Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лкей Марлан атындаы Павлодар педагогикалы университеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 135

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Енді сол айырмашылықтарды көрсетейік:

1. Оқушылар алдын-ала жүргізілген диагностика негізінен шағын топтарға бөлінбейді. Оның себебі:

а) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдык қызмет субъектісі, жеке тұлға деп қарай отыра және олардың өзінің “жақын даму аймағында” жұмыс істуін қамтамасыз ете отыра оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай топқа бөлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар орындау үстінде оқушылардың өздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе кәрсеткендей белгілі бір мерзімнен кейін, технологияның басты компоненттері - оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғары деңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ үстінде жетекшілік роль атқарып, мұғалімнің көмекшілеріне айналады.

б) тәжірибе сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға бөлудің зиянды жақтары да бар екенін кәрсетіп отыр. Өйткені бұл оқу мақсатының диагностикалық түрде анықталып, бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы иерархиялық жүйе құрайтын болмысына қайшы. Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар), репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмаларды орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау оқушылардың тіректік, базалық білім алуына нұқсан келтіретіні дәлелденген факт.

в) оқушылары аз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілі мектептер жағдайында саралап оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар сыныптар құру мүмкін емес. Бұл жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану тиімді.

2. В.П.Беспалько ұсынған оқытуды технологиялық негізде ұйымдастыруға қойылатын 4 басты шарттар оқытудың методикалық жүйесін (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) және дидактикалық жүйені тұтас осы шарттар талабы түрғысынан жетілдіруді талап етеді. Педагогикалақ жүйені мұндай түрлендірусіз технология құрып, пайдалану мүмкін емес. Әсіресе, мақсаттар таксономиясын пайдалану, оқу мақсатын иерархиялық жүйе түрғысында анықтау методикалық жүйенің қалган элементтеріне де сәйкесті өзгерістер енгізуді талап етеді. Осы себепті деңгейлік саралап оқыту технологиялық негізде жобалаудан бұрын методикалық жүйе мен дидактикалық процестерді аталған талаптар түрғысынан қайта қарауды ұсынады. Мысалы, дидактикалық процестің толықтығын талап ететін шарт өз кезегінде:


а) оқу процесіне мотив қалыптастыру тәсілдерін, оқытудың белсенді әдістерін сұрыптап пайдалануды талап етеді;

ә) Тқ = ӘБН + Оә + Бә + Түзә формуласымен анықталатын танымдық қызметтің (Мұндағы, Тқ - танымдық қызмет, ӘБН -әрекеттердің бағдарлық негізі, Оә - орындау әрекеті, Бә - бақылау әрекеті, Түзә - түзету әрекеті) оқушының өз бетімен әрекет жасайтын өздік танымдық қызметке айналуын талап етеді;

б) дәстүрлі жағдайда мұғалімнің ғана басқаруымен жүретін оқу-танымдық процестің оқушының өзін-өзі басқаруды (рефлексивті басқару) нәтижесінде жүзеге асатын таным процесіне айналдыруды талап етеді.

Оқушылардың оқу жетістігін объективті бағалау талабы мүлдем жаңа педагогикалық квалиметрия (білім сапасын өлшеу мен бағалау жөніндегі теория) негізіндегі білім сапасының құрылымы мен түрлерін анықтап, пайдалануды, бағалаудың 5 баллдық жүйесі емес, жетілген 12 баллдық жүйесін енгізуді талап етеді. Дәстүрлі бағалаудағы жіберген қателігі үшін “жазалау” тәсілінен нәтижелі әрекетке жетелейтін тәсілдерге көшуді, соның негізінде оқу жетістігін үздіксіз қадағалайтын жүйе енгізуді қажет етеді.

“Педагогикалық технология оқушының өз бетімен жасайтын оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет” делінген шарт білім мазмұнын (оқу материалын) тек орта қабілеті бар оқушыға арналған ақпарат көзі болудан оқушының өз бетімен белсенді жұмыс жасап, дамуына жол ашатын оқу құралына айналуын қажет етеді. Бұл талаптар орындалу үшін қажет арнайы шарттардың жүйесі анықталған. Мұның үстіне білім мазмұны И.Я.Лернер ұсынған 4 элементтік негізде анықталуы тиіс.

Оқу әдістері оң мотив пен танымдық белсенділікті қажет ететін және оқушыларда ізденіс-зерттеу дағдыларын қалыптастыратын әдістер мен тәсілдердің жинынан тұруы қажет.

Оқу мақсатының диагаостакалық (иерархиялық) түрде берілуі — білім мазмұнының сәйкесті деңгейленіп берілуін, білім сапасының түрлерін (дұрыстығы, толықтығы, жүйелілігі, тереңдігі, т.б.) қамтуын талап етеді.

Сөйтіп, білім мазмұнының дәстүрлі жағдайда кенжелеп қалған дамытушылық және процессуальдық аспектілері іске қосылады. Оқу мақсатының диагаостикалық түрде қойылуы сондай-ақ оқыту әдістерінің 3 өлшемді моделін енгізуді талап етеді.

Бұл технологияны пайдалану - мақсаттар таксономиясы мен меңгеру деңгейлерінен туындайтын жаңа сападағы методикалық жүйеден туған дидактикалық материалдар, яғни әр тақырып бойынша деңгейлік өздік жұмыстар, деңгейлік бақылау жұмыстарынан тұратын модульдерден құралған оқушының өздік жұмыс дәптерін (немесе оқулық-силлабус) қажет етеді. Мұны екінші жагынан, жоғарыда аталған (технологияның оқушының өз бетімен жасайтын танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу процесінің жобасына негізделуі қажет делінген) талабы да құптайды.



Жүргізілген эксперимент жұмыстары бұл технологияның “оқушы денсаулығын қорғау” технологиялар талаптарын да қанағаттандыратынын дәлелдеді.


Модульдік оқыту технологнясы

Модульдік оқыту технологиясы даралап оқыту принципіне негізделген. Бұл технологияның басты құраушысы - төмендегі компоненттерден тұратын оқу модулі:

- логикалық түйінделген (аяқталған) ақпарат блогы;

- оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасы;

- бағдарламаны табыспен меңгеруге қажет мұғалімнің нұсқаулары.

Модульдік технологияның басқа оқу жүйелерінен басты айырмашылықтары мынада:

1) Қойылған мақсатқа сай меңгерілетін білім мазмұны аяқталған жеке дара комплекстерден тұрады. Оқу мақсаты меңгерілетін мазмұнның көлемімен қоса оны меңгеру деңгейлерін де көрсетеді. Мұнымен бірге оқушы мұғаліммен қалай тиімді әрекет жасауы керектігі жөнінде жазбаша түрде ақыл-кеңес алады.

2) Мұғаліммен оқушының қатынасы модульдер арқылы жүзеге асатын болғандықтан даралап оқыту процесі жүзеге асады.

3) Оқушы көбіне өз бетімен жұмыс істейді, мақсат қоюға, өз бетімен жоспарлауға, өз нәтижесін ұйымдастыра білуге үйренеді. Бұл қасиеті оны программалап оқытуға жақындатады.

1-қадам. Оқу курсын жүйе турінде беру, яғни білім мазмұнын алғашқы кұрылымдау.

Бұл үшін:

а) мұғалім әдістемелік бірлестікпен бірге пәннің өзекті бағытын (стерженевая линия) бөліп шығарады;

ә) әр сынып үшін өзектілігі бойынша білім мазмұнын таңдап алады;

б) таңдап алынған материал таблицаға толтырылады. Осылайша мұғалім өз пәнінің әр сыныптағы мазмұны жөнінде көрнекі мағлұмат алады.

2-қадам. Мұнда әр сынып бойынша технологиялық карталар жасалады. Ол мына формада берілуі мүмкін.

Мұндай карта толтыру арқылы мұғалім пән мазмұнының ерекшеліктерін және оны игеру қиыншылықтарын нақты және тұтас көріп отырады.

3-қадам. Компоненттері дидактикалық мақсат пен модульдік бағдарламалардың модульдер жиынтығынан тұратын модульдік бағдарламалар жасау.

Мұнда бөлім немесе тандап алынған көлемді тақырыптың мәніне сай модульдік бағдарламаға атау беріледі. Бұдан кейін үш деңгейде кешенді дидактикалық мақсаттар анықталады:

а) бұл білімдердің жеке тұлганың рухани дамуы,өмірлік практика мен кәсіби қалыптасуындағы маңызы;


б) білік;

в) дағды деңгейлері.

4-қадам. Әр модуль үшін және логикалық түйінделген ақпараттар блогын кұрайтын мазмұнды іріктеу үшін кешенді дидактикалық мақсаттардан интегралдаушы дидактикалық мақсаттар бөлініп шығарылады. Модульдер жүйесі құрылады.

5-қадам. Модуль құрайтын оқу элементтерінің мазмұны анықталады және интегралдаушы дидактикалық мақсаттар дербес дидактикалық мақсаттарға бәлінеді.

Сөйтіп әрқайсысына сәйкес мазмұны бар үш деңгейдегі мақсаттар тізбегі құрылады: кешенді дндактнкалық мақсаттар - ннтегралдаушы дидактикалық мақсаттар - дербес мақсаттар.

Оқу модульдерін құру сондай-ақ оқушы мен мұғалім қызметіне қойылатын, тапсырмаларға қойылатын талаптар жүйесіне бағынуы тиіс.
Модульдік оқыту технологиясы
Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім. (модульге, тақырыпқа ену)

Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру)

Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу.

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім.

Электр құбылыстары


Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

ескертулер


Кіріспе бөлім


1-сабақ

  1. Модульге кіріспе

  2. Әңгіме дәріс

  3. Тақтамен жұмыс

  4. Қорытындылау


1 сағат

Сұхбат бөліміне дайындық



Сұхбат бөлімі


1-сабақ

Диалогтық бөлім ойын түрінде

1 сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу


2-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар (есеп шығару)


1сағат

Есеп шығара білуге үйрену


3-сабақ

  1. Өзіндік жұмыс

  2. Технологиялық карта «Ромашка»- мен жұмыс

  3. Брейн-ринг



1 сағат

Шығармашы -

лыққа баулу


4-сабақ

  1. Топпен жұмыс

  2. Технологиялық карта «триада – логика»- мен жұмыс



1 сағат

Қорытынды бөлімге дайындық



Қорытынды бөлім


1-сабақ

Сөзжұмбақ ребус, анограмма шешу. Тест тапсырмаларын алу.


1 сағат


Қайталау


2-сабақ

Бақылау жұмысы

1 сағат