Файл: Пн геометрия ыса мерзімді жоспар 1сабак.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 499

Скачиваний: 13

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.







Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Үй тапсырмасын тексеру және талдау
Оқушыларға оқу мақсатын талқылатып, бағалау критерийлерін өздеріне табуға мүмкіндік беру.


Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын өмірде, өндірісте, құрылыста көптеп қолданылады.

Атап айтатын болсақ, әртүрлі шырындардың қорабын, конфеттердің, әтірлердің, сыйлықтырдың қораптарын жасау үшін жасау үшін геометриялық денелер беттерінің жазбасын жасай алу маңызды.

сызықтар сәйкес келеді.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар



Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбымен таныстыру: Шардың және оның бөліктерінің көлемі
Презентация 1 материалдарын талдау.
слайд 1:сабақтың тақырыбы және мақсаты;
слайд 2:Радиусы R болатын шардың көлемі (есептеу формуласы);
слайд 3: Шар сегменті (анықтама, сызба, көлемнің формуласы);
слайд 4: Шар қабаты (анықтама, сызба, көлемнің формуласы);
слайдтар 5-6: Шар секторы (анықтама, сызба, көлемнің формуласы).


Видео-материал (ұзақтығы13:42) https://resh.edu.ru/subject/lesson/4910/main/23242/сілтемесі бойынша

Шардың және оның бөліктерінің көлемі: шар бөліктерінің анықтамасы және сызбасы; Шардың және оның бөліктерінің көлемін табу формулаларын тұжырымдау және дәлелдеу.
(видео - материал)



Тақырып материалдарын бекіту:
Математикалық диктант (екі нұсқа)
1 - нұсқа
  1. Егер шардың радиусы R = 6 см болса, оның көлемін есептеңіз.
  2. Шардың диаметрін табыңыз, егер оның көлемі болса.
  3. Шардың радиусы 6 см, ал секторды құрайтын конустың биіктігі - шардың диаметрінің үштен біріне тең болса, шар секторының көлемін табыңыз.
  4. Шар центрінің екі жағынан аудандары 9π см2  және16πсм2 болатын сәйкес екі параллель қималар жүргізілген. Қималардың арақашықтығы 7см. Пайда болған шар қабатының көлемін табыңыз.
2 - нұсқа
  1. Егер шардың радиусы R = 5 см болса, оның көлемін есептеңіз.
  2. Шардың диаметрін табыңыз, егер оның көлемі болса.
  3. Шардың радиусы 3 см, ал секторды құрайтын конустың биіктігі - шардың диаметрінің үштен біріне тең болса, шар секторының көлемін табыңыз
  4. Шар центрінің екі жағынан аудандары 4π см2  және 25πсм2 болатын сәйкес екі параллель қималар жүргізілген. Қималардың арақашықтығы 6 см. Пайда болған шар қабатының көлемін табыңыз.
Жауаптары:
1 – нұсқа: см3; 6; ; .
2 – нұсқа: см3; 4; ; .




Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-2-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-3-ші сұраққа жауап береді.

1-балл
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.
Оқулық 11-сынып.



Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы:

A) Шардың және оның бөліктерінің көлемін табу формулаларын қорыта білу; https://resh.edu.ru/subject/lesson/4910/main/23242/

B) Қуыс шардың диаметрі 18. Сыртының қалыңдығы 3. Шар дайындалған материалдың көлемін табыңдар.

C) Сфера қабырғалары 12-ге тең ABCD квадратының төбелері арқылы өтеді. OD радиусы квадрат жазықтығымен 600 бұрыш жасаса, сфераның центрі О нүктесінен квадрат жазықтығына дейінгі қашықтықты табыңдар.

D) Цилиндрдің жазбасы тік төртбұрыш. Жазба диагоналі 8 және табан жазықтығымен 300 бұрыш жасайды. Цилиндр көлемін табыңыз.


Рефлексия:

  • не білдім

  • нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

Оқушылар өзінің және өзінің сыныптасының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.


Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.







Пән: геометрия

Қысқа мерзімді жоспар №12-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Денелердің көлемдері

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық денелердің комбинациялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу;

11.3.18 – геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

- көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндейді;

– геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығарады;



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу;

Төменде көрсетілген жазбалар қандай фигуралар? Олардың толық ауданын табыңыз.



Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын өмірде, өндірісте, құрылыста көптеп қолданылады.

Атап айтатын болсақ, әртүрлі шырындардың қорабын, конфеттердің, әтірлердің, сыйлықтырдың қораптарын жасау үшін жасау үшін геометриялық денелер беттерінің жазбасын жасай алу маңызды.

сызықтар сәйкес келеді.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар



Сабақтың ортасы


Көпжақ – беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене.Көпжақтың түрлері:

  1. Призма

  2. Пирамида

  3. Параллелипипед

Анықтама:_Призма'>Анықтама: Призма деп әр түрлі жазықтықтарда жататын және параллель көшіргенде бір-біріне келіп беттесетін екі көпбұрыштан және осы көпбұрыштардың сәйкес нүктелерін қосатын барлық кесінділерден тұратын көпжақты атайды.



.Призманың қасиеттері:

  1. Табандары тең

  2. Табандары параллель жазықтықта жатады

  3. Бүйір қырлары параллель және тең

Призманың түрлері:

  1. Тік призма – бүйір қырлары табандарына перендикуляр болады

  2. Көлбеу призма – бүйір қырлары табандарына перендикуляр болмайды

  3. Дұрыс призма – тік призманың табандары дұрыс көпбұрыш болады.

Анықтама: Егер призманың табаны параллелограмм болса, онда ол параллелепипед деп аталады.



Параллелепипедтің қасиеттері:

  1. Параллелепипедтің қарама –қарсы жатқан жақтары параллель және тең болады.

  2. Параллелепипедтің диагоналдары бір нүктеде қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді.

Параллелепипедтің түрлері:

  1. Тік бұрышты параллелепипед – табаны тік төртбұрыш болатын тік параллелепипед

  2. Куб – барлық қырлары тең тік бұрышты параллелепипед

Анықтама: Пирамида- жазық көпбұрыштан, табан жазықтығында жатпайтын нүктеден және осы нүктенітабанының нүктелерімен қосатын барлық кесінділерден құралған көпжақ.



Пирамиданың түрлері:

  1. п – бұрышты пирамида деп табаны п бұрыш.

  2. Дұрыс пирамида – табаны дұрыс көпбұрыш болатын, ал төбесінен түсірілген биіктік табанының центріне дәл келетін пирамида.

  3. Қиық пирамида – пирамиданың табан жазықтығына параллель және оның бүйір қырларын жазықтықпенқиып өткенде пайда болған көпжақ.

Призма




Тік

Көлбеу

Бүйір бетінің ауданы







Толық бетінің ауданы







Пирамида




Дұрыс

Қиық

Бүйір бетінің ауданы







Толық бетінің ауданы









Призма




Тік

Көлбеу

Бүйір бетінің ауданы





Толық бетінің ауданы





Пирамида




Дұрыс

Қиық

Бүйір бетінің ауданы





Толық бетінің ауданы





Мұғалімнің іс-әрекеті: Көп жақтар және айналу денелерінің комбинациясына берілген тапсырманың шешу жолыноқушылармен бірге талқылай отырып, тақтада көрсетеді.

Есеп.Шар конусқа іштей сызылған, жасаушысы табан диаметріне тең. Конустың толық бетінің шар бетіне қатынасын табыңыз.

Шешімі№7слайдта

Мұғалімнің іс-әрекеті:.Оқушыларды төрт есепті шешуді ұсынады.

Оқушының іс-әрекеті:тапсырманы орындайды.

Сипаты: оқушылар тапсырмаларды шешеді, өз іс-әрекеттерін түсіндіреді .

1. Шар конусқа іштей сызылған.Слайд№9

2. Конус шарға іштей сызылған.Слайд № 10

3.. Шар цилиндрға іштей сызылған. Слайд №11

4. Шаркубқа іштей сызылған. Слайд № 12

Мұғалім тапсырманы орындаған оқушыға кері байланыс береді

3.Топпен жұмыс

Мақсаты:практикалық есептерді шешу дағдыларын, шамаларды бағалау және олардың жуық мәндерін табу; нақты объектілер өлшемдерінің және олармен байланысты геометриялық шамалардың арақатынасы туралы түсініктерді қалыптастыру;

Мұғалімнің іс-әрекеті:оқушылардың үш шағын тобын құрады;

Оқушының іс-әрекеті:талқылай отырып, тапсырманы орындау;

Сипаты: оқушылар топтарының жеке қабілеттерін ескере

отырып, дифференциальдық тапсырмалар құрылады. Оқушыларды топқа бөлу кезінде деңгейлік саралауды қолдануға болады.

Топтық жұмыс үшін практикалық есептер

I топ.

Егер мұнай тығыздығы 0,85 г/см3 тең болса, диаметрі 18 м және биіктігі 7м цилиндр тәрізді цистернаға мұнайдың қандай мөлшері (тоннада) сыйяды?

II топ.

Балмұздаққа арналған конус пішінді стакан тереңдігі 12см және жоғарғы бөлігінің диаметрі 5см-ге тең. Оның үстіне диаметрі 5см-ге тең жарты шар тәрізді екі қасық балмұздақ қойды. Егер балмұздақ еріп кетсе, стаканды толтыра ма?


Есептер шығару

1. Дұрыс төртбұрышты призманың табан ауданы 144 см2, ал биіктігі 14 см. Призманың диагоналын табыңыз. Жауабы: 22 см

2. Үш өлшемі бойынша тік бұрышты параллелепипедтің диагоналін табыңыз: а = 6 см, b = 6 см, с = 7 см. Жауабы: 11 см

3.Төртбұрышты дұрыс призманың бүйір беті 16 см2, ал толық бетінің ауданы 48 см2. Призманың биіктігін табыңыз. Жауабы: 1 см

4. Пирамиданың табан қабырғалары 6 см, 8 см болатын тік төртбұрыш. Әрбір бүйір қыры 13 см. Биіктігін табыңыз. Жауабы: 12 см

5. 10 м3 ауа 13 кг тартады. Ұзындығы 4,2 м, ені 3,5 м және биіктігі 2,6 м болатын бөлмедегі ауа қанша тартады? Жауабы: 49,686 кг

Жұптық жұмыс

1. Көлбеу параллелепипедтің табанында бұрышы 300-қа, қабырғасы 5-ке тең ромб жатыр. Бүйір қыры және табан жазықтығына 600 көлбеген. Параллелепипед көлемін табыңыз. Жауабы: 25

2.Табан қабырғалары 6см, 8 см, 10 см, ал биіктігі 8 см үшбұрышты тік призма берілген. Толық бетінің ауданын табыңыз. Жауабы: 240см2

3.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың апофемасы 4 см, ал табан қабырғасы 6 см. Пирамиданың бүйір қырын, биіктігін, толық бетінің ауданын табыңыз. Жауабы: 5, 71/2, 132.

4.Көлбеу призманың бүйір қыры 10 см және ол табан жазықтығымен 300 бұрыш жасайды. Призманың биіктігін табыңдар.Жауабы: 5 см.

5.Тік призманың табаны – катеттері 6 см және 8 см болатын тік бұрышты үшбұрыш. Үшбұрыштың гипотенузасын қамтитын бүйір жағының диагоналі 26 см. Табу керек: призманың биіктігін, призманың бүйр бетінің, призманың толық бетінің аудандарын табыңыз. Жауабы: 24 см, 576 см2, 624 см2.

6.Тік призманың табаны – сүйір бұрышы 300 тең ромб. Призманың бүйір беті 96 см2, толық беті 132 см2. Призманың биіктігін табыңдар. Жауабы: 4 см.

7.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры . Бүйір жағының төбесіндегі бұрышы 600. Пирамиданың бүйір бетінің ауданын табыңыз.Жауабы: 600

Үй тапсырмасы

№1. Тік бұрышты параллелепипедтің биіктігі 8 см, табан қабырғалары 5 см және 6 см. Төменгі табанының кіші қабырғасы және оған қарама-қарсы жатқан жоғарғы табанының қабырғасы арқылы өтетін қиманың ауданын есептеңіз.

№2. Тік үшбұрышты призманың табанының қабырғалары 10 см, 17 см, 21 см, ал призма биіктігі 18 см. Призманың бүйір қыры мен табанының кіші биіктігінен өтетін қиманың ауданын табыңыз.

№3. Пирамида табаны - қабырғалары 6 см және 8 см болатын тік төртбұрыш. Пирамида биіктігі 12 см. Барлық бүйір қырлары тең. Бүйір қырларын табыңыз.

№4. Дұрыс төртбұрышты қиық пирамиданың биіктігі 5 см-ге тең. Табандарының қабырғалары 6 см және 8 см. Пирамиданың диагональдік қимасының ауданын табыңыз.

1) Суретте көрсетілген денелердің қайсысы тікбұрышты трапецияның кіші бүйір қабырғасы; кіші табаны бойымен айналса пайда болады?




2) Симметрия центрі, симметрия осіцилиндрде бола ма? Цилиндрдеқанша симметрия жазықтықтар бар? Цилиндрдіңосіжатпайтын симметрия жазықтықтар бола ма?

3) Қабырғасы бойымен айналған тіктөртбұрыштың қабырғалары 8 см және 3 см. Пайда болған цилиндрдің осьтік қимасының диагоналін табыңдар. Есептің қанша шешімі бар?

Жауабы: 10 см немесе см.

4)) Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 17 см, катетің біреу 8 см. Тікбұрышты үшбұрыш осы катет бойымен айналады. Айналу дененің табанының ауданын табыңдар.

Оқушылар Джигсо метод арқылы келесі тапсырмаларды орындайды:

1. Ұзындығы 25 см болатын АВ кесіндінің үштары цилиндрдің табанының шеңберлерінде жатады. Цилиндрдің биіктігі 15 см, радиусы 26 см болса, берілген кесінді және цилиндр осінің арасындағы ара қашықтықты табыңдар.

Жауабы: 24

2. Радиусы 10,5 см, биіктігі 3 см болатын цилиндрдің табанының шеңберлерінде шаршының төбелері жатады. Шаршы қабырғасын табыңдар. Есептің қанша шешімі бар?

Жауабы:. 15 см немесе 3 см. Нұсқау. Берілген шаршыңың цилиндр табанының жазықтығына ортогонал проекциясы тіктөртбұрыш немесе кесінді болады.

3.Конустың радиусы 12 м, табанының радиусы м. Конустың төбесінен өтетін қима конустың табанын хорда арқылы қиып өтеді.Табанының центріден хордаға дейін ара қашықтық 9 м. Қиманың ауданын табыңдар.

Жауабы: 120 м².

4. Қиық конустың табандарының радиустары 2:5 қатынаста. Конустың жасаушысы см және ол табан жазықтығына 45° бұрышпен көлбей орналасқан. Конустың осьтік қимасының ауданын табыңдар.

Жауабы: 84 см ².

5. А және В нүктелері центрі О нүктесі болатың сферада жатыр, Сфераның радиусын табыңдар, егер АВ = см, бұрыш АОВ = 120° болса.

Жауабы: 8 см.

6. Сфера екі жақты бұрыштың жақтарын жанайды. Егер сфераның радиусы 8 см, ал жанасу нүктелерінің ара қашықтығы см болса, бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.

Жауабы: 90°.


Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-2-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-3-ші сұраққа жауап береді.

1-балл
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.
Оқулық 11-сынып.



Сабақтың соңы

IIIтоп.

Дұрыс төртбұрышты қиық пирамида тәрізді бакқа 180л бензин сияды. Егер оның табандарының қабырғалары 50см және 70см болса, онда осы бактың терендігін табыңыз.

Бағалау: әрбір жұптың тапсырмасын мұғалім тексереді,

талдайды, өзара кері байланыс жасайды.

Рефлексия:

  • не білдім

  • нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

Оқушылар өзінің және өзінің сыныптасының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.


Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.







Пән: геометрия

Қысқа мерзімді жоспар №13-сабак

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Денелердің көлемдері

Мектеп:

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Геометриялық денелердің комбинациялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.5 - көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндеу;

11.3.18 – геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

- көпжақтар мен айналу денелерінің комбинацияларын жазықтықта кескіндейді;

– геометриялық денелерінің комбинациясына берілген практикалық мазмұнды есептер шығарады;



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Үй тапсырмасын тексеру және талдау
Оқушыларға оқу мақсатын талқылатып, бағалау критерийлерін өздеріне табуға мүмкіндік беру.


Көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларын өмірде, өндірісте, құрылыста көптеп қолданылады.

Атап айтатын болсақ, әртүрлі шырындардың қорабын, конфеттердің, әтірлердің, сыйлықтырдың қораптарын жасау үшін жасау үшін геометриялық денелер беттерінің жазбасын жасай алу маңызды.

сызықтар сәйкес келеді.


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»



Түрлі түсті қима қағаздар



Сабақтың ортасы


Денелердің комбинациясы, сипаттама

Сызба

Егер шар призманың барлық жақтарымен жанасса, онда шар призмаға іштей сызылған.



Егер призманың барлық төбелері шар бетінде жатса, онда шар призмаға сырттай сызылған.



Егер шар пирамиданың барлық жақтарымен жанасса, шар пирамидаға іштей сызылған.



Егер пирамиданың барлық төбелері шар бетінде жатса, онда шар пирамидаға сырттай сызылған.



Егер цилиндрдің табандары тік призманың табандарына іштей сызылған болса, онда цилиндр тік призмаға іштей сызылған.



Егер цилиндрдің табандары тік призманың табандарына сырттай сызылған болса, онда цилиндр тік призмаға сырттай сызылған.



Егер цилиндрдің бір табаны пирамиданың табанында жатса, ал екінші табаны пирамиданың табанына параллель қимасына іштей сызылған болса, онда цилиндр пирамидаға іштей сызылған.



Егер пирамиданың табаны цилиндрдің бір табанына іштей сызылған, ал төбесі цилиндрдің екінші табанында жатса, онда цилиндр пирамидаға сырттай сызылған.



Егер конустың табаны призманың бір табанына іштей сызылған, ал төбесі призманың екінші табанында жатса, онда конус призмаға іштей сызылған.



Егер призманың бір табанының төбелері конустың бетінде, ал екінші табанының төбелері конустың табанында жатса, онда конус призмаға сырттай сызылған.



Егер конустың табаны пирамиданың табанына іштей сызылған, ал төбесі пирамиданың төбесімен беттесетін болса, ондаконус пирамидаға іштей сызылған.



Егер конустың табаны пирамида табанына сырттай сызылған, ал төбесі пирамиданың төбесімен беттесетін болса, ондаконус пирамидаға сырттай сызылған.






Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыш және оның қасиеттері тақырыбын қайталау жұмысын ұсынады. Оқушылар қайталау тапсырмаларын орындайды.

  • Шеңберге іштей және сырттай сызылған үшбұрыштар.

  • Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар. (шаршы, ромб, трапеция ...)

Орындалған тапсырмалардың шешімін ауызша талдай отырып тексереді.

Ой қозғау.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Ауызша жауап беріңіз:

Кез -келген дұрыс призмаға сырттай сфера сызуға болады ма?

Оқушылардың жауабын тыңдай отырып, бірге талдай жасап отырып сфераға іштей сызылған көпжақ ұғымын анықтайды.
Мұғалім оқушыларға бес түсті, яғни қызыл, көк, жасыл,сары, ақ түсті квадрат, ромб, параллелограмм, үшбұрыш, трапеция фигураларын таратады. Оқушылар берілген фигуралар бойынша топтасады. Әр топқа бір тапсырмадан беріледі. Топ тапсырманы орындап болған соң түстері бойынша жаңа топ құрады. Жаңа топтағы әрбір оқушы өз орындаған тапсырмасын топқа тұсіндіреді. Өзара оқыту жүзеге асырылады.

  1. Келесі геометриялық денелерге сфераны сырттай сызуға болады ма:


Квадрат тобы: а) кубқа;

Ромб тобы: б) тікбұрышты параллелепипедке;

Параллелограмм тобы: в) табаны тіктөртбұрыш болатын көлбеу параллепипедке;

Үшбұрыш тобы: г) дұрыс үшбұрышты призмаға;

Трапеция тобы: д) табаны трапеция болатын призмаға?

Егер сызуға болатын болса, қандай шарттар орындалады? Сызбасын салыңыз.
Дескриптор:

-көпжақтардың түрлерін біледі;

-көпжақ пен сфера комбинациясынын шарттарын қарастырады ;

- көпжақ пен сфера комбинациятын бейнелейді.
Бағалау: топтағы оқушылар бір-бірінің жұмысын дескрипторлар бойынша тексереді. Мұғалім оқушылар жұмысын бақылап кері байланыс береді.
Мұғалім презентация бойынша тақырыпқа шолу жасайды.
Сфераға іштей салынған призма.

Теорема

Егер призма тік және оның табанына сырттай шеңбер сызуға болатын болса, онда призмаға сырттай сфера сызуға болады.

1.

Сфера центрі бұл-призма табанына сырттай сызылған шеңбер центрлерін қосатын кесіндінің ортасы (яғни призма биіктігінің ортасы).

Мысал 1.

Диаметрі 4 дм-ге тең сфераға табанының ұзындығы 3 дм-ге тең дұрыс үшбұрышты призма іштей салынған. Призма биіктігін табыңыз.



Дескриптор:

-1-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-2-ші сұраққа жауап береді.

1-балл

-3-ші сұраққа жауап береді.

1-балл
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады


ДК экраны
Сұрақтар топтамасы.
Оқулық 11-сынып.



Сабақтың соңы

Сфераға іштей салынған пирамида.

Егер пирамида табанына сырттай шеңбер сызуға болатын болса, онда приамиданы сырттай сфера сызуға болад



Қосымшада берілген тапсырмаларды орындау.

Рефлексия:

  • не білдім

  • нені үйрендім

  • не түсініксіз болды

Оқушылар өзінің және өзінің сыныптасының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.


Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

- Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.