқадағы ойға, сарынға, сезімге ешбір нұқсан келтірмей, данышпан неміс ақынының философиялық ой- күйін, түйсік-сезім, дүние танымын айқын бере алған. Абай аудармасы жайында да дәл осыны айтуға болады. Ол Лермонтов тәржімесі арқылы ұлы Гетенің жан сырын тап басып, өлеңді қазақ топырағына бейімдеп, ұлттық әр беріп, жаңа, тың жыр туғыза алған. Абайдың шеберлігі, көрегендігі, сезімталдығы, әсіресе үш өлеңді қатар қойып оқығанда ерекше айқындала түседі. Бір ғажабы, Абайдың аудармасы өзіндік, тел шығармадай әсер етеді, «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін, шырқамайтын қазақ жоқ. Оған бір жағынан Абайдың бұл өлеңге жазылған кең тынысты, нәзік өуенді әні себеп болуы керек. Өлең шалыс ұйқас үлгісімен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.