Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 344

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
обалары аз зерттелген, іс жүзінде мұндай ірі нысандардан тек Нұркен-2 қорымынан ғана деректер бар. Қорғантас кезеңінің тастан үйілген обалары көлемі жағынан әлдеқайда шағын, қоршаусыз, орсыз келеді. Мүрделер шұңқыр қабірлер мен тас жәшіктерде басымен солт.-шығысқа қаратыла жерленеді. Ғұн дәуіріне өте-мөте тән белгілерге қабірдің бас жағындағы арнаулы орынға мал бастары мен аяқ сүйектерінің көптеп салынуы жатады. Тасмола кезеңінің ғұрыптық ескерткіштеріне жататын “мұртты обалар” жүздеп саналады. Ғылыми пайымдаулар бойынша күншығысқа тартылған ұзын тас тізбектері бар мұндай күрделі құрылыстар қайтыс болған беделді адамдардың рухымен қоштасу, еске алу салтанаты кезінде жасалатын болған (қ. Мұртты обалар). Орталық Қазақстанда ашылған ерте темір дәуірі қоныстары ағынды су көздерінен жырақта, жазық дала деңгейінен биікте, тау беткейлерінің күнгей, яғни шығыс, оңт.-шығыс жақтарында орналасатыны байқалды. Бұл қоныс тұрғындарының Орталық Қазақстанда ұдайы соғатын батыс желдерінен және қар қабаттарынан сақтануға мәжбүр болғандығын аңғартады. Заттық деректердің негізгі тобын құрайтын қыш ыдыс көбіне тікбүйірлі көзелер түрінде, сондай-ақ бүйірі дөңгеленген көзелер, аяқтар, сирек кездесетін шүмекті, тіктұтқалы, табанды ыдыстардың бөлшектері де бар. Ыдыстар ерекшелігінің бірі “маржандармен” шұңқыршалармен ғана шектелген өрнектерінің жұтаңдығында. Бұл қыш ыдыстар мерзімдік ерекшеліктеріне қарай генетик. жағынан Орталық Қазақстанда қола және ерте темір дәуірлерінің арасын алып жатқан доңғал кезеңінің ыдыстарына біршама жақындайды. Тас құралдардың арасында көптеп кездескен кетпендер мен дәнүккіштер тұрғындардың мал ш-мен қатар қосалқы сала ретінде егіншілікпен шұғылданғанын байқатады. Бір есептен, бұл егіншіліктің кейінгі қазақ тұрмысында қолданылған астық қыстау маңында өсірілетін формасы болса керек. Тасмола мәдениеті ескерткіштерінің өте аз зерттелген соңғы екі түрін ежелгі кен алған орындар мен петроглифтер құрайды. Мыс., алтын, т.б. металдар өндірілген кен орындарының бірқатары Солт. Балқаш өңірінде (Тесіктас, Саяқ, Сорқұдық, т.б.), Нұра өзенінің жоғарғы алабында (Алтынсу, Бесшоқы), т.б. аумақтарда белгілі. Солт. Балқаш өңірінде, Абыралы-Дегелең таулары маңында, Нұраның жоғ. бойында, Баянауыл тауларында және бірқатар орындарда ашылған петроглифтер қашау әдісімен орындалған аң, адам пішіндерін, аңшылық көріністерін, садақшылар қақтығысын және жайылып жүрген тағы аңдар мен үй жануарлары үйірлерін, түйе жегілген арбаларды, түйе керуенін бейнелейді. Обалардан алынған заттық деректерге сипаттама беруші мәліметтер танымал үш бөлікті құрайды: а) қару-жарақтар; ә) ат әбзелдері; б) ғұрыптық заттар, әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар. Тасмола қоғамында қола құю ісінің үздік шеберлері болды. Материалдық мәдениеттің жетекші категорияларының бәрі дерлік қоладан жасалған. Сонымен қатар темір бұйымдар (пышақтар, сулықтар, тоғалар) 1-сатының (б.з.б. 7 – 6 ғ-лар) өзінде-ақ пайда болған. Ерте кезеңнің екі қанатты ұңғылы және біршама ұзындау үш қанатты шыбықты жебе ұштықтары генетик. тұрғыдан алғанда беғазы-дәндібай мәдениетінің жебелерінен бастау алады. Осы кезге сабы қырлы, басы саңырауқұлақ іспетті қанжарлар, құрама жауынгер белдіктері тән. Ат әбзелдеріне ауыздықтар, үш саңылаулы қола немесе сүйек сулықтар жатады. Ғұрыптық заттардан артқы беті ілмекті дөңгелек қола айналар, шағын, кейде 4 – 6 аяқты тас құрбандық ыдыстары ұшырасады. Қолөнеріне алтыннан жасалған жолбарыстың пішіндері, таутекенің қола мүсіндері, қабан мен бұлан бедерленген қола айналар, шиыршықталған қабан тәрізді мүйіз қапсырмалар жатады. “Хайуанаттық нақышта” дайындалған көп тұлғалы композициялардың бірі, мүйіз қапсырмадағы көрініс – алыстағы Туваның “алдыбел” ескерткіштеріне ұқсас. Табылған зергерлік бұйымдар сіркелеу, бедерлеу әдістерімен көркемделген.


10 сұрақ

10. Ерте  Темір дәуірі тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. 

Б.з.б. VII—IV ғасырлардағы Евразияның этникалық және саяси картасы барынша ала-күла болуымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алыс тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасында біршама тұрақты экономикалық, саяси және мәдени байланыстар орнады, соғыс қақтыгыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен Солтүстік Моңғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнатып, қарым-қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазақстанның мал өсірумен айналысқан ежелгі халқы Орал тілді қауымның угор тектес тармағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — мансилер мен хантылардыя арғы тегімен шектесіп жатты.
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өнірінің скифтерімен көрші болды, олармен сауда-саттық жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы қақтығыстарға түсіп жүрді. Оңтүстікте савроматтар өз тағдырын өте ертеде, Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалығы сияқты мемлекеттік құрылымдармен байланыстырды. 

Жазбаша деректемелер мен археологиялык деректер б.з.б. VШ-VІІ ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеттерімен - Ассириямен жәнс Мидиямен, ал б.з.б. VI ғасырдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті құрылған уакыттан бастап - Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алды. Одақ жасасуды қанағаттанбаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсылардың жорықтары кескілескен карсылыкка кездесті, Кир жорығы күйреп тынды, оның әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды келтіреді: парсыларды женгенпен кейін массагеттер падишасы Томирис торсыққа толтыра қан құйғызып, «Сен қанға кұмартып едін, енді шөлің қансын!» деп оған Кирдін. басын салдырған[4]. 

Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жалғастырды. Ол аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын. оның ішінде хаумаварга-сақтарды немесе амюргийлік сақтарды, сондай-ақ каспилерді бағындырып алды. Бүл тайпалар Ахемснидтердін XV сатрапиясыпың (салық аймағының) құрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақ алым мезгіліндс төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында боллы. Сақтар Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті олардын біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке ұланына да кірлі. 



Б.з.б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сияқты, массагет- сақтарға қарсы жорық бастады, бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға қарсы күресінің қызықты бір оқиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып өтеді, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы келетінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардын көбі қырылып калады. 

Б.з.б. VI ғасырдың аяғында - V ғасырдың басында ежелгі Шығыста (грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси оқиғалар пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысты. Гавгамелы маңындағы ұрыста, мәселен, сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан. 

Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс күрт өршіді, құл иеленушілер бұдан шығудың жолы шығысқа басқыншылық жорық ұйымдастыру деп білді. Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдарында македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменид, ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға баса-көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды. 

Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халықтары табан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілісшілердің арасына жік салу үшін Александр Македонский олардың кейбір көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македоңдык-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырып алда. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап калды. 

Александр Македонский өлгеннен кейін онын ұлан-байтақ империясы ыдырады
, өйткені ол берік экономикалык және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардың әлдеқалай біріктірілген, бірімен бірінің байланысы аз құрамасы болған еді. 

Б.з.б. VII ғасырдан бастап «аң стилі» пайда болды. «Аң стилінің» негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған. Ру, тайпалар өздерінің шыққан тегін аңдармен байланыстырған және оларды қасиетті тұмар деп санаған[2].

11 сұрақ

Сақтар. Сақтардың Александр Македонскийдің жаулап алуына қарсы күресі
Б.з.д. 330 жылы көктемде Македон әскерлері Әкбатанға қарай жылжып, 15 күннің ішінде мың шақырым жерді басып кетті де, Дарийдің соңғы байлығын басып алды. Македон атты әскері мен жеңіл қаруланған жаяу әскерлері парсы әскерлерін одан әрі қарай қуды. Көп ұзамай Дарийдің өлтірілгені белгілі болды. Содан соң македондықтар Соғдианаға – сақтарға басып кіріп, бостанғыш сүйгіш тайпалармен екі жылға созылған соғыс жүргізді.

Соғыстың бірінші кезеңде – б.з.д. 329 ж. Македон жауынгерлері Окс өзенінен өтті де, Мараканд ( Самарқанд) қаласын басып алды. Бұдан кейін македондықтар Яқсарт өзеніне жетіп, аса мықты қамал- қала соңғы Александрия ( Ход-жент) қаласын салды. Алайда Соғдианадан орнығу үшін тағы да екі жыл соғуға тура келді.

Македон басқыншылармен күресті Соғдиананың әскер басы Спитамен басқарды. Ол сақ тайпалармен одақ құрды. Жергілікті халық көтеріліске шығып, Яқсарт өзені аңғарындағы жеті қаладағы Македон гарнизондарын жойып жіберді. Спитамен басқарған жасақ мараканд қаласындағы Македон гарнизондарын қоршауға алды. Македон әскері қиын жағдайда қалды. Олар, дегенмен, жанталаса отырып, көтеріліске шыққан жеті қаланы да қайтарып алды, бірақ спита мен әскеріне қарсы тұруға мүмкіндік болмады. Себебі Яқсарт өзінің оң жағында тұрған сақтардың үлкен кіші өзендер арқылы македон армиясын атқылады. САқтар Александрға сөз салды: « сен, Александр, сақтармен соғысамын деп өрескелдікке барма, егер сенің оларға шабуыл жасауға батылың барған болса, олардың азаттық тағылардан ( варвалардан) өзгеше екенін байқаған болар едің.Македондықтар өзен арқылы тас ататын машиналарын құрып, сақтарды атқылай бастады. Атқылау кезінде садақшылар мен мергендер ( сақпаншылар) өзеннен өтіп, сақтардың алдыңғы отрядттарын кейін шегіндірді және фаланг ( ұзын найзалы әскерлер) мен атты әскерінің өзеннен өтуінен жағдай жасады. Сөйтіп, шайқса Яқсарт өзенінің оң жағына ауысты. Шайқастың Бірінші кезеңін македондықтардың алдыңғы кезеңі бастады. Сақтар қарсы одақтас атты әскер отряды жіберілді. Сақтар бұл шабуылды тойтарып, оларды қоршап алып, жебемен атқылады. Атты әскерге көмекке жеңіл қаруланған жаяу әскері жіберілді. Енді сақтар шегінді алайда жауды көзден таса қылған жоқ.


Екінші кезең негізгі күштің ұрысы сақтардың шегінуі. Алдыңғы жасаққа көмекке ұш шағын топпен атты мергендер жіберілді. Алайда сақтар македондықтар шабуын тойтарып тастады. Сонда өзінің атты әскерінің бәрін де соғысқа кірістірді де, сақтарды шегіндіріп соңынан түсті. Аррияның айтуынша, сақтарды аптап ыстық, шөл және Александрды ауыртқан лай су құтқарды. Ұлы қолбасшылардың жеңілістерінің табиғи қиыншылықтарға аудару – ежелгі және тарихшылардың әдеті. Шындығына Кирдің түбіне жеткен қайғылы оқиғаны еске алған Александр сақтардың жеріне тереңдеп енуге бата алмады. Македон армиясына қарсы сақтардың әскери қимылы өз әскерінің жеке-жеке талқандалуынан сақтай отырып, дұшпанға қарсы күшті бірте-бірт екүшейтумен сипатталады. Шайқасып жатқан отряд бір-бірімен  тығыз байланыста болды және өзара практикалық қимыл бірлестігін сақтады. Сақтардың артынан түсуді тоқтату ариян айтқандай сақтарды талқандаудан сақтаған жоқ,керісінше .сақтардың македондықтардың өз жеріне тереңдете енгізіп алып .талқындауынан сақтап қалды.Осыдан кейін Македон басқыншылары негізгі кұштерін Мараканда тұріан Спитамен басқарған жауынгерлеге қарсы жұмсады.Бірақ Спитамен жағдайды дұрыс сарапқа салды да,шайқасқа түспей. Мараканды тастап тез шегініп. сақ әскеріне барып қосылды.

12 сұрақ

Сақ және сармат тайпаларының кезеңдері. Сақ және сармат тайпалары туралы деректер. Темір дәуірі немесе темір ғасыры — тас дәуірі және мысты мен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі тарихи кезең болып табылады.

Ерте темір дәуірінде қазіргі қазақ жерінде сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы тайпалары өмір сүрді. Сақтар мен сарматтар. Б.з.д. 1 мыңжылдықтаҚазақстан жерінде, Орталық Азияда, кейінірек Ауғанстан мен Солтүстік Үндістанда сақ деген жалпы атауы бар тайпалар мекендеген. Дәл осы заманда Солтүстік Қара теңіз, Днепр өзені бойын скиф деп аталатын тайпалар жайлаған. Олар мәдениеті жағынан сақтарға туыстас болған. Осы кезде Еділ жағалауында, Орал тауының оңтүстікшығыс бетінде савромат тайпалары өмір сүрген.

Геродот сақ және скиф тайпаларының туыстығын көрсете келіп, олардың ортақ «сколот» деген атпен де белгілі екендігін айтады. Геродоттың айтуы бойынша, бұл тайпаларға скиф деген атауды гректер берген. Олардың тегі Азиядан шыққан.

Көне парсы жазба ескерткіштеріне жататын «Персеполь», «Бехистун» жазуларында тур тайпаларының ортақ атауын сака деп береді. Біраз кейінірек табылған жазбаларда сақтарды ендігі жерде үш топқа бөледі. Олар — парадарайя сацтары, тиграхауда сацтары және хаомаварга сақтары.