Файл: Полимерлі материалдар мен бйымдар полимерлі материалдар (пластмассалар) тралы жалпы мліметтер Полимерлер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 54
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
болғандықтан созу күші жойылғаннан соң, ұзарған каучук қайтадан
алғашқы қалпына жақын келеді. Каучуктер линолеумдерді еден
негізіне жабыстыру (желімдеу), жапсарларды саңлаусыздандыратын
герметиктер ұзынша (погонажды) немесе мастика түрінде жасауға, басқа да полимерлерге қосып, олардың серпімдігін арттыру үшін
қолданылады.
Бірақ шикі каучук – жабысқақ, беріктігі жеткіліксіз жəне төмен
температурада – морт. Сондықтан каучук көбінесе резеңке жасау үшін
пайдаланылады. Ол үшін каучукке толтырғыштар (бор, каолин, күйе) қосып, (оны жоғары қысым мен температурада) 140-150°С күкіртпен
өңдеп, вулканизациялайды. Осылай вулканизацияланған каучукті –
резеңке дейді. Күкірт каучукгі əрекеттесіп түзу тізбекте көп жаңа
көлденең байланыстар (тармақтар) түзеді, материалдардың беріктігі
мен жылуға төзімдігін жоғарылатады. Резеңкеде каучукпен
салыстырғанда, қалдық деформация болмайды, яғни ол түскен күш
əсері тоқталған соң, алғашқы қалпына толық келеді. Резеңке линолеум
жəне еденге төсейтін плиткалар (тақтайшалар) жасау үшін
гидроизоляциялық материалдар мен жоспарларды саңылаусыздандыратын герметиктер өндіру үшін қолданылады.
Каучуктің серпімдігі деп – сыртқы күш əсерінен алғашқы
мөлшерін өзгертіп, ал күш əсер өтуін тоқтатқан соң, қайтадан қалпына
келуін айтады.
Пластмасса толтырғыштары
Пластмассалар – олардың кейбір қасиеттерін жақсарту үшін
органикалық (мысалы, қағаз, мақта, ағаш, т.б.) не органикалық емес,
яғни минералдық (мысалы, кұм, саз, т.б.), немесе оларды
кеуектендіретін (мысалы, газ, көбік) заттармен толтырылады.
Пластмассаның кейбір түрлері, мысалы, полиэтиленнен жасалатын
бұйымдар (пленкалар, құбырлар) ештеңемен толтырылмайды.
Толтырғыш ұнтақтың талшықты жəне парақша түрлері болады.
Ұнтақ түрі толтырғыштарға құм, бор, əк тас, ағаш ұнтақтары, т.б.
ұнталған заттар жатады. Бұл толтырғыштар пластмассаның қаттылығы
мен осыған байланысты оның жылуға төзімділігін, сызуға беріктігін
арттырады. Талшықты толтырғыштарға – ағаш, шыны, асбест, мақта
жəне полимер (синтетика) талшықтары жатады. Бұлар
пластмассалардың июге беріктігін арттырады да, морттығын азайтады.
Көбінесе талшықты толтырғыш ретінде шыны талшықтары
қолданылады, ал пластмассаға қосып ШТАМ – (шыны талшықты
анизотроптық материал; орысша СВАМ - стекловолокнистый
анизотропный материал) атты механикалық қасиеттері өте жоғары
материал өндіріледі. Парақ түрлі толтырғышқа – қағаз, мақта мата,
шыны талшықтарынан жасалған мата, асбестен жасалған картон,
ағаштан жасалған – шпон жатады. Олар пластмассалардың ию
күштеріне ғана емес, созу күштерінің кедергісін де өсіреді. Мысалы,
қағаз параққа (фенолформальдегид полимерін сіңдіріп, беріктігі
жоғары қабатталған қағаз пластигі (бумажно-слоистый пластик)
өндіріледі. Егер қағаздың орнына мақта матасы қолданылса, одан
алынатын материалды – текстолит дейді.
Толтырғыштар пластмассалардың басқа да қасиеттерін
жақсартады. Мысалы, құрылыс ерітінділері мен бетондардың
толтырғыштары немесе керамика бұйымдарын өндіруде «семіз»
балшықтарға, яғни балшықтың иленгіштігі керекті мөлшерден артық
болған жағдайда, қолданылатын арықтатқыш заттар сияқты, жоғарыда
керсетілген толтырғыштар – пластмассалардың, əсіресе
термореактивті шайырлар негізінде жасалғандардың отырғыштық
(шөгінгіштігін азайтады да, өндірілетін бұйымдардың пішінін дұрыс
(түзу), өлшемдерін дəл етеді. Термореактивті полимерлердің
отырғыштығы (10-18%) термопластикалы шайырлармен (0,8-2%)
салыстырғанда əлдеқайда үлкен. Сондықтан бұйымдардың осы
қасиетін жақсарту үшін, толтырғьштар термореактивті смолалар
негізінде жасалатын пластмассаларға міндетті түрде қосылады. Ал
толтырғыштар қосылған пластмассалардың жылуға төзімдігінің
артуын, асфальт-бетон өндірісінде қолданылатын битумға минералды
ұнтақ қосумен салыстыруға болады.
Полимер мен толтырғыш арасындағы қатынас, ағаш жоңқалы
тақтайларда (ДСП) 10(8-12) 90(88-92) массалық процент, ал маталы
толтырғышты пластмассаларда – 15-60/85-40%.
Пластмассаның бұйым өндірудегі əдістері жəне қасиеттері
Пластмассалардың кеңінен қолданылуы – олардың қасиеттерінің
тиімділігінде ғана емес, сонымен қатар пластмассалардан бұйым
жасаудың еңбекті көп керек етпейтін жоғары өнімділігінде.
Пластмассалардан бұйымдар жасау үшін, олардың қасиеттеріне
байланысты мынандай тəсілдер қолданылады: престеу, қысыммен құю
(шприцтеу-иннекция), үздіксіз сығып шығару (экструзия), біліктеу
(вальцевание-каландрирование ), т.б. Престеу арқылы бұйымдар термореактивтік полимерлер (пенопластар, амопластар, т.б.) негізінде өндіріледі. Престелетін материал кыздырылған (160°С) пресқалыпқа салынады да, онда жұмсартылып, пуансон арқылы қысыммен престелінеді. Престе бұйым 1 мм қалыңдығына 0,5-2 минут ұсталынады. Бұл əдіспен қабатты пластиктер, ағаш жоңқалы (ДСП) жəне ағаш талшықты (ДВП)
плиталар (тақталар) өндіріледі. Қысыммен құю əдісін бұйымдарды термопластикалық массалардан: полистиролдан, полиэтиленнен, т.б. жасағанда пайдаланады. Цилиндрде пластмасса керекті температураға дейін
қызады, бұдан соң поршень қойыртпақ материалды қысыммен прес
қалыпқа береді. Салқындағаннан кейін қалып кері жылжығанда, дайын
бұйым босатылады (салынады). Бұл принциппен мысалы,
полистиролдан тыстама (өңдегіш) тақтайшалар (плиткалар) өндіріледі.
Үздіксіз (үзіліссіз) сығу əдісімен, мысалы полиэтиленнен
құбырлар, пленкалар алуға болады. Полимер цилиндрде жұмсару
температурасына дейін қызады да, шнектің червягі көмегімен
мүштікдорннан (мундштуктен) сығылып өтеді.
Біліктеу (вальцевание-календрирование) əдісімен термопластикалық
массалардан – рулон, жұқа жарғақ (пленка) немесе парақ түрлі
(парақша) материалдар өндіріледі.
Пластмассалардың негізгі қасиеттері
Пластмассаларға тең сипат – тығыздығының шамалы,
механикалық беріктігінің жеткілікті, жылуизоляциялығы жақсы,
үйкеліске төзімді болуы. Пластмассаларды қалаған түске бояуға
болады. Кейбір пластмассалар, полиэтилен – мөлдір келеді.
Толтырғышсыз пластмассалардың тығыздығы төмен болады,
(900- 2100 кг/м3). Оның ішінде полимеризациялық полимерлердің
тығыздығы – 900-1400 кг/м3 аралығында, ал кремнийорганикалық
полимердің тығыздығы – 2100 кг/м3. Көбік немесе газбен толтырылған
пластмассалардың тығыздығы – 10-20 кг/м3, ал полимер-бетонның,
яғни ауыр толтырғыштар бар пластмассаның тығыздығы 2000 кг/м3
жоғары. Орташа алғанда пластмассалар болат пен алюминиймен
салыстырғанда, 6 жəне 2,5 есе жеңіл.
Пластмассалардың тығыздығы шамалы болуымен қатар,
механикалық беріктігі де жоғары. Парақша жəне талшықты
толтырғыштары бар конструкциялық пластмассалар ерекше берік
келеді. Мысалы, шыны пластиктердің сығу күшіне беріктік шегі – 350
МПа, ал созу күшіне беріктік шегі – 550 МПа; ағаш қабатты
пластиктердің бұл көрсеткіштері сəйкесінше 130 МПа, 200 МПа.
Демек, пластмассалар жеңіл, əрі берік. Сондықтан тығыз
пластмассалардың конструкциялық сапа коэффициенті (беріктіктің
тығыздыққа қатынасы) ерекше жоғары – 1-2 арасында, ал қарағайдікі – 0,7,
кəдімгі бетондыкі – 0,8, қаланған кірпіштікі (яғни кірпішті
қабырғанікі) – 0,02.
Толтырғыштары жоқ пластмассалардың жылуөткізгіш
коэффициенті төмен – 0,12-0,35 Вт/м×°С, ал ұялы пластмассалардікі
ерекше төмен – 0,03 Вт/м×°С – ауаның жылу өткізгіштігіндей (0,02
Вт/м×°С) десе де болады.
Пластмассалардың басқа құрылыс материалдарынан
айырмашылығы-ның бірі – олардың беріктігі жоғары болса да,
қаттылығы төмен. Мысалы, металдардың қаттылығы, олардың
беріктігіне сəйкес тура пропорционал өседі. Осыған қарамастан
қаттылығы төмен болса да, пластмассалар үйкеліс əсеріне өте төзімді.
Сондықтан олар еденге төсегіш материалдар ретінде кеңінен
қолданылады. Мысалы, негізсіз поливинилхлоридті линолеумнің
үйкеліске төзімділігі – 0,03-0,05г/см2, поливинилацетат эмульсиясынан
жасалған мастикалық еденнің төзімдігі – 0,02-0,03 г/см2,
полимерцементті едендердікі 0,4 г/см, ал ең қатты таужыныстарының
үйкеліске төзімділігі – 0,01-0,1 г/см2.
Пластмассаларды тыйымды пайдалану үшін олардың тиімсіз
қасиеттерін де ескеру қажет. Мысалы, көп пластмассалардың жылуға
төзімділігі аз. Күштің ұзақ уақыт түсуі салдарынан, пластмассалы
конструкциялардың жылжығыштығы (қайтпайтын деформациясы)
жоғарылайды (үлкейеді). Бұл көрсеткіш – пластмассалар
қолданылатын орындарда температура жоғарыласа, тез өседі. Тек
кремнийорганикалық полимер негізінде жасалған пластмассаларды
400°С-қа дейінгі температурада пайдалануға болады.
Азаматтық кұрылыста үйдің ішін өңдеуге қолданылатын
пластмассалар құрамында зиянды заттар болмауы керек.
Пластмассалардың отқа төзімдігін жоғарылату үшін оларды өндіру
кезінде құрамына антипириндер қосқан жөн. Уақыт өткен сайын жылу,
күн сəулесі, ауадағы оттегі əсерінен пластмассалар тозып, иілімділігін
азайтады. Бұл процестердің əсерін төмендету үшін пластмассалардың
құрамына стабилизаторлар қосылады.
Еденге төселелетін полимерлі материалдар
Үйкеліске төзімді, тазалық сақтауға қолайлы, қажетті жылу
сақтауға жəне дыбыс өткізбейтін қасиеті бар, құрылыс жұмыстарын
индустрияландыра (өркендете) алатындықтан, полимер материалдар
еденге төсеу үшін кеңінен қолданылады.
Линолеумдер өткен ғасырдың аяғында рулонды материал
түрінде табиғи (таза) өсімдік майлары негізінде өндіріле бастады.
Линолеум – латынша – зəйтүн майын (оливковое масло) қосып
өндірілген жұқа жарғақ (полотно) деген мағына беретін құрама сөз.
Қазіргі кезде линолеумдер, негізінде полимерлер қолдану арқылы
жасалынады.
Тақтай не паркет еденмен салыстырғанда, линолеум – еден төсеу
жұмыстарын 5-7 есеге жылдамдатады. Ұқыпты пайдаланылса,
линолеумдер 20-25 жылға дейін пайдаланылады. Линолеумдер негізсіз
немесе мата, киіз, т.б. негізді болып өндіріледі. Ең көп тараған түрлері
– бір немесе көп қабатты негізсіз линолеумдер. Олардың беті əр түске
боялған, тегіс, өрнектелген, жылтыр, күңгірт болуы мүмкін.
Линолеумдердің негізсіздері – каландрлау (біліктеу-вальцевание),
негізі барлары – жағу (промазывание, промазной) жəне құбыр
тəрізділері экструзиялық (үздіксіз сығып шығару) əдістерімен
өндіріледі.
Линолеумді жағу əдісімен өндіргенде линолеум пастасын жылжып
келе жатқан негізге жағады да, пастаны сілікпелеу үшін оны жылумен
өңдеу камерасынан өткізіп, каландрда тығыздайды (12.4-сурет). Негіз
ретінде зығыр, кендір жəне кенептен жасалған маталар жиі
қолданылады. Жылу өткізбейтін, дыбыс жұтқыш негіз ретінде киіз
жəне басқа да талшықты материалдар пайдаланылады.
Поливинилхлоридті линолиум – жарғақ секілді ені 1200-2400 мм
қалыңдығы 2,1 мм дейін, ұзындығы – 12 м-ден кем емес болып өндіріледі.
Осы линолеумның негізсіз түрінің басты қасиеттері 164-кестеде келтірілген.
Поливинилхлоридті линолеум рулонға оралған тік күйінде 10°С кем емес
температурада сақталынады. Оны еденге битумды не басқа мастикалармен
желімдейді (жабыстырады). Еденге төселетін барлық полимер
материалдардың 70%-і берлік-поливинилхлоридті линолеум.
Коллоксилинді (нитроцеллюлозды) линолеум – бір қабатты
негізсіз болып келеді. Коллоксин – ағаш не мақта целлюлозасын
нитрацияландырып алынатын өнім. Линолеумнің бұл түрі өзіне тəн
қызыл немесе қоңыр түсті, төменгі температурада да иілгіш.
Резеңкелі линолеумделин – көп қабатты болып өндіріледі. Үстіңгі
қабаты үшін түрлі-түсті резеңке, ал төменгі қабатына – ұсақталған ескі
резеңке мен битумның қоспасы пайдаланылады. Релинді жылу мен
дыбыс өткізбейтін негіздерді қолданып, өлшемі (ауданы) бір бөлменің
өлшеміндей етіп те жасайды. Оны əсіресе, ылғалдылығы жоғары
орындарда пайдаланған жөн.
Еденге төсеу үшін осы көрсетілген линолеум түрлерінен басқа да
рулонды түрлері – глифталды (алкидты), ворсалин, ворсонит,
тақтайша (плиточный) түрлері жоғарыда аталған полимерлер
негізінде жəне кумаронды болып өндіріледі.
Мастикалық (құйылымды) еден. Еден кұрау үшін рулонды
жəне тақтайша материалдармен қатар, мастикалық материалдар да
қолданылады. Олар тұтқырлығы əртүрлі негіздерге құю немесе