Файл: растырушы м.. д., профессор Курманова Г. М. 2017 17 01 Стационардаы ревматология.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 93

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«РЕВМАТОЛОГИЯ, СОНЫМЕН ҚАТАР БАЛАЛАР »

РЕЗИДЕНТУРА МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР

Құрастырушы:

м.ғ.д., профессор Курманова Г.М.

2017
17_01 Стационардағы ревматология
$$$001

36 жасар әйел адам, 2 жыл көлеміндегі алақан сүйектер-бунақтар буындары, кәрі жілік – білезік және тізе буындарындағы қимыл қозғалысының шектелуіне, ісінуіне және ауру сезіміне, 12 сағатқа дейін созылатын таңертеңгілік құрысуларға шағымданады, айқын әлсіздік, ауыздың және көзінің құрғауы мазалайды. Р-көріністерінде – алақан майда буындарының анкилозы, киста тәрізді жарықтану, буынаралық остеопороз, алақан сүйектер-бунақтар буындары, кәрі жілік – білезік және проксимальды бунақ аралық буындарда көптеген шеттік эрозиялар. Объективті: дене температурасы 38,8ºС, бұғана асты, қолтық асты, шап аймағындағы лимфо түйіндері ұлғайған, бауыр қабырға доғасынан +2 см төмен, көкбауыр – ұзындығы – 12 см. ЖҚА: лейкоциттер-1,5 мың., ЭТЖ-60 мм/сағ, РФ- 360 МЕ/мл.

Науқастың лейкоформуласында қандай өзгерістер байқалады?

A) нейтропения

B) лимфопения

C) эозинофилдердің болмауы

D) моноцитоз

E) моноциттерлің болмауы

{Дұрыс жауап}=А

{Күрделілігі}=3
$$$002

42 жасар әйел екі жыл бұрын дәрігерге алғаш қаралуында алақан сүйектер-бунақтар буындары, кәрі жілік – білезік, табан сүйек-бақайшақтар және тізе буындарындағы қимыл қозғалысының шектелуіне және таңертеңгілік құрысуларға шағымданған болатын, метотрексат тағайындалаған. Екі ай бұрын ентігу және құрғақ жөтел пайда болды, әрі өршуде. Бұл пневмония ретінде қабылданған, бірақ антибактериальды терапия нәтижесіз. Объективті: лимфаденапатия, білектердің ульнарлы девиациясы, ревматоидты түйіндер, өкпенің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс және крепитация, жоғары бөлігінде – қатаң тыныс. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ – 105 мин. Қанда Hв- 88 г/л, эритроциттер – 2,96 млн, лейкоциттер - 12,3 мың, ЭТЖ - 46 мм/сағ. Рентгенограммада: фиброзды компонентке байланысты өкпе суретінің күшеюі, төменгі бөліктерде айқынырақ, өкпе КТ-да - «ұялы өкпе» және өкпенің төменгі бөліктерінде майда түйіндер көрінісі.

Берілген патология емінде қандай препарат негізгі болып табылады?

A) циклофосфамид

B) циклоспорин А

C) метотрексат

D) азатиоприн

E) такролимус

{Дұрыс жауап}=А

{күрделілігі}=3
$$$003

22 жасар әйел дене қызуының жоғарылауымен, кенет әлсіздік, тамақтағы ауру сезім, буындардағы ауру сезім, қызбаның жоғарғы шегінде пайда болатын бөртпелермен жедел ауырды. Күннің бірінші жартысында қатты қалтыраумен дене температурасы 39,5-40,0ºС дейін көтеріледі, сосын қызба дәрі-дәрмексіз өздігінен түседі. Антибактериальды терапия нәтижесіз. Қызбасы болып тұрған науқаста зерттеуде ешнәрсе анықталмады. Аурудың 3-ші аптасында ентігу пайда болды, Р-көріністе – екі жақтан плевральды сұйықтық, ЭхоКГ-да – лақтыру фракциясының төмендеуі, митральды қақпақшада регургитация. Қанда: таяқша ядорлы ығысусыз лейкоцитоз 18-20 мың дейін, РФ – теріс, АНА – теріс, АНЦА – теріс, ферритин – айқын жоғарылаған.


Берілген патология емінде қандай препарат негізгі болып табылады?

A) лефлюнамид

B) циклоспорин А

C) Д-пеницилламин

D) метилпреднизолон

E) такролимус

{Дұрыс жауабы}=D

{күрделілігі}=3
$$$004

32 жасар әйел, бірнеше жылдан бері білек буындардағы, самай-төменгі жақ және табан сүйек-бақайшақтар буындардағы ісінумен, құрысу және ауру сезімімен зардап шегеді. Білектердің Р-көріністерінде: буынаралық остеопороз, киста тәрізді жарықтанулар, проксимальды бунақ аралық, проксимальды бунақ және кәрі жілік – білек буындарында көптеген эрозиялар, буын беткейлері конгруэнтті емес. РФ – айқын оң, АЦЦП – оң, ЭТЖ- 32 мм/сағ. Науқаста – орташа белсенділікті вирусты гепатит В.

Бұл науқасқа қандай дәрі-дәрмек базисті болып табылады?

A) лефлюнамид

B) метотрексат

C) Д-пеницилламин

D) азатиоприн

E) циклофосфамид

{Дұрыс жауабы}= А

{күрделілігі}=3
$$$005

36 жасар ер адам, табан сүйек-бақайшақтар және табан буындарындағы қатты ауру сезімі, әлсіздік, профузды тершеңдік, дене қызуының 37,5ºС-қа дейін көтерілуі және көңіл-күй ауытқуына шағымданып келді. Науқас 3 апта бұрынғы физикалық жүктемеден және суықтау себебінен науқастандым деп ойлайды, СЕҚҚ қабылдаған, аз нәтижемен. Участкелік дәрігер подагра мен тиреотоксикозға күдіктенді. Зерттеуде: Несеп қышқылы – 190 мкмоль/мл., ТТГ – 12 мМЕ/л (қалыптыда -0,4-4 мМЕ/л). ЖЗА өзгеріссіз, ЭТЖ- 15 мм сағ.

Қандай зерттеу абсолютті маңызды болып табылады?

A) HLA-ға генетикалық

B) антибруцеллезді антиденеге ИФА

C) антинейтрофильді антидене

D) антинуклеарлы антидене

E) антитуберкулезді антиденеге ИФА

{Дұрыс жауап}= В

{күрделілігі}=2
$$$006

29 жасар әйел, 3 ай бойы мазалайтын қол білек буындарының құрысуы және ауру сезіміне шағымданып келді. Р-көрініс (сурет). Қанда: лейкоцитоз, нейтрофилез және ЭТЖ – 36 мм/сағ. IgM FcIgG-ге– айқын оң.



Осы патологияның емінде қандай дәрі-дәрмек базисті болып табылады?

A) такролимус

B) метотрексат

C) Д-пеницилламин

D) азатиоприн

E) циклофосфамид

{Дұрыс жауабы}= В

{күрделілігі}=3
$$$007

35 жасар ер адам, омыртқаның бел-сегізкөз аймағында, оң тізе буынында, сол білектің II және III саусақтарындағы ауру сезімі мен қимыл-қозғалысының шектелуіне, денесіндегі бөртпелерге шағымданады. 5 жылдай ауырады. Қарауда – көптеген біріккен табақшалар (сурет).




Сол білектің II және III саусақтары қысқарған, гиперемирленген, шұжық тәрізді конфигурацияда. Қол мен аяқ тырнақтары түтіккен, кейбірінде орта аймағында нүктелік басылымдары бар.

Қандай диагноз?

A) анкилозирлеуші спондилоартрит

B) реактивті артрит

C) Рейтер синдромы

D) Жакку артропатиясы

E) псориаздық артрит

{Дұрыс жауабы}=Е

{күрделілігі}=2
$$$008

37 жасар ер адамда 10 жыл бойы арқасындағы созылмалы ауру сезімі мазалайды, «кеуде және бел бөлігі остеохондрозы» диагнозы қойылған. Науқаста Кушилевский сынамасы оң, Шобер тесті – 5 см. 2 жыл бұрын «ЖСРА, аорта қақпақшасының жеткіліксіздігі» диагнозы қойылған. АҚҚ – 150/70 мм с.б.б. Омыртқаның бел бөлігін Р-графиясында омыртқа денесінің квадратизациясы, алдыңғы омыртқааралық байламның оссификациясы көрінеді. Науқаста аорта қақпақшасының жеткіліксіздігі дамуның себебі?

A) басынан өткерген ревматикалық эндокардит

B) аортит – Бехтерев ауруының жүйелік көрінісі

C) мезаортит Льюис 3 көрінісі ретінде

D) атеросклероз аортаның әкелетін бөлігі

E) басынан өткерген инфекционды эндокардит

{Дұрыс жауабы}=В

{күрделілігі}=2
$$$009

19 жасар ер адам, шамамен 2 ай бұрын зәр шығару кезінде ашу және ауру сезім пайда болған, бір айдан соң сол тізе буынының қатты ауру сезімі мен ісінуі қосылып, ары қарай ауру сезім жамбас-сан буынында да байқалды. 1 апта бұрын көзінің ашу сезімі, көру өткірлігінің төмендеуі пайда болған. Об-ті: сол шап аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы, пальпацияда сезімталдылық. Сол тізе буыны дефигурацияланған, ұстап көргенде ыстық және пальпацияда ауру сезіммен. Ахиллов сіңірін ұрғылауда ауру сезіммен. Табан гиперкератозы. Қанда: лейкоциттер - 10 тың, ЭТЖ- мм/сағ. Зәр тұнбасының микроскопиялық зерттеуінде - лейкоцитурия.

Қандай диагноз?

A) анкилозирлеуші спондилоартрит

B) реактивті артрит

C) Рейтер синдром

D) Жакку артропатиясы

E) псориаздық артрит

{Дұрыс жауабы}=С

{күрделілігі}=2
$$$010

32 жасар әйел екі тізе буындарындағы ауру сезімі мен ісінуіне, оң сирақ-табан буынының ісінуіне шағымданады. Шамамен 4 апта бұрын жұқпалы ауруханада қызбамен, лимфаденит және бөртпемен жатқан. Қанда – ЭТЖ 25 мм/сағ. РПГА Y.entrocoltica – 1/200.

Емді қай препараттан бастаған жөн?

A) метилпреднизолон

B) метотрексат

C) Д-пеницилламин

D) ципрофлоксацин

E) преднизолон


{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=3
$$$011

38 жасар ер адамды бел аймағындағы, тізе буынындағы ауру сезім, тізе асты ойысының ісінуі мазалайды. Шамамен 1 ай бұрын диареяның бірнеше эпизодтары және эритематозды-папулезді бөртпе болған. Объективті: шап аймағының лимфадениті, мықын сүйегі қалқанын басқанда ауру сезім. ЖҚА – лейкоциттер 12 мың, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Диклофенак натрий және ципрофлоксацинмен ем басталған. Ем барысында науқаста бас ауру және АҚҚ 150/90 мм с.б.б. дейін көтерілуі пайда болған.

Артериальды гипертензияның пайда болуына БАРЫНША не себеп ?

A) ми қан-тамырларының зақымдалуымен васкулиттің қосылуы

B) кардит қосылуы мен жүрек соғу көлемінің жоғарылауы

C) бұл ципрофлоксациннің жанама әсері

D) бұл диклофенак натрийдің жанама әсері

E) бұл ауру қоздырғышының өлуі мен оның эндотоксин әсері

{Дұрыс жауабы}= D

{күрделілігі}=3
$$$012

45 жасар ер адамды 8 жыл бойына белдегі және буындардағы ауру сезім мазалайды. Саунаға барғаннан кейін науқаста 1-ші табан сүйек-бақайшақтар буынында қатты ауру сезімі, қоңыр зәр пайда болған. Аралыққа берілетін бел аймағындағы қатты ауру сезім, зәрде – қан. Жағдайы ауыр, АҚҚ 150/90 мм с.б.б. Бүйрек УДЗ-да акустикалық жолағымен түзіліс анықталды.

Бүйректегі түзіліс ерекшелігі қандай?

А) оксалатты тас

B) уратты тас

C) пирофосфатты тас

D) қатерлі ісік

E) қатерсіз ісік

{Дұрыс жауабы}=B

{күрделілігі}=2
$$$013

56 жасар әйел адам, көздегі құрғақтық және күйдіру сезіміне, ауыздың құрғауына шағымданады. Оң жақ құлақ маңы және сілекей бездері ұлғайған. Ширмер тесті және бенгальдық қызғылт сынамасы оң. Гепатомегалия. ЖҚА - лейкоциттер 3,2 мың, ЭТЖ 56 мм/сағ. Ревматоидты фактор 340 МЕ/л және АНА – айқын оң.

A) сульфасалазин

B) метотрексат

C) Д-пеницилламин

D) микофенолатамофетил

E) преднизолон

{Дұрыс жауабы}= Е

{күрделілігі}=3
$$$014

36 жасар әйел адамда бірінші жүктілігі артериальды гипертензиямен өткен, босанудан кейін кенеттен ентігу пайда болған, оған к/і эуфиллин ерітіндісін енгізу салдарынан коллапс пайда болған. Екінші жүктіліктің 3 триместрінде кенеттен ентігу қайта пайда болған. Плацента тамырларының допплерсонографиясында – тромбоз, нәресте өлі туылды. Антинуклеарлы антидене – айқын оң, жегілік антикоагулянт - оң. Екі күн бұрын кенеттен ентігу қайта пайда болған. Д-димер – жоғарылаған.

Ентігу ұстамаларын алдын алу үшін қандай препарат тағайындалу керек?

A) варфарин

B) преднизолон

C) эуфиллин

D) будесонид


E) беродуал

{Дұрыс жауабы}=А

{күрделілігі}=3
$$$015

25 жасар әйел оң қолында әлсіздік және ауру сезімі, қолын жоғары көтеріп тұра алмайтынын айтады, оң қол кәрі жілік артериясында пульс анықталмайды, артралгия, қызба, арықтау, барлық симптомдар өткерген ЖРВИ-дан кейін пайда болған. Оң қолының АҚҚ– 95/55 мм рт.ст, сол қолында– 145/75 мм рт.ст.

Артерия УЗДГ-да барынша не анықталуы мүмкін?

A) оң кәрі жілік артериясының окклюзиясы

B) оң бұғана асты артериясының окклюзиясы

C) оң кәрі жілік артериясының кеңеюі және тарылу аймақтары

D) оң бұғана асты артериясының көптеген аневризмалары

E) оң сыртқы ұйқы артериясының окклюзиясы

{Дұрыс жауабы}=В

{күрделілігі}=3
$$$016

45 жасар әйел адам, 18 жасынан – ауыр ағымды поллиноз, 10 жыл бұрын – гормонтәуелді бронхиальды демікпе қалыптасқан. 2 жыл бұрын – созылмалы қайталанбалы есекжем. 2 ай бұрын Квинке ісігі пайда болған, ауру белгілерін басу үшін триамциналонды қолданғанда жағдайы одан әрі нашарлаған. Кейіннен Квинке ісігі 30 тәулікте өздігінен кеткен. 5 кг арықтаған, дене қызуы 38С-қа дейін жоғарылайды. Қанда эозинофилия (25%) өсуде және ЭТЖ - 55 мм/сағ.

Квинке ісігі пайда болуының себебі?

A) триамциналонға аллергия

B) аллергиялық есекжемнің ары қарай дамуы

C) маңызды-себептік аллергендердің таралу спектрі

D) Чарга-Строусс синдромының көрінісі ретінде аутоиммунный васкулит

E) комплементтің компоненті С1 ингибиторының дефициті

{Дұрыс жауабы}=D

{күрделілігі}=2
$$$017

75 жасар науқаста кенеттен бас ауру пайда болған, оң көзі көрмей қалған, оң жақ беті салданған. 3 жыл бойына иық бұлшық еттеріндегі ауру сезім, арықтау мазалайды. Шамамен 1 жыл бұрын оң жақ бетінің парестезиясы және ауру сезімі болған. Жағдайы ауыр, оң бетін қолмен басып бақылайды, оң самай артериясын басқанда тығыз, пульсация төмендеген, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. ЖҚА: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. Окулист: көру нервінің бөліктік атрофиясы. Төменде аталған қандай диагноз БАРАНША болуы мүмкін?

A) Түйіндік полиартериит

B) Такаясу Артерииті

C) Алыпжасушалық артериит

D) Ишемиялық инсульт

E) Рак кезіндегі антифосфолипидті синдром

{Дұрыс жауап}=С

{күрделілігі}=2
$$$018

34 жасар әйел адам, созылмалы вирусты гепатит С+В-мен ауырады, HCVRNA 106 МЕ/мл, фиброз дәрежесі F3. 8 жыл бойына мезгіл-мезгіл аяқта симметриялық пальпацияланатын пурпуралар түрінде бөртпе пайда болады, бетінде және белінде ісінулер, ірі буындардағы ауру сезімдер, айқын әлсіздік, 3 ай бойы 38-39 С дейін қызба, 12 кг-ға арықтаған, АҚҚ – 155/105 мм с.б.б. РФ – 420 МЕ/мл. 4С температура кезінде преципитирлеуші гамма-глобулиндер анықталған. Протеинурия 1,5 г/тәул. Креатинин – 124 мкмоль/мл.