Файл: азастан Республикасы ылым жне жоары білім министрлігі лФараби атындаы аза лтты университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ауданда еліміз бойынша ашық әдіспен көмір өндіретін ең ірі Екібастұз көмір бассейні және мұнай өңдейтін үш зауыттың біреуі осы Павлодар облысында орналасқан.

Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акционерлік қоғамы. Қалада ауыл-шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мысалы, ет комбинаты, май өнімдерін шығару зауыты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Қалада 4,5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19,5 мың адамды жұмыспен қамтыған [12].

Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады.

Солтүстік экономикалық ауданда Қазақстандағы ең дамыған АӨК орналасқан. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы егістік жердің 80%-ы - жаздық бидай өсіру. Дәнді дақылдар егістіктерінің ең үлкен аумақтары Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында орналасқан. Қостанайда бидайдың мол өсірілуіне байланысты экспортқа да шығарылады. Сыртқы нарық жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Бидай жақын шетелдерден бөлек Бельгия, Норвегия, Грекия, Испания, Италия, Швеция, Түркия сынды елдерден сұраныс мол.

Солтүстік Қазақстан аумағын Транссібір, Орта Сібір және Оңтүстік Сібір теміржол магистральдары, сонымен қатар Транс-Қазақстан, Петропавл-Астана-Қарағанды теміржолы кесіп өтеді. Бұл ауданның солтүстік-шығысын су қатынас жолы болып табылатын Ертіс өзені қиып өтедi [13].


Сөзімді қорытындылайтын болсам: осындай мол табиғи ресурстары мен өнеркәсіп кешендері бар экономикалық ауданның ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Мұнда елімізде өндірілетін көптеген пайдалы қазбалардың қорлары бар. Қандай тұрғыдан алып қарасақта, табиғат жағдайының қолайлылығы барлық саланың дамуына да, ауылшаруашылығымен айналысуға да ыңғайлы.

Аймақтағы бұрынғы өзекті мәселелердің бірі аудандағы қазақтардың төмен үлесі болса, бұл мәселе қазіргі таңда өз шешімін тауып келе жатыр. Аймақтың дамуы үшін мемлекет тарапынан көптеген арнайы жобалар мен іс- шаралар жүзеге асырылуда.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық/ В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. –Алматы: Атамұра, 2009.

  2. Ә.Нысанбаев «Қазақ энциклопедиясы» 5-том, 2003.

  3. Ә.Нысанбаев «Қазақ энциклопедиясы» 6-том, 2004.

  4. Тайшыбаев З. Ғасырлар қойнауындағы қазынамыз/ Солтүстік Қазақстан-2012.

  5. Бейсенова Ә.С., Қирабаева Ә.С., Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: Атамұра, 2013.

  6. Ұлттық статистикалық деректер.

  7. Облыстарда өндірілетін басты өнімдер ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері.

  8. Қазақстанның пайдалы қазбалары және кен орындары: Нұр.кз порталы:- 2020.

  9. Б.Асубаев., Г.Сүлейменова., К.Ыскакова., Қазақстанның физикалық географиясы: -2004.

  10. Хайрлиев И.Н., Кожахметов Н.К. Экономическая и социальная география Республика Казахстан.- Караганда: КарГУ.

  11. Солтүстік Қазақстан Энциклопедия.- Алматы, 2002.

  12. Ахметова Е.А., Бердұғылова Г.Е. Қазақстанның экономикалық және саяси географиясы: Оқу құралы, Алматы: 2011.

  13. Кожахмет М. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Қарағанды, 2007.

  14. Нуралиев А.Т., Экономика Казахстана. Алматы, 2009.