Файл: ТЕРАПИЯ БОЙЫНША № 2 ИНТЕРНАТУРА ЖӘНЕ РЕЗИДЕНТУРА КАФЕДРАСЫ.doc

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 4678

Скачиваний: 41

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
  1. Гис шоғырының сол аяқшасының толық блокадасы

  2. Гис шоғыры сол аяқшасының артқы тармағының блокадасы

  3. Гис шоғыры сол аяқшасының алдыңғы тармағының блокадасы

  4. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес блокадасы

  5. +Гис шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы


291. 50 жастағы науқас әйел стационарға жатқызылды, шағымдары: адам жүрек қағуы, жүректің тоқтап қалуы, төс артындағы сыздап шаншып ауыруы, оның сол иыққа таралуы, тез жүрген кездегі ентігу, бас ауруы, тершеңдік, тасу (приливы). ЭКГ – синусты ырғақ, жиі уақытынан ерте Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстердегі Р тісшесі екіфазалы, PQ сегмент 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  3. қарыншалық экстрасистолия

  4. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. +жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия


292. 65 жастағы ер адам, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, төс артындағы қысып ауыру, оның сол қолға, сол иыққа таралуына, жүрек қағу сезімдеріне шағымданады. Жүрек тондары тұнықталған, ырғақсыз, жүрек соғу жиілігі мен пульс 64 рет минутына, АҚҚ – 130/85 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ синусты, жиі уақытынан ерте QRS комплекстерімен үзіледі. Осы комплекстер алдында Р тісшесі жоқ, QRS ені 0,14 сек. дискордантты QRST, уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығына тең. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. +қарыншалық экстрасистолия

  2. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  3. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия


293. Науқастың ЭКГ-да: синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған Р және QRS комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс, PQ сегменті 0,04 сек, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз. Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. +жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  3. қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия



294. 52 жастағы науқас ерсінің ЭКГ-да: синусты ырғақ, жиі уақытанан бұрын пайда болған QRS және Р комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің Р тісшесі теріс QRS комплексінен кейін, QRS 0,1 сек., уақытынан бұрын пайда болған комплекстің алдындағы интервал және уақытынан бұрын пайда болған комплекстен кейінгі интервалдың қосындысы 2 R-R аралығынан аз.

Уақытынан пайда болған комплекстердің ЭКГ тұжырымын көрсетіңіз:

  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  2. қарыншалық экстрасистолия

  3. +қарыншалардың уақытынан бұрын жиырылуымен түйінді экстрасистолия

  4. жүрекшенің ортаңғы бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  5. жүрекшенің төменгі бөліктерінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия


295. Ауруханаға науқас әйел жатқызылды, шағымдары: кенеттен басталатын жүрек қағу ұстамалары. Анамнезі: ауруының басталуын бір жыл бұрын өткерген вирустық инфекциямен байланыстырады. ЭКГ - ырғақ жиілігі минутына 150 рет, ырғағы фиксирленген, QRS комплекстерінің алдында Р тісшесі жоқ. Қарыншалық комплекстердің ені 0,11 сек., пішіні өзгермеген. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. қарыншалық пароксизмальді тахикардия

  5. +жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия


296. Ауруханаға ер кісі жатқызылды, шағымдары: кенет пайда болатын жүрек қағуы, ауа жетпеу сезімі, төс артындағы қысып, басып ауырсыну сезімі, оның сол қолға таралуы, аяқтардағы ісіну, әлсіздік. ЭКГ – ырғақ жиілігі 200 рет минутына, ырғақ фиксирленген, II, III және aVF тіркемелерінде теріс Р тісшесі бар, aVR тіркемесінде оң Р тісшесі, Р тісшелері арасында изосызық бар. Қарыншалық комплекстер 0,06 сек. Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. +жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  3. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  4. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия

  5. қарыншалық пароксизмальді тахикардия


297. Ауруханаға 55 жасар ер адам жатқызылды, шағымдары: кенет әлсіздік, ауа жетпеу сезімі, бас айналу, жүрек айнуы. Қараған кезде: терісі боз, ылғалды, ерін цианозы, жүрек шекарасы екі жаққа дейін кеңейген, тахикардия, соғу жиілігі мен пульсті есептеу мүмкін емес, жүрек тондары тұнық, АҚҚ – 85/65 мм.сын.бағ. ЭКГ – ырғақ жиілігі 170 рет минутына, ырғақ фиксирленген, қарыншалық комплекстер 0,18 сек., деформацияланған, ST сегменті және Т тісшесі QRS комплексіне байланысты дискордантты орналасқан, Р тісшесі анықталмайды.


Осы ЭКГ мәліметіне сәйкес патологияны таңдаңыз:

  1. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  2. +қарыншалық пароксизмальді тахикардия

  3. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан пароксизмальді жүрекшелік тахикардия

  4. қарыншалардың ерте қозуымен пароксизмальді түйінді тахикардия

  5. жүрекшелер мен қарыншаларға бір мезгілде өткізілуімен пароксизмальді түйінді тахикардия


298. 72 жастағы науқастың ЭКГ-да: ырғақ дұрыс емес, жиілігі шамамен 138 рет минутына, Р тісшесі жоқ, V1 тіркемесінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, электрлік ось солға ығысқан, алдыңғы-септальді және жүрек ұшында трансмуральды инфарктен кейінгі тыртықты өзгерістер бар. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?

  1. қарыншалар фибрилляциясы

  2. +жүрекшелер фибрилляциясы

  3. жүрекше тыпырлауы

  4. қарыншалар тыпырлауы

  5. жиі жүрекшелік экстрасистолия


299. Стациоанрға науқас ер кісі жатқызылды, шағымдары: жүрек соғуы, жүректің шалыс қағуы, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентігу. Жүрек шекарасы көлденеңінен кеңейген, тондары тұнық, ырғағы дұрыс емес, тахикардия, пульс дефициті шамамен 22 рет минутына, АҚҚ 95/60 мм.сын.бағ. ЭКГ – Р тісшесі жоқ, , V1 әкетуінде ұсақ амплитудалы толқындар анықталады, қарыншалар жиырылу саны шамамен 135 рет минутына, қарыншалық комплекстер арасындағы интевал әркелкі. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?

  1. қарыншалар фибрилляциясы

  2. +жүрекшелер фибрилляциясы

  3. жүрекше тыпырлауы

  4. қарыншалар тыпырлауы

  5. жиі жүрекшелік экстрасистолия


300. 59 жастағы әйел адам стационарға жатқызылды, шағымдары: жүрек қағуының жиілеуі, жүректің шалыс қағуы, ауа жетпеу сезімі, әлсіздік. ЭКГ- қарыншалар жиырылу саны шамамен 175 рет минутына, Р тісшесі анықталмайды, оң жақ кеуде тіркемелерінде әр түрлі пішіндегі толқындар бар, QRS комплексі -0,08 сек., жүрек электр осі солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы белгілері бар. Бұл қандай ырғақ бұзылыс болуы мүмкін?

  1. қарыншалар фибрилляциясы

  2. жүрекше тыпырлауы

  3. +жүрекшелер фибрилляциясы

  4. қарыншалар тыпырлауы

  5. жиі жүрекшелік экстрасистолия


301. Ауруханада 19 жастағы науқас жатқызылды, шағымдары: кенет басталатын және сол сияқты кенет тоқтайтын, ұзақтығы 10-15 минутқа созылатын, жалпы әлсіздікпен, бас айналуына әкелетін жүрек қағу ұстамалары. ЭКГ – барлық әкетулерде Р (+), R=R, RII>RI>RIII, PQ-0,07; QRS- 0,15, QТ-0,42 с., ЖЖЖ- минутына 88 рет, I, avL, V4-V6 әкетулерде оң ∆-толқыны. Бұл синдром қалай аталады?

  1. Морганьи-Адамс-Стокс синдромы

  2. Фредерик синдромы

  3. +W-P-W синдромы

  4. ерте реполяризация синдромы

  5. Клерк-Леви-Критеску синдромы


302. 58 жастағы науқас ер кісінің ЭКГ-да: синусты ырғақ, уақытынан бұрын пайда болатын жиі QRS комплекстерімен үзіледі. Бұл комплекстердің алдында Р тісшесі жоқ, QRS ені 0,12 сек., осындай комплекстердің алдындағы интервал мен осындай комлекстерден кейінгі интервал қосындысы 2 R-R аралығынан үлкен, RI>RII>RIII, III-ші стандарттық әкетуде R<S, АVF R<S, QТ-0,62 с., ЖЖЖ минутына 76, PQ-0,12; QRS- 0,1. Бұл қандай ырғақ бұзылысы болуы мүмкін?


  1. жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде қозуымен түйінді экстрасистолия

  2. қарыншаның уақытынан бұрын қозуымен түйінді экстрасистолия

  3. жүрекшенің ортаңғы бөлігінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия

  4. +қарыншалық экстрасистолия

  5. жүрекшенің төменгі бөлігінен шыққан жүрекшелік экстрасистолия


303. 50 жастағы ер адам созылмалы панкреатиттің асқынуымен ауруханаға жатқызылды. ЭКГ: синусты ырғақ, минутына 78 рет, оң кеуделік әкетулерде ST сегментінің доғасы төмен қарай бағыттала биік оң Т тісшесіне ұласатын 2 мм – ге ығысуы байқалады. ЭКГ мәліметтерін талдаңыз:

  1. Морганьи-Адамс-Стокс синдромы

  2. W-P-W синдромы

  3. Фредерик синдромы

  4. Клерк-Леви-Критеску синдромы

  5. +қарыншалардың ерте реполяризациясы синдромы


304. 55 жастағы науқас ер адам жүрекшелердің пароксизмальді тахикардиясымен кордарон қабылдағаннан кейін екі жаққа бағыталған қарыншалық тахикардия (torsade de pointes) ұстамасы пайда болып нәтижесінде науқас өлді. Қандай өзгерістердің дамуы қарыншалық тахикардияға әкелуі мүмкін?

  1. Р тісшесі ұзаруы

  2. PQ интервалының ұзаруы

  3. ST сегментінің ұзаруы

  4. Р тісшесінің қысқаруы

  5. +Пролонгирленген QT интервалы


305. 68 жастағы әйел адам стационарға жатқызылды, шағымдары- 30 мин асатын, төстің тұсында қысып ауыратын, сол иық пен сол жағына тарайтын ауыру сезімімен стационарға түскен. Жағдайы орташа ауырлықта, тахипноэ, тері жабындылары ылғалды, АҚ сын бағ. б. 90/60 мм. Пульсі минутына 65, толуы әлсіз. жүрек тондары бәсең. Өкпесінің төменгі-артқы бөліктерінде ылғалды сырылдар. ЭКГсында: II, III, aVF тіркемелеріндегі ST сегментінің депрессиясы.

Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

  1. ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты

  2. ЖИА, төменгі локализациялы Q-инфаркты

  3. +ЖИА, төменгі локализациялы Q- емес инфаркты

  4. ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q- емес инфаркты

  5. ЖИА, бүйір қабырғаларының Q-инфаркты


306. 69 жастағы ер адам, клиникаға 1 сағатқа созылған ауыру сезімімен жеткізілді. Науқас нитроглицерин қабылдады, ауыру сезімі күшейе берді де, кеуде қуысының торының сол аумағына, екі қолына, мойны мен астыңғы жағына таралады. ЭКГ: алдыңғы-қалқалық аймақтың, жүрек ұшының субэндокардиальді түрдегі Q-тісшесі жоқ миокард инфаркті, жедел кезеңінің белгілері. Осыған тән белгілерді көрсетіңіз:

  1. II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  2. I, AVL, V1-ден бастап V6-ға дейінгі әкетулеріне дейін ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  3. I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі

  4. +I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  5. II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі


307. Науқстың ЭКГ-да артқы –диафрагмальді аймақтың субэндоардиальді миокард инфаркті анықталды. Осы патологияға тән белгілерді көрсетіңіз:


  1. I, AVL, V1-ден бастап V6-ға дейінгі әкетулеріне дейін ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  2. I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  3. +II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  4. I, AVL, V1-ден V4-ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі

  5. II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесіне өтуі


308. Төс артының өте интенсивті ауыру синдромымен науқас ер адамның ЭКГ-да: ритмі синусты 80 р минутына, ЖЭО -горизонтальды. V1-V3 тіркемелеріндегі ST сегменті депрессияланып теріс Т тісшесіне өткен. Науқастың диагноы қандай болуы мүмкін?

  1. ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты

  2. ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфаркты

  3. +ЖИА, алдыңғы-қалқалық аймақтың жедел Q- емес инфаркты

  4. ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q- емес инфаркты

  5. ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфаркты


309. Төс артының күйдіріп ауыру сезімімен науқастың ЭКГ-да: синусты тахикардия 95 р минутына, ЖЭО -горизонтальды. V1-V6 тіркемелеріндегі ST сегменті депрессияланып теріс Т тісшесіне өткен. Науқастың диагноы қандай болуы мүмкін?

  1. ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-инфаркты

  2. ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфаркты

  3. ЖИА, үдемелі стенокардия

  4. +ЖИА, алдыңғы қабырғаға таралған жедел Q- емес инфаркты

  5. ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфаркты


310. 50 жастағы ер адам, ұзаққа созылған жүрек ұстамасынан кейін ауруханаға жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр. Тері жамылғылары ылғалды, тахипноэ, диффузды сұр цианоз. АҚ б. 80/60 мм.сын.бағ. Пульсы минутына 35 рет, толуы әлсіз. Жүрек тондары өте бәсең. Өкпесінің төменгі-артқы бөліктерінде ылғалды сырылдар. ЭКГ-сында: II, III, AVF тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі және ST сегментінің элевациясы, РQ интервалының ұзаруы мен әрбір екінші қарыншалық комплекстерінің түсіп қалуы. ЭКГ өзгерістеріне сәйкес диагнозды таңдаңыз:

  1. ЖИА, алдыңғы қабырғаны жедел Q-инфарктымен I дәрежелі AV блокадасы

  2. ЖИА, алдыңғы қабырғаның жедел Q-емес инфарктымен I дәрежелі AV блокадасы

  3. +ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы

  4. ЖИА, төменгі локализациялы жедел Q-емес инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы

  5. ЖИА, бүйір қабырғаларының жедел Q-инфарктымен II дәрежелі AV блокадасы


311. Клиникаға 2 сағатқа созылған төс артының ауыру сезімімен науқас әйел жатқызылды. ЭКГ: алдыңғы-қалқалық аймақтың, жүрек ұшының трансмуральды миокард инфаркті, жедел кезеңінің белгілері. Осыған сәйкес өзгерістерді таңдаңыз:

  1. II, III, AVF әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы

  2. +I, AVL, V1-V4 әкетулерде R тісшесі жоқ, патологиялық QS тісшесі және ST сегментінің 6 мм-ден аса элевацияланып оң Т тісшесімен қосылуы

  3. II, III, AVF әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  4. I, AVL, V1-ден V6-ға дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі

  5. I, AVL, V1-ден V4 ке дейінгі әкетулерде ST сегментінің 5 мм-ден аса депрессияланып теріс Т тісшесіне өтуі