Файл: растырушы м.. д., профессор Курманова Г. М. 2017 17 01 Стационардаы ревматология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
B) Манту және G-expert сынамасы
C) екіспиральды ДНК антиденелер
D) Райта, Хаддлсон реакциясы, бруцеллезге ИФА
E) Роз-Бенгал тест
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=2
$$$013
14 жасар қыз суықтағаннан кейін жедел ауырды: қызбасы 38°, бір аптадан кейін қызбамен дене қызуы 39° көтерілді, дене қызуы төмендегенде қатты тершеңдік пайда болады, дене қызуы таңертеңгілік уақытта болады, қызба шыңында эритемалық бөртпе пайда болады, ентігу, тахикардия, жүректің шалыс қағу сезімдері, білезік буындарында қатты ауыру сезімі және ісіну пайда болды, таңертенгілік құрысу күндізгі сағат 12ге дейін, тізе және иық буындарында ауыру сезімі. Антибиотиктермен ем әсерсіз. Обьективті: білезік буындарының қозғалысы шектелген, ісінген, жергілікті температура, қол басын бүгу симптомы оң. ЖҚА: Эр – 3,0, Нб – 98 г/л, Л- 15,9 *109/л, Нф – 78%, Лф – 19%, ЭТЖ 48 мм/с. РФ – 8 МЕ\мл. АНА – теріс
Емдік тактика қандай?
A) преднизолон пероральды 1,5 мг/кг/тәу мөлшерде
B) метилпреднизолонмен пульс-терапия
C) цефтриаксон және нетромицин
D) левофлоксацин және доксициклин
E) циклоспорин А
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3
$$$014
12 жасар қыз 6 ай бойы салмағын төмендету үшін емдәм сақтап келген. Кешке қарай субфебрилитет, айқын емес бет қызаруы, жөтелу пайда болды. Жамбас сан аумағында сыздаған ауру сезімдер мазалады. Жамбас сан буыны Р – суретінде остеопороз және сүйек тіні реакциясы айқын емес сан сүйегі эпифизінде деструкция ошағы көрінеді.
Диагноз қандай?
A) гематогенді остеомиелит
B) моноартриттен ревматоидты артритке дебют
C) анкилозирующегоспондиоартриттің скандинавский түрінің дебюты
D) ювенильды ревматоидты артрит
E) сүйектік туберкулез, туберкулезды остеомиелит
{Правильный ответ}=А
{сложность}=2
$$$015
10 жасар қыз. ЖРВИ кейін буындардағы ауру сезімдерге шағымданады, дене қызуы 38,3°, алақан сүйектер-бунақтар, кәріжілік – білезік буындары ісінген, таңертеңгілік 11 дейін құрысу пайда болды. Объективті: кәріжілік – білезік буындары ісінген, жергілікті температура, қол басын бүгу симптомы оң, қимылы шектелген. Ісінулер, лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. ЖҚА: Эр – 3,0, Нб – 98 г/л, Л- 12,9 х109/л, Нф – 78%, Лф – 19%, ЭТЖ- 48 мм/с. ЖЗА: - белок 2,3 г/л. АНА және анти-ДНК – оң. Стандартты терапия басталды. Терапияның мүмкін болатын асқынуын алдын алу үшін емге қандай препарат қосу қажет?
A) цианкобаламин
B) фолий қышқылы
C) витамин А
D) витамин Е
E) витамин D3
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$016
3 жасар бала балалар алаңында ойнап жүріп құлап қалды. 2 күннен кейін табан буынында ауру сезіміне шағымданады, ауырып жатқан аяғын басудан бас тартады, пальпация кезінде аяғын тартады. Балада бұрынырақта да гематомалар пайда болатын, туылғаннан кейін кіндік аумағынан ұзағынан қан кетіп тұрды. Ауру сезімі, ісіну күшейе бастады, жергілікті гиперемия пайда болып, жергілікті дене қызуы көтерілді. Салыстырмалы диагностика үшін міндетті түрде қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?
A) Гемодақылды алу үшін қанды себу
B) Зақымдалған буынның МРТ
C) Зақымдалған буынның Р - графиясын
D) Сүйек кемігінің пункциясы
E) Коагулограмма және Хагеман факторын анықтау
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделігі}=2
$$$017
5 жасар бала 2 апта көлемінде тізе буынынның ауру сезімінен зардап шегеді, буыны ісінген, буын үстіндегі терісі гиперемияланған, айқын ауру сезімі бар. Р-суреті –периартикулярлы тін ісінуі, буын саңылауының кеңеюі. Буын пункциясында– нейтрофильды цитоз 60 мың/мл анықталды. Бак. себу – теріс. Қанда – лейкоцитоз, таяқшаядролы ығысу, ЭТЖ – 22 мм/сағ.
Қандай диагноз?
A) септикалық артрит
B) моноартриттен ревматоидты артритке дебют
C) реактивті артрит
D) жарақаттан кейінгі артрит
E) вирусты артрит
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=2
$$$018
6 жасар бала 8 апта көлемінде оң тізе және жамбас сан буындарының ауыру сезіміне және қимылының шектелуіне шағымданады. Ата –анасы ауру сезімдерді өткерген жедел вирусты инфекциямен байланыстырады. ЖҚА және ЖЗА өзгеріссіз. Р-суреті –буын саңылауының кеңеюі. Баланы мұқият қарағанда білек буындарының артриті де анықталды. АНА – оң, РФ - теріс. Генотипирлеу – HLA-DR4. Балада ары қарай қандай зерттеу жүргізу қажет?
A) бүйрек биопсиясы
B) эхокардиография
C) электроэнцефалография
D) кеуде торының КТ
E) офтальмологиялық зерттеу
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$019
Целиакия диагнозы қойылған 14 жастағы науқас, емдәмін бұзуына байланысты тізе буындарында ауыру сезімі және ісінуінің пайда болуына шағымданады.
Науқаста иммуногентикалық зерттеудің қандай нәтижесі болуы барынша ықтимал?
A) HLA B5
B) HLA B27
C) HLA DR1
D) HLA DR3
E) HLA DR4
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=1
$$$020
12 жасар балада футбол ойынынан кейін тізесі ауырды. Жарақат деп ойлап рентген жасады. Тізе буыны Р-графиясының бүйірлік проекциясында асықты жілік бұдырының ұлғаюы және фрагментациясы, жұмсақ тінінің ісінуі. Нимесулидпен ем жүргізілді. Бірақ бірнеше аптадан кейін балада қайтадан тізесі ауырып, өкшесіне басуы ауырлық сезімін тудырды. Пальпацияда Ахиллов сіңірі ауру сезімді.
Диагноз қандай?
A) септикалық артрит
B) моноартриттен ревматоидты артрит дебюті
C) серонегативті спондилоартрит
D) жарақаттан кейінгі артрит
E) Осгуд-Шлаттер синдромы
{Дұрыс жауап}=С
{күрделілігі}=2
$$$021
10 жасар қыз ЖРА бірнеше күннен кейін ауырды: бөртпе (сурет), шынтақ, тізе және жіліншік аяқ басы буындарында ауру сезімі және ісіну пайда болды. Дене қызуы – 38°С. 2 күннен соң орналасуы айқын емес, жайылмалы іштегі ауру сезімі пайда болды. Зәрде – белок 0,88 г/л.
Емдік тактика қандай?
A) преднизолон 0,4-0,5 мг/кг/тәу мөлшерде
B) метилреднизолонмен пульс-терапия
C) ибупрофен 400 мг
D) сульфасалазин 1 г/тәу
E) метотрексат 5 мг/аптасына
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=3
$$$022
2 жасар бала жедел ауырды – дене қызуы 39,0°С көтерілді, аяқ басы және қол басы буындарында ауыру сезімі және ісінуі пайда болды, көзі, тіл және ауыз қуысы шырышты қабаты қызарды, алақан және табан гиперемиясы, ұсақ нүктелі бөртпелер байқалады, үлкейген лимфа түйіндері пальпацияланады. Аускультацияда – жүрек тондары тұйықталған, галоп ырғағы және перикард үйкеліс шуы естіледі
Қандай диагноз?
A) қызылша
B) қызамық
C) Кавасаки ауруы
D) Бехчет ауруы
E) жүйелі қызыл жегі
{Дұрыс жауабы}=С
{күрделілігі}=2
$$$023
4 жасар балада жедел түрде дене қызуы көтерілді, қол басы ұсақ буындарының артриті, тіл және ауыз шырышты қабатының гиперемиясы, көзінің қызаруы және ауыру сезімі пайда болды. Алақан және табаны қызарды. Эхокардиографияда кардит белгілері және тәж артерияларының 8 мм дейін кеңеюі анықталды. Балаға иммуноглобулин және ацетилсалицил қышқылымен ем курсы басталды.
Тәж артерияларының аневризмасы және кардит бойынша болжамы қандай?
A) 95-98% науқастарда бір жыл ішінде регрессиясы
B) 20-30% науқастарда бір жыл ішінде регрессиясы
C) регрессия және кейіннен әр 2-3 жыл сайын рецидив болуы
D) белсенді ем жасағанның өзінде аневризмалар сақталады
E) аневризмалар регрессирленеді, бірақ кардит СЖЖ қалыптасуымен сақталады
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=3
$$$024
Ювенильды ревматоидты артриті бар 14 жасар жасөспірім метотрексат және преднизолон қабылдайды. Әжесі қатерлі ісіктен қайтыс болғандықтан анасы қызында онкологиялық патологияның пайда болу қаупінің жоғары болатынына мазасызданып уайымдайды. Науқасқа қандай ұсыныстар беру қажет?
A) гинекологқа үнемі көріну
B) әр күз сайын тұмаудан вакцинация
C) иммуносупрессивті терапияға байланысты қатерлі ісік даму қаупі төмен
D) үнемі интерферон курсын жүргізу қажет
E) төртвалентті вакцинамен АТВ вакцинация
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$025
11 жасар бала, созылмалы артриті, сакроилеит және увеиті бар, сәйкесінше ем қабылдайды. Мектепте тұмаудан вакцинация жүргізеді. Ата –анасы вакцинация жасаудан қорқады. Берілген жағдайда ата-анасына қандай ұсыныстар беру қажет?
A) мектепке баруды шектеу
B) негізгі ауруына байланысты вакцинация міндетті түрде көрсетілген
C) ата – анасының өзін вакцинациялау қажет
D) жүргізіліп жатқан терапияға байланысты вакцинация көрсетілмеген
E) негізгі ауруына байланысты вакцинация қарсы көрсетілген
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3
$$$026
5 жасар қыз, ювенильды ревматоидты артриті бар, увеиттен кортикостероидтарды қабылдаған. Қазір биологиялық терапия жүргізу жөнінде шешім қабылдануда. Анасы баласын гепатит В егуіне мүлдем қарсы болған. Гепатит В вакцинациясы жөнінде қандай тактика қажет?
A) вакцинация жүргізу кеш, иммуноглобулин енгізу
B) биологиялық терапия алдында балаға міндетті түрде вакцинация қажет
C) ата-анасының өзін вакцинациялау қажет
D) жүргізіліп жатқан терапияға байланысты вакцинация көрсетілмеген
E) негізгі ауруына байланысты вакцинация қарсы көрсетілген
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3
$$$027
Ювенильды ревматоидты артриті бар 8 жасар балада жоғары белсенділігіне байланысты тоцализумабпен терапия жүргізу шешілді. Былтыр бала бірнеше рет ЖРВИ және ЖРА ауырды, әр кезде бұл негізгі ауру жағдайын нашарлатып отырды. Екіншілік профилактика тактикасы қандай?
A) тұмау және пневмоккоктан вакцинация
B) иммуноглобулинмен пассивті иммунизация
C) пентаглобинмен иммунотерапия
D) бала айналасында жүрген ересек және балдардың барлығын вакцинациялау
E) емді антибиотик беру арқылы жүргізу
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=3
17_05 Ревматологиядағы клиника лабораторлы диагностика
$$$001
34 жастағы әйелде босанудан кейін симметриялы білезік, шынтақ, білезік-бунақ аралық буындары ісінген, ауыру сезімді және қызарған, сағат 11 дейінгі таңертеңгілік құрысу, дене қызуы 37.5 көтерілген. Жоғарыда аталған белгілер 8 апта ішінде күшейген. Обьективті: зақымдалған буындарының ісінуі, жергілікті температура, саусақтардың бүгілу симптомы оң, қозғалысы шектелген. ЖҚА: Эр – 3,4, Нб – 115 г/л, Л- 9,9х109/л, Нф – 82%, Лф – 15%, ЭТЖ 25 мм/с. Берілген ауру барысында қандай иммунологиялық көрсеткіш 95% спецификалық болып табылады?
A) ревматоидты фактор
B) антицитруллинді антиденелер
C) антинуклеарлы антиденелер
D) антинейтрофильды антиденелер
E) рибонуклеопротеинге антиденелер
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3
$$$002
36 жасар әйел буын, бұлшықет, сүйек, арқасы, сакроилеальды аймақтағы ауру сезімдері, кәріжілік-білезік, алақан сүйектер-бунақ, проксимальды бунақ аралық буындарын қасқан кезіндегі ауру сезімдері, дене температурасының кешке қарай 37,5° көтерілуі, түндегі тершеңдік шағымдарымен келді.
Барлық симптомдар 6 апта бұрын шипажайда бальнеологиялық ем қабылдаған соң пайда болды. ЖҚА: Эр – 3,4, Нб – 115 г/л, Л- 3,9 *109/л, Нф – 62%, Лф – 35%, ЭТЖ 25 мм/с. РФ – 128 МЕ/мл. Р-сурет – сүйектік өзгерістер жоқ.
Иммунодиагностика жайлы қандай пайымдау дұрыс?
А) ревматоидты фактор нақты «Ревматоидты артрит»диагнозын анықтайды
B) ревматоидты фактор аутоиммунды патологияның барын анықтайды
C) науқаста гепатит С болуы мүмкін, бұл кезде РФ 54% жағдайда оң болады
D) науқаста созылмалы жұқпалы ауру, бұл кезде РФ 15% жағдайда оң болады
E) оң РФ науқаста ревматоидты артрит түзілуі мүмкін екендігін көрсетеді
{ Дұрыс жауап }=D
{ күрделілігі }=2
$$$003
48 жастағы әйел бірден пайда болған ентігу, жөтелге шағымданады. Өкпе Р-граммасы өкпе суретінің күшеюін ғана анықтады. Анамнезінде – 30-60 мг мөлшердегі преднизолон салғанда басылмайтын рецидивтеуші Квинке ісігі, есекжем. Қазіргі таңда аяғы және қолдарында геморрагиялық бөотпе, жаралар
(фото).
ЖҚА: Эр - 3,5х1012/л, гемоглобин – 129 г/л, Тр – 75х109/л, Л – 6,6х109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ. Д-димер – 420 мкг/л. РФ – әлсіз оң. Анти- HCV анықталды.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды барынша анықтайды?