Файл: Авеста ертедегі парсыларды діни кітабы Антропология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ГЛОССАРИЙ
І БӨЛІМ. ЕРТЕ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Авеста – ертедегі парсылардың діни кітабы
Антропология – адам туралы ғылым, адамдардың шығу тегі мен бітімін, эволюциясын, өзгеріс заңдылықтарын зерттейді. (грек antropos – адам, logos – ілім)
Археология – (грекше archaios – ескі, logos – ғылым) ғылымның бір саласы, алғашқы қауымдықтан ежелгі заманнан, орта ғасырдан қалған заттай ескерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамдардан өткендігі анық. Осындай процессті зерттеудің екі түрі бар: ол жазба зат. Жазба дерек салаларында ескерткіштер көбірек, заттық ескерткіштерді іздестіру барысында жаңа жазба ескерткіштерде кездесіп қалады. Бұл зерттеулер В.В.Гадлов, П.И.Лерих, В.В.Бартольдтың есімдерімен тығыз байланысты.
Дриопитек (dryopithecinoc) – қазбадан табылған адам тәрізді маймылдардың бірі. Дриопитектер 5-20 млн жыл бұрын тропитек қалың ормандарында тіршілік еткен. Дроиопитектердің көптеген ғалымдар шимпанзе және горилланың тегі деп санайды.
Мустьер – мустьер дәуірі-төменгі палеолитке жататын археологиялық мәдениет.Бұл алғашқы да Оңтүстік Батыс Франциядағы Ле-Мустье үңгірінің ішінен табылғанына байланысты аталған.
Мадлен – Францияның Дардониндегі Ла Мадлен үңгірі бойынша аталған және Испанияның солтүстігінде, Францияда, Швейцарияда, ФРГ-нің оңтүстігінде таралған. Бұл б.э.д 20000-12000 жылдар деп шамаланды. Сөздің кең мағынасында алғанда, мадлен мәдениеті немесе дәлірегі мадлен дәуірі кейінгі палеолиттік мәдениет дамуының барлық Еуропалық мұздық кезіндегі салаларында көрінеді. Бұл кезде салютрий мәдениетіне тән болып келетін қыспа ретушь және соның көмегімен жасалынған лавр жапырағы тәрізді ұштықтар жойылды.
Матриархат – аналық ру (лат. matris-ана, грек. arche-басталу үстемділік; сөз әйел үстемдігі) рулық құрылыс ыдырап таптық қоғамға өту кезеңіндегі қоғамдық құрылым формаларының бірі төменгі палеолиттен бастап неолиттің дамыған кезеңінде аяқталды.
Неантроптар (neos–жаңа,anthropos-адам)- археологиялық қазбадан табылған қазір өмір сүретін адамның ортақ атауы. Неантроптар б.з.б.70-60 мың жыл бұрын пайда болған деген болжам бар.
Патриархат – (грекше pater - әке, archo – басқарылатын, билеймін, сөзбе-сөз) әке өкілі алғашқы қауымдық қатынастың ең көп таралған формасы. Патриархат кезеңде, шартта, қоғамда, семьяда ерінің ролі үстемдік болды. Патриархаттың қоғамда алатын орны жөніндегі мәселе көптеген ғасырлар бойы талас туғызып келді. Патриархат адамзаттың қоғамда бастап-ақ пайда болды, яғни ежелгі қарым-қатынас деген теория кеңінен таралады. Көне дәуірде бұл көзқарасты Платон мен Аристотель жақтады, орта ғасырда бұл көзқарас толық орнығып, 19 ғасырда оны Г.Мэн жақтады.
Палионтропология – антропология ғылымының адамдардан қазбадан табылған сүйек қалдықтары бойынша яғни ежелгі,көне және қазіргі физикалық типтегі адамдардың арғы тегін зерттеген саласы.
Презинджантроп –бұл зинджантроптан кейін пайда болған (homo habilis-білетін адам),сонан кейін онымен бір уақытта өмір сүргені анықталды.
Палеонтроптар (палео-гр.anthropos-адам) – бұдан 250-35 мың жыл бұрын Азияда, Африкада және Европада өмір сүрген адамдардың қазба мәйіттерінің жиынтығының атауы.
Питекантроп (гр.pithekos-маймыл, anthropos-адам) – ежелгі адамдар тобы архантроптардың өкілі. Оның сүйегі Ява аралынан табылған. Питекантроптардың сүйек қалдықтары, бас сүйек қақпақшасы,жамбас сүйек, тіс 1973 ж. қарсаңда бас сүйек бөлшектері, астыңғы жақ сүйектері жекелеген тістер т.б. табылды.
Салютрей – Франциядағы Сена және Уаза департаменті Салютр үңгірі бойынша аталған. Бұл мәдениеттің ерекшелігі екі жағынан қыспа ретушпен шақпақты өңдеу жолымен өте жетілдіріп жасалынған найза ұштықтары мен пышақ кездіктердің таралуы болып табылады. Неолитті және бүйір ойындылы жапырақты және көктал жапырақты ұштықтар басым келеді, көзі бар сүйек инелер пайда болады. Аң аулаудың жаңа құралдары ойланып табылғанына қарамастан бұл ориньяк және салютрей дәуірінде аң аулау басым болып қала берді.
Синантроп – көне дәуірде,бұдан 400 мың жыл бұрын өмір сүрген адам тектерінің бірі.Ең алғаш оның сүйек қалдықтарын 1927ж ағылшын ғалымы Д.Блэк.Пекин маңындағы Чжо-Коу-Дянь үңгірінен табылды.
Шель –көне немесе төменгі палеолит кезеңіндегі археологиялық мәдениет.Париж маңындағы Шель қалаларының атымен аталған.
Эволюция – (латынша evoluteo - өрістеу) кең мағынасында қоғамдағы табиғаттағы органикалық дүниесіндегі болып жатқан өзгерістің ретін, бағытын, заңдылығын білдіру ұғымы. Эволюция идеясы бойынша белгілі бір жүйенің бірқалыпты екінші қалыпқа келуі оның бұрынғы қалпының айтарлықтай мерзімде өзгеруі нәтижесінен болды деп түсіндіреді. Эволюция нақтылы мағынада революция ұғымына қарама-қарсы баяу сан өзгерістері мен дамуының бірте-біртелігінің сипаттайтын түсініктік материализм, даму, эволюциялық ілім.
Экзогамия – (грекше exo – сыртқы, gomos – неке) туыстас семьялар арасында немесе жақын жергіліктер арасында некелесуге тыйым салу. Экзогамияның ерекшеліктері руластар мен бауырлар арасындағы соңғы кезге дейін сақталып келген. Қазақстан арасында жеті атаға дейін қыз алыспау сияқты салттар бар. Зерттеулер бұл дәстүрді 3 топқа бөліп қарайды:
-
Қандас (аталас) адамдардың қосылуының салдарын жою. -
Басқа қауымдастықтармен қатынасты дамытып, әлемдік байлықты нығайту. -
Коллективте әлеуметтік бірлікті сақтау әдісі арқылы сырт елдермен бас қосу жасау мақсаты деп көздегені деп түсіндіреді.
Әдебиеттер : Ф.Энгельс «семьяның жеке мемлекеттің шығуы», К.Маркс, Ф.Энгельс «Екі томдық таңдама шығару».
II БӨЛІМ. ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ҮІ-ХІІ ҒҒ.)
Ақын-суырып салма яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.
Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. «Қазақ» атауының көне баламасы.
Алмас қылыш-болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.
Арқан-мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Негізінен көші-қон, мал шаруашылығында қолданылған.
Арыс-бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.
Атабек-хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы
Айбалта-соғыс қаруы.
Ақсақал-аталас туыстар билігін жүргізетін адам.
Ат тұлдау-қайтыс болған ер адамның тірі кезіндегі мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін бос жіберу (мінбеу), асына сою.
Ауыздық-жүгеннің ат ауызына салынатын темір бөлігі.
Ауылбасы-ауыл билігін жүргізетін адам.
Асанас (Аснас, Ашнас)-Сырдария алқабындағы жергілікті жартылай отырықшы оғыз тайпалары салған ортағасырлық қала. Қызылорданың оңтүстігінде, Сырдарияның сол жағалауынан 25 км жердегі Іңкәрдария аңғарында орналсқан.
Атлах-ортағасырлық қала (VI-ХІІ ғ.ғ.). Жазба деректерге қарағанда Талас алқабында болған.
Баж-өңделетін жерге салынатын салық.
Балбал-бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
Басқақ-монғол хандарының жаулап алынған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындаған адамы.
Батыр-жеке ерлігімен ерекше көзге түскен ер жүрек, қаһарман адамдарға берілетін құрметті атақ.
Бәдіз-Орхон жазулары бойынша мүсін тас атауы.
Бәдізші- тас безеуші, мүсін тас жасаушылар.
Бек-феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.
Беклер бегі-ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.
Бескіл-түрік тілдес тайпа.
Би-әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.
Бөрі – ежелгі түрік қағандарының дербес жасағының атағы.
Бұйда-түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.
Бұлақ-түрік тілдес тайпа.
Білікшілер-іс қағазын жүргізушілер, хатшылар.
Вақф-мешіттер мен медреселердің жер иелігі.
Гурхан-қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы.
Ғазнауи әулеті-Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.
Ғаныш-бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалдары.
Даруғ, даруға- ханның қаладағы мирасқор әкімі.
Дешті Қыпшақ-Қыпшақ даласы, ХІ-ХVI ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.
Диуан-мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мекемелер.
Дулулар-түрік тілдес тайпа.
Дулыға- темір телпек, соғыс кезінде қорғаныс үшін киілетін болған.
Дурут-Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елбөрлі, бөрілер-қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елтебер-қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым
Енисей жазуы-VI-VIІІ ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.
Ер-салт атқа міну үшін қолданылатын жабдық.
Ер-тұрман-салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты.
Жабғу-Оғыз мемлекетінің билеушісі.
«Жасақ» («Яса»)- Шыңғысханның заң ережелері мен қаулы-қараларының жиынтығы.
Жебе-садақ оғының, найзаның ұшы. Садақ оғы да осылай аталады.
Көкілташ-хан мұрагерін тәрбиелеуші ұсатз.
Кундар немесе командар-венгр тіліндегі қыпшақ атауы.
Махаллалар- ортағасырлық қалалардағы көшпелілердің бөліктерін атаған (аула).
Мәмлүктер-ХІІ ғасырда түрік тілдес халықтардың және кавказдардың құлдықтағы жастарынан жасақталған египет сұлтандарының ұланы.
Өмілдірік-ат әбзелі. Ер-тоқымының кейін сырғып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тегін-хан ұрпағы.
Теле-тайпа, көптеген түрік тілдес тайпаларының ортақ атауы.
Темірші- ұста, зергер.
Терракота- ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш.
Тоныкөк тас жазуы-VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тотем- адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру негізінде қалыптасқан сенімі.
Тухси-түрік тілдес тайпа.
Уәлаят-аймақтық-әкімшілік бөлік.
Уәзір-хан кеңесшісі.
Ұлыс-бірнеше арыстың жері.
Ұмай ана-ежелгі түрік тайпасының құты (тотемі).
Үшір - еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
Хан, қаған- тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы.
Ханака-дін жолын ұстаған тақуалар мен кезбе дәруіштер үшін салынған қонақ үйі.
Харадж-феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.
Цитадель (Қамал)-ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі.
Шад-Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Шахристан-ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер, саудагерлер мен жасақшылар мекені.
Шерби-ұлыс істерін басқаратын қызметшілер.
«Шыңғыснама»- Шыңғыс хан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.
Інжу- монғолдың «ханның жері» деген мағынадағы сөзі.
Ябғу, Жабғу-түрік қағанаты билеушілерінің лауазымы.
Жошы хан кесенесі-қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ.ғ.) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш. Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
Икан-ІХ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген қала. Түркістан ауданы, Икан ауылының орталық бөлігінде орналасқан.
ІІІ БӨЛІМ. ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (ХVIII - ХХғ.ғ.)
Алатау (түркі сөзі, ала тау) – тау жоталарында қар мен өсімдіктер аралас жатқандықтан алыстан ала болып көрінеді.
Абсолюттік монархия – мемлекеттің түрі. Абсолюттік монархияның түрлері: 1) мемлекет басшысы (әдетте мұрагерлік) заң шығару және атқару биліктерін өзінің шенеуніктерінің көмегімен қоса атқарады,2) тұрақты әскер,3) қалыптасқан бюрократтық аппарат, 4) мемлекеттік алымның жалпыға ортақ жүйесі, 5) мемлекеттің бірыңғай заңы, 6)өнеркәсіпшілер қызметінің жүзеге асыратын және реттейтін әртүрлі нысандары бірыңғай жалпы мемлекеттік экономикалық саясат.
Басыбайлылық (крепостнойлық) құқық – шаруалардың феодалға бағыныштылығының бір түрі: оларды жерге бекітіп қояды және феодалдың әкімшілік, сот биліктеріне бағынады.
Бойкот (ағылш. Иелікті басқарушы ағылшын Ч.К.Бойкот есімімен байланысты, бұл шараны алғаш рет 1880 ж. ирландиялық жалға алушылыр аталған адамға қатысты қолданды) – жекелеген адаммен, ұйымдармен және мемлекетпен қарым-қатынасты толықтай немесе бөліктей тоқтатудан тұратын саяси және экономикалық күрестің құралы.
Губерния, уезд – Ресейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік.
Декрет – қандайда бір мәселе бойынша заңдық күші бар жоғары биліктің қаулысы.
Депутат (лат. Deputatus жіберілген) - өкілетті билік органына мүше болып сайланған адам.
Демократия (гр. Demos халық kratos билік) – халық билігі, заңдарда азаматтардың бостандығы мен тең құқықтығы бекітілген халық билігінің іс жүзіндегі тәсілдері мен нысандары жүзеге асырылатын және онымен белгіленетін саяси құрылыс.