Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 342
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сессия сұрақтары 1-13
1. 1-сұрақ
Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Қазақстан аумағындағы тас ғасырының ескерткіштері
Алғашқы қауымды құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Зерттеулерге қарағанды алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік адам қоғамның зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары,қоныс- жайлары табылып отыр. Бұл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан,екінші оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды. Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50 жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса , ал 1883 жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып , оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер , тас найзаның ұштары, қырғыздар, пышақ тәріздес тас құралдар , тас балталар қойылды. Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның әр жерінен табылып , ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап , олар туралы хабар беріп отырған . Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттеулі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына басталды.Кеңес дәуірінде алғашқы кезінде қазақ жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай.Оның жазу бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты- тас дәуірінің қонысы белгілі болған . Сол Батыс Қазақстан жерінен жаңа және мысты - тас дәуірінің қоныстарын тапқан.
Елiмiзде тас дәуiрiнiн нагыз гылыми тургыдан зерттелуі 50-жылдардын 2-жартысынан басталады. Казак Ұлттық академиясы Ш.Уалиханов атындагы тарих, археология жане этнография институтының гылыми кызметкерi тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшiлiгiмен 1957 жылы құрылған Қаратау отрядының жүргізген жумысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзiмнiң iшiнде ғалым тас дэуiрiнiн теменгі кезенiнен бастап, онын сонгы кезенiне дейiнгi мезгiлдердi дәлелдейтiн ескерткіш- тердi тапты Бул жумыстың нәтижесi Онтустiк Казакстаннын теменгі тас дәуір атты монография болып жарыққа шықты . Қазакстандагы алгашкы адамдардың ескерткiштерi бiршама зерттеліп, игiлiктi жумыс жолга қойылды. ХХ гасырдың 80- жылдарынан бастап бугiнгi күнге дейiн палеолит дәуiрiн зерттеуді Маргулан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж. К.Таймагамбетовтың жетекшiлiгiмен әл-Фараби атындагы ҚазҰУ-дың галымдары жургiзiп келедi. Ж. К .Таймагамбетовтың бастамасы жане жетекшiлiгiмен 2000 жылы эл-Фараби атындагы Казак улттык университетiнде ТМД елдерiнiң iшiнде алгаш рет палеолит муражайы ашылды. Қазақстанның солтустiк аудандарында алгаш рет неолит дәуiрiнiн коныстарын 1926 ж. м. П Грязнов пен М. Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезенiнiң ескерткiштерiн тауып жане оларга гылыми зерттеу жумысын жүргiзуде археолог галым С. Черниковтың енбегі зор. Ол кiшi Красноярск жане Усть-Нарым коныстарына казба жумыстарын жүргізді. Сырдариянын томенгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерiнде неолит кезенiнiк коныстарын зерттеуде Хорезм археологиялык экспедициясының менгерушiсi Толстовтың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткiштерiн
зерттеу академик Маргуланнын, тас дәуірінің маманы Х А. Алпысбаевтың енбегі зор.
Қазақстан жерiндегi ежелгі адамның iздерi ерте палеолит дәуiрiне жатады. Ежелгi адамның қалдықтары әзірше табылган жок, бiрак олардың мекен-жай, турактары табылып, зерттелуде. Адамдардың коныстануына колайлы жердiн бiрі Онтустiк Қазақстандағы Каратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне енбек куралдары табылды. Коне тас Дәуiрiнiң алғашкы кезенiнiң ескерткiштерi Казакстаннын онтүстiгiнен, Арыстанды өзенiнiң бойынан Кызылтау, Тәңірқазған ,Берiқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерiнен табылган Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуiрге жататын ескерткiш табылды. Карасу тұрагынан тастан жасалған 15 мынга жуык заттар табылған. Орталық Қазақстанда ежелгi палеолит адамы оңтүстікке караганда кешiрек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтустік жағалауын мекендедi. Бул жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы кебiрек табылды.
Ерте палеолит кезiнде адам тасты жару ушiн екiншi тасты
пайдаланган оларды бiр-бiрiне соғатын болған. Мүндай тәсiлдi жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен.Өйткені шикізат ретiнде кебiнесе өзен малтатастары пайдаланылған.Ерте палеолитте адамдар тасты жару ушiн жумыр тас колданды.Дайындалган курал кейiн шапқыш ретінде колданылды. Бул кезде
қол шапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған турi болды
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай турақтардың бірі - Кудайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналаскан.
Орта палеолит кезеңiнде тас өндеу әдiстерi жетiлдiрiле бастады. Ендi енбек куралдарын дөңгелек өзек тастан жасау әдiсi кең тарады. Сол кездегі қарулардың негiзгi түрлерi тiлгiштер мен кырғыштар болды. Бул кезенде адам ағаш бутагын бiр-бiрiне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды урып үшқын шығарып, от алуды үйренді.Алғашқы дiни сенiм калыптасты. Мустьерлiктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір кырымен жаткызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсiнiк, өлгендерге курметпен қарау белгiлерi пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңiндегi адамды неандертальдык деп атайды. Ежелгi адамдардын уйымы улкен кауым орта палеолитте калыптасты
Орта палеолиттiң белгiлi турактары мыналар: Каратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған және Ақкөл келiнен оңтүстікке карай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек турақтары. Осы кезеңге жататын турактар, сондай-ақ Арыстанды мекенiнен де табылды. Солардың iшiндегi ең күрделісі Ш. Уәлиханов атымен аталды. Ушбулак койнауынан аңшылардың шағын топтарының уакытша турагы табылды. Орталык Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең кенесi Жезқазған облысындағы Обалысай сондай-ак Сарысу өзенiнiң орта ағысындагы Музбел және Есiл өзенiн аргы жағындағы, яғни Қарағандынын солтүстiгiндегi Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы турактар. Мустье кезенiнiң жаңа ескерткiштерi 1984 жылы Жезқазған облысының Акадыр ауданынан табылды. Олар Өгізтау Улкен Акмая тұрақтары. Батыс Қазақстанның әсiресе оның Маңғыстау түбегінде тұрған палеолиттік ескерткіштері айрықша тубегiнде турган палеолиттік ескерткiштерi айрықша қызғылықты. Бурынырақ кезде А. Г. Медоев жэне кейiнiрек Ж. К. Таймағамбетов ашқан турақтардың бар каспий теңiзi жагалауының сере аландарында орналаскан.
Кейiн палеолит бiздiң заманымызға дейiнгi 40 мың жылдан 12 йінгі уақытты қамтиды. Бул адамзаттын жердiң барша климаттық зонааларына тарап коныстанған және нәсiлдер мен нәсiлдiк топтардың құрылған кезi. Осы дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға уксас адамдар («саналы адам») калыптасты. Мундай адамнын суйегі бiрiншi рет Франциядагы КроМаньон үңгiрiнен табылғандықтан, оны кроманьондык деп атайды. Бул кезенде пышак тiлiктер, кырғыштар т.б. тас куралдары пайдаланылды. Қарулар жетiлдiрiлдi. Аң аулауда найза лақтырғыш колданылды.
Когамдык катынастар жетiлiп, адамдардың бiрлескен уйымының Tүрлі рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулык кауым карым-катынасы орнады. Әйелдiң қоғамдык өмiрде биік орынға ие болуы кауымдык уй шаруасынын ерекшелiгiмен, әйелдiн урпакты жалғасты ретіндегі отбасылык релiмен де анықталып қойылған.
2.Жартасқа сурет салу өнері-петроглифтер(Мыңшұңқұр,Өлеңті,Еңбек,Тесіктас,Шатыртас,Ақбидайық,Ақбауыр,Баянжүрек.
Петроглиф (лат. петро — тас және грек. глиф — жазу) — тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі Петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т.б.) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Мұндай суреттер Швеция мен Норвегия (Богуслен, Таннум), Солтүстік Италия (Велкамоника), Португалия мен Испания жерлерінен, Солтүстік Африкадан, Араб жарты аралынан табылған. Жартас суреттері Үндістан мен Пәкістан, Қытай, Корея мен Жапонияда да бар.Америка құрлығында жартас өнерінің ескерткіштері Канада , АҚШ,Аргентина, Чили мен Бразилияда кездеседі. Олар Австралияда да көп. Мұның өзі петроглифтер жалпы адамзат мәдениетінде маңызды құбылыс болғандығын айғақтайды. Қазіргі ТМД елдерінің жерінен де петроглифтер көптеп табылған. Олар Кавказда, Орталық Азияда, Сібірде, Оралда, Қиыр Шығыста шоғырланған. Ескерткіштердегі суреттер сан алуан тәсілдермен шекіліп, бедерленген. Әр өңірдегі мұндай өнер туындылары тас ғасырынан кейінгі орта ғасырларға дейінгі адамдардың шаруашылығынан, тұрмыс-салты мен жол-жоралғыларынан, дүниетанымынан хабар береді. Басты сюжеттері адамдардың шаруашылық салаларын (аңшылық, балықшылық, т.б.), наным-сенімдерін сипаттайды. Суреттер қызыл
охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы,Теректі-Әулие, Мыңшұңқұр,Еңбек,Өлеңті және т.б.
Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.
Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.
3 сұрақ
3. Ұлы Даладағы энеолит және қола дәуірі
Энеолит(лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды. Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас "индустриясының" біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес. Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған аймағындағы энеолиттік мәдениетті "Ботай мәдениеті" деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген. Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас, сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса, біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген. Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар. Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі — Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.