Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 343
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекараны күзету уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеуден, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады.
2. Құрлықта, ішкі және аумақтық суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.
3. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
8-бап. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органдардың, ұйымдардың және азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.
2. Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАНЫ ОРНАТУ, БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ЖАЙЛАСТЫРУ
9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату
1. Мемлекеттік шекара межелеу, шегендеу және қайта шегендеу үдерісінде орнатылады.
2. Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты іс-әрекеттерді Қазақстан Республикасының және шектес мемлекеттердің өкілдерінен құрылатын бірлескен комиссия жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік шекара:
1) құрлықта – жер бедерiнiң сипатты нүктелерi, сызықтары немесе анық көрiнетiн бағдарлар бойынша;
2) Каспий теңiзінде – Қазақстан Республикасы аумақтық сулардың сыртқы шегі бойынша;
3) Арал теңізінде – Мемлекеттік шекараның жағалауларға шығатын тұстарын қосатын шекаралық нүктелердің жағалаулардың кескіні мен теңіздегі су деңгейi өзгерген кезде ауыспайтын сызығы бойынша;
4) кеме жүзетін өзендерде – өзеннің басты фарватерінің ортасы немесе өзек табаны бойынша; кеме жүзбейтін өзендерде, жылғаларда – олардың ортасы немесе өзеннiң негiзгi саласының ортасы бойынша; көлдерде және өзге де су айдындарында (осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасындакөрсетілген су айдындарын қоспағанда) – Мемлекеттік шекараның көл немесе өзге де су айдыны жағаларына шығатын тұстарын қосатын бір-бірінен бірдей қашықтықтағы, ортаңғы, тура немесе басқа да сызық бойынша орнатылады.
Өзен, жылға, көл немесе өзге де су айдыны арқылы өтетiн Мемлекеттік шекара жағалардың кескіні немесе су деңгейi өзгерген кезде, сондай-ақ өзен, жылға арнасы ауытқыған кезде өзгертiлмейдi;
5) су тораптарының су қоймаларында және өзге де жасанды су айдындарында – су басқанға дейiнгi жерден өткен Мемлекеттік шекараға сәйкес;
6) өзендер, жылғалар, көлдер және өзге де су айдындары арқылы өтетін көпiрлерде, плотиналарда және өзге де құрылыстарда – Мемлекеттік шекараның су арқылы өтуiне қарамастан, осы құрылыстардың ортасы немесе олардың технологиялық осі бойынша орнатылады.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.
10-бап. Мемлекеттік шекараны белгілеу
1. Мемлекеттік шекара жергілікті жерде шегендеуге сәйкес айқын көрiнетiн шекара белгiлерiмен белгіленеді.
2. Шекара белгілерінің нысандарын, көлемдерін, сипаттамасын, конструкциясын және оларды орнату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
11-бап. Мемлекеттік шекараны жайластыру
1. Мемлекеттік шекараны жайластыру Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік шекараның инфрақұрылымы оның учаскелерін санаттарға бөлуді негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленеді.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА РЕЖИМІ
12-бап. Мемлекеттік шекара режимі
1. Осы Заңға және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекара режимі қолданылады.
2. Мемлекеттік шекара режимі:
1) Мемлекеттік шекараны (Каспий теңізіндегі Мемлекеттік шекара учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстау;
2) Мемлекеттік шекараны кесіп өту;
3) Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
4) шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
5) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу;
6) шекарадағы тосын оқиғаларды шешу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекара учаскелері бойынша шекаралық белдеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шекаралық белдеуде Мемлекеттік шекараны белгілеу шебі жабдықталады.
13-бап. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау
1. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету мен ұстап тұруға бағытталған.
2. Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстау Мемлекеттік шекараны белгілеу шебін жабдықтау мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету (шекаралық белгілерді орнату, сақтау және дұрыс күйінде ұстап тұру, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру, шекаралық соқпақтар мен жолдарды жабдықтау), сондай-ақ Мемлекеттік шекараның өтуіне шектес мемлекетпен бірлескен тексерулер жүргізу тәртібін қамтиды.
3. Мемлекеттік шекараның шегендеу үдерісі аяқталмаған учаскелерінде шекаралық белгілерді сақтау, оларды бақылау мақсатында қарап тексеру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
102 сұрақ
Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы.
2022 жылғы 16 наурыз күні ҚазақстанРеспубликасының Президенті Қ.К.ТоқаевтыңҚазақстан халқына арнаған “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Жолдауыжарияланған болатын.
Мемлекет басшының Жолдауы еліміздің таяужылдарға арналған әлеуметтік-экономикалықдаму жолын айқындайтын стратегиялық маңызыбар құжат.
Жолдау 5 бөлімнен тұрды:
Заман талабына сай тиімді мемлекет
Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігінқамтамасыз ету
Қарқынды дамыған және инклюзивті экономика
Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі
Қуатты өңірлер – қуатты ел.
Жолдаудың 7 көздеген нысаны:
Пандемиядан кейінгі экономикалық даму
Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.
Сапалы білім беру
Өңірлік саясатты жетілдіру
Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру
Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау
Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың бастыфакторы.
Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының
103 сұрақ
Білім және ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы.
Жалпы, мемлекеттік бағдарламаны іске асырукөптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді:
1. Еліміздегі мектептер жаңартылған мазмұнғакөшті;
2. Колледждерде баршаға арналған тегін ТжКББжобасы іске асырылуда;
3. Университеттерге академиялық жәнеқаржылық дербестік берілді;
Министр атап өткендей, қазіргі таңда білім жәнеғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекетбасшысының тапсырмасы бойынша бірқатарстратегиялық және бағдарламалық құжаттарғанегізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттікбағдарламасы әзірленді.
Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгіміндеттер айқындалды:
1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандықбәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2. Жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндетұлғаны тәрбиелеу және оқыту;
3. Ғылымның ел экономикасына қосар үлесініңартуы.
4. Мақсаттарға жету үшін 5 бағыт, 11 міндетқарастырылған
Бірінші орын — педагог мәртебесі
Ауылдарда орта білім беру сапасын арттыру
800 жаңа мектеп құрылысы тапшылық мәселесіншешеді
Жыл сайын 100 мың студент колледждерде тегіноқиды
ҰБТ электронды форматқа көшіріледі
Білім беру жүйесіндегі кадрлардың ауысуы
Ғылыми әлеуетті нығайту
1993 жылдың 5 қараша күні посткеңестіккеңістіктегі мемлекеттер тарихында алғаш ретталантты жастарға шетелде білім алу мүмкіндігіберілді. Ол ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтыңбұйрығымен құрылған «Болашақ» халықаралықстипендиясы еді. 1994 жылы алғашқы 187 стипендиат шетелге білім алуға аттанды.
Қазақстандағы көптеген жоғары оқу орындарыәлемдік стандарттарға сай білім беруге арналғанБолон процесіне көшті. Назарбаев университетіашылды. Яғни жастардың сапалы жоғарыбазалық білімді елден алуына жағдай жасалды. Осы жылдары инженерлік-техникалық, медициналық, педагогикалық, шығармашылықмамандықтар бойынша білімін жетілдіргісікелетін стипендиаттар саны көп болды. 2014-2016 жылдары үміткерлерді іріктеу шарты қайтақаралып, «6+6» форматы бойынша тіл үйренукурстары қосылды. Енді стипендиаттар 6 ай елде, 6 ай шетелде тіл үйренетін болды. Ағылшын тілінбілу деңгейі (IELTS) 3.0 баллдан 5.0 баллғакөтерілді. Университеттердің тізімі ТОП-200-ден ТОП-100-ге қысқарды. Ұлттық академиялықрейтингке алғашқы 30-дыққа енгенуниверситеттер қосылды. «БАҚ және мәдениетқызметкерлері», «Докторантураға өз бетіментүсушілер» сынды жаңа санаттар пайда болды.
Конкурс алты кезеңнен тұрады: критерийлергесәйкес уәждемелік хат және үміткерлерге алдынала іріктеу; шет тілінің өтініш берушінің білімдеңгейін анықтау; өтініш берушінің мемлекеттіктілді білу деңгейін анықтау; үміткерлердіңкешенді тестілеуі, оның құрамына психологиялықдиагностикадан өту, Қазақстан РеспубликасыКонституциясы мен тарихы бойынша тестілеу; Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелеріменжеке сұхбаттан өту, онда үміткерлерді кәсібидаярлау деңгейі бағаланады, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасының стратегиялық жәнебағдарламалық құжаттарын білу деңгейітексеріледі.