Файл: растырушы м.. д., профессор Курманова Г. М. 2017 17 01 Стационардаы ревматология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 97
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Берілген жас тобында қандай асқыну дамуының қаупі бар?
A) гломерунефрит
B) кардит
C) хорея
D) пульмонит
E) увеит
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$010
12 жастағы қыз балада ірі буындарының ауру сезімі, субфебрилитет, төс артында ауру сезімі пайда болып, оған басының ауруы, бас айналуы, көздің көру өткірлігінің айқын төмендеуі, дене қызуының 38оС дейін көтерілуі қосылды. Объективті: жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүрек тондары тұйықталған, жүрек ырғағы фазаларымен байланыссыз жүректің абсолютті тұйықтығында шу анықталады
Эхокардиографияда барынша не анықталады?
A) миокардта гипокинезия зонасы
B) перикард қуысында сұйықтық
C) сол қарынша шығу жолының обструкциясы
D) қарыншааралық перденің қалыңдауы
E) митральды қақпақшаның артқы жармасының гипокинезиясы және жиектік қалыңдауы
{Дұрыс жауап}= В
{күрделілігі}=3
$$$011
12 жасар бала 39°-қа дейін көтерілген қалтыраусыз тұрақты қызбаға, кейде пайда болатын оң қолының бұлшықет әлсіздігіне шағымданады (қолына зат алған кезде түсіріп ала береді). АҚ оң қолында 110/70 мм с.с.б, сол қолында – 90/60 мм.с.б.б.
Қандай препараттан емді бастау қажет?
A) делагил
B) ципрофлоксацин
C) тоцилизумаб
D) преднизолон
E) циклофосфамид
{Дұрыс жауап}= D
{күрделілігі}=3
$$$012
14 жасар ер бала, қызба 38-38,5ºС, бөртпе, бас ауруы, ішінде, ұмасында ауру сезімдерге, АҚҚ 160/110 мм с.б.б дейін көтерілуі және ЭТЖ- 50 мм/сағ дейін жоғарылауына шағымданады. п-АНЦА анықталды. Бүйрек тамырлары ангиографиясында қантамырлар аневризмасы, қантамырлар өзегінің тарылу және кеңеюі аймақтары анықталды. Ем тактикасын қабылдау алдында қандай зерттеу жүргізу қажет?
A) В және С гепатитіне маркерлік диагностика
B) Манту сынамасы
C) Cl. Trachomatis тексеру
D) РПГА Y.entеrocolitica
E) Вассерман сынамасы
{Дұрыс жауабы}=А
{күрделілігі}=2
$$$013
11 жастағы балада қатты суық тиюден кейін есекжем, жамбасында, аяқтарында кей жерлерінде орталық некрозы бар мономорфты симметриялы папуллезді-геморрагиялық бөртпелер, дене қызуының 39° көтерілуі байқалды. Бір аптадан кейін ішінде ауру сезімі, тұрақсыз үлкен дәрет пайда болды. Қанда: лейк-8 мың. ЭТЖ-25 мм/с. Зәрде - белок – 0,8 г/л, сілтілі эритроциттер – 10-15 көру аймағында. Криоглобулиндер – айқын жоғарылаған.
Қандай емдеу тактикасы барынша дұрыс?
A) циклофосфан преднизолонмен бірге
B) ритуксимаб
C) преднизолон және фраксипарин
D) азатиоприн және гепарин
E) сульфосалазин және ибупрофен
{Дұрыс жауап}=С
{күрделілігі}=3
$$$014
15 жасар ер балада, жарты жыл бұрын қыста суық ауада саусақтар бозарып, көгере бастады, аяғында сезімталдығының төмендеуімен терінің қалыңдауы, дисфагия пайда болды. Жалпы қан, биохимиялық анализдер және иммунологиялық тесттер тағайындалды.
Қандай зерттеу әдісі міндетті түрде тағайындалу қажет?
A) кеуде торы мүшелерінің Р-графиясы
B) құрсақ қуысы мүшелерінің КТ
C) электромиография
D) электроэнцефалография
E) көз биомикроскопиясы
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=2
$$$0015
Жүйелі қызыл жегі бар әйелде жүктіліктің үшінші триместрінде Ro/SS-A – ға антиденелер титрі жоғары болған. Бірінші баласы AV-бөгемемен туылды. Қазір ол екінші баласын күтуде.
Жүргізудің қандай тактикасы бала жүрегінің өткізгіштік жүйесінің зақымдалуымен неонатальды жегінің даму қаупін төмендетеді?
A) анасының барлық жүктілік барысында преднизолонмен емделуі
B) дексаметазон және плазмаферез гестацияның 18 аптасында
C) плазмаферез гестацияның 30 аптасында
D) циклофосфамид жүктіліктің 32 аптасынан бастап
E) лефлюнамид гестацияның 30 аптасынан бастап
{Дұрыс жауабы}=В
{күрделілігі}=3
$$$016
12 жасар қызда ЖРВИ кейін бір апта ішінде айқын әлсіздік, дімкәстік, тізе буындарының ісінуі және ауру сезімі, Рейно феномені, бетінде «көбелек» түрінде эритема пайда болды. Таңертеңгілік құрысу 2 сағ дейін, бұлшықеттегі ауру сезімдер. Соңғы уақытта бетінде, аяғында таңертеңгілік ісіну; қатты бас ауруы, зейіннің төмендеуі, мінезінің өзгеруі, көңіл күйінің өзгеруі мазалайды. Тексеру кезінде: антинуклеарлы антиденелер айқын оң, РФ-124 МЕ/л; буын маңының остопарозы, бірен - саран эрозиялар анықталды.
Қандай диагноз?
A) жүйелі қызыл жегі
B) ревматоидты артрит
C) Стилла синдромы
D) Шарпа синдромы
E) ювенильды идиопатиялық артрит
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=2
$$$017
14 жастағы қызда 4 апта ішінде келесідей симптомдар үдейе келеді: қолындағы бұлшықет әлсіздігі, тыныс алудың қиындауы, терең тыныс алуы қиын, ентігу. Қарап тексергенде: төсекте жатыр, біреудің көмегінсіз тұра алмайды; алақан терісінің қызаруы мен қабыршақтануы, Готтрон симптомы, барлық бұлшықеттерде айқын ауырсыну сезімі.
Қандай тексеру жүргізу керек?
A) кеуде торы КТ
B) бас миының МРТ
C) артерия допплерсонографиясы
D) электромиография
E) спирография
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=2
$$$018
Қол және аяқ бұлшық еттерінің айқын әлсіздігі (науқас жүре алмайды), тыныс алудың қиындауына шағымданатын 13 жастағы қыз бала тамақ ішуі және киінуіне көмекті қажет етеді. Проксималды фалангаралық буындарында терінің экзематозды өзгеруі. КФК деңгейінің қалыптыдан 80 есеге жоғарылауы, антинуклеарлық антиденелер анықталды.
Барынша қандай асқыну дамуы мүмкін?
A) миокардит
B) полисерозит
C) гломерулонефрит
D) пневмония
E) перикардит
{Дұрыс жауап}=D
{күрделілігі}=3
$$$019
11 жасар бала, тізе және жамбас сан буындарындағы ауру сезімі, арқасындағы құрысу және ауыру сезіміне, бір жыл ішінде қан және шырыш аралас сұйық нәжіске шағымданады. Емде қандай препарат негізгі болып табылады?
A) делагил
B) сульфасалазин
C) вобензим
D) ципрофлоксацин
E) циклофосфамид
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3
$$$020
12 жасар балада дене шынықтыру сабағынан кейін сол жамбас сан буынында ауыру сезімі пайда болды, буын қимылы айқын шектелген. Тексергенде сол ахилл сіңірінің аймығында ауыру сезімі анықталды, Кушелевский симптомы оң. Баланың әкесінде Рейтер синдромы анықталған. АНА және РФ – теріс. HLA-B27 - оң. Жамбас сүйектері және омыртқаның Р суретінде патология жоқ.
Илеосакральды байламдардың МРТ нәтижесі қандай болуы мүмкін?
A) буын саңылауының тарылуы
B) буын саңылауының жалған кеңеюі
C) илеосакральды байламның біржақты зақымдалуы
D) көптеген эрозиялар
E) илеосакральды байламға жататын сүйек тіндерінің ісінуі
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$021
9 жасар бала 3 апта бойы қол басы буындарының ауыру сезіміне шағымданады, әдетте шағымдары дене шынықтырудан кейін пайда болады. Буындарына аз ғана тигеннің өзінде ауру сезімін тудырады – қолын тартып, жылайды. Таңертең тұруы қиын, тіптен жүгірмей қойды, көбіне тыныш планшет отырып ойнайды. Қарағанда: қол басы саусақтарының ісінуі, қысу симптомы оң, қол басы, шынтақ, тізе буындарының қайта жазылуы, крепитация. РФ – теріс. АНА – оң. ЭТЖ – 17 мм/сағ, СРБ – әлсіз оң.
Қандай препараттан емді бастаған дұрыс?
A) ибупрофен
B) преднизолон
C) сульфасалазин
D) делагил
E) азатиоприн
{Дұрыс жауап}=А
{күрделілігі}=3
$$$022
Бала 5 жаста. 8 апта бұрын ЖРВИ эпизодынан кейін ата- аналары баласының оң қолын қорғаштайтынын байқады (заттарды сол қолымен алуға тырысады). Оң қол басы буынының ісінуі және жергілікті температура анықталады. Бала басын бұрмайды, барлығын тек көзімен бақылауға тырысады – омыртқаның мойын бөлімінің ауыру сезімі анықталды. ЖҚА және ЖЗА өзгеріссіз. РФ – теріс, АНА – оң.
Қандай диагноз?
A) ревматикалық артрит
B) палиндромды ревматизм
C) ювенильды ревматоидты артрит
D) парвовирусты артрит
E) Элерса-Данлоса синдромы
{Дұрыс жауап}=C
{күрделілігі}=2
$$$023
Қыз бала 13 жаста. Әлсіздік, тез шаршағыштық, ірі буындарының ауру сезіміне шағымданады, әсіресе сол жамбас сан буыны. 2 жыл көлемінде ауырады. Ауруға дейін гимнастикамен айналысқан. Етеккірі 11 жастан, бірден тұрақтанды, бірақ соңғы 6 айда – ретсіз және ауру сезімді. Көбіне түнде болатын айқын тершеңдік, бірақ дене қызуының жоғарылағанын байқамады. Ауа райының өзгерісіне қарай басы ауырады, зейін және еске сақтау қабілеті төмендеген. «Серонегативті спондилоартрит» диагнозы қойылып, сульфасалазин тағайындалды – нәтижесі айқын емес. РФ – әлсіз оң, Райта реакциясы – 1/100, Хаддлсона реакциясы – әлсіз оң. Р-сурет – жамбас сан буындарының артроз белгілері.
Төменде аталғандардың қайсысы серонегативті спондилоартрит диагнозына күмән туғызады?
A) сакроилеиттің болмауы
B) бруцеллезге оң реакция
C) сульфасалазиннен нәтиже болмауы
D) жамбас сан буындарының артрозы
E) дисменоррея
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=3
$$$024
Бала 7 жаста. Табан буынындағы ауру сезіміне шағымданады. 2 күн бұрын ойнағанда – аяғын қайырып алды. Емізулі жасында туа пайда болған сан шығуы диагнозы қойылған. Қарағанда – терісі оңай созылады, буындары бүгіліп жазылады. Табан буыны (оң) – ісінген, жергілікті температура, қимылдағанда ауру сезімді.
Диагноз қандай?
A) ревматикалық артрит
B) палиндромды ревматизм
C) ювенильды ревматоидты артрит
D) парвовирусты артрит
E) Элерса-Данлоса синдромы
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=2
$$$025
Қыз бала 13 жаста. Биік, арық келген, кеуделік кифозы тегістелген, арахнодактилия, алақан индексі 9 тең. Жүрек аускультациясында «систолалық шерту» естіледі.
Барынша жиі болатын асқынуды анықтау үшін қыз балаға қандай зерттеу жүргізу қажет?
A) Кеуде торының ренгенографиясы
B) Қол басы ренгенографиясы
C) Омыртқа ренгенографиясы
D) Электрокардиография
E) Эхокардиография
{Дұрыс жауап}=Е
{күрделілігі}=2
$$$026
Ер бала 9 жаста. Зәр түсінің өзеруі шағымдарымен келіп түсті. Нашар естиді, әсіресе жоғары дыбыстарды. Анамнезінен: 6 жастан зәрінің кей анализінде микрогематурия 5-6 к/а. Ұқсас патология атасы және бала ағасында анықталған. 9 жасынан бастап персистирленген гематурия макрогематурия эпизодтармен, протеинурия 1,25 г/тәу. Қарағанда бетінің, балтыр ісінуі, АҚ 130/80 мм сб б. Лабораторлы: қандағы креатинин 100 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, белок 48 г/л. ЖЗА белок 3,5 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер көп мөлшерде.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
A) Берже ауруы
B) Альпорт синдромы
C) жүйелі қызыл жегі
D) Марфана синдромы
E) Элерса-Данлоса синдромы
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=2
$$$027
16 жасар жасөспірім оң қолының алақан – бунақ сүйектер буындарындағы 2 және 3 саусақтарының қимылының керілуіне шағымданады. Объективті: терісі күңгірт, алақан – бунақ сүйектер буындарының пішіні өзгерген, жергілікті температурасыз тығыз ісіну. Анамнезінде - қант диабеті. Тексергенде ферритин деңгейі 1400 мг/л (қалыпты 300 мг/л).
Зақымдалған буындардың Р-графиясында не анықталуы мүмкін?
A) буын саңылауының кеңеюі, буын маңы остеопорозы
B) буын саңылауының тарылуы, жиектік эрозиялар
C) буын саңылауының тарылуы, субхондральды склероз
D) көптеген киста тәрізді жарықтанулар
E) «күнқағар» симптомы тәрізді жиектік дефектер
{Дұрыс жауап}=С
{күрделілігі}=3
$$$028
Нәресте қызда аяғын бүгу және әкетуі кезінде оң жақтан шытыр, шап қатпарларының аз ғана ассимметриялығы анықталады.
Ем тактикасы қандай?
A) тығыз бөлеу
B) абдукция қалпында аяғын бекіту
C) әкелу қалпында аяғын бекіту
D) емдік массаж
E) хирургиялық коррекция
{Дұрыс жауап}=В
{күрделілігі}=3