Файл: Авеста ертедегі парсыларды діни кітабы Антропология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 159
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Диктатура (dictatura шексіз билік) – мемлекеттегі билікті жүзеге асыру жүйесі, адамның, топтың, таптың шексіз билігі. Демонстрация – бұқаралық шерулер митингілер ұйымдастыру жолымен қоғамдық көңіл-күйді, талаптарды, ынтымақтастықты немесе наразылықты жұрт алдында жария ету. Жандармерия (фр. Gendarmerie) - әскери ұйымы бар және елдің ішінде және әскерде күзет функциясын орындайтын полиция. 1827-1917жж. Ресейде жандармдар корпусы саяси полицияның ролін атқарады.Идеология (грек. Idea –ұғым, түсінік, Logos- сөз,ұғым,ілім) – саяси, құқықтық өнегелілік, діни, эстетикалық және философиялық көзқарастар мен идеялардың жүйесі.Киіз үй – жеңіл жиналатын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрғын жай. Ол үш бөліктен тұрады: кереге, уық және шаңырақ. Киіз үйдің іші шимен қапталады.Кордон – шекара күзеті болатын жер.Кебеже – сүрленген етті, кептірілген құртты және басқа тағамдарды салып қоятын көшпенділердің үй жиһазы.Кесінді(отрезки) – 1861 жылғы реформадан кейін помещиктің есебінен шаруалардың пайдалануына бөлініп берілген жер кесіндісі.Казачество – Қазан революциясына дейінгі Ресейдегі әскери сословие. Басыбайлы шаруалардың бір бөлігі қанауға шыдай алмай Ресейдің оңтүстігі мен шығысына қашып барып, ХҮ-ХҮІІ ғғ. әскери-феодалдық сословие ретінде пайда болды. Казактар тек өзінің бостандығын алып қана қойған жоқ, Ресей мемлекетінің шекара қауіпсіздігін де қорғады.Конституциялық монархия – онда монархия парламент арқылы шектеліп отырадыКапитализм – капиталистік қоғамның үстем табы, өндірістің маңызды құралдарының меншік иесі, жалдамалы еңбекті пайдалану.Кемсітушілік- правоны кеміту, отар және тәуелді елдердегі кейбір нәсілмен халықтар праволарын кемсіту.Капиталистік монополия- ірі кәсіпкердің немесе кәсіпкерлер одағының бір немесе бірнеше елде пайданы ұлғайту мақсатында экономикада бақылау орнату.Казак- Ресей империясының крепостнойлық канауына байланысты (XV-XVIIғ.ғ.) Дон, Днепр, Волга, Уралдың төменгі сағасына қашып барған шаруалар. Колония (лат. Colonia қоныстандыру) – саяси және экономикалық дербестігінен айырылған және арнайы режиммен басқарылатын, басқа шетелдік мемлекеттің қоластына қарайтын ел немесе аумақ.Либерал – либерализмнің жолын қуушы және жақтаушысы.Либерализм – парламенттік құрылысты, буржуазиялық бостандық пен капиталистік кәсіпкерліктің еркіндігін жақтаушыларды біріктіретін буржуазиялық идеологиялық және қоғамдық саяси ұғым.
Манифест – 1) қандайда бір ірі саяси оқиғаға байланысты халыққа арналған мемлекеттік жоғары биліетің немесе мемлекет басшысының актісі, 2) қызметінің бағдарламасы мен принциптері қамтылған саяси партиялардың декларациясы.“Маусым жарлығы” – тыл жұмыстарына және соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери жолдарды салуға Терск және Кубань облыстарынан, Закавказьеден, Орта Азиядан, Қазақстан мен Сібірден жат-жұрттықтардан әскерге мобилизация жариялау туралы патша жарлығы. 1916 жылы 25 маусымда шықты.Мемлекет – қоғамдық еңбек бөлінісі, жеке меншіктің шығуы мен таптардың құрылуы нәтижесінде пайда болды. Мемекеттердің белгілері: 1) мемлекеттік биліктің функцияларын жүзеге асыратын органдар мен мемлекеттердің ерекше жүйесінің болуы, 2) мемлекет рұқсат беретін белгі бір нормалар жүйесін бекітетін құқықтың болуы, 3) сол мемлекеттің қарауына жататын аумағының болуы.Мораторий – мемлекеттің халықаралық келісімге сәйкес ресми белгілеген қандайда бір міндеттемені орындауды кейінге қалдыруы немесе бір әрекеттен бас тпртуы.Миссионер- басқа діндегі халықтар арасында өз дінін таратушы үгітшілер.Наркескен (қаз.) – жекпе-жек ұрыстарда пайдаланатын қылыш тәрізді қару.Оппозиция – 1) қандайда бір саясатқа қандайда бір әрекетпен, көзқараспен қарсы тұру, қарсылық білдіру, 2) көпшіліктің немесе саясат жүргізушінің үстемдік ететін пікіріне тіке қарсы шығатын партия немесе топ.Пролетариат (жұмысшы табы) – капиталистік қоғам таптарының бірі, өндіріс құралдарынан айырылған жалдамалы жұмысшылар, олар өздерінің жұмыс күшін сатып күн көреді. Петиция (өтініш) – мемлекеттік биліктің жоғарғы басшылығына азаматтардың жазбаша беретін ұжымдық өтініші.Революция (лат. revolutio бұрылыс, төңкеріс) – бір формациядан екіншісіне тез секіріп өтетін түбегейлі төңкеріс, қандайда бір табиғат, қоғам сана құбылыстарын күрт өзгерту. Мұндай секірістер эволюциядан да, реформадан өзгеше ерекшеліктерге бай.Реформа (лат. Қайта жасау, жаңарту) – қолданыстағы әлеуметтік, қоғамдық өмірдің қандай да бір жақтарын жаңарту, өзгерту, қайта құру; кез-келген мазмұндағы жаңа өзгерістер түрінде болады, бірақ реформа деп әдетте прогрестік қайта жаңаруды айтады. Реакция – прогреске белсенді қарсылық көрсету саясаты және революциялық қозғалысты басып тастауСаяси партия – белгілі таптың немесе әлеуметтік бөліктің мүдделерін жақтайтын және белгілі бір мақсаттар мен идеяларға қол жеткізуде оның саяси қызметін басқаратын саяси ұйым.
Сырмақ – (қазақша – сыру, тігу) – төсеніштің бір түрі. Қазақтар сырмақты әртүрлі әдіспен, ою-өрнектер салып, әсемдеп тігетін болған.Сенат – Ресейдегі императорға бағынатын заң шығару және мемлекеттік басқару істері жөніндегі жоғары мемлекеттік орган.Тауар – сату үшін өндірілген еңбек өнімі.Тауарлы өнім – қоғамдық өндірістің нысаны, онда өнімдер айырбас үшін өндіріледі.Тамға (қаз. таңба) – алғашқыда моңғолдар оны малға таңба салу үшін пайдаланған, кейін қазақ хандығында құжаттар мен іс қағаздарына басылатын мөрді осылай атаған.Тенденция – қандайда бір құбылыстың, ойдың, идеяның дамуын бағыттау.Тұрақты әскер – біркелкі қарумен, қару-жарақпен, киіммен жабдықталған, заңмен және жарғымен құрылу, қызмет ету және оқып үйрену тәртіптері белгіленген тұрақты құрылым.Ұлт (нация) – қауымдастықтың қалыптасу процесінде оның аумағы, экономикалық байланыстары, тілі, мәдениетінің ерекшелігі мен мінез-құлығы қалыптасатын адамдардың тарихи қауымдастығы.Ұлтшылдық – реакциялық идеология және саясат, сондай-ақ ұлттық мәселеде ұлттың артықшылығын насихаттайтын психология.Ферма – жеке меншік немесе жалға алынған жерде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорны.Федерация (лат. Foederatio одақ, бірлестік) – мемлекеттік құрылымның нысаны, онда федеральдық бірлестік құрамына мемлекеттік – федерация мүшелері кіреді.Шовинизм – ұлтшылдықтың ең агрессияшыл түрі. IV БӨЛІМ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНАвтономия (грек. Autonomia - өзін-өзі басқару, тәуелсіздік) - бір мемлекеттің құрамындағы саяси-ұлттық құрылымның айрықша статус алып, өзінің ішкі проблемаларын дербес шешудің кең де ауқымды мүмкіндіктеріне ие болу.Адаптация – жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайына бейімделу процесі.Архив (лат. archivum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме. Әкімшілік – іске нақты басшылықтың орнына бұйрықшыл-жарлықшыл әдісті қолданушылық.Әлеуметтік құрылым – қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қатынастары.Бесжылдық. Бесжылдық жоспар – Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) – жұртшылыққа жүйелі түрде хабар тарататын құралдар: баспасөз, радио, теледидар.
Босқындар – қоғамда белгілі бір күштердің (саяси, экономикалық, этникалық қысым, соғыс, табиғи апат) қысымына қарсы тұруға, төзуге шарасыз болудың әсерінен өз елінен басқа бір елге көшуге мәжбүр болған адамдар.Глоссарий – терминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.ГУЛАГ – (Главное управление исправительно-трудовых лагерей, трудовых поселений и мест заключений) Еңбекпен түзеу лагерлері мен жер аударылғандар қоныстарының және қамау орындарының Бас басқармасы –КСРО-да 1934-56 ж.ж. айыпталушылардың жазасын өтеу орындарына басшылық еткен Ішкі істер халық комиссариатының (1946 жылдан Ішкі істер мин.) бөлімі. Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.Ғылыми болжам – теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.Дағдарыс, кризис (грек. krisis-бетбұрыс кезі) – қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең; әлеуметтік ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипат иеленуі.Демократия (грек. demos-халық және kratos-билік) – қоғамды, мемлекеттік билікті саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі пішімдерінің бірі, ұдайы дамып, жетіліп отыратын саяси режим.Дерекнама – белгілі бір ғылыми зерттеуге негіз болатын жазба дүниелер, ескерткіштер.Жариялылық – жағымсыз құбылыстар мен кемшіліктерді ашып көрсетудің, қоғамды сауықтыру мен демократияландырудың негізгі құралы.Жеке адамға табыну – белгілі бір қайраткердің беделіне көзсіз бас ию, оның сіңірген еңбегін әсірелеп көрсету, тарихи тұлғаны әулиеге теңеу.Жекешелендіру – меншік қатынастарын реформалау арқылы мемлекеттік меншікті меншіктің басқа нысандарына айналдыру үрдісі.Жүйе - өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы.Заң – құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.Индустрия (лат. Industria-ынта, жігер) халық шаруашылығының өндіргіш күштерге және қоғамның экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды саласы.Идеология – қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы.Казактар – ХVІІІ ғасырдан 1917 жылға дейін Ресей империясында болған әскери әлеуметтік топ.
Кредит несие – тауарларды немесе ақшаны белгілі процент мөлшерінде несиеге беру.Қайта-құру – Кеңес қоғамындағы тоқырау процестерін жойып, қоғамдық-әлеуметтік дамуды жеделдетуге, демократия мен жариялылыққа негізделген жаңа бағыт.Қоғам – адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.Мемлекет – қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.Миграция – бір жерден екінші бір жерге көшіп-қону.Өкілетті елші – шет елде өз елінің мүддесін қорғауға толық құқығы бар елші. Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, әлеуметтік сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік, оған адалдық, оның өткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшыныс.Репрессиялау – адамдардың белгілі тобын мемлекет тарапынан саяси қудалау.Шетке шығару, шеттен келтіру (экспорт, импорт) – мемлекетаралық сауда операциясы: шет елдерге товар шығарып сату, шет елдерден товар сатып алу. Таптар – адамдардың қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіне алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарының қатынасына қарай, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы роліне қарай, демек, қоғамдық байлықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті бөлу әдістеріне қарай жіктелетін үлкен топтары.Тарихтың объективті факторы – адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар. Тарихтың субъективті факторы – бұқараның, топтардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс-қимылға бейімділігі және т.с.с. жатады.