Файл: растырушы м.. д., профессор Курманова Г. М. 2017 17 01 Стационардаы ревматология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 95
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қандай патологияның дамуымен өмір болжамы анықталады?
A) бауыр циррозы
B) гепатоцелюллярлы карцинома
C) созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
D) кахексия
E) гемолитикалық анемия
{Дұрыс жауабы}=С
{күрделілігі}=2
$$$019
28 жастағы ер адам іш аймағындағы қатты ауру сезіміне және сұйық нәжіске шағымданып келді. Бірнеше ай көлемінде 38С дейінгі қызба, ірі буындарындағы ауру сезімі мен ісінуі, ұмасындағы ауру сезімі, 6кг дейін арықтауы байқалған. ЭТЖ- 55мм/сағ. Лапароскопия жасау шешілді – аш ішек
шажырқайының инфаркты анықталды.
Емдеу тәсілі қандай?
A) преднизолон
B) сульфасалазин
C) левофлоксацин
D) Д-пеницилламин
E) клопидогрель
{Дұрыс жауабы}=А
{ күрделілігі }=3
$$$020
52 жастағы ер адам 6 ай бұрын ауырды – ортаңғы отит, бірден есту қабілетінің төмендеуі анықталды. Қызба қосылып, үдей түсті, тізе және сирақ-табан буындарының артриті, аяқтарында петехиальды бөртпелер пайда болды. Кейіннен мұрыннан қан кетулер, жөтел, қан түкіру және ентігу қосылды. Объективті: жаралы – некротикалық отит және ринит. Р-граммада: өкпесінде –бірен-сараң ыдырау ошақтарымен көптеген инфильтрация белгілері. Зәр анализінде: протеинурия 2,5 г/л, макрогематурия. АҚҚ қалыпты. П-АНЦА – айқын оң.
Емдеу тәсілі қандай?
A) преднизолон пероральды 50-60 мг/тәу
B) циклофосфан және метилпреднизолонмен пульс-терапия
C) метотрексат 25 мг/аптасына
D) азатиоприн 2 мг және триамциналон 8 мг
E) метилреднизолон 1000 мг және плазмаферез
{Дұрыс жауабы}=В
{күрделілігі}=3
$$$021
39 жастағы әйел ЖРВИ ауырғаннан кейін 3 апта өткен соң жоғары қызба, буындарындағы ауру сезіміне, геморррагиялық бөртпелер, ентігу, құрғақ жөтел, мұрыннан қан кетулерге және ішіндегі ауру сезімге шағымданады. Соңғы жылда есекжемнің қайталануы мазалайды. Оны аллергия деп ойлап, шақырушы факторды анықтай алмаған. Зәр анализінде: протеинурия 0,5 г/л, микрогематурия. РФ – 240 МЕ/мл.
Қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?
A) анти SCL-70
B) анти IgG-IgG
C) АНЦА
D) криоглобулиндер
E) AMA
{Дұрыс жауабы}=D
{күрделілігі}=2
$$$022
44 жастағы ер адам ішіндегі ауру сезіміне, дене салмағының 6,8 кг дейін төмендеуіне, қызбаға, оң аяққа тірелген кезінде тұрақсыздық және шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: жиі көктамырішілік наркотикалық препараттарды енгізген. Абдоминальды ангиограмма: тамырлардағы тарылу аймақтары мен ұсақ аневризмалар. Ц-АНЦА - оң. Қанында – нейтрофилез, ЭТЖ 35 мм /с. Биохимияда: АЛТ 134 МЕ/мл, АСТ 112 МЕ/мл, билирубин – 67 мкмоль/л, ПТИ – 67%. HBsAg – оң, antiHBs – теріс, antiHBcIgM – оң, antiHBcIgG – оң, HBeAg – теріс, antiHBe – оң. ПЦР HBV ДНК – 2.3х10
7 копий/мл. HDVIgM және IgG –ге антиденелердің анықталды. Бауыр эластографиясы – 14.5 кПа.
Емдеу тәсілі қандай?
A) преднизолон пероральды 50-60 мг/тәу
B) метилпреднизолон және ламивудинмен пульс-терапия
C) метотрексат 25 мг/аптасына
D) азатиоприн 2 мг және рибавирин
E) пег-интерферон 48 апта бойы
{ Дұрыс жауабы }=В
{ күрделілігі}=3
$$$023
46 жастағы шылымқор сирақтарында қоңыр түсті дақтардың пайда болуына шағымданады (суретте). Аяқтары ауырады және жансызданады, әсіресе ұзақ уақыт жүргенде.
Қандай диагноз?
A) Капоши саркомасы
B) диабеттік ангиопатия
C) Бюргер ауруы
D) түйінді полиартериит
E) микроскопиялық полиангиит
{Дұрыс жауабы}=С
{күрделілігі}=2
$$$024
25 жастағы әйел дене қызуының жоғарылауына, арықтауға, терідегі бөртпелерге және жұмсақ таңдайдағы ауру сезімді жараның пайда болуына шағымданып келді. Гинекологиялық қарау кезінде: жаралы вульвовагинит анықталды. Қанында: жедел фазалы өзгерістер.
Иммуногенетикалық зерттеу кезінде қандай генотиптің анықталуы барынша мүмкін?
A) HLA-B27
B) HLA B5
С) HLA DR1
D) HLA DR4
E) HLA DR5
{ Дұрыс жауабы}=В
{күрделілігі}=3
$$$025
35 жасар әйел кенет пайда болған ентігуге шағымданады. Р-көріністе: оң өкпеде үшбұрышты көлеңке. 2 жыл бойы дене қызуының 38-39º С дейін жоғарылауы, бетіндегі эритематозды бөртпе, тізе және кәріжілік-білек буындарындағы ауру сезімі және ісінуі, қимыл-қозғалысының шектелуі, айқын жалпы әлсіздік мазалайды. Жарты жыл ішінде 7 кг арықтаған. Об-ті: полилимфаденит, гепатоспленомегалия. Қанында: лейкоциттер - 3,6 мың., сегмент ядерлі -65%, лимфоциттер - 23%, ЭТЖ - 44 мм/с. Ревматоидты фактор - оң, антинуклеарлы антидене – айқын оң, жегілік антикоагулянт – айқын оң.
Емдеу әдісі қандай?
A) варфарин және преднизолон
B) клопидогрель және сульфасалазин
C) гепарин және Д-пеницилламин
D) будесонид және такролимус
E) беродуал және циклофосан
{Дұрыс жауабы}=А
{күрделілігі}=3
$$$026
19 жастағы қызда соңғы жылда әлсіздік, ентігу, көшпелі артралгиялар, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Өкпесінде – төменгі бөліктерінде әлсіз тыныс. Жақында дисфагия, артралгиялар пайда болды. ЭТЖ деңгейі 43-53 мм/сағ., АНА, анти SCL70, антицентромерлі антидене оң.
Емдеу әдісі қандай?
A) преднизолон
B) сульфасалазин
C) Д-пеницилламин
D) такролимус
E) циклофосамид
{ Дұрыс жауабы }=С
{ күрделілігі }=3
$$$027
35 жастағы науқаста кеуде терісі аймағында ауру сезім, құрысулар және ісіну байқалады. Қанында: гемоглобин 130 г/ л; лейкоциттер — 5,6х109/л; таяқша ядролы нейтрофилдер — 2%; сегмент ядролы — 65%; лимфоциттер — 22%; эозинофилдер — 11%; тромбоциттер — 190x10%.
Қандай диагноз?
A) Шегрен синдромы
B) Шарп синдромы
C) жүйелі склеродермия
D) эозинофильді фасциит
E) Чарга-Строусс синдромы
{Дұрыс жауабы}= D
{күрделілігі}=2
$$$028
Менопаузадағы 55 жасар әйел 2 ай көлемінде күшейген шаршағыштық және әлсіздікке шағымданады. Қолға тірелгенде және киінгенде қиындық туады. Физикальды зерттеуде – симметриялық проксимальды бұлшықеттік әлсіздік.
Дистальды бұлшықеттердің күші қалыпты. Бұлшықеттік ауру сезім жоқ. Рефлекстері бар, симметриялы. Қол буындарында – бөртпелер байқалады (суретте). Антинуклеарлы антидене оң, ЭТЖ 32 мм/с.
Қай биохимиялық зерттеу нәтижесі барынша болуы ықтимал?
A) АЛТ және АСТ деңгейінің жоғарылауы
B) креатинин деңгейінің жоғарылауы
C) креатининфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
D) альдолаза деңгейінің жоғарылауы
E) лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы
{Дұрыс жауабы}=С
{күрделілігі}=3
17_02 Стационардағы балалар ревматологиясы
$$$001
9 жасар қыз. Әлсіздік, жүрек қағу, ірі буындарындағы ауру сезімдерге, дене қызуы 37,8ºС шағымданады. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: бозғылт, тізе буындары дефигурирленген, ауру сезімді, жергілікті температура, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ЖСЖ – 95 рет мин. Антистрептолизин – айқын жоғарылаған. ЭТЖ – 35 мм сағ.
Емдік тактика қандай?
A) преднизолон
B) сульфасалазин
C) Д-пеницилламин
D) диклофенак натрия
E) делагил
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=3
$$$002
10 жастағы қызда қызамықтан кейін 10 күннен соң дене қызуы 38,2ºС қайта көтеріліп, жүрек қағу және ентігу, кеуде артында ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде сақиналы эритема анықталды, жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек ұшында қолтық астына берілетін үрлеген систолалық шу естіледі. Қанда: ЭТЖ– 35 мм/с. Преднизолон бастады.
Бала салмағына байланысты преднизолон мөлшері қандай?
A) 1 мг
B) 1,5 мг
C) 2 мг
D) 0,8 мг
E) 0,5 мг
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=2
$$$003
11 жасар бала, салмағы 38 кг. Өткерген баспадан кейін анасы баласында зейін төмендегенін, байланыссыз қимылын, тітіркендіргіш, тез жылап қалуын, көңіл-күйінің өзгергіштігін байқады. Объективті: бұлшықет тонусы төмендеген, сіңірлік рефлекстер симметриялы. С-реактивті белок – айқын оң, ЭТЖ – 22 мм сағ. Антистрептолизин-О – оң.
Диагноз қандай?
A) жүйелі қызыл жегі - цереброваскулит
B) үлкен хорея
C) кіші хорея
D) эпилепсия – кіші ұстамалар
E) нейробруцеллез
{дұрыс жауап}=С
{күрделілігі}=2
$$$004
14 жастағы қыз бала әлсіздікке, ентігуге, жөтелге шағымданады. Төсектің басы жоғары болғанда жеңіл ұйықтайды. 8 жасында баспа болған, баспадан кейін ұзақ уақыт әлсіздік және буынындағы ауру сезімдер сақталған. Об-ті: жүрек үндері тұйықталған, жүрек ұшында пресистолалық шу естіледі.
Эхокардиографияда барынша не анықталуы мүмкін ?
A) миокардтың диффузды гипокинезиясы
B) сол атрио-вентрикулярлы тесікте регургитация
C) митральды қақпақша алдыңғы жармасының пролапсы
D) сол атрио-вентрикулярлы тесіктің тарылуы
E) митральды қақпақша артқы жармасының жиектік қалыңдауы
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=3
$$$005
12 жасар қыз, ентігуге, әлсіздік, құрғақ жөтел, жүрек қағуға шағымданады.Об-ті: бетінде – нәзік беттің шырайы, жүрек үндері тұйықталған, жүрек ұшында – диастолалық шу. Екіншілік профилактика тактикасы қандай?
A) СЕҚҚП курсын жылына екі рет 5 жыл
B) бензатинабензилпенициллин жылына екі рет 5 жыл
C) экстенциллин әр көктем 21 жасқа дейін
D) бициллин 1 рет 10 күнде 21 жасқа дейін
E) экстенциллин минимум 10 жыл
{Дұрыс жауап}= Е
{күрелілігі}=3
$$$006
13 жасар қыз ентігу, жүрек қағу, жиі соғуына шағымданады. Жүрек аускультациясында ырғағы дұрыс емес, жүрек ұшында шапалақтаушы I тон, митралды қақпақшаның ашылу шерпегі, өкпе артериясында II тонның акценті, жүрек ұшында қолтық астына берілетін диастолалық шу естіледі.
ЭКГ не анықталуы мүмкін?
A) өткір ұшты кеңейген Р тісшесі
B) екіөркешті кеңейген Р тісшесі
C) Р тісшесі жоқ, R-R дұрыс емес, f толқындар
D) көптеген жүрекшелік экстрасистолалар
E) толық емес AV-бөгеме
{Дұрыс жауап}=С
{күрделілігі}=3
$$$007
11 жастағы қыз, бір ай бұрын тамағынынң ауру сезімімен ауырып қалды, кейіннен 39,8 С дейінгі қызба және қалтырау пайда болды, дене қызуы таңертең көтеріліп, 3-4 сағатқа созылады, кейіннен қалыпты жағдайға дейін төмендейді. Қызба шыңында білек, иық және жамбас сан буындарында ауру сезімдер, әлсіздік пайда болады. Антибактериальды препараттармен ем нәтижесіз болды. Ауруы басталғаннан бері жүдеген. Қарағанда аяқтары мен денесінде макулопапулезді бөртпелер, гепатоспленомегалия, лимфаденопатия анықталды.
Берілген патология емінде қандай препарат негізгі болып табылады?
A) преднизолон
B) метотрексат
C) Д-пеницилламин
D) меропонем
E) циклофосфамид
{Дұрыс жауап}= А
{күрделілігі}=3
$$$008
10 жасар қыз: тізе, білезік, табан және майда қол – аяқ басы буындарының ауру сезіміне шағымданады, қимылдағанда ауырады, таңертеңгілік құрысу бар. Қарап тексергенде: оң аяғы кішкене ұзындау, зақымдалған оң жақтағы буындары дефигурацияланған, жергілікті температура, қысқан кезде ауру сезімі және қозғалуының шектелуі мазалайды. ЖҚА: Гем – 102 г/л, Л -12-109/л, нейтрофилдер – 78%, ЭТЖ 34 мм/с. СРБ - +++. АНА оң, РФ – теріс. Райта реакциясы 1/200. Р-қол суреттерінде: алақан сүйегінің майда буындарының анкилозы, көптеген эрозиялар және буын маңының остеопорозы
Қандай препараттан емді бастау қажет?
A) делагил
B) ципрофлоксацин
C) тоцилизумаб
D) преднизолон
E) циклофосфамид
{Дұрыс жауап}= D
{күрделілігі}=3
$$$009
5 жасар қыз. Ауруы бірден тізе буынында ауру сезімі пайда болуымен басталды, содан кейін оң және сол табан буындарының, жарты жыл бұрын самай-төменгі жақ буындарында ауру сезімі болды. Ауру сезімі әсіресе түнде болады, таңертеңгілік құрысулар бар, бала ауру сезіміне байланысты тұрғысы келмейді. Қарап тексеру кезінде: бой өсуінің кідіруі, оң аяғы ұзындау, оң тізе және табан буындары ісінген, басқа аяққа қарағанда жылы, қысқан кезінде ауру сезімі және қозғалысының шектелуі мазалайды. Ауыру барысында ЭТЖ 15-20 мм/сағ. Жұқпалы аурулары жоқ. АНА-оң, РФ-теріс.